Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэконом каз.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Микроэкономика пәні және методологиясы

1. Микроэкономика теориясының пәні

Экономика теориясы кейнсиандықтан бұрын микроэкономика теориясы болған. Осы кезеңде макроэкономикалық ретінде жіктеуге болатын теориялар пайда болып, дамыған, барлық сол кездің зерттеулері жеке экономикалық субъктілердің қызметін зерделеуіне негізделген. Сонымен бірге, микроэкономика өзінің шын дамуына неоклассикалық экономикалық теориясының, ең алдымен, маржинализмнің үстемдігі кезеңінде жетті.

Неоклассиктердің экономикалық көзқарастар негізін тиімді (оңтайлы) ойлау мен экономикалық агенттердің (субъектілердің) мінез-құлқы, олардың әл-ауқатын жоғарылату, еркін бәсекелістік, өзін-өзі реттейтін нарық, мемлекеттің экономикаға кіріспеу қағидалары құрады. Әуелі ол баға теориясы, сонан соң – фирма теориясы, кейінірек – «микроэкономика» деп аталды. 1937 жылы шыққан Дж.М.Кейнстің «Жұмыспен қамтудың, пайыздың және ақшаның жалпы теориясы» деп аталатын кітабы макроэкономикалық мәселелерді зерттеуге шақырды. Макро- және микроэкономиканы бір-біріне қарсы қоюға болмайды, өйткені экономика теориясы бөлімдерінің пәні бірдей: игіліктерді өндіру, үлестіру, тұтыну бойынша заңдылықтар мен адамдардың қызметімен байланысты қатынастарды зерделеу, шексіз қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатымен шектелген қорларды тиімді пайдалану жолдарын іздеу. Бұл жағдайда бөлімдердің әр қайсысы осы мәселеге өз тұрғысынан келеді. «Экономикс» авторлары К.Р. Макконелл мен С.Л. Брю айтқандарын сәл өзгертсек; «Егер микроэкономика ағашты зерттесе, макроэкономика – орманды зерттейді», – деп айтуға болады.

Микроэкономиканың зерделеу пәні – жеке экономикалық субъектілердің қызметі болып табылады. Нарық экономикасы жағдайларында олар, бір жағынан, сатып алушылар (тауарлар мен қызмет етуге ие болатын тұтынушылар; өндіріс факторларын еңбек пен капиталды сатып алушы фирмалар), екінші жағынан – сатушылар (тауарлар мен қызметтерін сататын фирмалар, жалданатын қызметкерлер мен ресурстар (қорлар) иелері). Олар өндіріс факторлар нарығында қорларды сатады. Сонымен, сол субъектілер бірдей (бір мезгілде) сатушы да, сатып алушы да болады. Олардың өзара қатынастар барысында (үдерісінде) нарық пайда болады – айырбас, ауыстыруды іске асыратын сатушылар мен сатып алушылар жиынтығы. Әр айырбас қатысушы өз әл-ауқатын жақсартуға тырысады: сатушы – табысты көбейтуге, сатып алушы – пайдалылықты өсіруге.

Экономикалық агенттердің қызметі 2 алғышарттарға байланысты: қажеттіліктердің шексіздігі мен ресурстардың (қорлардың) шектеулігіне. Экономика теориясындағы талдаудың басқа да маңызды алғышарты ретінде ресурстарды (қорларды) пайдаланудың балама түрінің бары болып келеді, ол шешімдерді қабылдау барысында агеттердің оңтайлы тәртібінің (мінез-құлқының) қажеттілігін үйғарады.

2. Микроэкономика методологиясы

Микродеңгейдегі (солай макродеңгейдегі де) экономикалық талдау оң немесе нормативті тәсілді үйғарады. Оң талдаудың мәні мынада: ол сипаттайтын болып келеді, яғни нақты болып жатқан экономикалық құбылыстардың зерделеуін, олардың себеп-салдар байланыстарын жобалайды.

Нормативті талдау – бұл үдерістер мен құбылыстар қандай болу керек екені жөніндегі бағалау пікірлер, ол мақсаттық нұсқамаларды дамытуға бағдар береді. Тұтастай алғанда, микроэкономика үшін экономика теориясына сияқты бірдей тану әдістері қолданады: формальды логика, диалектикалық логика, математикалық модельдеу. Осылармен бірге микроэкономикада келесі әдістер кең қолданады: шекті талдау, функционалды талдау, графикалық сызу әдісі, экономикалық-математикалық модельдеу.

Шекті талдау – маржиналистік теориясының негізгі әдісі. Бұл шекті (маржиналды) шамаларды және олардың динамикасын (өзгеріп, дамуын) зерделеу. «Шекті» деген терминді экономика теориясына маржинализм мектебінің өкілдері еңгізді. Олардың түсінігі бойынша «шекті» – «қосымша», «келесі» деген ұғымдарды білдіреді.

Функционалды талдаудың мақсаты – бір шамалардың екінші (басқа) шамалардан математикалық функциялар арқылы тәуелдігін тауып, зерттеу. Функциялардың графикалық бейнелеуі графикалық сызу әдісі болып табылады. Шамалардың бір бағытта өзгеруін көрсететін тура (оң) тәуелді графикта ұлғаймалы қисық сызық түрінде суреттеледі. Кері (теріс) – сәйкес төмен түсетін сызық бойынша.

Экономикалық-математикалық модельдеу әдісі нақты, шын объектінің сипаттарына ие жасанды объектінің модельдеуі мен талдауына негізделген. Экономикалық модельдеу мысалдары: сұраныс және ұсыныс моделі, кіріс (табыс) пен шығыс айналымының моделі, мультипликатор моделі, олигополия моделі және т.б. Осылардың біреуі де шын экономикалық өмірде болып жатқан процестер (үдерістер) жиынтығын бейнелемейді, бірақ осы нақты мәселенің зерттеушісін қызықтыратын дәл сол өзара байланыстар мен өзара тәуекелдіктерді табуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты модель (үлгі) ғылыми абстракция әдісін қолдануын үйғарады. Бұл әдіс – экономикалық құбылыстарда және үдерістерде негізгі, ең маңызды үрдістер мен ерекшеліктерді табу.