Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
KAZ_2010_IAS_16.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
12.11.2019
Размер:
157.7 Кб
Скачать

Амортизацияны есептеу әдісі

60. Амортизацияны есептеудің пайдаланылатын әдісі ұйымның болашақ экономикалық пайдасын болжамды тұтыну сұлбасын көрсетуі тиіс.

61. Активке қолданылатын амортизация есептеу әдісі ең болмағанда әрбір есепті жылының соңында қайта қаралуы тиіс, және, егер активтерде жасалған болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың болжамды сұлбасында елеулі өзгеріс анықталса, бұл әдіс осы өзгерісті көрсету үшін түзетілуі тиіс. Ондай өзгеріс 8 (IAS) ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп бағалауындағы өзгеріс ретінде есепте көрсетілуі тиіс.

62. Активтің амортизацияланатын құнын оны пайдалы пайдалану мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу үшін әртүрлі әдістер пайдаланылуы мүмкін. Бұларға біркелкі есептеу әдісі, кемімелі қалдық құны әдісі және өндіріс бірлігінің әдісі жатады. Біркелкі есептеу әдісі, егер бұл жағдайда оны тарату құны өзгермейтін болса, активтің пайдалы қызмет мерзімінің ішінде тұрақты амортизация сомасын есептеу болып табылады. Азайтылатын қалдық құны әдісі пайдалы қызмет мерзімінің ішінде амортизация есептеу сомасының азаюына алып келеді. Өндірістік бірлік әдісі болжамды пайдалану немесе болжамды өнімділік негізінде амортизация сомасын есептеуден тұрады. Ұйым активте жасалған болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың есептік сұлбасын неғұрлым дәл көрсететін әдісті таңдап алады. Таңдап алынған әдіс, осы болашақ экономикалық пайдаларды тұтынудың есептік сұлбасында өзгеріс болған реттерді қоспағанда, кезеңнен кезеңге жүйелі түрде қолданыла береді.

Құнсыздану

63. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісі құнының кемігенін анықтау үшін ұйым 36 Активтердің құнсыздануы (IAS) ХҚЕС-ын қолданады. Бұл Стандарт ұйым өз активтерінің қаржылық жағдай туралы есептік құнын қалай қайта қарайтынын, ол активтің өтелетін сомасын қалай анықтайтынын және ол құнсызданудан болған залалды қалай танитынын немесе қалай өтейтінін түсіндіреді.

64. [жойылған].

Құнсыздануды өтеу

65. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың құнсыздануына, жоғалуына немесе берілуіне байланысты үшінші тараптарға берілетін өтем, ондай өтемді алуға арналған кезде, міндетті түрде пайданың немесе залалдың құрамына қосылуы тиіс.

66. Жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектісінің құнсыздануы немесе жоғалуы, үшінші тараптардың өтемге қоятын тиісті талаптары немесе өтемдерді төлеуі, сондай-ақ кез келген келесі сатып алулар немесе алмастыратын активтер салу бөлек экономикалық оқиғалар болып табылады және, төменде айтылғандай, бөлек ескерілуі тиіс:

(а) жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың құнсыздануы 36 (IAS) ХҚЕС-ына сәйкес танылады;

(b) пайдаланудан шығарылатын немесе шығып қалатын жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтарды тануды тоқтату осы Стандартқа сәйкес жүргізіледі;

(c) жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың құнсыздануына, жоғалуына немесе берілуіне байланысты үшінші тұлғаларға берілетін өтемақы, ол алуға арналған кезде, пайдаға немесе залалға қосылады; және

(d) алмастыру ретінде қалпына келтірілген, сатып алынған немесе салынған жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтар объектілерінің бастапқы құны осы Стандартқа сәйкес анықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]