- •Мазмұны
- •Микроэкономика пәні және методологиясы
- •1. Микроэкономика теориясының пәні
- •2. Микроэкономика методологиясы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •2. Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі)
- •3. Нарықтың тепе-теңдігі
- •4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •6. Графикте нарық моделі (үлгісі) берілген:
- •7. Ұсыныс артығы әдетте:
- •2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
- •3. Ұсыныс икемділігі
- •4. Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •2. Икемді тауардың бағасы өсті. Сатушының түсімімен не болады?
- •3. Сұраныстың бағалық икемділігі (-0,5) тең. Ол деген:
- •4. Икемді сұраныс:
- •6. Фотопленка мен фотоаппарат бағалары бойынша сұраныстың айқас икемділігі 2,5 тең. Егер фотоаппараттың бағасы 10% өссе
- •3 Тақырып. Тұтынушының мінез-құлқы теориясы
- •1. Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
- •2. Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
- •3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
- •4. Тұтынушының тепе-теңдігі
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •10. Бюджеттік сызық енкіштігінің экономикалық мәні неде?
- •4 Тақырып. Салыстырмалы статика және сұраныс талдауы
- •1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
- •2. Табыс әсері және ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі
- •3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері
- •Сұрақтар мен тапсырмалар. Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •1. Егер бір игілікке баға өссе, онда
- •2. Барлық табысыңызды Сіз 2 тауарды сатып алуға жұмсайсыз. Талғаусыздық қисық сызықтарын талдау арқылы 2 тауардың сапасыз еместігін көрсетіңіз.
- •3. Сапалы тауарлар көбірек тұтынады (сатып алынады), егер:
- •5. Егер а тауардың бағасы азайса, ал в тауардың бағасы өзгермесе, тұтынушының бюджеттік сызығы қалай салынады (сызылады)?
- •5 Тақырып. Үй шаруашылықтарының еңбек пен капитал ұсынысы
- •1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
- •Ресурстар (қорлар) нарығы
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы
- •2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі)
- •3. Капитал ұсынысы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •6 Тақырып. Өндіріс теориясы өндіріс шығындар
- •1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция
- •2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
- •3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •1. Графиктегі орташа және шекті өнімдердің мағыналары араларындағы тәуелділік білдіреді: олардың қисық сызықтар қиылысу нүктесінде
- •2. Тапсырылған технология бойынша шығарудың ең жоғары көлеміне жету білдіреді:
- •Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
- •Сыртқы Ішкі Шығындар
- •2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
- •3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
- •4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •1. Фирма қызметінің ұзақ мерзімді кезеңіндегі шығындар саналады:
- •7 Тақырып. Бәсекелес фирма пайдасының көбеюі
- •1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні
- •2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
- •3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі
- •4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •5. Бәсекелес фирманың нарық тепе-теңдік нүктесінде:
- •7. Бәсекелес фирманың шығындары 30 долларға тең. Оның өніміне нарық бағасы 50 доллар деңгейінде. Енді фирманың іс-қимылдары қандай болу керек?
- •11. Бәсекелес салада қандай сұраныс ең икемді – жеке фирма өніміне деген сұраныс немесе нарық сұранысы?
- •9 Тақырып. Монополия және монопсония. Нарық билігі
- •1. Монополияға тән сипаттар
- •2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
- •Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
- •Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері
- •Монополиялардың мемлекеттік реттеуі.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •9. Ең жоғары пайда алғысы келген монополист өз өніміне бағаны төмендетеді, егер ...
- •10 Тақырып. Монополия бәсекелестігі
- •Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы
- •Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік
- •Монополия бәсекелестігінің салдары
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Олигополия
- •Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
- •2. Олигополия үлгілері
- •3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •11 Тақырып. Өндіріс факторларының нарықтары
- •1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс
- •2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік
- •3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
- •4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •1. Өндіріс факторларына сұраныс анықталады:
- •2 «Фактордың шекті табыстылығы» көрсеткіші анықтайды:
- •4. Дайын өнім нарығында монополиялық билікке ие, бірақ өндіріс факторлар нарығында монопсонист емес фирма жалдайды...
- •7. Бәсекелес нарықта өнімнің бірлігін 10 доллар бағамен өткізетін фирманың өндірістік функциясы:
- •12 Тақырып. Жалпы тепе-теңдік
- •1. Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі
- •2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы
- •3. Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік
- •4. Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары. Тепе-теңдік
- •3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі
- •3. Моральдік тәукел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Орыс тілінен аударған Уристемова н.К. Компьютерде терген: Омарбаева Гауһар Тиштыққызы
2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
Табыс сұраныс көлемін анықтайтын бағадан кем емес фактор. Сұраныстың табыс өзгеруіне деген сезімталдығын анықтау үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті есептеледі:
Е = [(∆Q / Q) ∙ 100%] /[(∆І) ∙ 100%] = (∆Q / ∆І) ∙ І/Q, мұнда І – табыс. Кейбір тауарлар үшін табыс бойынша сұраныс икемділігінің коэффициенті өз белгісін өзгертеді. Бұған байланысты тауарлар нормаға сәйкес (стандартты) және сапасыз (сапасы төмен) деп бөлінеді. Микроэкономикада табыс бойынша сұраныстың теріс икемділігін көрсететін табыс бойынша икемділік коэффициенті 0 (нөлден аз), яғни табыстың өсуімен сұранысы төмендейтін тауарлар сапасыз деп саналады. Табыстың өсуімен сұранысы жоғарылайтын (табыс бойынша икемділік коэффициенті – оң сан) тауарлар нормаға сәйкес деп саналады. Нормаға сәйкес тауарлардың 3 тобын айырады:
1. Ең қажетті тауарлар – табыстың өсуімен салыстырғанда, оларға деген сұраныс аздау, ал табыс бойынша икемділік коэффициенті тең: 0<E1<1;
2. Қажетті тауарлар – оларға деген сұраныс табыспен бірге өседі, икемділік коэффициенті E1 = 1
3. Сән-салтанат, әдемілік тауарлары – оларға деген сұраныс табыстан жылдамдау, тездеу өседі, икемділік коэффициенті E1>1. Сұраныстың тура, айқас икемділігі коэффициенттері мен табыс бойынша сұраныс икемділігі араларында өзара байланыс бар: олардың сомасы 0 (нөлге) тең.
3. Ұсыныс икемділігі
Ұсыныс икемділігі – бағалардың пайыздық білінуіндегі ұсыныс шамасының өзгеру дәрежесі.
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті сұраныстың бағалық икемділігі коэффициентіне сәйкес мына формула бойынша есептеледі:
ЕS = (∆Q/Q / (∆Р/Р)) = (∆Q /∆Р) ∙ (Р/Q).
Ұсыныс икемділігінің коэффициенті әрқашан оң сан, өйткені ұсыныстың бағасы мен шамасы – тең бағытталған шамалар. Сұраныс сияқты (тәрізді) ұсыныс бағасы бойынша икемді, икемсіз, мүлде икемді, мүлде икемсіз немесе бірлі-жарым икемді. Ұсыныстың икемділігіне әсер ететін шешуші (маңызды) фактор ретінде уақыт факторы болып табылады: өндірушіде неғұрлым ұзақ уақыт аралығы бар, соғұрлым жоғарылау дәрежеде ұсыныс шамасы бағаға байланысты өзгеруі мүмкін.
P S2 S1
Q
22 сурет. Икемді және икемсіз ұсыныс
«Қатаң» технологияларда, ағымдағы және қысқа мерзімді кезеңдерде ұсыныс икемді емес (22 суреттегі S2 қисық сызығы). Мүлде икемсіз ұсыныста ұсыныс қисық сызығы тік (23 суретттегі S1 қисық сызығы). Бұл жағдайда баға қалай өзгерсе де, ұсыныс өспейді, себебі: тауарлардың шектелген саны бар. Мысалы, көрнекті суретші суретінің ұсыныс қисық сызығы мүлде икемсіз: баға қалай өссе де, ұсыныс өсе алмайды, себебі: мұндай сурет біреу ғана. Мүлде икемді ұсыныстың қисық сызығы көлденең (23 суреттегі S2 қисық сызығы). Мұнда тек қана бір баға бар (Р0), тіпті осы бағамен де сатушылар тауардың қандай болса санын ұсынуға дайын. Мүлде икемді ұсыныс тек қана жорамалда болады, шын өмірде ондай жоқ.
P S1
P0 S2
Q0 Q
23 сурет. Мүлде икемді және мүлде икемсіз ұсыныс