Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэконом каз.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

9. Ең жоғары пайда алғысы келген монополист өз өніміне бағаны төмендетеді, егер ...

а) орташа шығындар түссе (төмендесе)

б) жарнамаға шығындар өссе

в) шекті табыс шекті шығындардан асса

г) шекті табыс ауыспалы шығыстармен теңелсе

д) орташа шығындар бағамен теңелсе

10. Бір салада сату үлестері 60,30,10 тең 3 фирма қызмет жасайды, екінші салада сату үлестері 40,30,30 тең 3 фирма қызмет жасайды. Осы салалар үшін Херфиндаль – Хиршман индексін есептеңіз. Қайсысында индекс төмен болады? Ол ненің белгісі?

10 Тақырып. Монополия бәсекелестігі

    1. Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы

Монополия бәсекелестік теориясы ХХ ғасырдың 70-ші жылдарында ағылшын экономистер Дж. Роббинсон мен Э. Чемберленмен әзірленген. Бұл нарық түрі нағыз бәсекелестік және монополиямен бірдей сипатты бола тұра, қазіргі заманда ең таралған болып табылады. Монополия бәсекелестігінің ең басты белгісі – өнімнің әр түрлілігі, сондықтан кез келген фирма, нарық билігіне ие болып, өз ісінде монополист. Монополистік бәсекелестік нарығында көптеген бәсекелес – сатушылар, кіру кедергілерінің жоқтығы оны нағыз бәсекелестікке жақын қояды. Монополия бәсекелестік жағдайларында қызмет жасайтын фирма нарық билігіне ие болғандықтан, оның өніміне деген сұраныстың қисық сызығы төмен түседі. Сұраныс баға бойынша жоғары икемді, себебі, көптеген субтитут – тауарлары бар. Сондықтан, монополия бәсекелестік жағдайларда фирмалар баға бойынша емес, бағалық емес сипаттар бойынша бәсекеге түседі: сапа, сатудан кейінгі қызмет көрсету, орау. Өткізуді ынталандыру, жарнама, сауда белгілері мен сауда маркалары да маңызды рөл атқарады. Монополия бәсекелестік нарығының мысалдары: тамақ, киім, аяқ киім, тұрмыстық химия өнімдерінің өндірісі, қызмет көрсету.

    1. Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік

Монополия бәсекелестік жағдайларында қызмет жасайтын фирманың қысқа мерзімді тепе-теңдігі (монополия бәсекелес фирма) нағыз бәсекелес фирманың тепе-теңдігіне сәйкес 75-а суретте ол Qf оңтайлы көлемі (MR = MC болғанда) Р1 бағасымен сатылған сұраныс икемді, бірақ ол деңгейіне дейін қысқаруы мүмкін, онда орташа шығындардың жабуы қамтамасыз етілмейді. Бұл жағдайда монополия бәсекелес фирма, монополист сияқты, сұранысқа байланысты 2 нұсқаның біреуін таңдайды: егер баға орташа ауыспалы шығындарды жапса, ол залалдарды азайтады, ал сұраныс оларды жабуға да жетпесе, фирма нарықтан шығады (кетеді).

P MC P

LRMC

Pf

AC AC

AVC LRAC

Pf1 PfLR

Df

Df1

DfLR

MR1 MRf

MRLR

а) Qf1 Qf б) Qf

75 сурет. Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдегі монополия бәсекелестік жағдайлардағы шығаруды оңтайландыру

Жоғарыда айтқандай, нағыз бәсекелестік жағдайларда орташа ауыспалы шығындардың ең аз мағыналарынан жоғары жатқан шекті шығындардың қисық сызықтарының бөлігі бәсекелес фирма ұсынысының қисық сызығы болып келеді. Монополия жағдайларында фирманың ұсыныс қисық сызығы жоқ, себебі баға мен өндіріс көлемі араларында нақты тәуелділік жоқ. Ұзақ мерзімді кезеңде монополия бәсекелес фирма нағыз бәсекелестік жағдайлардағы себептердің салдарынан экономикалық пайданы алмайды: кіру кедергілердің жоқтығы, басқа фирмалар экономикалық пайда алу үшін салаға тез кіреді. Бұл әр фирманың нарықтық үлесін қысқартып, сұраныс икемділігінің өсуіне әкеледі. Сұраныстың қисық сызығы солға қарай жылжиды, экономикалық пайда 0 тең болғанша. Бұның салдарынан нарық тартымдылығын жоғалтып, ұзақ мерзімді тепе-теңдік жағдайға келеді. Белгіленген баға LRAC тең болып, монополия бәсекелестіктегі тепе-теңдіктің ұзақ мерзімді үлгісі теориялық түрде бәсекелес тепе-теңдіктің ұзақ мерзімді үлгісіне сәйкес. Бірақ, тәжірибеде бұл әрқашан осылай болмайды, себебі:

1) Жоғары сапалы тауарларды шығаратын фирмалар экономикалық пайда алады.

2) Нарықта маркетинг стратегиясы өте күшті, бірақ ол көптеген шығындарды қажет етеді (жарнама, тауарды жылжыту, тауар мен фирманың имиджін (атағын) құру және т.б.). Бұл шығындар кіру кедергілер рөлін атқаруы мүмкін.