Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зейнетаы оры.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
73.31 Кб
Скачать

Жоспар:

 

Кіріспе......................................................................................................................3

I.Қазақстан  Республикасының жинақтаушы зейнетақы  жүйесі.......................................................................................................................4

1.1.26-ҚХЕС Зейнетақы жоспарлары  бойынша есеп және есептіліктің  халықаралық стандарттары....................................................................................6

1.2.Зейнетақымен қамсыздандыру  жүйесінің шетелдік тәжірибелері.............11

II.Жинақтаушы зейнетақы  қорларына аударым.................................................................................................................16

2.1.Еңбек ақыдан ұсталынатын  міндетті төлемдер есебі..................................16

2.2.Таза зейнетақы активтеріндегі  өзгертулер туралы есеп және  МЖЗҚ «Жинақтаушы зейнетақы қоры»  АҚ 2011 жылға 1 қазандағы жағдайы  бойынша бухгалтерлік балансы...........................................................................17

2.3.Зейнетақымен қамтамасыз  ету жүйесін жаңғыртудың теориялық    

аспектілері және жүйе қызметіндегі инвестициялық процесті   

ұйымдастыру........................................................................................................21

2.4.Қазіргі таңдағы зейнетақы  қорлары..............................................................25

Қорытынды..........................................................................................................30

Қолданылған әдебиеттер.............................................................................................................31

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болғандықтан, елдегі зейнетақы жүйесін реформалаудың қажеттілігі артты. 

Зейнетақы – бұл жұмысшының тапқан табысының бірбөлігінарнайы құрылған қорғазейнетақыжасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы төлемі ретінде қайтарылып берілетін жарна түрі. Зейнетақы зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында дұрыс өмір сүруінің кепілдік полюсы деп атауға да болады. Зейнетақыға әсер етуші негізгі екі факторды ерекше бөліп қарастыруға болады, осы екі фактор елдің қандай зейнетақы жүйесін таңдау керек екендігіне көп әсер етеді, олар:

  • Экономикалық даму деңгейі, жұмысшылар мен жұмыссыздардың ара қатынасы, жаңа жұмыс орнының пайда болу жылдамдығы көрсеткіштеріне көп көңіл бөлу керек.

  • Демографиялық – халықтың өсу қарқыны, болашақ жұмысшылар мен бүгінгі жұмысшылардың сандық қатынастарына көңіл бөлінеді.

 

Әрбір мемлекетте халықты әлеументтік қамсыздандыру бағдарламалары бар.Олар әр түрлі институттарда қолданады,әртүрліинстументтер, тәсілдермен әдістерді пайдаланады. Осы жұмыста Қазақстандағы зейнетақы жүйесіне тоқталып,қаржы секторындағы көрсеткіштер есебіндегі мәліметтер бойынша, Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорларына жинақталғанзейнетақы көлемі реттеу мен қадағалау, зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелерін, таза зейнетақы активтеріндегі өзгертулер туралы есебі мен бухгалтерлік балансын және де болашақта зейнетақы жүйесін жаңғырту тетіктері мен басымдылықтарына тоқаталып, оларды саларау. Бұлардың барлығы бұл жұмыстың негізгі мақсаты.

 

 I. ҚазақстанРеспубликасыныңжинақтаушызейнетақыжүйесі.

 

Қазақстанныңзейнетақымен  қамтамасыз етужүйесіндехалықтың жалпысанындағықарт азаматтарүлесінің артуынабайланысты  объективті қиыншылықтар пайдаболды. Соныңнәтижесіндеелдің зейнетақы  жүйесін кешіктірмей реформалаудың  қажеттілігі сезілді. Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі  «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету  жүйесін реформалаудың тұжырымдамасын»  мақұлдады және 1997 жылдың 20 маусымда ҚР «ҚР Зейнетақымен қамтамасыз ету  туралы» заңы қабылданды. Жаңа реформаға  сәйкес зейнетақы жасы ұзартылды: ерлер  – 63 жас, әйелдер – 58 жас.

1998 жылдың 1 қаңтарынанбастап, мемлекеттік  зейнетақығашығуережелеріментәртіптерінжәнезейнетақыжинаққорыжүйесінензейнетақымен қамтамасыздандыруын реттеуші ҚР – ның «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру» туралы Заңы өз күшіне енді. Зейнетақымен қамсыздандыру екі жүйеден тұрады:

  • Ортақ жүйеден – зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру. Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеументтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген;

  • Жинақтаушы зейнетақы жүйесі – жинақтаущы зейнетақы қоры. «ҚР зейнетақымен қамсыздандырутуралы»ҚР Заңыныңенгізілуімен 1998 жылдан өз есебін бастаған жинақтаушы зейнетақы жүйесі, құрылған құқықтық инфрақұрылым арқасында, қазіргі заман даму кезеңінде өзінің қарқынды өсуін бастан кешіп отыр.

Ұзақмерзімді перспективадажинақтаушы  зейнетақыжүйесі мынадайәлеументтік-экономикалық міндеттері:

  • Жинақтаушы зейнеиақы қорлары салымшыларының жалақы мөлшеріне, зейнетақы жарналарын төлеу ұзақтылығына және зейнетақы жинақтарын инвестициялау тиімділігіне қарай кірістерін қолдауды неғұрылым тиімді әрі әділ ұйымдастыру;

  • Нашарлап жатқан демографиялық жағдайда зейнеткерлік жасқа кеоген азаматтарды толық әлеументтік қамсыздандыру жөніндегі міндеттеме-лердің бір бөлігін мемлекеттен және салық төлеушіден алу;

  • Ұлттық экономикалының өндірістік базасын жаңғырту және оның бәсекелестік қабілетін арттыру үшін ұзақ мерзімді инвестициялар ұсыну.

Жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің негізгі принциптері:

  • Зейнетақы жинақтарын қалыптастыру үшін азаматтарға жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқықтық қамтамасыз ету;

  • Азаматтарға арналған, белгіленген зейнетақының ең кіші мөлшерімен қамтамасыз ету жөнінде тікелей мемлекеттік кепілдік;

  • Зейнетақы жинағының құрылуы үшін, жұмысқа қабілітті әрбір азамат қатысуының міндеттілігі;

  • Азаматтардың зейнетақы жинақтарындағы қаржы салымдарының сақталу тиімділігі;

  • Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы жинақтарға азаматтардың мұрагерлігіне құқықтарын қамтамасыз ету;

  • Азаматтардың зейнетақы жинақтарының қаржы салымдары арқылы экономикаға үлесі;

  • Зейнетақы жүйелерін мемлекеттік реттеуі.

Ортамерзімдіперспективадвжинақтаушызейнетақыжүйесініңнегізгімақсаттары мен міндеттері:

  • Жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бәсекелестікті дамыту;

  • Қазақстанның бүкіл халқы үшін зейнетақы қызметтерінің қол жетімділігі мен сапасын арттыру;

  • Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялау жөніндегі мүмкіндіктерін арттыру;

  • Міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру болып табылады.

Қазақстан Республикасындазейнетақыжүйесінреттеуші  органдар: ҚР Банкі; ҚР Ұлттық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қор қызметінің реттеуші департаменті; ҚР Ұлттық Банкінің бағалы қағаздар жөніндегі департаменті. 

 

    1. 26 - ҚХЕС ЗЕЙНЕТАҚЫЖОСПАРЛАРЫБОЙЫНШАЕСЕПЖӘНЕҚАРЖЫЛЫҚЕСЕПТІЛІКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТАРЫ.

 

Осы әдістемелікұсынымдардыҚазақстанРеспубликасы  ҚаржыминистрлігіБухгалтерлік есеп және аудитәдіснамасы департаменті Азия даму банкісі кеңесшілерінің толық  және тығыз ынтымақтастығымен, «Бухгалтерлік  есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-ө өкімімен бекітілген ХҚЕС-ке көші жөніндегі  іс-шаралар жоспарын орындау үшін, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын (ХҚЕС) қолдану кезінде  ұйымдарға тәжірибелік көмек  көрсету үшін әзірледі.

Қолдану мақсаты, мәртебесіжәне саласы

  • Берілгенәдістемелікұсынымдар ҚЕХС 26 сәйкес зейнетақы жоспарлары бойынша есеп жүргізу және есептілік жасау тәртібін түсіндіреді және зейнетақы жоспарлары бойынша есеп пен есептілік жасау және беру кезінде қолданылады.

  • Берілген әдістемелік ұсынымдар есептіліктің осындай түрін жасайтын ұйымдарда зейнетақы жоспарлары бойынша есептілік үшін қолданылады.

  • Зейнетақы жоспарлары кей кезде басқаша, мысалы, «зейнетақы схемасы», «еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы схемасы» немесе «зейнетақылық қамтамасыз ету схемасы» деп аталады. БЕХС 26 зейнетақы жоспарын есеп беретін объект ретінде, жоспарға қатысушылар жұмыс берушілерден бөлек қарастырады.

 

Зейнетақы жоспарлары

Зейнетақы жоспарларының, әдетте, екі түрі қарастырылады:

а) белгіленгенжарналарыбарзейнетақыжоспарлары;

б) белгіленгентөлемдерібарзейнетақыжоспарлары. 

 

Белгіленген жарналарыбарзейнетақыжоспарлары– бұл зейнетақымен қамсыздандыру схемасы, онда ұйымның міндетіне зейнетақы сыйақыларын кейінгі төлеуге байланыссыз белгілі жарналарды Зейнетақы қорына (бұдан әрі - Қор) төлеу жатады.

Қатысушыларжоспаржұмысынамүдделі,себебіололардыңболашақзейнетақыдеңгейінетікелейәсеретеді.Қатысушылар,сондай-ақжарналардыңҚорғатүсуінеқатыстытиістіақпараттыалуғажәнебенефициарқұқығынқорғауүшінтиісті  бақылауды жүзеге асыруға мүдделі. Жұмыс беруші, өз ретінде, жоспардың тиімді және адал жұмыс істеуінде мүдделі.

Зейнетақыменбайланысты  барлық тәуекелдер қызметкергежүктеледі, атап айтқанда:

- актуарийліктәуекел,қызметкералатынзейнетақыкүтілгеннен  аз болып қалу мүмкіндігін  білдіреді;

- Инвестициялық тәуекел, Қорға инвестицияланған қаражат күтілетін зейнетақы сыйақыларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болып қалуымен байланысты.

Белгіленген жарналары бар  жоспарды есепке алғанда мыналар  қарастырылады:

    • Кезеңге есептелген шығыс қатысушыға кезең ішінде көрсетілген қызметтерге қатысты оның қызметі үшін тиесілі жай жарналарды білдіреді;

    • аванспен немесе кідіртіп төленген кез келген жарналар тиісінше алдын ала төленген шығыстар немесе есептелген берешек ретінде көрсетіледі;

    • есепті күннен кейін 12 ай ішінде төленбеген кез келген есептелген жарналар міндеттемені мойындаған жағдайда олардың келтірілген құнына дейін дисконтталуы тиіс;

    • сондай-ақ, ұйым есепті кезеңде қызметкерлерді зейнетақымен қамсыздандыру бойынша шығыстар жөнінде ақпаратты ашуы тиіс.

 

Белгіленген төлемдерібарзейнетақыжоспарлары қызметкер зейнетке шыққан кейін алатын жәрдемақы сомасы анықталған. Әдетте, жәрдемақы сомасын ұйым қызметкерінің еңбек өтілінің және оның зейнетке шығу сәті жақындаған кездегі кезеңге оның жалақы деңгейінің функциясы ретінде қарастыратын формула пайдаланылады. Қызметкер зейнетке шыққанға дейінгі әрбір кезеңде жарналар сомасын анықтау қажет, ол зейнетке шыққан сәттегі зейнетақы төлемдерінің сомасына сәйкес келетін болады. Ол үшін көптеген түрлі амалдарды пайдалануға болады. Қаржыландырудың қандай әдісі пайдаланғанына байланыссыз, ол зейнетке шыққан сәтіне жоспарда анықталған жәрдемақы сомасына тең соманы қамтамасыз етуі тиіс.

Қызметкерлербелгіленгенжарналарыбарзейнетақы  жоспарының бенефициарлары болып табылады, алайда белгіленген жарналары бар  зейнетақы жоспарының бенефициарлары жұмыс берушілер болып табылады. Белгіленген төлемдері бар зейнетақы жоспарларымен жұмыс істейтін Қордың негізгі мақсаты активтер мен оларды инвестициялауды жұмыс беруші өз қызметкерлеріне зейнетақы жәрдемақыларын төлеу үшін қажет соманы шоғырландыратындай етіп сақтауды қамтамасыз етуден тұрады. Ресми түрде, Қор бөлек ұйым болып табылады, алайда ұстау бойынша, қордың активтері мен міндеттемелері жұмыс берушіге тиесілі. Яғни, зейнетақы жоспары жұмыс істеген уақыт ішінде жұмыс беруші Қорда не болып жатқанына байланыссыз, белгіленген зейнетақы жәрдемақысын төлеуге жауап береді. Қордағы шоғырландырылған активтердің жетіспеуі жұмыс берушімен орындалуы тиіс. Шоғырландырылған активтердің артуы жұмыс берушіге кері қайтарылуы мүмкін, не болашақ салымдар сомасының азаюы түрінде, не аударылған қаражатты қайтару түрінде.

Белгіленгентөлемдерібарзейнетақыжоспары қаржы жағдайынбағалау,актуарийлікрұқсат етуді тексеру және болашақ жарналар деңгейіне қатысты ұсынымдар алу үшін кезеңімен актуарийдің кеңесінде мұқтаж.

Белгіленген төлемдерібарзейнетақыжоспарыбойыншаесептілікмыналардықамтиды:

а) мыналарды:

1) зейнетақытөлеуүшінқолдабарзейнетақы  жоспарының таза активтерді;

2) кепілдікберілгенжәнекепілдікберілмегензейнетақығабөлеотырыптиесілізейнетақытөлемдерініңактуарийліккелтірілгенқұнын; және

3) қорытындыасыптүсуінемесетапшылықтыкөрсететінесепті;

немесе

б) мынадайақпараттықамтитын зейнетақы төлемдерін төлеуге қолда  бар зейнетақы жоспарларының  таза активтері туралы есепті:

    • кепілдік берілген және кепілдік берілмеген зейнетақыға бөле отырып тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнын ашатын ескерту; немесе

    • қоса беріліп отырған актуарийлік есептегі осы ақпаратқа сілтеме.

Белгіленген төлемдерібарзейнетақыжоспарынасәйкес тиесілізейнетақытөлемдеріжоспардыңқаржыжағдайынажәне салымшылардыңболашақтаосыжоспарға  төлемдерді жүзеге асыруқабілеттілігіне, сондай-ақ инвестициялық қызмет нәтижелеріне және жоспар жұмысының нәтижелеріне байланысты.

Белгіленгентөлемдерібарзейнетақыжоспарыныңмақсатыбелгілікезеңгемынадайақпараттыберудентұрады:

  • кезеңдегі елеулі қызметті және кез келген өзгерістердің ықпалын сипаттау,

  • жоспарға, оған мүшелікке, мерзімі мен шарттарына қатысты,

  • кезеңге инвестициялық қызмет операциялары және нәтижелері туралы, сондай-ақ кезең соңындағы жағдай бойынша жоспардың қаржы жағдайы туралы ақпарат беретін бөлімдер; және

  • не есеп бөлімі, не бөлек есеп түрінде берілген актуарийлік ақпарат;

  • инвестициялық саясатты сипаттау.

 

Тиесілі зейнетақытөлемдерінің  актуарийліккелтірілгенқұны. Оның қатысушыларының зейнетке шыққан сәтіне дейінгі зейнетақы жоспары бойынша болжалды төлеулердің келтірілген құны есептілікте жалақының ағымдағы деңгейі, не жоспарға қатысушылардың зейнетке шыққанға дейін жалақысының болжалды деңгейінің негізінде есептелуі және берілуі мүмкін.

Жалақының ағымдағы деңгейі бойынша тәсілдеме қабылдау үшін негіздеме:

1) қазіргісәттеәрбір жоспарға  қатысушының үлесіне тиетін шама  сомасы болып табылатын тиесілі  зейнетақы төлемдерінің актуарийлі  келтірілген құны аз жол берулерді  қамтығандықтан, жалақының жоспарланған  деңгейі бойыншаға қарағанда  неғұрлым әділ есептелуі мүмкін;

2) жалақының көбеюімен  байланысты зейнетақының көбеюі  жалақының көбею сәтінде зейнетақы  жоспарының міндеттемелері болып  табылады; және

3) жалақыныңағымдағыдеңгейлерінпайдаланатынтиесілізейнетақытөлемдерініңактуарийлікелтірілгенқұныныңсомасы, негізіненжоспар тоқтаған немесе  жойылған жағдайда төлеуге жататын  сомамен неғұрлым тығыз байланысты.

Жалақыныңболжамдыдеңгейібойыншатәсілдемеқабылдауүшіннегіздемелер:

1) қаржылықақпаратжасалуытиісжолберулерменесептергеқарамастан, компанияқызметініңүздіксіздігі негізінде  әзірленуі тиіс;

2) соңғыжалақыныңпринципінпайдаланатынжоспарларүшінзейнетақымөлшерізейнеткежұмыстанкетусәтіндегінемесежұмыстанкетуалдындағыкейбіркезеңішіндегіжалақығақатыстыанықталады; сондықтанжалақымөлшері,салымдар деңгейі  және табыстылық ставкалары жоспарлануы  тиіс; және

3) қорландырудыңкөпбөлігіжалақыбойыншажоспарларғанегізделгендіктенжалақыбойыншажоспарлардыбіріктіруқабілетсіздігіжоспардаартылыпқалуболмасадаесептіліктеқорланудыңартылуысияқты  көрініске немесе жоспар қорлану  жетімсіздігік танытса да есептілік  қорланудың жеткілікті деңгейін  көрсететін болады.

  • Ағымдағы жалақыға негізделген тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны есептілік жасау күніндегі жағдай бойынша еңбекпен табылған зейнетақы бойынша міндеттемелерді көрсету мақсатында зейнетақы жоспары бойынша есептілікте ашылады.

  • Болжамды жалақыға негізделген тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құны қызметтің үздіксіздігі принципі негізінде ықтимал (болашақ) міндеттемені көрсету мақсатында ашылады, олар, әдетте, зейнетақы қорына ауадрулардың негізі болып табылады. Тиесілі зейнетақының актуарийлік келтірілген құнын ашудан басқа, осы құн қабылдануы тиіс контексті нақты көрсету үшін ашық түсіндірме талап етілуі мүмкін. Мұндай түсіндірменің зейнетақы қорына жоспарланып отырған болашақ аударулардың жеткіліктілігі туралы және жалақы мөлшерінің болжамдарында негізделген қорды қаржыландыру саясаты туралы ақпараттар нысаны болуы мүмкін. Мұның барлығы қаржылық ақпаратқа немесе актуарий есебіне қосылуы мүмкін.

 

Мысалы, тиесілізейнетақының  келтірілгенқұнынанықтаукезіндеактуарий 2009 жылы өзінің есептеріндемынадайжолберулердіпайдаланды

 

 

2009 ж

2010 ж

2011

Міндеттемелерді дисконттау ставкасы

7.0%

8.5%

7.0%

Жалақымөлшерін көбейтуставкасы

5.0%

5.5%

5.0%

Зейнетақы жоспарыактивтерінің күтілетінұзақ мерзімді табыстылығы

8.5%

8.5%

8.5%

Есептілік мазмұны

Белгіленгентөлемдерібарзейнетақыжоспарларыбойыншаесептілікақпараттымынадайформаттардың  бірінде көрсетуі тиіс:

1) зейнетақытөлеуүшінқолдабарзейнетақыжоспарыныңтаза активтері,тиесілізейнетақытөлемдерініңактуарийліккелтірілгенқұныжәнеқорытындыасыптүсунемесетапшылық. Зейнетақыжоспарыбойыншаесептілікзейнетақытөлеуүшінқолда бар зейнетақы жоспарының таза активтеріндегі өзгерістер және тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнындағы өзгерістер туралы ақпаратты да қамтиды. Есептілік тиесілі зейнетақы төлемдерінің актуарийлік келтірілген құнын растайтын актуарийдің жеке есебін өзіне қамтуы мүмкін;

2) зейнетақыжоспарыныңтазаактивтерітуралыжәнеондағыөзгерістертуралыақпараттыөзінеқамтитынесептілік.Тиесілізейнетақылардыңактуарийлікелтірілгенқұныесептіліккеескертудеашылады.Есептіліктиесілізейнетақы  төлемдерінің актуарийлі келтірілген  құнын растайтын актуарий есебін  өзіне қамтуы мүмкін;және

3) актуарийдіңжекеесебіндеқамтылғантиесілізейнетақытөлемдерініңактуарийлікелтірілгенқұныменбіргезейнетақытөлеуүшінқолдабарзейнетақыжоспарының  таза активтері туралы және  ондағы өзгерістер туралы ақпаратты қамтитын есептілік.

 

    1. Зейнетақыменқамсыздандыружүйесініңшетелдік тәжірибелері.

Зейнетақыменқамсыздандырудың  қазақстандық моделі ашық және түсінікті  болуы үшін, оны басқа елдердегі  жүйелермен салыстыру қажет, себебі әр мемлекет, оның зейнетақы жүйесі бірегей болып табылады.

Зейнетақыменқамсыздандырудыңдеңгейіменсапасы–бұлелхалқыныңэкономикалықжәнеәлеументтікжағдайыныңмаңыздықұрамдасбөлігіболыптабылады. Әрмемлекетөзінде қалыптасқан экономикалық, саяси, моральдық, діни сенімдік және тағы басқа да қоғамның даму ерекшеліктеріне байланысты өз азаматтарын әлеументтік қорғаудың өзіндік жолдары мен тәсілдерін таңдайды. Мұндай тәсілдер мен әдістер әр түрлі себептерге байланысты әр мемлекетте өзгеше болғанымен, бірақ жалпы бір мақсатты көздейді - өз азаматтарын барынша әәлеументтік қорғау мен өмір сүру деңгейінің лайықты болыун қамтамасыз ету.

Дамыған мемлекеттердің көбінеде әлеументтікжәне зейнентақмен қамсыздандырудың негізгі үш қайнар көзі бар: 

  1. Мемлекеттік зейнетақыжүйесі (әлеументтіксақтандыру шеңберінде);

  2. Зейнетақы қорлары;

  3. Сақтандыру компаниялары және басқа да қаржы ұйымдары.

Қазіргі уақыттазейнетақымен  қамсыздандыружүйелерінреформалау текжамушы  елдергеғана емес, тіпті жоғарғы дамыған елдерге де қажет. өндірісі дамыған елдерде зейнетақмен қамтамасыздандырудағы мемлекеттік шығын айтарлықтай үлкен қаржыны қажет етеді, мемлекеттік бағдарламалар жалақы деңгейіне байланысты әлеументтік сақтандыруға бөлінетін ішкі өнімнің жалпы төлемінен қаржыландыры-лады. Яғни:

 

Зейнетақы төдеміне бөлінетінЖІӨүлесі, 2010 жыл1 кесте

Елдер

 ЖІӨ үлесі,%

1.

Австралия

15,0

2.

Бельгия

9,7

3.

Дания

8,1

4.

Италия

15,8

5.

Жаңа  Зеландия

6,7

6.

Испания

7,9

7.

Ұлыбритания

10,3

8.

АҚШ

5,8

9.

Жапония

5,0

Дамыған елдердегі зейнетақы  төлеміне бөлінетін қаржының мөлшерін орта есеппен алғанда жалпы ішкі өнім үлесі 10 пайызын құрайды.Қазіргітаңда жинақтаушы зейнетақы жүйесіне негізделген  реформалар Латвияда, Польшада, Венгрияда, Ресейде (ерікті түрі), Испанияда және Латын Америкасының 16 мемлекеттінде бірі және мінездемелі болғандықтан Латын Америкасының тәжірибесіне кеңінен тоқталайық.

Латын Америкасының ескі зейнетақыжүйеелерінің мынадыйортақсипаттамаларыболған:

    • Зейнетақы бағдарламалары тарату режимінде қызмет етеді;

    • Жүйелердің принципті әмбебаптығына қарамастан, зейнетақы бағдарламалары географиялық орналасуы мен халықтың деңгейіне байланысты бірдей болмады;

    • 80 ж. экономикалық дағдарыс нәтижесінде жұмыссыздық пен ресми емес еңбек нарығының өсуі;

    • Активі және пассиві еңбек етішілердің қатынасының күрт азаюы;

    • Салық түсімдері азайып, үкіметтің әлеументтік міндеттемелері көбейді;

Осы және басқада факторлардың нәтижесіндеЛатынАмерикасының көпелдеріндеәлеументтікжүйе  мензейнетақыжүйесінде дефицит  өсті. Латын Америка елдеріндегі зейнетақы қорларының жалпы капиталы 134 млрд. АҚШдолларынқұрайды. Негізгі үлесі Бразия мен Чилиге келеді: 

Бразилия  – 60,29%  Чили – 23,26%

Латын Америкасыелдеріндегі зейнетақы жүйесінің негізгі  көрсеткіштері

2 кесте

Көрсеткіштері

Чили

Перу

Колумбия

Аргенти-

на

Боли-

вия

Мексика

Сальва-

дор

Зейнетақы қорларының саны

9

5

8

15

2

14

5

Салымшылардың саны (млн.адам)

5,97

1,98

2,91

7,07

0,47

13,83

0,57

Қорлардың жалпыкапиталы, млрд. USD

31,14

1,74

2,11

11,53

0,33

5,80

0,57

Қорларрентабельділігі(%) ЖҰӨ (%)

11,3

40

5,14

5,52

-

1,61

121,30

3,5

-

0,01

5,62

1,53

-

-

Қызмететімерзімі (жыл)

22

10

9

9

6

6

5

Зейнетақы активтері ЖҰӨ % 3 кесте

Ел 

2010 ж

2011 ж

2015 ж

Аргентина

2,8

6,0

26,1

Боливия

39,8

43,8

32,0

Бразилия 

10,0

11,5

24,4

Колумбия 

1,5

3,6

26,3

Мексика

0,2

6,2

28,5

Перу 

2,3

4,1

18,5

Уругвай

0,7

2,3

7,8

Чили 

41,8

44,3

52,9

Зейнетақы реформасыбарлық  елдердебіруақыттабасталғанжоқ. Бұлелдербірініңтәжірибиесін  бірі ескере отырып, жаңа жүйеге күдікпен қарады. Алғашқы болып, 1981 жылы Чили бастаса, қалған елдер 90-шы жылдары жаппай зейнетақы жүйесін реформалауға бет бұрды. Сондықтан да, олар ерекше сипатталарға ие, мемлекеттің қатысуы да әр түрлі және көрсеткіштері де өзгеше (2 кесте).

Зейнеттақықорларыныңқызметінсипаттайтыннегізгікөрсеткіштердіңбіріелдіңбарлыққорларыныңзейнетақыактивтерініңсомасыныңжалпыұлттықөнімгеқатынасыболыптабылады. Келесікестедебұлкөрсеткіштіңөзгерудинамикасымен2015 жылға дейінгі перспективасы  берілген (3 кесте).

Европалықэкономикалықодақтыңкейбірелдеріндегі65 жастанүлкендердің15 жастан 64 жасқадейінгіхалықтыңүлесіменмемлекеттіңзейнетақыменқамсыздандыруғажұмсайтыншығыныныңЖӨІ-дегіүлесікелесікестеде көрсетілген (4 кесте).

Европалық экономикалық одақтың  кейбір елдеріндегі    4 кесте

Ел

1995 ж.

2000 ж.

2030 ж.

МемлекттіңЗейнетақылықшығыныныңЖІӨ-дегі үлесі

Ұлыбритания

24

25,8

38,7

14,5

Германия 

21,7

30,3

49,2

11,1

Испания

19,8

25,9

41,0

10,0

Италия 

21,6

31,6

48,3

13,3

Франция

20,8

24,6

39,1

10,6

Орташа  ЕЭО бойынша

21,7

27,5

43,3

11,9

Шығыс Европа елдерініңзейнетақыжүйесі

ШығысЕвропаелдерініңішіндеПольша, Венгрия,Чехия,Словакияелдерініңзейнетақыжүйелеріерекшекөңілбөлудіқажет етеді. Бұл елдердің зейнетақы реформасының басты ерекшелігі – мемлекеттік модельді игеру.

КелесікестедеШығысЕвропаелдерініңзейнетақыжүйесінесипаттамаберілген.

 

Шығыс Европаныңкейбір  зейнетақыжүйесі 5 кесте

 

Польша 

Венгрия

Чехия

Словакия 

1.Ерлердіңзейнеткерліккешығужасы

65

60

60

60

2.Әйелдердіңзейнеткерліккешығужасы

60

55

53-57

53-57

3.Жалпыелдегі 60-жастанжоғарылардыңүлесі

12,5%

19%

17,5%

14,8%

4.Еңбеккежарамдыхалықтыңсанынабайланыстызейнеткерлерсаны

49%

59%

49%

53%

5.Орташаеңбекақымөлшерінебайланысты орташазейнатқымөлшері

71%

60%

44%

48%

6.Жалпыеңбекақығақатыстызейнетақы бөлімніңжалпымөлшері

45%

30,5%

26%

27,8%

7.ЖІӨзейнетақыүлесі

15,8%

11,5%

9%

9,4%

Бұл кестеніталдай келе мынадайқорытындыжасауға болады: Шығыс Европаға зейнетақы реформасының қажеттілігі жылдан-жылға өсіп отырғандығын баймаймыз. Бұл елдердің үкіметі «мемлекеттік зейнетақы» жүйесі күндердің күнінде жаңа демографриялық және экономикалық құрылымға сәйкес қызмет істеуін тоқтады, сондықтан жинақ қорларына негізделген «жинақтаушы зейнетақы» моделі өмірге ауадай қажет деп отыр. Алайда, тек Венгрия мен Чехия ғана бағытта елеуші күш көрсетті.

Венгрия1994 жылызейнетақыреформасыүшінзаңшығарусаласынқұрды.Қазіргікездебұлелдееңбекке жарамды халықтың 5 пайызын иемденген  және өз активтерінен ЖІӨ-нің бірнеше  пайызын жинаған 18-ге жуық қор жұмыс  істейді. Қорлардың әлі дұрыс дамымағандығы өздерінің қол жетерлік пайдасынан тыс инвестициялық табыс бағдарламасын тиімді пайдаланбайды. Салымшылардың саны да көп емес.

Чехия ШығысЕвропа елдерініңішінде  алғашқыболыпзейнетақыжүйесініңреформасынқолғаалған. Чехиямемлекетіалғашқыкезеңдезейнеткерлікке шығару талаптарын қатаңтүрдежүргізді, тіптіескі жүйеде бәрінентөмензейнетақыалатын  зейнеткерлер үлесіне жәрдемақы  қосты. 2007 жылға дейін ер адамдар 60 жаста, ал адамдар 57-61 жас аралығында зейнеткерлер саны мейлінше жәй өсуде (жыл бойы 3 пайызға жуық). Осылайша, ЖІӨ-де зейнтақы үлесі айтарлықтай өзгеріссіз қалады.

 

Азияелдеріндегізейнетақыжүйесі

Азияелдеріндезейнетақы  жүйесі мүлдем басқаша. Гонконгте кімнің пайдасы бекітілген күнелту минимумынан төмен болсы, соған бюджеттен жәрдем ақша төленеді. 1988 жылы кәсіпкерлер үшін персоналды жүйе енгізілген, бірақ бұл жүйе бойынша төлем әрі жүргізілмеген. Мемлекет күнелтуминимумынан жоғарғы қарт адамдарға әлеументтік көмек береді.

Сингапурдабірғана қорбар, ол –Орталықсақтау қоры, мұндажұмысшылар  менжеке кәсіпкерлерөзінің еңбекақы қорынан 25,5 % , ал жұмыс беруші 17,5% қаржысын бөледі. Сингапурлық жүйе «жинақтаушы зейнетақы» жүйесіне ұқсас, дегенмен мұнда тек бір ғана орталық қор бар.

Осылайша, Азия елдеріндегізейнетақыжүйесініңерекшелігі  сол, мемлекет уақытылы зейнетақытөлемінбекітпей-ақ, текқартайғандарға аз ғана мөлшерде жәрдемақытөлеугекепілдік береді, сондықтан да Азия елдіндегі қарт адамдардың кедейленуі – шешуші жоқ мәселелердің бірі болп отыр.

 

II. Жинақтаушы зейнетақы қорына аударым.

 

Азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасында  азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңға сәйкес жүзеге асырылады. Кәсіпорын зейнетақы төлем көзі болып табылатын еңбекақыдан белгіленген көлемде аударуды жүзеге асырады. әр қызметкерге Әлеументтік жеке код (ӘЖК) беріледі. Ол мыналарда пайдаланылады:

    • Қызметкерлер шотындағы шоғырланбалы қаражаттарға есеп жүргізу;

    • Жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинақтаушы зейнетақы шотының және жеке зейнетақы шотының есебін жүргізу;

    • әр аалушыға өзінің жеке зейнетақылық төлемдерін бақылауға мүмкіндік тудырады.

ҚР  Үкіметінің 29.12.1999ж. бекіткен №1671 «Есептеу, ұстау (есептеу) және міндетті зейнетақы қорына аудару тәртібі» Қаулыына сәйкес міндетті зейнетақы жарнасын ұстау және төлеу қызметкерлердің ай сайынғы табысының он процент мөлшерінде жүргізіледі. Мұнда қызметкерлердің ай сайынғы табысы ең аз деңгейдегі бір айлық еңбекақының 75 еселеген мөлшерінен аспауы керек. Ұсталынған міндетті зейнетақы жарнасы жинақтаушы зейнетақы қорына келесі айдың табысын төлеу үшін айдың 15-ші күніне дейін аударылады.

Жарнаны аударуды агентқолма-қолақшасызтөлемжллыменжүргізеді. Жарнаны аудару барысында банкте әрбір жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша жеке тұлғалар тізімі жазылған екі немесе үш жанадан төлем тапсырысы беріледі. Онда қызметкерлердің жеке әлеументтік коды, аты-жөні, әкесінің аты, туған күні, аударуға жататын жарна сомасы мен кезеңі (ай, жыл) жазылған. Төлем тапсырмасы мен тізімнің бірінші данасы банкте қалады, ал қабылданғаны туралы банктің белгісі қойылған төлем тапсырмасы мен тізімнің екінші данасы агентке қайтарылып беріледі. 

    1. Еңбек ақыдан ұсталынатын міндетті төлемдер есебі.

Кәсіпорын жұмыскерлеріне есептелген еңбек ақыдан, еңбек шарты бойынша  және қосымша жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан әр түрлі ұсталымдар жасалыды. Оларды екі топқа бөлуге болады:

  • Міндетті ұсталымдар

  • Кәсіпорын ұйғарымына байланысты ұсталымдар.

Міндетті ұсталымдарға зейнетақы жарналары, табыс салығы, заңды және жеке тұлғаның есебіне жасалған нотариалдық кеңсенің жазбалары және атқару қағаздары бойынша ұсталымдар жатады.

Кәсіпорын ұйғарымына байланысты ұсталымдарғы: кәсіпорынның шеккен материалдық зиянның орнын толтыру үшін еңбек ұжымының мүшелерінен және жұмыскерлерден ұсталатын сомалар, есеп беруге тиісті соманың уақытысында қайтарылмаған бөлігі жатады. 

 

Еңбек ақыесептеу операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы

Шаруашылықоперация мазмұны

Шоттар  корреспонденциясы

Дт 

Кт 

1.

Еңбек ақыесептелді:

  • Құрылыс жұмысшыларына

  • Негізгі өндіріс жұмысшыларына

  • Көмекші өндіріс жұмысшыларына

  • Жалпы өндіріс қызметкерлеріне

  • Жалпы шаруашылық қызметкерлеріне

  • өнімдерді сатып-өткізумен шұғылданатын қызметкерлерге

  2930

8010

8030

8040

7210

7110

  3350

3550

3550

3550

3550

3550

2.

Еңбек ақыдан жеке табыссалығы ұсталды

3350

3120

3.

Еңбек ақыдан зейнетақыжарналарыұсталды

3350

3220

4.

Еңбек ақыдан орындалатынқұжаттар бойынша ұсталды

3350

3390

5.

Еңбек ақыдан есеп берілуге тиісті сомалар  бойынша қарыздар ұсталды

3350

1250