Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зейнетаы оры.docx
Скачиваний:
14
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
73.31 Кб
Скачать

2.4. Қазіргі таңдағы зейнетақы қорлары.

 

«Астана» жинақтаушы зейнетақы  қоры» Акционерлік қоғамының 2011 жыл үшін жылдық қаржылық есебіне  ТҮСІНІК ЖАЗБА

«Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ (әрі қарай – ЕЖЗҚ) 2011 жылғы 03 тамызда өзінің атауын «Астана» Жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік  қоғамы атауына өзгертті.

«Астана» Жинақтаушы зейнетақы  қоры» Акционерлік қоғамы (әрі  қарай - Қор) Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексіне, Қазақстан  Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына және Қазақстан Республикасының  өзге нормативтік құқықтық актілерге  сәйкес құрылған ұйымдастыру-құқықтық түрі акционерлік қоғам - заңды тұлға  болып табылады.

Қор Қазақстан Республикасының  Әділет министрлігінің Алматы қаласының  Әділет департаментімен тіркелді (заңды  тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлік 03.08.2011 ж., тіркеу нөмірі 22310-1910-АҚ). Бірінші тіркелген күні - 29.10.1998 ж.

 

Қор акционерлері болып табылады:

 

- «КАЗНИПИЭНЕРГОПРОМ» Институты»  Акционерлік қоғамы;

- «Интерфарма-К» Акционерлік  қоғамы;

- «Орталық–Азия отын-энергетикалық  компаниясы» Акционерлік қоғамы;

- «Бизнескомплект-ПВ» Жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі;

- «КТП-Инвест» Жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі;

- «САЭМ–СНАБТЕХКОМПЛЕКТ»  Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

- «ЦЕНРЭНЕРГОКОМПЛЕКТ» Жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі;

- «ЭНЕРГОИНВЕСТ-ПВ» Жауапкершілігі  шектеулі серіктестігі;

- «ИТНТЕРСЕРВИС РЕЗЕРВ»  Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

 

Қор өзінің қызметін «Қазақстан Республикасындағы зейнетақылық қамтамасыз ету туралы» заңына және қаржы  нарығын және қаржы ұйымдарын  реттеу мен қадағалау бойынша  мемлекеттік органның нормативтік  құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.

Қор Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетімен берілген 2011 жылғы 22 қыркүйектегі №3.2.16/36/39 лицензия негізінде әрекет етеді.

2011 жылғы сәуірде «Орталық–Азия  отын-энергетикалық компаниясы»  Акционерлік қоғамы «АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН»  ЖЗҚ» АҚ ерікті тарату және  ЕЖЗҚ таза активтерін өткізу  туралы шешім қабылдады. Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі  Басқармасының 01.07.2011 ж. №81 Қаулысымен  ЕЖЗҚ және «АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН»  ЖЗҚ» АҚ ЕЖЗҚ қосылу түріндегі  қайта құрылуына «АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН»  ЖЗҚ» АҚ-на рұқсат беру туралы  шешім қабылданды (07.07.2011 ж. №664/119 хаты).

 

08.07.2011 ж. қабылдау-өткізу  актісіне сәйкес 08.07.2011 ж. ЕЖЗҚ  «АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН» ЖЗҚ» АҚ  таза активтерін қабылдады. 

 

Есеп саясатын ашып көрсету

Қаржылық есептілікті  дайындау және ұсыну үшін концептуалды негіздермен екі негізгі қағидалар  анықталды: есептеу әдісі және қызметтің  үздіксіздігі; және қаржылық есептіліктің негізгі сапалы сипаттамалары: түсініктілік, реттілік (маңыздылығы), сенімділік (шынайылық), шынайы ұсыну, нысан мәнінің басымдылығы, бейтараптық, сақтық, толықтық (аяқтаушылық), салыстырмалылық, дер кезділік, тиімділік  пен шығын арасындағы баланс, сапалы сипаттамалар арасындағы баланс.

Халықаралық қаржылық есептілік  стандарттарына сәйкес қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижелерін анықтау кезінде, яғни кірістер және шығындар бухгалтерлік есепте танылған жағдайда есептеу әдісі  қолданылады және олардың келіп  түсуіне немесе туындауына байланысты қаржылық есептерде көрсетіледі.

Материалдық емес активтерді сатып алған кезде олар «Астана» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өзіндік  құны бойынша – активті сатып  алуға байланысты көтерген барлық нақты  шығындарды құрайтын сатып алу құны (бастапқы құн) бойынша бағаланады.

Негізгі қорлар «Астана» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ нақты құн  бойынша: жиналған амортизацияның және құнсызданудан болған жиналған шығындардың  сомаларын шегергенде, активтің бастапқы құны бойынша ескеріледі. «Астана» Жинақтау зейнетақы қоры» АҚ негізгі  қорлардың амортизациясын есептеу  үшін бір өлшемді (тік сызықты) әдісті қолданады, осыған байланысты тарату құны негізгі қорлардың ағымдағы құнының 0% мөлшерінде анықталады.

«Астана» Жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ запастардың үздіксіз есепке алу жүйесін қолданады.

Есептеу және сәйкесімділік  қағидаларын сақтау мақсатында болашақтағы  кезеңдердің шығындары актив  түрінде «Астана» Жинақтау зейнетақы  қоры» АҚ балансына капиталданады. Бір немесе жанама байланысты операциялар  немесе оқиғалар салдарынан болған «Астана» Жинақтау зейнетақы қоры» АҚ есептік  кезеңінің кірістері мен шығындарын сәйкестендіру үшін пайда және шығын  туралы есепте олар тиесілі кезеңдегі  шығындар көрсетіледі.

Болашақ кезеңдердің шығындары  «Астана» Жинақтаушы зейнетақы қоры»  АҚ қызметтерді көрсетуден түскен кірісті  қабылдағанға дейін «Астана» Жинақтау зейнетақы қоры» АҚ жиналады және белгілі кезең ішінде қызметтерді  көрсетуден түскен тиісті кіріс қабылданған  кезде есептік кезең ішіндегі шығындар біркелкі есептен шығарылады.

«Астана» Жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ үшін болашақ кезеңдерінің шығындары:

- Сақтандыру бойынша шығындар;

 

- Жазылу бойынша шығындар;

- Жалға алу бойынша  шығындар.

Инвестицияларды есепке алу  халықаралық стандарттардың талаптарына  сәйкес ұйымдастырылады. Инвестициялардың жіктемесі оларды сатып алу мақсатында байланысты. Қор басшылығы инвестициялардың жіктемесін бастапқы қабылдау кезінде  анықтайды және оны әрбір есептік  кезеңде тұрақты қарастырады.

 

Қор инвестицияларды келесі түрде жіктейді:

• Сауда-саттыққа инвестициялар;

• Өтеуге дейін шегерілетін;

• Сатуға арналған қолда  бар инвестициялар.

 

«Астана» Жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ өзінің жеке қорлары есебінен сатып алған бағалы қағаздардың  бір портфеліне ие:

• Сатуға арналған қолда  бар инвестициялар.

 

Белгісіз кезең ішінде билікте қалатын және өтімділікті  қамтамасыз ету немесе пайыздық ставкалар  өзгергенде сатылатын инвестициялар  сатуға арналған қолда бар инвестициялар  жіктеледі.

Бастапқы қабылдау кезінде  бағалы қағаздар нақты шығындар бойынша, яғни әділ құн бойынша бағаланады. Мәмілелерді жасау кезінде көтерген шығындар оларды бастапқы қабылдау кезінде  агенттермен, кеңестермен, брокерлермен және дилерлермен төленген сыйақы және комиссиялар; органдарды және қор биржаларын реттейтін алымдар; сонымен қатар  қаражаттарды аудару бойынша банктік  шығындар сияқты осы бағалы қағаздардың  құнына қосылады (тікелей сатып алуға  байланысты).

Қаржылық есептілік мақсаттары үшін дебиторлық берешек ағымдағы (қысқа  мерзімді) немесе айналысқа жатпайтын (ұзақ мерзімді) түрінде «Астана» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жіктеледі. Ағымдағы дебиторлық берешек бір жылдың ішінде алынады деп болжанады. Барлық басқа  дебиторлық берешек ұзақ мерзімді түрінде  жіктеледі.

«Астана» Жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ міндеттемелері есептік  кезеңнен бастап бір жылдың ішінде өтелетін ағымдағы міндеттемелер және мерзімі бір жылдан астам ұзақ мерзімді міндеттемелер түрінде  жіктеледі. «Астана» Жинақтаушы зейнетақы  қоры» АҚ ағымдағы міндеттемелер  ұзақ мерзімді міндеттемелерден жеке көрсетіледі.

Ақша қаражаттарының және банктегі шоттардағы ақша қалдығының қозғалысы бойынша операциялар  банктегі дербес шоттардың және банк белгісімен (мөрмен, мөртабанмен) олардың  қосымшаларының үзінділері негізінде  «Астана» Жинақтаушы зейнетақы қоры»  АҚ бухгалтерлік есепте көрсетіледі.

 

Басқа салық түрлері бойынша  бюджет алдындағы міндеттемелер  бойынша шығындарды есепке алу әрбір  салық түрі бойынша Салық кодексінің талаптарына сәйкес «Астана» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ жүргізіледі.

Корпоративті табыс салығы және табыс салығы «Астана» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қаржылық есептерде  көрсетіледі:

- Осы уақытта төленуге  жататын міндеттемелер түрінде;

- Болашақта төленетін  кейінге қалдырылған (мерзімі  ұзартылған) салықтар түрінде және  активтер немесе міндеттемелердің  баптары бойынша «Астана» Жинақтаушы  зейнетақы қоры» АҚ балансында  көрсетіледі.

Қор жеке қаражаттар және зейнетақы  активтері бойынша бөлек есепті жүргізеді.

2012 жылғы 1 қаңтардағы  жағдай бойынша қаржылық есептілік  келесіні құрайды:

1. Бухгалтерлік баланс (1-нысан);

2. Пайда және шығыс  туралы есеп (2-нысан);

3. Зейнетақы активтері  бойынша бухгалтерлік баланс (3-нысан);

4. Зейнетақы активтері  бойынша пайда және шығыс туралы  есеп (4-нысан);

5. Ақша қаражаттарының  қозғалысы туралы есеп (жанама  әдіс) (5-нысан);

6. Капиталдағы өзгерістер  туралы есеп (6-нысан);

7. Жылдық қаржылық есептілікке  түсіндірме жазба.

 

«ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы  қоры» акционерлік қоғамы

ГНПФ зейнетақы қоры –  Қазақстан Республикасындағы зейнетақы  реформасын алғаш жүзеге асырған  қор: алғашқы зейнетақы жарнасын қабылдаған және зейнетақы қорларының ішінде бірінші болып зейнетақы  активтерін дербес басқару құқығына ие болған еліміздің алғашқы жинақтаушы зейнетақы қоры.

Бүгінде, «ГНПФ» жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік  қоғамы – бұл жалғыз акционер Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі (100% акциялар) арқылы мемлекеттің қатысы бар, еліміздің  қарқынды дамып келе жатқан қоры. Клиенттерге  бағытталған стратегияның арқасында  біз басты нәрсеге қол жеткіздік  – 1,8 миллион салымшылардың тарапынан  бізге артылған сенімі.

Салымшыларға зейнеткерлікке жеткен кезде қаржылық еркіндік жағдайын тудыру үшін, ГНПФ сеніп тапсырылған  зейнетақы жинақтарын басқарудың тиімділігі, зейнетақы қызметтерінің қолайлылығы  мен сапасы сияқты қалыптасқан дәстүрлерді  сенімді түрде алға тартуда.

 

«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ салымшыларына  ұсынылатын қызметтер кешені

  • ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық мәселелері бойынша тегін кеңес беру;

  • зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды жасасу және жеке зейнетақы шотын ашу;

 

  • жинақтауларды жеке зейнетақы шотында сақтау, инвестициялау және дербестендірілген есепке алу;

  • жинақталған зейнетақы қаражатын күнделікті есепке алу;

  • зейнетақы шотының жағдайы туралы интернет арқылы, Call-центрге өтініш білдіру арқылы ақпарат алу және жеке электрондық адреске (E-mail) үзінді-көшірмені алу;

  • жинақталған зейнетақы қаражатын есептеу және жинақталған зейнетақы қаражатының төлемі кезінде салымшының көрсеткен жеке шотына аудару.

 

«ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ салымшылары  үшін қосымша артықшылықтар

      • жазатайым жағдайлардан тегін сақтандыру;

      • «Дисконт клубы» бағдарламасының аясында қор салымшылары ГНПФ серіктестерінің тауарлары мен қызметтерін жеңілдікпен ала алады;

      • кредиттеу мен ипотека алу үшін серіктес банктерден жеңілдетілген талаптар.

 

Қорытынды.

 

Қорытындылайкеле, зейнетақыжүйесі - 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік  зейнетақыға шығу ережелері мен  тәртіптерін және зейнетақы жинақ  қоры жүйесінен зейнетақымен қамтамасыздандыруын  реттеуші ҚР – ның «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру» туралы Заңы өз күшіне енді. Зейнетақымен қамсыздандыру екі  жүйеден тұрады:

  • Ортақ жүйеден – зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру. Ортақ жүйе республикалық бюджетке түскен әлеументтік салық пен басқа да төлемдерге негізделген;

  • Жинақтаушы зейнетақы жүйесі – жинақтаущы зейнетақы қоры.

26-ХБЕСЗейнетаќы жоспарлары  бойынша есеп және есептілікте  зейнетақы жоспарларының, әдетте, екі түрі қарастырылды:

а) белгіленгенжарналарыбарзейнетақыжоспарлары;

б) белгіленген төлемдері  бар зейнетақы жоспарлары .

Зейнетақы жарналары бойынша  салымшылар саны ай сайын өсіп отырған. Латын Америка елдеріндегі, Шығыс  Европа және Орта Азия елдіріндегі  зейнетақы жүйесінің көрсеткіштері  қарастырылды, оларды қорытындылай келе Латын Америкасының зейнетақы жүйесі мейлінше прогрессивті.

Тазазейнетақыактивтеріндегі өзгертулер туралы есепбі, 2011 ж. активтер жиынтығы 205,358,400, 2010ж активтері 165,132,720. Осы мәліметтерге сүйене отырып, Қазақстанның зейнетақы жүйесі жылдан – жылға қарқынды дамып, салымшылар саны мен зейнетақы активтері көрсеткіштері өсіп, халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында дұрыс өмір сүруінің кепілдік береді. 

Зейнетақы – бұл жұмысшының тапқан табысының бір бөлігін  арнайы құрылған қорға зейнетақы  жасына келгенде жұмысшының өзіне зейнетақы  төлемі ретінде қайтарылып берілетін  жарна түрі. Зейнетақы зейнет жасына келген адамдардың қартайған шағында  дұрыс өмір сүруінің кепілдік полюсы деп атауға да болады. Зейнетақыға  әсер етуші негізгі екі факторды ерекше бөліп қарастыруға болады, осы екі фактор елдің қандай зейнетақы  жүйесін таңдау керек екендігіне көп әсер етеді, олар:

Экономикалық даму деңгейі, жұмысшылар мен жұмыссыздардың ара  қатынасы, жаңа жұмыс орнының пайда  болу жылдамдығы көрсеткіштеріне көп  көңіл бөлу керек.

Демографиялық – халықтың өсу қарқыны, болашақ жұмысшылар мен бүгінгі жұмысшылардың сандық қатынастарына көңіл бөлінеді. 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

    1. 26-ХБЕС«Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп жәнеесептілік».

    2. Бохаева А. «Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің және мен маңыздылығы».Экономика негіздері: мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту. 2007ж №5-6 19-25 бет.

    3. Әлиева З.Н. «ҚР зейнетақы жүйесін жаңғырту» автореферат 2007ж.

    4. Тұрлыбекова А.Ж.«ҚазҰУ Хабаршысы» Экономика сериясы, №3(67) 2008ж. 76-79 бет.

    5. Статистический ежегодник. Журнал 2009г. стр. 181-195.

    6. Кеуімжаева Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенова Н.А. Бухгалтерлік принциптері. Оқу құралы. – Алматы: Экономикс, 2003ж. 263-269бет.

    7. Алибекова Б.А. Бухгалтерлік есеп принциптері.

    8. www.minfin.kz