Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэконом каз.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Сұрақтар мен тапсырмалар

Талқылауға арналған сұрақтар

1. Микроэкономиканың зерделеу пәні не болып табылады?

2. Микроэкономиканың негізгі қағидаларының мәнін түсіндіріңіз: қажеттіліктер шексіздігі мен ресурстар (қорлар шектеулігі, ресурстарды (қорларды) қолданудың балама нұсқамалары (түрлері), экономикалық агенттердің оңтайлы тәртібі (мінез-құлқы)).

3. Микроэкономикада қандай әдістер қолданады? Олардың ерекшелігі неде?

4. Шекті талдау, функционалды талдау, графикалық сызу, математикалық модельдеу әдістерінің мәнін түсіндіріңіз.

Есептер, жаттығулар, тестілер

1. Жаңа стадион құрылысының балама шығындары – ол:

а) стадионды пайдалану нәтижесінде алынған кіріс (табыс).

б) оның күзеті мен басқа персоналына (қызметкерлер құрамына) жалақы төлеу

в) осы стадионның құрылысы үшін өндірісі тоқтатылған тауарлар мен қызметтердің бағасы

г) стадион кірістерінен (табыстарынан) төленетін салықтың нақты (шынайы) мөлшерінің өзгеруі

д) стадион құрылысының келесі жылғы бағасы

2. Туристік жорықтың балама шығындарына кіреді:

а) жиналу пунктіден (орнынан) үйге дейін жету үшін кететін шығын (жол шығыны)

б) туристік жорық кезінде кететін шығындар

в) осы уақыт ішінде алуы мүмкін болатын кіріс (табыс)

г) үйден жиналу пунктіне (орынға) дейінгі жол шығыны

д) туристік жорығы дайындығына кететін шығындар

3. Экономика теориясында «шекті» терминнің мағынасы:

а) экономикалық шаманың сәл өзгеруі

б) экономикалық шаманың шекті өзгеруі

в) экономикалық шаманың қосымша өзгеруі

г) экономикалық шаманың едәуір (айтарлықтай) өзгеруі

д) экономикалық шама өзгермейді

4. Экономикалық-математикалық модельдеу үйғарады:

а) шекті шамалар динамикасын зерделеу

б) математикалық функциялар арқылы экономикалық шамалар тәуелдігін зерттеу

в) экономикалық функцияларды графикалық бейнелеу

г) экономикалық құбылыстарды және үрдістерді төменнен жоғарыға дейінгі қозғалыста зерттеу

д) нақты, нағыз, шын объектінің қасиеттеріне ие жасанды объектіні модельдеу және талдау.

1 тақырып. СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

1. Нарық – игіліктерді үлестірудің қоғамдық механизмі

Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы (түрі). «Нарық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды (қорларды) басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – оның негізгі элементтерінің (ұсыныс, сұраныс, баға, бәсекелестік) жиынтығы болып табылады. «Айырбас» пен «нарық» деген түсініктер синонимдер еместігін атап өткен жөн. «Айырбас» – еңбек пен маманданудың қоғамдық бөлінуінің барын жобалайды, ал «нарық» – игіліктерді айырбас арқылы үлестіру механизмі. Ресурстарға жеке меншік нарық айырбасының негізі және міндетті шарты болып табылады. Нарық белгіленген міндеттерді атқарады (үлестіру, делдалдық, ақпараттық, сауықтыру, реттеу), олардың арасында үлестіру міндеті негізгісі ретінде есептеліп, экономикалық игіліктерді үлестіру нарық механизмі негізінде іске асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық тұрғыдан алғанда, дәл осындай үлестіру ең нәтижелі болып келеді. Сонымен бірге, нарық механизмі көптеген мәселелердің, ең алдымен, әлеуметтік әділдік мәселелерінің шешімін қамтамасыз етпейді, сондықтан оның түзету қажеттілігін ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі микроэкономиканың зерттеу пәні, енді тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық.