Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэконом каз.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Сұрақтар мен тапсырмалар

Талқылау үшін сұрақтар

1. Өндірістің мәні неде? Қандай өндіріс технологиялық нәтижелі деп аталады? Экономикалық нәтижелі?

2. Өндірістік функцияның мәні неде? Кобба – Дуглас функциясы деген не?

3. Изокванта деген не? Түсінік беріңіз. Технологиялық ауысудың шекті нормасы.

4. «Фактордың жиынтық өнімі», «фактордың орташа өнімі», «фактордың шекті өнімі» деген категориялардың мәнін ашыңыз.

5. Кемушілік қайтарым заңы және ауқым әсері дегеніміз не? Олардың арасында не ортақ және айырмашылықтары қандай?

Есептер, жаттығулар, тестілер

1. Графиктегі орташа және шекті өнімдердің мағыналары араларындағы тәуелділік білдіреді: олардың қисық сызықтар қиылысу нүктесінде

а) орташа өнімнің мағынасы ең жоғары (көп);

б) орташа өнімнің мағынасы ең аз (төмен);

в) шекті өнімнің мағынасы жоғары;

г) шекті өнімнің мағынасы төмен (ең аз).

2. Тапсырылған технология бойынша шығарудың ең жоғары көлеміне жету білдіреді:

а) осы фактордың орташа және шекті өнімдері тең;

б) орташа өнім жоғары деңгейге жетеді, ал шекті – нөлге тең;

в) шекті өнім жоғары деңгейге (максимум), ал орташа өнім минимумға (төмен деңгейге) жетеді.

г) шекті өнім нольге тең, орташа – азаяды

3. MRTSKL = -4 дейік. Капиталдың пайдалануы 3 бірлікке азаяды (қысқарады). Шығарудың бұрынғы көлемін сақтау үшін еңбектің неше қосымша бірлігі керек?

4. Фирманың өндірістік функциясы Q = 0,9·K0,6·L0,5. Қаралып тұрған кезеңде капитал 200-240 бірлікке дейін көбейді, еңбек – 60-тан – 66 бірлікке дейін көбейді. Өндіріс көлемі қаншаға өскенін анықтаңыз.

5. Кестеде келтірілген мәліметтер бойынша орташа және шекті факторлардың мағыналарын есептеңіз:

Тұрақты фактор (бірліктер)

Ауыспалы фактор (бірліктер)

Шығару көлемі

(бір күнде)

Орташа өнім

Шекті өнім

2

0

0

2

1

40

2

2

90

2

3

150

2

4

160

2

5

150

2

6

120

6. Шығару көлемі мен өндіріс факторлар шығындары арасындағы тәуелділіктің түрі:

Q = 9+0,2K+0,7L

Факторлардың шекті өнімділігін және технологиялық ауысудың шекті нормасын анықтаңыз.

7. Фирмада жұмыс істейтін 20 адам 100 мың тг сомасына өнім шығарады. Жұмыскерлер санының 1% өсуі өндірістің 1,2% өсуіне әкелді. Еңбектің шекті өнімін анықтаңыз.

Өндіріс шығындары

1. Шығындар. Шығындарды жіктеу

Шығындар – бұл факторлардың ақшалай түріндегі шығындары.

Экономикалық әдебиетте шығындардың бірнеше түрі белгілі (бұл мәселе бойынша әр түрлі пікірлер бар).

1. Өндіріс шығындары және айналым шығындары. Өндіріс шығындары өндіріс аясында, ал айналым шығындары айналым аясында пайда болады.

2. Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Бухгалтерлік шығындар – ол есепті кезеңде орын алған өндірістің нақты шығындары. Дәл осы шығындар фирманың бухгалтерлік есебінде көрсетіледі. Шығындар баламалы да болады – олар факторларды пайдаланудың баламалы кұны. Баламалы шығындардың мәнін мысалда көрсету оңай. Кез келген кәсіпкерде (жалпы кез келген экономикалық субъектіде) бар ресурстарын (қорларын) пайдаланудың бірнеше балама амалдары бар. Ол өндіріс процесін (үдерісін) ұйымдастыруы мүмкін – ғимаратты жалға алуға, негізгі және айналым капиталға ие болуға, жұмыскерлерді жалдап, өндіріс ашуға – бұл жағдайда ол өндіріс көзге көрінетін шығындарға тап болады. Бар ақшасына банкте депозиттік шот ашып, салым бойынша пайыз түрінде пайда, түсім алуы мүмкін. Егер кәсіпкер қорларды пайдаланудың бірінші амалын таңдаса, ол алмаған банк пайызы көзге көрінбейтін шығындар сомасын құрайды. Сонымен, көзге көрінбейтін шығындар қорларды пайдаланудың екі балама амалының біреуін таңдағанда, қолдан жіберіп алған (айырылып қалған) пайда болып келеді. Көзге көрінетін және көзге көрінбейтін шығындар экономикалық шығындарды құрайды.

3. Сыртқы және ішкі шығындар. Сыртқы шығындар – сырттан келтірілетін қорлар (ресурс) үшін төлем (жалданған жұмыскерлердің жалақысы, жалға төлеу, шикізат, отын, көлік және де басқа қызметтер үшін жеткізушілерге төлем). Ішкі шығындар – өзінің иесіндегі жеке пайдаланатын қор үшін төлем. Мысалы, егер кәсіпкер өзі тікелей өндірісте немесе өндірістің ұйымдастыруында қатысып, өзі еңбектенсе, алынатын табыс ішкі шығындар болып саналады.

4. Өндірістің бухгалтерлік (көзге көрінетін) шығындары. Олар тұрақты және ауыспалы болады.

Тұрақты шығындар – өндіріс көлемдерінің өзгерістеріне байланысты шамалары өзгермейтін шығындар, яғни, оның қызметі пайдалы немесе шығынды болғанына қарамастан фирма әрқашан оларды жабуға тиісті. FC (fixed costs). Оған: жалға төленетін төлем, сақтандыру жарналары, салықтардың кейбір түрлері және т.б. кіреді. Ауыспалы шығындар – өндіріс көлеміне байланысты шамасы өзгеретін шығындар. VC (variable costs). Бұл мынадай шығындар: шикізатқа, материалдарға, электр энергиясына, көлік және басқа да қызметтерге кететін шығындар. Тұрақты және ауыспалы шығындардың сомасы жалпы (жиынтық) шығындарды құрайды. TC (total costs): TC = FC + VC. Кобба – Дуглас моделі (үлгісі) үшін жалпы шығындар функциясының түрі:

TC = PKK + PLL, мұнда K,L – капитал және еңбек бірліктерінің саны: PK K, PLL – капитал мен еңбектің бағалары

Келтірілген жіктеудің сызбасы: