- •Мазмұны
- •Микроэкономика пәні және методологиясы
- •1. Микроэкономика теориясының пәні
- •2. Микроэкономика методологиясы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •2. Сұраныс пен ұсыныс моделі (үлгісі)
- •3. Нарықтың тепе-теңдігі
- •4. Бағалардың мемлекеттік реттеуі
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •6. Графикте нарық моделі (үлгісі) берілген:
- •7. Ұсыныс артығы әдетте:
- •2. Табыс бойынша сұраныстың икемділігі
- •3. Ұсыныс икемділігі
- •4. Салықты тұтынушылар мен өндірушілерге үлестірудегі икемділіктің рөлі
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •2. Икемді тауардың бағасы өсті. Сатушының түсімімен не болады?
- •3. Сұраныстың бағалық икемділігі (-0,5) тең. Ол деген:
- •4. Икемді сұраныс:
- •6. Фотопленка мен фотоаппарат бағалары бойынша сұраныстың айқас икемділігі 2,5 тең. Егер фотоаппараттың бағасы 10% өссе
- •3 Тақырып. Тұтынушының мінез-құлқы теориясы
- •1. Пайдалылықты анықтаудың кардиналистік және ординалистік жолдары (тәсілдері)
- •2. Тұтынушының ұнатулары және талғаусыздық қисық сызықтары
- •3. Тұтынушының бюджеттік шектеуі
- •4. Тұтынушының тепе-теңдігі
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •10. Бюджеттік сызық енкіштігінің экономикалық мәні неде?
- •4 Тақырып. Салыстырмалы статика және сұраныс талдауы
- •1. «Табыс – тұтыну» қисық сызығы және Энгельдің қисық сызығы. «Баға – тұтыну» қисық сызығы
- •2. Табыс әсері және ауысу әсері. Слуцкойдың теңдеуі
- •3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері
- •Сұрақтар мен тапсырмалар. Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •1. Егер бір игілікке баға өссе, онда
- •2. Барлық табысыңызды Сіз 2 тауарды сатып алуға жұмсайсыз. Талғаусыздық қисық сызықтарын талдау арқылы 2 тауардың сапасыз еместігін көрсетіңіз.
- •3. Сапалы тауарлар көбірек тұтынады (сатып алынады), егер:
- •5. Егер а тауардың бағасы азайса, ал в тауардың бағасы өзгермесе, тұтынушының бюджеттік сызығы қалай салынады (сызылады)?
- •5 Тақырып. Үй шаруашылықтарының еңбек пен капитал ұсынысы
- •1. Өндіріс факторлар нарығындағы үй шаруашылықтары. Еңбек ұсынысы
- •Ресурстар (қорлар) нарығы
- •Тауарлар мен қызметтер нарығы
- •2. «Табыс – демалыс» моделі (үлгісі)
- •3. Капитал ұсынысы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •6 Тақырып. Өндіріс теориясы өндіріс шығындар
- •1. Өндіріс пен технология. Өндірістік функция
- •2. Изокванта. Технологиялық ауысу нормасы
- •3. Қайтарымның кемушілік заңы. Ауқым әсері.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •1. Графиктегі орташа және шекті өнімдердің мағыналары араларындағы тәуелділік білдіреді: олардың қисық сызықтар қиылысу нүктесінде
- •2. Тапсырылған технология бойынша шығарудың ең жоғары көлеміне жету білдіреді:
- •Өндіріс шығындары
- •1. Шығындар. Шығындарды жіктеу
- •Сыртқы Ішкі Шығындар
- •2. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс шығындары
- •3. Ұзақ мерзімді кезеңдегі шығындар
- •4. Өндірушінің тепе-теңдігі. Изокоста
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •1. Фирма қызметінің ұзақ мерзімді кезеңіндегі шығындар саналады:
- •7 Тақырып. Бәсекелес фирма пайдасының көбеюі
- •1. «Табыс» және «пайда» экономикалық категориялардың мәні
- •2. Нарық құрылымдардың түрлері (тұрпаттары)
- •3. Қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелес фирма. Бәсекелес фирманың пайдасын көбейту ережесі
- •4. Бәсекелес фирманың ұзақ мерзімді тепе-теңдігі.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •5. Бәсекелес фирманың нарық тепе-теңдік нүктесінде:
- •7. Бәсекелес фирманың шығындары 30 долларға тең. Оның өніміне нарық бағасы 50 доллар деңгейінде. Енді фирманың іс-қимылдары қандай болу керек?
- •11. Бәсекелес салада қандай сұраныс ең икемді – жеке фирма өніміне деген сұраныс немесе нарық сұранысы?
- •9 Тақырып. Монополия және монопсония. Нарық билігі
- •1. Монополияға тән сипаттар
- •2. Монополист (алпауыт) пайдасының көбеюі. Қысқа мерзімді тепе-теңдік
- •Монополистің ұзақ мерзімді тепе-теңдігі
- •Монополияның қоғамдық шығындары. Монополия билігінің көрсеткіштері
- •Монополиялардың мемлекеттік реттеуі.
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •9. Ең жоғары пайда алғысы келген монополист өз өніміне бағаны төмендетеді, егер ...
- •10 Тақырып. Монополия бәсекелестігі
- •Монополия бәсекелестік нарығының сипаттамасы
- •Монополия бәсекелестігіндегі тепе-теңдік
- •Монополия бәсекелестігінің салдары
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •Олигополия
- •Олигополия нарығы. Фирманың стратегиялық іс-әрекеті (мінез-құлқы)
- •2. Олигополия үлгілері
- •3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •11 Тақырып. Өндіріс факторларының нарықтары
- •1. Қысқа мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына деген сұраныс
- •2. Ұзақ мерзімді кезеңдегі өндіріс факторларына сұраныс. Тепе-теңдік
- •3. Монопсониялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
- •4. Монополиялық билігі бар өндіріс факторлар нарықтары
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •1. Өндіріс факторларына сұраныс анықталады:
- •2 «Фактордың шекті табыстылығы» көрсеткіші анықтайды:
- •4. Дайын өнім нарығында монополиялық билікке ие, бірақ өндіріс факторлар нарығында монопсонист емес фирма жалдайды...
- •7. Бәсекелес нарықта өнімнің бірлігін 10 доллар бағамен өткізетін фирманың өндірістік функциясы:
- •12 Тақырып. Жалпы тепе-теңдік
- •1. Жалпы тепе-теңдікті талдау. Бір адам экономикасының үлгісі
- •2. «Таза» айырбас экономикасының үлгісі. Эджворт диаграммасы
- •3. Өндіріс нәтижелілігінің үлгісі. Парето – нәтижелілік
- •4. Игілік, әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасы
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •2. Коуз теоремасы. Мемлекеттің рөлі: түзету салықтары мен жәрдемақылар
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •2. Қоғамдық игіліктер сұранысы мен ұсынысының қисық сызықтары. Тепе-теңдік
- •3. Қоғамдық игіліктерді пайдалануға беру тәсілдері
- •Сұрақтар мен тапсырмалар
- •2. Нарық белгілері. Кепілдіктер мен міндеттемелер рөлі
- •3. Моральдік тәукел. «Тапсырыс беруші – агент» мәселесі
- •Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар
- •Есептер, жаттығулар, тестілер
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •Орыс тілінен аударған Уристемова н.К. Компьютерде терген: Омарбаева Гауһар Тиштыққызы
Сұрақтар мен тапсырмалар
Талқылауға арналған сұрақтар
Жеке пайдалар (шығындар) және сыртқы пайдалар (шығындар) деген не? Қоғамдық пайдалар (шығындар) қалай анықталады?
Жағымсыз сыртқы әсер деген не? Жағымды сыртқы әсер деген не? Олардың салдары қандай болады?
Коуз теоремасын ашыңыз (түсіндіріңіз).
Меншік құқық нарығының құру механизмін және салдарын ашып көрсетіңіз.
Есептер, жаттығулар, тестілер
1. Сыртқы әсерлер пайда болады...
а) нарық тепе-теңдік салдарынан
б) өндірістің қоршаған ортаға келтіретін зиянның салдарынан
в) нарық бағаларына қосымша пайдалар мен шығындардың кірмейтіндігінен
г) фирмалардың нарық билігінен
2. Төменде келтірілген сыртқы әсерлерден жағымдылары:
а) мұнай саңылауында бұрғылау технологиясын бұзу нәтижесіндегі Каспий теңізінде мұнайдың кемуі
б) химия комбинатымен қоршаған ортаны ластау
в) қораларын тазартқаннан кейін науарларды өзенге тастауы
г) тұрғындарды егу
д) экономиканың милитаризациясына мемлекет шығындарын көбейту
3. Сыртқы әсерлер әкеледі...
а) ресурстарды нәтижесіз үлестіруіне
б) бәсекелестің шарттарын бұзуына
в) тұтынушы артығын өндіруші алып қоюына
г) нарық билігінің пайда болуына
14 тақырып. ҚОҒАМДЫҚ ИГІЛІКТЕР
1. Жеке және қоғамдық игіліктер. Қоғамдық игіліктердің бәсекелессіздігі мен қосылушылығы
Игіліктердің қосылатын/қосылмайтын, бәсекелес/бәсекелессіздерге жіктеуі барлық игіліктерді жеке және қоғамдық түрлерге бөлу мүмкіндігін береді. Игіліктерді қосылатын/қосылмайтындарға жіктеу негізінде олардың тұтыну оңайлығы дәрежесі сияқты өлшем жатыр. Игіліктің қосылмайтындығы бір субъекті тұтынатын игілікті екіншісінің тұтынуын болдырмайтындығын ұйғарады. Осы себептен, қосылмайтын игіліктерді тек қана нарықтық айырбастау арқылы тұтынуға болады. Игіліктің қосылатындығы оның барлығымен немесе көп субъектілермен тұтынуын білдіреді. Сондықтан қосылатын игіліктер ақысыз тұтынылады.
Игіліктердің бәсекелес және бәсекелессізге бөлу өлшемі ретінде тұтынушылар арасында игіліктерді үлестіру сипаты болып табылады. Бәсекелес игіліктердің сипаты: олардың өндіру шекті шығындары жағымды (оңды). Бәсекелессіз игіліктер – өндірісінің шекті шығындары «0» тең игіліктер. Бәсекелес игіліктің қосымша бірлігін өндіру үшін шығындарды көбейту қажет, ал бәсекелессіз игіліктің қосымша бірлігін өндіруі ешқандай шығындармен байланысты емес. Осындай игіліктің мысалы – маяк (белгі беретін шам), осы шамды пайдаланатын қосымша кеме пайдалану шығындарға ештеңе де қоспайды.
Таза жеке игіліктер – тұтынуға қол жететін және тек өз иесіне ғана пайдалылық әкелетін игіліктер. Олар қосылмаушылық пен бәсекелестік сипаттарға ие. Таза қоғамдық игіліктер – олардың тұтынуын нарық механизмі арқылы болдырмайтын сипаттары бар. Олар: қосылмаушылық пен бәсекелессіздік. Қоғамдық игіліктің классикалық мысалы – маяк (белгі беретін шам). Басқа мысалдар – ұлттық қорғаныс, телевизиялық сигнал (белгі). Бірақ көптеген қоғамдық игіліктер таза болып келмейді: олар не бәсекелес, не қосылмайтын. Бәсекелессіздік пен қосылмаушылық қасиеттерінің ара қатынастығына байланысты айырады:
Жалпы (коммуналдық) игіліктер немесе бірге тұтынатын игіліктер – қосылатын, сонымен бірге бәсекелес қоғамдық игіліктер. Мысалы, қоғамдық тұрақтағы автомобильдерді қоятын орындар бәріне де беріледі, бірақ автомобиль қоятын орынды біреу алған соң, ол орынды басқалар алалмайды. Тағы бір мысал: орта мектепте оқу.
Қосылмайтын қоғамдық немесе ұжымдық пайдалар – бәсекелессіз, бірақ қосылмайтын игіліктер. Кабель теледидарға қосылу үшін төлем оны қосылмайтын қоғамдық игілікке айналдырады.
Шамадан артылатын қоғамдық игіліктер – тұтынушылардың тек белгіленген ғана санына бәсекелессіз болатын қоғамдық игіліктері, сонан соң олар бәсекелеске айналып, олардың басқалар үшін пайдалылығы азаяды. Мысалы, бұған көлік инфрақұрылым объектілері – жолдар, көпірлер және т.б. жатады. Иеленушілер саны көбейген сайын, жолды пайдалану шамадан артылып, оның пайдалылығы төмендейді (қозғалыс жылдамдығы азайып, автомобильдер көбейген сайын көп қиындықтар туады).
Клуб игіліктері – ол игіліктерді пайдалану бір ұйымдардағы мүшелікпен шектелген.