Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать
  1. Ұ(22) Қазақтың ұлттық музыка өнері жөнінде сұхбат құраңыз.

Мұғалім мен оқушы арасындағы сұхбат:

Мұғалім: - Музыка - халықтың жаны. Музыкалық аспаптың ең басты қасиеті- оның тілсіз сөйлей алатындығы. Аспап күйшінің рухани сыңарына айналады және оның иесі тыңдамаса да, аспабымен күй тартқан басқа адамның көңіл-күйін айна-қатесіз танып білген. Аспаптар неден жасалады?

Оқушы: - Аспаптар қамыстан, қыштан, мүйізден, түрлі ағаштан жасалады. Мембранаға, шалғы мен шекке тері, малдың терін пайдаланған.

Мұғалім: - дұрыс айтасың, сондықтан да, қазақ аспаптарына көбіне қоңыр, күмбір дыбыс тән. Музыкалық аспаптар көшпелі тұрмыстың көптеген салаларына қызмет еткен: бақсылардың магиялық салты; қойшы өмірі; аңшылық; әскери өмір; балалар мен жастардың ойыны. Ғылыми зерттеушілердің айтуы бойынша қазақ өнерінде бүгінгі таңда 5000-ға жуық күй, 10000-нан астам әндер зерттелген. Қандай атақты күйлерді білесің?

Оқушы: - Дәулеткерейдің «Бұлбұл», «Көроғлы», «Қоңыр», Құрманғазының "Сары - Арқа", " Балбырауын", "Адай", Кетбұғаның «Ақсақ-құлан – Жошы хан» күйлерін ұнатамын.

Мұғалім: - қандай керемет күйлерді біледі екенсің! Өзің ойнай аласың ба?

Оқушы: - мен домбыраны ойнаймын.

Мұғалім: - қандай керемет! өзің үйренгің келді ме?

Оқушы: - әрине, бірінші рет домбыраның дауысын естігенде таң қалдым. Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Сондықтан да, халқымның тарихын, ойларын білу мақсатында үйренгім келді.

  1. Жағдаяттық сұхбат құрыңыз. Көне жазулар туралы не білесіз?

Мен және құрбым арамыздағы сұхбат:

Мен: - Салтанат, емтиханға дайындалу барысында тарихтан сұрақтарды бірге жаттасақ, есімізде көп уақытқа дейін қалады.

Құрбым: - шынында ма? Біз қазір көне түрік мәдениетін өтіп жатырмыз. Содан бастайық?

Мен: - жарайды. Мен бастайын. Көне түркі халықтарының адамзат мәдениетіне қосқан үлестерінің бірі – оның ежелгі жазуы. Осы туралы деректерді қарап шығайық. Ең алғашқы деректер XVII ғасырдың екінші жартысында белгілі бола бастады.

Құрбым: - 1790-жылдары Паллас көне түркі жазба нұсқаларының кейбір үлгілерін жариялады. Осыдан түрік жазуына шетел, орыс ғалымдары қызығушылық білдіре бастады, экспедициялар ұйымдастырды. Ядринцев бастаған экспедиция Орхон өзені бойында 2 үлкен ескерткіш тапты.

Мен: - бұл кісі туралы естімеппін. Ол не ескерткіштер болды?

Құрбым: - ондағы жазуларды қалай оқу керектігін ешкім түсінбеді. Бірақ та бірнеше жылдан кейін Томсен деген ғалым бұл жазулар түркі тілінде жазылды деген баяндама жариялады.

Мен: - есіме түсті! Ол жазуларды солдан оңға емес, оңнан солға қарай оқыды. Таңбаларды салыстырып, негізгі 38 таңбаны анықтады. Ең алғашқы оқыған сөздері тәңір және түрік екен. Бұл ескерткіштер Білге қаған мен Күлтегінге арналыпты.

Құрбым: - йә, бұлардын басқа Тоныкөк ескерткіші бар. Географиялық тілдік ерекшеліктеріне қарай көне түрік жазуы үшке бөлінеді: Орхон, Енисей, Талас ескерткіштері.

Мен: - Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанада бар екен, Еуразия университетінде. Соған барып қайтсақ? (күледі)

Құрбым: - кеттік! (күледі)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]