Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать

13.Қазақстандағы мәдени орындар туралы досыңызға баяндап беріңіз.

14.Өзіңіз тұратын жердің экологиясы туралы жағдаяттық сұхбат құрастырыңыз.

-Асель, сенің Алматыда тұрғанына 1 жыл болды. Саған мұнда ұнайды ма?

-Алматы жылдан жылға көркейіп, үлкейіп келе жатқанымен экологиясы нашар болып кеткен.

-Келісемін, қазіргі кезде Алматыдағы ауаның тазалығы сын көтермейді.

- Алматыға келгелі 3 ай бойы менің басым аурып жүрген. Себебі жылдан жылға көлік саны көбейе береді. Осы мәселені ретке келтірсе, деп ойлаймын. Қазіргі кезде Алматы қаласының өзінде 300 мыңдай авто –көлік бар. Сол себептен Алматы Қазақстанның лас қалаларының біріне жатады. Шын мәнінде Алматының ластығына алматылықтардың өздері де кінәлі. Мысалы, қала маңы қоқысқа толы, оны кім тастайды алматылықтардың өздері тастайды. Негізінде, қоқыс тастайтын жер Алматыдан 15 шақырымдай жерде орналасқан, бірақ бар қоқысты біздің жүргізушілер ол жерге апаруға ерінеді де, оны бір жақын маңайға апарып төгеді.

-Иә, мысалы "Медеу" мемлекеттік табиғи паркін қарастырайық. Медеуде демалатын адамдар тазалық сақтамайды. Адамдардың демалуына арналған аумақ ластанып барады. Табиғи паркте әрбір екі аттам жерде қоқыс салатын жәшіктер қойылғанына қарамастан, өзен маңындағы күл-қоқыстан көз сүрінеді. Ал бұдан өзен саласы ластанып жатыр. Қоқыстарын жәшікке салуға ерініп, лақтырып жүре беретіндер арасында тек алматылықтар ғана емес, шет елден, басқа қалалардан келгендердің де бар екенін айту керек.

-Сондай адамдар өзіне де зиян жасағанын түсінбейді.

-Иә, олар бұл мәселеге мән бермейді, бірақ сосын кеш болуы мүмкін.

-Тағы Алматы экологиясының соңғы жылдары нашарлап бара жатқанына құрылыс жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуі де әсер етіп отыр деп ойлаймын.

-Иә, ол да қаланың экологиясы нашарлауына әсер ететін көптеген себептеріне жатады.

15. Астаның тарихы туралы сұхбат құрыңыз.

-Сәлеметсіз бе, Астанаға келген құрметті қонақтар! Сіздер Астана туралы не білесіңдер?

-Сәлеметсіз бе! 10-шы желтоқсан 1997 жылы ҚР –ның Президенті Жарлығымен 1997 жылдың 20 -қазаннан бастап ) ҚР –ның қолдауымен Астана қаласы ел орда болды. Қазақстанның жаңа ел ордасы болған Астананың халықаралық ашылуы 1998 жылдың 10-шы маусымында болды.

-Иә, дұрыс. Ал Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызылордаға көшті.

-Ал сіз білесіз бе, неге астананы Астана қаласына көшірді?

-Өйткені, бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, ауа райы, жер бітімі, сейсмикалық жағдай, қоршаған ортасы, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және т.б. көрсеткіштер бойынша Астана қаласы ең лайықты болып шықты. Ал Астананың табиғаты, ауа райы қандай?

-Ауа райы қоңыржайлы, қаңтардың орташа температурасы – 14-18, шілдеде –20-24 градус Цельсий. Қыс аязы 40 –қа дейін, жазы ыстық, 35 градус , шаңды желдермен болады. Ең ірі өзендері – Есіл, Нұра, көлдері – Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл, Қыпшақ т.б. Жануарлар әлемі: 55 сүтқоректілер түрі, 180 құстар түрі, 30 балықтар түрі. Сирек кездесетін түрлері – арқарлар, бүркіттер, дрофтар, тырналар, жазық қырандары, пеликандар, қоқиказдар – Қызыл кітапқа енген. Оларды қорғау үшін Қорғалжын мемлекеттік қорығы құрылды. Облыста өсімдіктің 66 түрі өседі. Жасыл әлемінің аумағы 4391,6 га. Оның жер қойнауында алтын, уран, сүрме, боксит, мыс, қоңыр көмір, кварц құмдары және т.б пайдалы қазбалары бар.

-Рақмет Сізге, Біз Астанаға келгенімізге өте қуаныштымыз!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]