Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2010_IAS_16.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
157.7 Кб
Скачать

16 (Ias) Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК, ҒИМАРАТТАР МЕН ЖАБДЫҚТАР

МАҚСАТЫ_____________________________________________________________________

1. Осы Cтандарттың мақсаты қаржы есептілігін пайдаланушылар ұйымның жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарға инвестициялары және ондай инвестициялардағы өзгерістер туралы ақпарат алуы үшін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің тәртібін анықтау болып табылады. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің негізгі мәселелері активтерді тану, олардың қаржылық жағдай туралы есептық құнын және осыларға байланысты танылуы тиісті амортизациялық аударымдар мен құнсызданудан болған залалдарды анықтау болып табылады.

ҚОЛДАНУ АЯСЫ_ __________________________________________________________

2. Осы стандарт басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты басқа есепке алу тәртібін талап ететін немесе рұқсат ететін жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды есепке алу үшін қолданылуы тиіс.

3. Осы Стандарт мыналарға қатысты қолданылмайды:

(а) 5 Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет (IFRS) Халықаралық ХҚЕС-ына сәйкес сатуға арналу ретінде топтастырылған жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтарға;

  1. ауылшаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтерге (қараңыз: 41 Ауылшаруашылығы (IAS));

  2. минералдық ресурстарды барлау және бағалау жөніндегі активтерді тануға және бағалауға (қараңыз: 6 Минералдық ресурстар босалқыларын барлау және бағалау (IFRS)); және

  3. мұнай, табиғи газ және соған ұқсас қалпына келтірілмейтін ресурстар сияқты минералдық ресурстар босалқыларын пайдалану құқықтарына.

Алайда осы Стандарт (b) - (d) тармақтарында келтірілген активтерді әзірлеу және қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтарға қатысты қолданылады.

4. Басқа Стандарттар осы Стандартта көзделгеннен өзгеше тәсілдеме негізінде жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың сол немесе басқа баптарын тануды талап етуі мүмкін. Мысалы, 17 Жалдау (IAS) Халықаралық стандарты ұйымнан тәуекелдіктер мен пайдалардың жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың жалданатын объектісін тану белгісі ретінде берілуін қолдануды талап етеді. Алайда, мұндай жағдайларда, амортизацияны қоса, осы активтер үшін есепке алу тәртібінің қалған аспектілерінің барлығы осы Стандарттың талаптарымен анықталады.

5. 40 Инвестициялық жылжымайтын мүлік (IAS) ХҚЕС-на сәйкес құнның есеп үлгісін инвестициялық жылжымайтын мүлікке қолданушы ұйым осы Стандарттағы құнның есеп үлгісін қолдануы тиіс.

АНЫҚТАМАЛАР_______________________________________________________________

6. Мына терминдер осы Стандартта төменде көрсетілген мәнінде қолданылады:

Қаржылық жағдай туралы есептік құн дегеніміз – кез келген жинақталған амортизацияның және құнсызданудан жинақталған залал шегерілгеннен кейін актив танылатын сома.

Өзіндік құн – бұл активті сатып алу үшін немесе тұрғызу кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының сомасы немесе өзге қарсылама берудің әділ құны, не бұл қолданылатын жерде мұндай активті басқа Халықаралық стандарттардың, мысалы, 2 Акциялар негізіндегі төлемдер (IFRS) ХҚЕС нақты талаптарына сәйкес оны бастапқы тану кезіндегі бағалау сомасы.

Амортизацияланатын құн – қалдық құны шегерілген, активтің бастапқы құны немесе бастапқы құнының орнына көрсетілген басқа сома.

Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу.

Нақты ұйымға арналған айрықша құн – ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны.

Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін және бір-біріне тәуелсіз тараптардың арасында мәміле жасаған кезде активті айырбастауға болатын сома.

Құнсызданудан болған залал- активтің қаржылық жағдай туралы есептік құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома.

Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді:

(а) тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік мақсаттарға арналған; және

(b) бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану көзделетін.

Өтелетін сома – сату шығыны шегерілген активтің әділ құны және пайдалану құны– екі шаманың үлкені.

Активтің қалдық құны – егер осы актив, болжауға болатындай, пайдалы қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома.

Пайдалы қызмет мерзімі - бұл:

(а) ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не

(b) активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]