Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэконом каз.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать
  1. Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі

Келесі ахуалды қарайық: фирма – монополист ұзақ мерзімді кезеңде өндірісі кеңейту жөнінде шешім қабылдайды. Ол бар өндіріс шеңберінде жаңа өндірістік қуаттарды енгізуге дайын, яғни өздеріндегі бар зауытпен шектеледі. Бірақ ол екінші, үшінші, төртінші зауыттарды салып, ары қарай дами алады. Өндірісті кеңейту жөніндегі монополистің шешімі ұзақ мерзімді шығындар мен нарық сұранысы ара қатынастарынан тәуелді. MR = LRMC жағдайында ұзақ мерзімді тепе-тендікке жеткен монополист пайданы өсіруге мүмкіндік беретін өндірістің кез келген көлемін таңдай алады.

Егер монополист ең аз орташа ұзақ мерзімді LRACmin шығындардан жоғары шығындармен өндірсе, бұл өндіріс факторларын пайдалану нәтижесіздігінің көрсеткіші болып табылады. Ауқым әсерінің жартылай пайдалану немесе кері ауқым әсерінің әрекеті себеп болуы мүмкін. Монополия жағдайында ауқым әсерінен фирма ұтады, егер нарық сұранысы МС = MR жағдайын қамтамасыз етсе. Енді монополист өндірісті кеңейту жөнінде шешім қалай қабылдайтынын қарайық 73 суретте монополист ұсынысының q-дан Q-ға дейін өсуі көрсетілген. Q тең өндіріс көлемінде ең аз қысқа мерзімді орташа шығындар АС2 қисық сызығымен белгіленген. Сонда ұзақ мерзімді орташа LRAC2 шығындар q тең өндіріс көлеміне LRACmin айтарлықтай асады, q ауқымды 2 зауыт салып, монополист жиынтық ұсынысты 2q дейін көбейтеді. Бұл өндірістің ең аз ұзақ мерзімді орташа шығындарда іске асырылуын білдіреді: MR = LRMC = LRACmin. Нарық бағасы нәтижесінде азаяды (РQ – Р2q дейін), бірақ монополистің жиынтық пайдасы ұсыныстың өсуі мен өндірістің орташа шығындарының төмендеуі есебінен өседі.

P LRMC

LRAC

PQ

P2q

AC2

D

LRAC2 AC1

LRACmin

MR

q Q 2q

73 сурет. Ұзақ мерзімдегі өндіріс көлемін оңтайландыру

Жоғарыда айтылғанның негізінде бір маңызды түйін жасауға болады: монополиялық өндіріс жағдайларында баға мен ұсыныс араларындағы тәуелділікті білдіретін ұсыныстың қисық сызығы жоқ. Бұл қисық сызықты салу мүмкін емес, өйткені монополия жағдайларында баға мен ұсыныс арасында бірдей тәуелділігі болмайды. Шынында да, ұсыныс шамасы мұнда бағамен емес, сұраныстың икемділік деңгейімен анықталады. Өндірістің сол бір көлемінде монополиялық фирма сұранысқа байланысты әртүрлі баға белгілей алады, бір баға бойынша өнімнің көлемін өндіреді.

  1. Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері

Монополияның қоғамдық шығындары – қоғамның пікірі бойынша монополияның өмір сүруінің (болуының) жағымсыз салдары немесе нарықтың монополиялық құрылымы нәтижесіндегі қоғамдық әл-ауқаттың төмендеуі. Оларға жатады: «өлі салмақ» шығындары, Харбергер үшбұрыштары мен х – нәтижесіздігі. Монополия жағдайында нағыз бәсекелестікпен салыстырғанда, тұтынушылар жоғарылау баға бойынша өнімнің аз көлемін алады. Өндірістің аз көлемі дегеніміз оған қатысатын өндіріс факторларының аз саны. Ресурстарды жартылай пайдалану салдарынан қоғам көтерген шығындар «өлі салмақ» шығындары деп аталады. Олар ММ1 Е көлеміне сәйкес (72 сурет). Жоғарылау бағаның екінші салдары – тұтынушы артығының қысқаруы (азаюы), ол РмАМ1 үшбұрышпен көрсетілген. Алайда, өндіруші артығы, керісінше, өседі – ол РмМ1, ММ1, МС қисық сызығы мен координат өсі араларындағы фигураға сәйкес. Бұл көлемдер Харбергер үшбұрыштары деп аталады. Американдық экономист А. Харбергер олардың көмегімен монополияның қоғамдық шығындарын бағалауға тырысты. Тұтастай алғанда, Харбергер үшбұрыштардың өмір сүру (бар болу) идеясынан, «өлі салмақ» шығындарынан сияқты келесі түйін шығаруға болады: бағаның монополиялық белгілеу механизмі, Парето бойынша, тепе-теңдікті бұзып, қоғамдық әл-ауқатты төмендетеді. Монополия жағдайларында нәтижеліліктің төмендеуі мына себептерден болады: бәсекелес күштердің қысымы (әсері) жоқтығынан монополистің технологияны жетілдіруге, өнімнің сапасын көтеруге ынтасы төмендейді. Х. Лейбенстайн жасаған бұл болжау Х – нәтижесіздік деп аталады. Оны Й. Шумпетер жартылай жақтады. Шумпетердің дәлелі бойынша, монополия жағдайларында өндірісті жетілдіру және өнімді жақсарту үдерістері жалғаса береді, егер бәсекелес заңы әрекетте болса, монополистің жоғары пайдасы көптеген қаражатты дамуға жіберуіне мүмкіндік береді, бірақ Х – нәтижесіздік монополияның көптеген жағдайларында өзін көрсетеді. Барлық жоғарыда айтылғандар нарықтық (монополиялық) биліктің салдары болып табылатыны мәлім, яғни сатушының (немесе сатып алушының, егер монопсония жөнінде айтылса) нарық бағасына ықпал жасау, әсер ету қабілеттілігі. Оны өлшеу үшін келесі көрсеткіштер қолданады:

1. Лернердің монополиялық билік индексі – мына формула бойынша анықталады: IL = (PM – MC)/PM = 1/ED,

мұнда IL – Лернер индексі

РМ – монополиялық баға

МС – шекті шығындар

ED – сұраныстың бағалық икемділігі

Нағыз бәсекелес жағдайларында Р = МС болғандықтан, Лернер индексі бәсекелес фирма үшін 0 тең. Монополия жағдайларында Р>МС, Лернер индексі 0-ден – 1дейін аралықта жағымды сан болып келеді. Оның мағынасы неғұрлым 1-ге жақын, фирма соғұрлым көптеу монополиялық билікке ие. Тәжірибеде шекті шығындар шамасын есептеу оңай емес, сондықтан олардың орнына көбінесе орташа шығындарды пайдаланады, Лернер индексінің түрі келесідей көрінеді:

IL = (PM – АC)/PM

Бөлшектің алымы мен бөлгішін Q көбейтіп, алымында пайданы, бөлгішінде (валдық) жалпы табысты аламыз: IL = П/ТR. Демек, фирманың жоғары пайдасы, Лернер индексіне сәйкес, монополиялық билігі барының көрсеткіші.

2. Херфиндаль – Хиршман индексі – нарықта қызмет жасайтын барлық фирмалардың нарықтық үлесін көрсетуге мүмкіндік беретін нарықтық шоғырлануының көрсеткіші. Сондықтан Херфиндаль – Хиршман индексі олигополистік нарықты талдау үшін қолданады. Ол әр фирма сатуларының үлестер төртбұрыштары сомасы ретінде есептеледі:

IHH = q12 +q22 +q32 + … +qn2 = ∑qi2 , мұнда qi – фирманың сату үлесі пайыздық білінуінде. Индекстің мағынасы неғұрлым көп, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары және фирмалардың нарықтық үлестерінің таратылуы (үлестіруі) соғұрлым бірдей болмайды. Егер нарық монополиялық болса, Херфиндаль – Хиршман индексі 10000 тең, өйткені q1= 100. егер нарықта 100 фирма болса, IHH = 100. Херфиндаль – Хиршман индексі монополияға қарсы саясаттағы тәжірибеде кең қолданады. АҚШ 1000 жетпейтін индекс шоғырланбаған деп есептеледі, 1800 жуық – орташа шоғырланған, 1800 астам – жоғары монополияланған.

3. Джини коэффициенті – фирмалардың пайыздық санына келетін нарықтың пайыздық үлесін көрсетеді де мына формула бойынша анықталады:

G = D/N, мұнда D – нарық көлемінің кумулятивті пайызы

N – нарықтағы фирмалар санының кумулятивті пайызы.

Егер Джини коэффициенті 0 тең болса, нарықтағы барлық фирмалардың үлестері бірдей, Джини коэффициенті 1 тең болса, нарықта 1 фирма ғана бар. Коэффициент 1-ге неғұрлым жақын, нарықтағы шоғырлану соғұрлым жоғары.