Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать

47. «Көне түркілердің кітап шығару ісі» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

Зерттеушілер көне түркі халықтарының қағаз жасау ісін шебер меңгергенін айтады. Әсіресе, қағаз жасаудың батыстық және шығыстық деген үлгілері кеңінен танымал болған екен. Көне түркілер қағаз жасау үшін тұт ағашын, сондай-ақ сора, мақта және күріш сабақтарын қолданған.

VІІІ ғасырда қытайлық шеберлер Самарқанда қағаз өндіретін орын ашқан. Жалпы Қытайдың өзінде және Шығыс Түркістанда қағаз өндірісі б.з.д (біздің заманымызға дейінгі) ІV ғасырда болған деген тарихи деректер бар. Қағаз жасау тәсілі Ұлы Жібек Жолы арқылы батысқа тарап, пергамент пен папирусты ығыстырып шыққан.

Көне түркі тілінде жазылып, б.з.дейін жеткен. Осындай ең көне кітаптардың қатарында 583 жылы шыққан «Нирванасутра» деп аталатын кітап бар. Ал, түркі тілінде жазылған «Хуастуанифт» деген кітапты С.Е.Малов сияқты ғалымдар V ғасырда жазылған деп санайды.

Шығыс Түркістан аумағынан табылған VІІІ-ІХ ғасырларға жататын кітаптар ойып басу, яғни ксилографиялық тәсілмен жасалған. Ксилографиялық тәсіл мөр дайындау ісінен бастау алады. Бұл тәсіл бойынша, кітап басып шығару үшін болашақ кітаптың көлеміндей тақтайлар алынады. Сондай көлемде жұқа қағазға мәтін жазылады. Қағазды тақтайға жапсырып, әрбір әріпті ояды. Әріптері бар тақтайларды бояп, мәтінді қағаз бетіне түсіреді. Осы тәсілмен жасалған көне түркі кітабы «Ырық бітік» бізге жеткен. Кітапша бүктелген 29 парақтан тұрады. Көлемі 13,2 х8 см, мәтіні 108 жолдан, 65 бөлімнен тұрады. Әр жолы «бұл жақсы» немесе бұл жаман» деген ой қорытумен аяқталады. Кітап түркі халықтарының сол кездегі тұрмыс-тіршілігі мен наным-сенімі туралы жазылған екен. Дания ғалымы Вильгельм Томсен «Ырық бітік» VІІІ-ІХ ғасырларда жазылған деп санайды.

48. «Мүшел жас» тақырыбына шағын эссе жазыңыз.

Қазақ халқы 12 жылды бір мүшел деп атайды. Қазақ күнтізбесінде жылдар 12 жан-жануардың атымен аталады. Олардың алтауы үй жануарлары, ал алтау түз хайуандары. Жыл басы тышқан жылы деп аталады. Тышқан жылынан соң сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз жылы келеді. Он екі жылдан кейін он үшінші жыл қайтадан тышқан жылынан басталады. Осы мерзім бір мүшел деп аталады. Қазақ күнтізбесі бойынша жаңа жыл 22 наурыздан басталады. Адамның жасын есептегенде оның ана құрсағында жатқан кезі бір жыл деп есептеледі. Оған мүшелдің 12 жылы қосылады. Демек, адам бірінші мүшелге 13 жаста толады. Оған 12 жылдан қосып отырсаңыз, келесі мүшелді білуге болады. Сонымен, бірінші балалық мүшел – 13 жаста. Екінші ержету мүшелі – 25 жаста. Үшінші жігіттік мүшел – 37 жаста. Төртінші орта жас мүшел – 49 жаста. Бесінші ақсақалдық мүшел – 61 жаста. Алтыншы қарттық мүшел – 73 жаста. Жетінші кәрілік мүшел – 85 жаста. Мүшел жаста қазақтар әлдебір қауіп-қатерден сақтанып жүреді. Садақа беріп, келесі мүшелге дейін жаратқаннан аман-есендік тілейді. Жақын достарына киімдерін сыйлайды. Бұл іс-әрекет құдайдан кейін достың көзі, пиғылы дұрыс болсын дегенді білдіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]