Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kazahsky_bilety.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
17.04.2019
Размер:
99.38 Кб
Скачать

49. Жануарлардың жыл басы болуына таласы туралы жазыңыз

Баяғы заманда жан-жануарлар жиналып, жыл басы болуға таласыпты. Жылқы: «Мен адамның алыс жолын жақын етемін, олар менің күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылымнан арқан, жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын», - дейді.

Сонда түйе: «Сен адамның жұмысын істейсің. Арпа, сұлы, шөбін жеп, тамақ үшін құл боласың. Мен болсам, сен көтере алмайтын жүкті көтеріп, неше айлық жолға шығамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Жусан болса, жусан, көде болса, көде, не кез келсе, соны қорек етемін. Табылса, су ішемін, табылмаса жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық», -дейді.

Ал, сиыр: «Адам мені жегіп, жер жыртады. Егін егеді. Сүтімді ішеді, құрт, май жасайды», - дейді.

Қой болса: «Мен болмасам, қазақ үйін немен жабар еді? Жүнімен киіз басады, жабағымнан киім тігеді. Арқан, жіп еседі. Сүтімнен құрт, май алады»,- дейді.

Ит тұрып: «Мен болмасам, сендерді қасқыр жеп тауысар еді. Мен – сендердің бақташыларыңмын. Дұшпанға үріп, абалап қожайынға хабар беремін», - дейді.

Тауық: «Мен болмасам, адамдар ұйықтап қалар еді. Мен таңертең тұрып, «таң атты» деп хабар айтамын. Көп отырса, «жұмысыңнан қаласың, жатар уақыт болды» деп, түн ортасында шақырамын», - депті.

Ал, тышқан не айтарын білмей тұрып қалады. Содан соң ойына бір қулық келеді де: «Таласқанмен ешнәрсе өнбейді. Одан да Күннің шығуын аңдыйық. Оны кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын», - дейді. Бұған бәрі келісті. Түйе өз бойының биіктігіне сеніп: «Оны менен басқа кім көреді», - деп ойлайды. Ал, тышқан болса, байқатпай түйенің үстіне шығып отырады. Осылайша Күннің шыққанынт бірінші боп тышқан көрінеді. Сөйтіп ол жыл басы болады. Қазақтың «Түйе бойына сеніп құр қалыпты», - деген сөзі осыдан қалғагн екен.

50. «Наурыз мейрамы» тақырыбына шағын эссе жазыңыз

Наурыз – баяғы заманнан бері келе жатқан мейрам. Жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын. «Наурыз» атауы парсы тілінің «ноу» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасқан. Ұлыстың ұлы күні күн мен түн теңеледі. Мұның өзі ежелгі түркілер мен парсылардың ежелден-ақ астрономия ғылымын жақсы білгендігін көрсетеді.

Наурыз айы – көктемнің басы. Күн жылып, қар еріп, жыл құстарының ұшып келетін кезі. Сондықтан оны жылдың алғашқы айы есебінде, жылдың құт мезгілі есебінде, төл басы есебінде халық ерекше құрметтейді. Шығыс халықтарының осы бір мейрамы туралы көне деректерді Махмуд Қашқари, Омар Хаям, Абай, Әлихан, Ахмет, Міржақып, Сакен сияқты ғұламалардың еңбектерінен табуға болады. Қазақтар Ұлыстың ұлы күнін көрісуден бастайды. Ер кісілер қос қолдасып төс соғыстырады, ал әйелдер бір-бірімен құшақтасады. Ерлер мен әйелдер бір-бірімен құшақ айқастырады. . Ең бастысы, бұл күні ет, сүт тағамдары, бидай, тары сияқты жеті түрлі дәмнен қазан толы көже жасалады. Наурыз көжені тойып ішу «жыл бойы тоқшылық болсын» деген ұғымды білдіреді.Бұл күні ренжісіп қалған туған туыстар бір-бірімен табысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]