Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэконом каз.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

3. Бәсекелестіктің бағалық кемсітуі және бағадан тыс факторлары

Бағалық кемсіту – сапасы бірдей өнімді әр түрлі бағамен әр түрлі сатып алушыларға сату, яғни, бағаның әртараптануы. Бағалық кемсітудің көптеген мысалдарын келтіруге болады: дәрігерлердің гонорарлары аурулардың табыстар деңгейіне, телефон байланыс қызметінің тарифтері тұтынушылары заңды немесе жеке тұлға болуына байланысты және т.б. Алайда, бағалық бәсекелестік нарық билігін іске асыру нысаны ретінде өзін монополия және олигополия жағдайларында көрсетеді. Тұтынушылардың әр топтар сұраныс икемділігінің айырмашылықтарын пайдалана отырып, өндіруші тұтынушы артығын өз пайдасына қайта үлестіре алады. Бағалық кемсіту нәтижесінде өндіріс көлемі кеңееді де, пайда өседі, (себебі жоғарылау баға бойынша тауардың көбірек бірлігі сатылады). Бағалық кемсітудің 3 дәрежесін айырады: бірінші дәрежедегі бағалық кемсіту тұтынушы табысына байланысты бағаның әртараптануын және әр тұтынушы үшін жеке бағаны белгілеуін ұйғарады. Бұл жағдайда фирма тұтынушының барлық артығын тұтастай алады да оның пайдасы ең жоғары болып шығады. Екінші дәрежедегі бағалық кемсіту – тұтыну көлеміне байланысты сатып алушылардың әр топтарына бағаны әртараптандыру (сатып алушы тауардың неғұрлым көп бірліктерін сатып алса, баға да соғұрлым төмендейді). Тұтынушылар тобы артығының бір бөлігі (аздау санын сатып алатын) өндірушінің пайдасына қайта бөлінеді, ал екінші бөлігі – тұтынушылардың екінші тобының пайдасына үлестіріледі (көптеу санын сатып алатын)), мұндай кемсітуді мемлекет қолдайды. Үшінші дәрежедегі кемсіту – тауардың өзіне байланысты бағаның әртараптандыруын ұйғарады (тауардың әр топтарына әр түрлі бағаларды белгілеу). Ол нарықтың сегменттеуіне, бөлінуіне байланысты, яғни бір белгілер бойынша нарықтың сегменттерге (бөліктерге) бөлінуі, бұнда бағалық икемділігі нарықтың әр бөлігінде әр түрлі. Мысал ретінде авиабилеттердің сатуын қарауға болады. Сатып алушылар нарығы 3 сегментке (бөлікке) бөлінеді дейік: (іс сапарға бара жатқандар, олар бағасына қарамай билетті алады – икемсіз сұраныс), студенттер (олар билетті бағасы төмен болса ғана алады – икемді сұраныс) және басқалар. Сонан соң баға осы топтардың әрқайсысы үшін әртараптанады. Тұтастай алғанда, олигополия жағдайларындағы баға бәсекелестігі бәсекелестер үшін күрестің ауыр әдісі, сондықтан оны көбінесе қолдай қоймайды. Демек, олигополия жағдайларында маңызды рөл бағадан тыс бәсекелестікке беріледі. Мұндай бағадан тыс бәсекелестіктің ұтымдылығы көрініп тұр. Соның арқасында ұзақ мерзімді және тұрақты артықшылықтарды алуға болады. Бағадан тыс бәсекелестіктің нысандары: тауардың әртараптануы, сатудың жеңілдіктерін беру (шегерім, несие және т.б.), сатудан кейінгі қызмет көрсету, нарықты сегменттеу (бөлу), жарнама және т.б. маркетинг тәсілдері.

Сұрақтар мен тапсырмалар

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Олигополия нарығын сипаттаңыз. Оның ерекшелігі неде?

  2. Олигополия үлгілердің жіктеуін келтіріңіз.

  3. Олигополияның әр түрлі үлгілерін сипаттаңыз. Әрқайсысы олигополиялық бәкелестің қай жақтарын көрсетеді?

  4. Бағалық кемсіту деген не? Бағадан тыс бәсекелестіктің мәнін түсіндіріңіз.

Есептер, жаттығулар, тестілер

1. Монополистік бәсекелестік нарығы және олигополияның бірдейлігі неде?

а) нарық кіру кедергілері жоқ

б) фирмалар стратегиялық мінез-құлқымен сипатталады

в) бәсекелестердің аз ғана саны әрекетте (бар)

г) фирмалар нарық билігіне ие

2. 2 фирма өзара қатынасын Курно дуополиясы ретінде жіктеуге болады, егер

а) бәсекелес бағаларды қолдау саясатын жүргізетініне фирмалар сенеді

б) бәсекелес өз шығарымын өзгертпейтінін әр фирма үйғарады (сенеді)

в) фирмалар бірлесіп өндіріс көлемін таңдайды

г) барлығы да дұрыс (жоғарыда айтылғандар)

3. Ойындар теориясына сәйкес олигополистердің шешімдері қабылдау процесі (үдірісі) ұйғарады:

а) бәсекелес үшін фирмалар кез келген стратегия нәтижесін бағалап талдайды

б) фирмалар өз әрекеттеріне бәсекелестің іс-қимылдарын (әсер тигізуін) есептемейді

в) фирмалар әрқашан бәсекелестер сәйкес стратегияны таңдайды деп ұйғарады

г) барлық жауаптар дұрыс емес (қате)

4. Курно үлгісіндегі нарық сұранысының қисық сызығы

Р = 200 – Q теңдеуден берілген. А фирмасының шекті шығындары шығарудың әр көлемі үшін 30 тең.

Келесі сауалдарға жауап бер:

а) егер В фирмасы өнімнің 50 бірлігін өндірсе, оған ең жоғары пайданы қамтамасыз ету үшін А фирмасының көлемі қандай болу керек?

б) А фирмасы В фирмасының өндіріс көлемі 60 бірлікті құрайды деп санаса, оның өз шығаруы қалай өзгереді?

5. Баға көшбасшы – фирманың шекті табыс функциясы: MR = 9 – q. Шекті шығындар функциясы: MR = 1+q. Саланың қалған фирмалар ұсынысының қисық сызығы: Sn = 2 + 2q. Салалық ұсынысты анықтаңыз.

6. 2 олигополист – фирмалар өніміне деген сұраныс функциясы белгілі: Q1 = 20 – 3P1 + 2P2 және Q2 = 20 – 3P2 + 2P1, сонымен бірге олардың валдық (жалпы) шығындары: TC1 = 3Q1 және TC2 = 3Q2. Фирмалардың әрқайсысы балама бағалық стратегиясының біреуін таңдап алуға тиісті: нарықты иелену мақсатымен 10 долларды құрайтын бағаны қалдыру немесе оны 8 долларға дейін түсіру. Ойындар теориясы методологиясын пайдалана отырып, есепті шығарыңыз.

7. Олигополия нарығы 2 фирмамен көрсетілген әрқайсысының пайдасы тек қана өз шешімдері емес, бәсекелестер шешеімдерінен де тәуелді. Фирманың әр қайсысы 2 мүмкін стратегиясының 1 таңдайды: бағаны түсіру немесе сол қалпында қалдыру (бәсекелестің іс-қимылын білмей отыра). Мүмкін нәтижелер матрицасы кестеде көрсетілген (1 цифра – 1 фирманың пайдасы, 2 – екінші фирманың пайдасы сәйкес стратегияны таңдаған жағдайда).

1 фирма

2-ші фирма

Бағаны түсіру

Бағаны түсірмеу

Бағаны түсіру

(10,10)

(18,5)

Бағаны түсірмеу

(5,18)

(14,14)

Фирмалар қандай бағалық стратегияны ұстанады, неге? Олар осылай ең жоғары пайдаға жете ме?

8. Картель құрған 3 фирма шығындарының функциясы келесі кестеде көрсетелген:

Q

Жалпы шығындар

1 фирма

2 фирма

3 фирма

0

20

25

15

1

25

35

22

2

35

50

32

3

50

80

47

4

80

120

77

5

120

160

117

Егер картель өнімнің 11 бірлігін шығарамыз деген шешім қабылдаса, олар шығындарды азайтуға тырысқан жағдайда осы көлемнің өндірісі 3 фирма арасында қалай бөлінеді?