Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэконом каз.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

3. Игілікті тұрмыстың, әл-ауқаттың өзгеруі. Нақты табыс индекстері

Тұтынушы артығы – ол тауарға деген тұтынушы сұранысының бағасы мен қалыптасқан тепе-теңдік баға бойынша тауар үшін төленген баға араларындағы айырма. Тұтынушы артығы қоғамдық әл-ауқаттың маңызды көрсеткіші болып табылады. Егер нарықтық сұраныстың қисық сызығын сатып алатын тауардан тұтынушы алайын деп тұрған шекті пайдалылықтар сомасының графикалық бейнелеуі ретінде көрсетілсе, тұтынушының артығы – сатып алынатын тауарлардың жиынтық шекті пайдалылығы мен оларды сатып алуға кеткен нақты шығындар арасындағы айырма. Тепе-теңдік бағалары белгіленген нарық тауарларды үлестіргенде сатып алатын тауарлардың жиынтық пайдалылығы ең жоғары болып келеді. Тепе-теңдік бағаны (Р1 – Р2 дейін) көтеретін тауар салығын енгізу ахуалын қайта қарайық (37 сурет).

P2

A B

P1

Q2 Q1

37 сурет. Бағаның өзгеру ықпалымен тұтыну артықтарының өзгеруі

Тұтыну сәйкес Q1 – Q2 дейін қысқарады (азаяды). Тұтынушы шығыны А+В фигурасының көлемін құрайды, мемлекет табысы – А фигурасының көлемі. В үшбұрыштың көлемі – қоғамның қайтпайтын шығындары, олар «өлі жүк» деп аталады (deadweight loss). Осы мысал тепе-теңдік бағаның өсуі қалайша қоғамдық әл-ауқатты өзгеретінін жақсы көрсетеді. өкінішке орай, нарық экономикасында бағалардың өзгеру себептері әр түрлі болады. Мысалы, мемлекеттің араласу ықпалымен (салық енгізу жолы). Бағалар өзгеріп тұрған жағдайда тұтынушының ақшалай табысы өз сатып алу қабілеттілігін өзгертеді. Осыған байланысты сұраныстың өзгеруін толық талдау үшін белгіленген және нақты табыс көрсеткіштерін қарау қажет.

Белгіленген табыс – осы мерзімнің ағымдағы бағаларында көрсетілген табыстың ақшалай сомасы.

Нақты табыс – базистік, (өткен) мерзімнің бағаларымен көрсетілген, белгіленген табыс, яғни белгіленген табыстың сатып алу қабілеттілігі. Нақты табысты есептеу үшін белгіленген табысты бағалар индексіне бөлу керек:

Нақты табыс = белгіленген табыс / бағалар индексі

Экономика теориясында ең кең таралған бағалар индекстері: Пааше индексі мен Ласпейрес индексі.

Пааше индексі – базистік (өткен) мерзімнің бағаларындағы ағымдағы тұтыну себетінің құнын бағалау ретінде есептеледі. Тұтыну себеті – тұтынудың оңтайлы деңгейін қамтамасыз ететін тұтыну заттар жиынтығы.

IP = ∑P1 X1/∑P0 X1 – Пааше индексі, мұнда

P0 – өткен жылы ағымдағы тұтыну Х себетіне кіретін тауарлар бағалары

P1 – ағымдағы жылы ағымдағы тұтыну X1 себетіне кіретін тауарлар бағалары.

Ласпейрес индексі – ағымдағы мерзімде болған базистік тұтыну себеті бағаларының өзгеруі ретінде есептеледі:

IL = ∑P1 X0/∑P0 X0 , мұнда

P0 – өткен жылы негізгі тұтыну, X0 – себетіне кірген тауарлар бағалары;

P1 – ағымдағы жылы негізгі тұтыну себетіне кірген тауарлар бағалары.

Сұрақтар мен тапсырмалар. Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Салыстырмалы статика теориясы нені зерделейді?

  2. «Табыс - тұтыну» қисық сызығы қалай сызылатынын түсіндіріңіз.

  3. Энгельдің қисық сызығы дегеніміз не? Энгель заңы дегеніміз не? Тауарлардың әр тобы үшін Энгельдің қисық сызықтары өз пішінін қалай өзгертеді?

  4. «Баға – тұтыну» қисық сызығын салыңыз (сызыңыз). Графикті түсіндіріңіз.

  5. Табыс әсері мен ауысу әсерінің әрекетін түсіндіріңіз. Хикс пен Слуцкой тәсілдерінің айырмашылықтары. Слуцкой теңдеуін түсіндіріңіз.

  6. Бағалардың өзгеру ықпалымен тұтынушының әл-ауқаты қалай өзгереді?

  7. Белгіленген және нақты табыс дегеніміз не? Нақты табысты есептеу үшін қандай индекстер қолданады (пайдаланады)?