Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэконом каз.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

3. Моральдік тәукел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі

Симметриялық емес ақпаратты нарықта пайда болатын тағы бір мәселе – моральдік тәуекел мәселесі. Оның мысалы – сақтандыру (ақпараттың симметриялық еместігі мәселесі ең алғашқы болып сақтандыру бизнесінде пайда болды). Бір үй иесі, өрттен қорқып, барлық сақтандыру шараларын жасайды дейік: түтін детекторын сатып алады, әрдайым электр сымдарын ауыстырады, өрт қауіпі бар ахуалдарының алдын алады және т.б. Барлық бұл әрекеттерді сақтық деп атайық та, оны ақша бірліктерде өлшейік (яғни сақтық шаралары шынында да ақша шығындарымен байланысты). Қолданған сақтық шаралары белгіленген шығындармен ғана байланысты емес, сондай-ақ белгіленген пайда да әкеледі – жоғарылаған сақтықтан шекті табыс болжамдаған залалдың шекті төмендеуіне сәйкес келеді. Сақтық шаралардың оңтайлы деңгейін анықтау үшін үй иесі сақтықтың шекті шығындарын салыстыра бастайды. Бірақ ахуал күрт өзгереді, егер үй иесі үйін сақтандырса. Оның сомасы үйдің, үй жөндеуінің, жиһаздың сомасының орнын толтыруға тиісті. Бұл жағдайда сақтықтың шекті табысы сақтандыру жоқ болған жағдайдан аздау, яғни үй иесі біледі: өрт болса, ол ұтылмайды. Үй иесі өртке қарсы қауіпсіздік шараларын қолданып, сақтандыру жағдайын тудырмағаны сақтандыру фирма үшін пайдалы. Осымен байланысты моральдік тәуекел мәселесі пайда болады. Үй өз құнынан көп асатын сомаға сақтандырылғанда, моральдік тәуекел күшееді, себебі: сақтандыру полисі бар үй иесі сақтандыру жағдайдың туғанын (болғанын) тілейді. Тәжірибеде бұл мәселе кепілдемелер мен кепілдіктердің көмегімен шешіледі (егер моральдік тәуекел сақтандыру бизнесте емес пайда болса), бірлесіп сақтандыру (полис иесі өзі сақтандыру сомасының жартысын төлейді) немесе франшизалар арқылы. Франшизалардың шарты: сақтандыру жағдайы туып, оның құны белгіленген сомадан төмен болса, полис иесі шығындарды өзі жабады, ал егер белгіленген сомадан жоғары болса, айырымын сақтандыру компаниясы төлейді. Мысалы, үйді өрттен сақтандыратын полистегі франшиза 50000 құрайды, өрт болып қалған жағдайда шығындар 40000 құраса, оларды үй иесі өзі төлейді. Егер өрттің құны (шығыны) 150000 бағаланса, 50000 соманы өзі төлейді, ал 100000 – сақтандыру фирмасы.

Ақпараттың симметриялық еместігін көрсететіп енді бір ахуал «тапсырыс беруші – агент» мәселесі. «Тапсырыс беруші – агент» қатынастары мына жағдайда пайда болады: мәміленің бір жағы (тапсырыс беруші) екіншінің (агент немесе атқарушы) қызметінен тәуелді болып, ол туралы толық ақпараты болмағанда. Мысалы, фирма директоры (немесе менеджері) жалданған қызметкерлердің қандай нәтижелілікпен жұмыс істеп жатқандары жөнінде толық ақпаратталмаған. Егер ол қызметкерлер жұмысының мониторингін жасай алса, фирманың нәтижелілігін қамтамасыз етуші еді. Қызметкер жөнінде дәл, шын, шұғыл ақпарат болмағандықтан, жұмыстан жалтару, алаң болу мәселесі туындайды, өйткені барлық қызметкерлер бірдей жалақы алады.

Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Ақпараттың симметриялық еместігі деген не? Графикті пайдаланыңыз.

  2. Нарықтық белгілер арқылы ақпараттың симметриялық еместігі мәселесі қалай шешіледі?

  3. Ақпараттың симметриялық еместігі салдарынан туындайтын мәселелердің мәнін түсіндіріңіз: моральдік тәуекел, «тапсырыс беруші – агент» мәселесі, жалтару (алаң болу).