Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать

35.«Күйеу таңдаған қыз ертегісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

Баяғыда бір ханның елден асқан да сұлу қызы болыпты. Хан қызына ешкімге атастырмапты. «Қызым кімді сүйсе,соған барсын»,-депті.Күндеодің күнінде қызы әкесіне:-Әке,менің күйеуге шығатын уақытым болды.Кімде-кім маған ұнайтын сыйлық әкелсе,сол кісіге ризалығымды білдіремін,егер ұнамаса,басын аламын,-депті. Әкесі қызының айтқанын мақұлдап,халыққа жар салады.

Қыздың сұлулығына есі ауған жігіттер жан-жақтан ағылып келіп жатады.Бірақ бірде-бірі қыздың көңіліне жақпайды. Кесілген бас бір төбе болған екен. Бір күні үш шаһардан үш кісі швғвп, күре жолға жеткенде үшеуі бір-бірімен жолығыпты. Бірінші жігіттің кілемі,екінші жігіттің айнасы, үшінші жігіттің алмасы бар екен. Олар бір-біріне сыйлықтардың ерекшеліктерін түсіндірді. Бірінші жігіт:-Менің кілемім көзді ашып жұмғанша қалаған жеріме жеткізеді,-дейді. Екінші жігіт;-Егер менің айнама қарасаң,жер не болып жатқанын көруге болады,-дейді. Үшінші жігіт:-Менің алмам-жанға шипа,тәнге дәрі. Егер хал үстінде жатқан адам жесе, жазылып кетеді,-депті.

Сонда кілемі бар жігіт айнасы бар жігітке:-Айнаңа қарашы,жер бетінде не болып жатыр екен?-депті. Жігіт айнасына қараса ,ханның қызы кірпігі ғана қимылдап,хал үстінде жатыр екен. Үш кілемге отыра салып,ханның қызына жетіп келеді.Алмасы бар жігіт алмасын жегізіп,кірпігі қимылдап жатқан қызды тірілтіп алады.Жігіттер сыйлықтарын тарту етеді.Қыз ойланып,соңында өмір құтқарып қалған,шипалы алманы жегізген жігітке тұрмысқа шығады.

  1. «Адамзат тарихындағы ең ұлы адам» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

АХМЕД ЯССАУИ он екінші ғасырда өмір сүрген. Қазақ халқының көне мәдениеті тарихында айрықша орын алады. Яссы шаһарында турғандықтан ол Яссауи атанады. Ахмед Яссауи Бухар қаласында діни білім алғаннан кейін Туркістанға келіп, сол кезде Орта Азияда кең тараған софылық діни-мистикалық идеялардың насихатшысына айналады. Сулеймен Бақырғани, Софы Аллаяр, Ахсани және тағы басқалар оның жолын қуып, софизмнің жаршысы болған. Ахмед Яссауидің бугінгі урпаққа жеткен шығармасы «Диуани Хикмет » («Даналық жайындагы кітап»). Онан қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы фактілер табуға болады. Ахмед Яссауи туралы ел аузында көптеген унамды аңыз-әңгімелер бар. Бұл шығарма алғаш рет 1878 ж. жеке кітап болып басылып шығады. Содан кейін ол Ыстамбұл, Қазан, Ташкент қалаларында бірнеше қайыра басылады. Төрт тармақты өлеңмен жазылған бұл шығармасында ақын өзінің бала күнінен пайғамбар жасына келгенге дейін өмір жолын баяндайды, тіршілікте тартқан азабын, көрген қайғысын айтады, бұхара халыққа үстемдік жүргізуші хандардың, бектердің, қазылардың жіберген кемшіліктерін, жасаған қиянаттарын сынайды.«Диуани Хикметте» түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқына, ертедегі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, экономикасына қатысты бағалы деректер бар. Адамзат тарихында Ахмет Яссауи дінді уағыздаушы ұлы адам ретінде танылған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]