Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микроэконом каз.doc
Скачиваний:
72
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Сұрақтар мен тапсырмалар Талқылауға арналған сұрақтар

  1. Жалпы тепе-теңдік деген не? Жалпы тепе-теңдікті анықтаудың күрделілігі қандай?

  2. Робинзон Крузо экономикасының үлгісін көрсетіңіз. Робинзон Крузо экономикасындағы тепе-теңдік қалай анықталады?

  3. «Таза» ауыстыру экономика үлгісін және Эджворт диаграммасын сипаттаңыз.

Шарттар қисық сызықтары деген не?

  1. Өндіріс нәтижелілігінің үлгісін сипаттаңыз.

  2. Парето – нәтижеліліктің мәнін көрсетіңіз. Пайдалылық шегі деген не?

  3. Әл-ауқат экономикасының негізгі теоремасының мәнін ашыңыз.

  4. Әлеуметтік әділдік табиғатына деген қандай көзқарастар сізге мәлім?

Есептер, жаттығулар, тестілер

1. Қаралатын саламен тік байланыстағы салада ұсыныстың қысқаруы болды. Ол неге әкелді?

а) қаралатын салада бағалардың төмендеуіне

б) қаралатын салада бағалардың өсуіне

в) қаралатын салада сұраныстың төмендеуіне (азаюына)

г) қаралатын салада ұсыныстың жоғарылауына

2. Парето – нәтижелілік ұйғарады:

а) экономикалық нәтижелі үлестіруді

б) әділ үлестіруді

в) тең үлестіруді

г) өндіріс факторларына иелік бойынша үлестіруді

3. Игіліктерді ең алғашқы үлестіру нүктесінде А тұтынушы үшін Х тауарды Yтауармен ауыстырудың шекті нормасы = 3, ал В тұтынушы үшін =1. Бұндай үлестіру Парето – нәтижелі болады және қай себептен? Бұл ахуалда Сіз не ұсынасыз?

4. Өндірістік мүмкіндіктердің қисық сызықтары:

а) ресурстардың тапсырылған мағынасында бір игілік өндірісінің екінші өндірісінен тәуелділігін көрсетеді

б) игілік өндірісінің игілік – субтитут өндірісінен тәуелділігін көрсетеді

в) игілік өндірісінің өндіріс факторларынан тәуелділігін көрсетеді

г) барлық жауаптар дұрыс

5. Парето бойынша нәтижелі экономика өндірістік мүмкіндіктер графигінде көрсетілген:

а) график ішіндегі нүктемен

б) график сыртындағы нүктемен

в) өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығындағы нүктемен

г) Парето – нәтижелілік өндірістік мүмкіндіктер қисық сызығында көрсетілмеген

13 тақырып. СЫРТҚЫ ӘСЕРЛЕР – ЭКСТЕРНАЛИЯЛАР

1. Жиынтық және шекті сыртқы шығындар. Жағымды және жағымсыз сыртқы әсерлер

Кез келген нарық операциялар шығындар мен пайдалармен қосақталады. Олар нарық қызметімен тікелей байланысты немесе байланысты емес. Экономикалық қызмет нәтижесінде алынған пайда (олар экономикалық қызметтің мақсаты) жеке пайда – РВ (private benefit) деп аталады. Экономикалық агенттер өздерінің қызмет нәтижесінде шығындарға тап болады. Олар жеке шығындар (private costs) деп аталады.

Тура пайдалар мен шығындардан басқа кез келген экономикалық қызмет қосымша (жанама) әсерлермен байланысты. Нарық мәмілелер оған мүлде қатыспаған адамдарға әсер етеді – қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорын сол аймақтың тұрғындарына зиян келтіреді. Бұл әр түрлі ауруларға әкеліп, жүрт емдеуге көп шығынданады. Бұндай қосымша әсерлер сыртқы әсерлер немесе экстерналиялар деп аталады. Сыртқы әсерлер (экстерналиялар) – баға түрінде есептелмеген, нарық операциялар үдерісінде пайда болатын, шығындар мен пайдалар түріндегі қосымша (жанама) әсерлер. Сыртқы шығындар ЕС (external costs) деп белгіленеді. Сыртқы пайдалар – ЕВ (external benefit). Жоғарыда келтірілген экологияны ластау мысалы сыртқы шығындар мысалы болып келеді. Сыртқы пайда мысалы – тұмаудан егу – оны жасаған адам да, оның қоршауы да ұтады, яғни жұгу тәуекелі азаяды. Мұнда игілік бағасына сыртқы әсерлер кірмейді. Жеке және сыртқы шығындар сомасы – қоғамдық (әлеуметтік) шығындар – нарық мәмілелерге тікелей қатысушылардың және осы қызмет әсер еткен үшінші тұлғалардың жиынтық шығындары: SC = PC + EC (social costs). Осыған сәйкес, қоғамдық пайда – ол нарық қызметіне қатысты барлық тұлғалардың жиынтық пайдалары:

SB = PB + EB (social benefit).

Қосымша игілік бірлігінің өндірісімен немесе өткізуімен, тұтынуымен байланысты шығындардың өсуі (жеке, сыртқы немесе қоғамдық) – ол шекті (жеке, сыртқы немесе қоғамдық) шығындар. Сәйкес, игіліктің қосымша өсуімен байланысты пайданың өсуі – шекті пайда.

Шығындар мен пайдалардың қисық сызықтары 99 суретте көрсетілген.

С SC B

PC MSB SB

MSC MPB PB

MPC

EC EB

MEC MEB

Q Q

99 сурет. Шығындар мен пайдалар қисық сызықтары

Нарық агенттерінің қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтірген жағдайда осымен байланысты қосымша шығындар пайда болғанда, жағымсыз сыртқы әсер туралы айтады. Жағымсыз сыртқы әсерлер болғанда қоғамдық шекті шығындар әрқашан жеке шекті шығындардан асады. MC + t

Р MSC

MPC

Р1

Р*

Пигу салығы

MPB=MSB

Q1 Q* Q

100 сурет. Жағымсыз сыртқы әсер әрекетінің салдары

100 суреттегі графикте жағымсыз сыртқы әрекетінің салдары көрсетілген. Р* мен Q* – жағымсыз сыртқы әсерсіз игілік өндірісінің тепе-теңдік бағасы мен тепе-теңдік көлемі. Осындай игілікке сұраныстың қисық сызығы игіліктің шекті қоғамдық пайдалылығына сәйкес, өйткені сұраныс игілікті тұтынудан алынатын (пайдалылықпен) пайдамен анықталады. Сұраныс қисық сызығы оның жеке шекті шығындарының қисық сызығына сәйкес келеді (МРС). Егер игілік өндірісінде жағымсыз сыртқы әсер орын алса, онда өндірістің шекті шығындарына жеке шекті шығындармен бірге жеке сыртқы шығындар да кіреді, яғни олар МРС + МЕС = МSC.

Нәтижесінде шекті қоғамдық шығындар шекті қоғамдық пайдалардан асып кетеді, тепе-тең баға Р1 дейін өсіп, өндірістің тепе-теңдік көлемі Q дейін азаяды. Сыртқы шығындар өнімнің бағасында көрсетілмегендіктен, өнім бағасы соңында төмен болып шығады (тепе-тең бағадан төмен), ал өндіріс көлемі – өте жоғары. Сонымен, жағымсыз сыртқы әсердің салдары – игілікті артық шығару және оны төмен бағамен сату. Осында жағымсыз сыртқы әсердің нәтижесіздігі білінеді. Егер нарық агенттерінің қызметі үшінші тұлғалар үшін сыртқы пайдаларымен білінсе, онда жағымды сыртқы әсер орын алады. Жағымды сыртқы әсер – игіліктің бағасында көрсетілмеген қосымша пайда. Жағымды сыртқы әсерде жеке шекті пайдалылық қоғамдық шекті пайдалылықтан төмен. Жағымды сыртқы әсердің салдары жағымсыз әсерлеріне сәйкес анықталады.

Р MPC=MSC

Р1 МС+s

Р* Пигу жәрдемақысы

MSB

MPB

Q* Q1 Q

101 сурет. Жағымды сыртқы әсер әрекетінің салдары

Жағымды сыртқы әсер орын алғандықтан MSB>MPB, демек, оңтайлы шығару мен баға – Q мен Р1 нүктелерінде. Сонымен, жағымды сыртқы әсердің салдары – өндірістің аздығы мен игіліктің жоғары бағасы. Шынында, егер жағымды сыртқы әсер игіліктің бағасына еніп, оны тұтынушы төлесе, баға жоғары, өндіріс көлемі көптеу болушы еді, себебі: жағымды сыртқы әсер жағымсыз сияқты нәтижесіздікке әкеледі.