
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі с.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
- •2. Пән туралы мәлімет
- •6. Пәннің мазмұны
- •6.1. Практикалық – зертханалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •8. 1. Негізгі әдебиеттер
- •9. Курстың саясаты
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Отбасының қоғамдағы орны
- •Сәлемдесудің түрлері
- •Қазақстаным – айбарым!
- •Қазақ халқының ежелгі баспанасы - Киіз үй
- •Киіз үй түрлері
- •Киіз үйдің құрылысы
- •Iіі модуль: мінез және келбет
- •Мінез және келбет
- •Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
- •Адам бойындағы жағымсыз қасиеттер
- •Уақыт алтыннан да қымбат
- •Студенттің бос уақыты
- •V модуль:салауатты өмір салты
- •Дені саудың – жаны сау
- •Ұлттық тағамдар
- •1. Еттен жасалатын тағамдар 2.Сүттен жасалатын тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •Тазалық – денсаулық кепілі
- •1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •VI модуль: менің отаным – қазақстан
- •Қазақстан
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •Экспо 2017
- •Үш бақытым
- •VII модуль: қазақ халқының дәстүрлі өнері
- •Халықтық қолөнер
- •Қазақ театр және кино өнері
- •VIII модуль: ұлттық мәдениет тамыры
- •Айтыс өнері
- •Күй атасы – Құрманғазы
- •Баулу – приучать;воспитывать
- •Ұлттық байлық пен ұлттық құндылықтар
- •Абай Құнанбайұлы
- •Абай философиясы
- •Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Отыз бірінші сөз
- •Хі модуль: адам және табиғат – егіз
- •Табиғат
- •Табиғатты аялайық
- •Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдай
- •Қазақстанның экологиясы
- •Қазақстан қорықтары
- •Қазақстанның табиғи саябақтары, қорықтары, оларды қорғау
- •Қазақстанның көрікті жерлері
- •Әзірет Сұлтан тарихи – мәдени қорық мұражайы
- •Университет – білім ордасы
- •Мамандық
- •Ұлттық кадрлар - мемлекеттің негізі
- •XIV модуль: қоғам және жастар
- •Қоғам және жастар
- •Қазақстанның жарқын болашағы-білімді ұрпағында
- •Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесі дамуына жағдай жасау
- •XV модуль: қазақстан әлемдік кеңістікте
- •Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі
- •Білім беру жүйесіндегі тың серпіліс
- •Кредиттік оқыту жүйесіндегі артықшылықтар
- •1. Мақалды толықтырыңыз? Отан оттан да ...
- •4. Қазақ жерінде қолөнер нешісінші ғасырдан бастап қатты дами бастады?
- •6. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы неден басталады?
- •9. Киіз үй біздің заманымыздың нешінші ғасырынан бастап пайдаланған?
- •010011. Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62 а. Тел.39-39-17
Қазақстан







3– тапсырма Сәйкестігін табыңыз
Елтаңба Әнұран Мемлекет Заң Үкімет Халық Отан Астана Шекара Тәуелсіздік Қала Ту |
независимость город правительство герб государство родина гимн граница столица закон флаг народ |
4 - тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндаңыз
Тәуелсіз Қазақстан
Біздің Отанымыз, туып-өскен жеріміз – Қазақстан Республикасы. Еуропа мен Азияның картасын қарасақ, біздің мемлекет ұлан-байтақ жерді алып жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа созылып жатқан кең өлке. Қазақстанның жер көлемі 2 миллион 700 шақырым. Қазақстан солтүстікте Ресеймен, оңтүстікте - Өзбекстанмен, Қырғызстанмен, шығыста - Қытаймен шектеседі.
Біздің республикамызда ұлтаралық, халықаралық қарым-қатынастар жоғарғы деңгейде дамыған. Қазақстанда 130 ұлт өкілдері бейбіт тұрып жатыр. Қазақстан көптеген мемлекеттермен мысалы, Ресеймен, Қытаймен, Америка Құрама Штаттарымен тағы басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынаста.
Қазақстан халқының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақ тіліміз арқылы әлем мәдениетін, тарихын, әдебиетін танимыз. 16 желтоқсанда еліміз Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін атап өтеді. Дәл осы күні «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданған. Оған дейін Қазақстан Республикасы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының құрамында болған. 1991 жылы 16 желтоқсаннан бастап Қазақстан жеке егеменді мемлекетке айналды. Қазақстанның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны, Конституциясы бекітілді. Еліміз тәуелсіздік жолында көп күресті.
1991 жылы 1 желтоқсанда ел басшысы - Президенттің сайлауы болды Мемлекетімізді Н. Ә. Назарбаев басқарып келеді. Елбасымыз ел басқару жүйесінде халқымыздың жағдайын жақсарту үшін көптеген игі істер атқарып отыр. Жыл сайын мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін дәстүрлі жолдауларын жолдайды
1991 жылы 10 қазанда Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы, Гимні қабылданды.
1997 жылы Президенттің Республика халқына арналған «Қазақстан 2030» Жолдауы жарияланды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстан халқының тұрмысын өркендету, тыныштығын қорғау. Қазіргі кезеңде қазақстандықтар осы бағдарламаны орындауда.
Конституция біздің – Ата Заңымыз. Конституция дегеніміз – мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын Заңдар кітабы. Конституцияда Қазақстан азаматының не істеуіне құқықты және қандай істеріне тыйым салынатыны айтылған. 1995 жылы жаңа Ата Заң қабылданды.Осы конституцияда балалардың да құқығы мен міндеттері туралы жазылған.
Жаңа Қазақстан мемлекетін әлем таныды. Бұл күнде біз Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшеміз. Сонымен қатар ҚР көптеген халықаралық ұйымдарға мүше. Бұл дегеніміз ҚР өзге елдердің назарын өзінің жетістігімен аудара білуде. Бүгінде жер шары мазасыздыққа толы. Оған кей елдердегі әлеуметтік жағдайлардың төмендігі, ұлтаралық қақтығыстар, діни көзқарастар себеп болуда. Ал, біз Елбасымыздың саясатының арқасында татулығы мен бірлігі жарасқан, әлемді аузына қаратқан көп ұлтты тәуелсіз мемлекетпіз.
Қазір еліміз қарыштап дамып келеді. Болашақта Қазақстан мәдениеті жоғары, білімді елге айналады.
Біз Қазақстанда тұратынымызды мақтан етеміз. Туған Отанымызды, халқымызды кұрметтейміз.
5-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
2-сабақ Қазақстан – көп ұлтты мемлекет
1 – тапсырма Сұраққа жауап беріңіз
1. ҚР қашан тәуелсіз ел болды?
2. Биыл тәуелсіздігіміздің неше жылдығына аяқ басып отырмыз?
3. Қандай тәуелсіздік белгілерін білесіздер?
4. Қазақстанның ауа-райы қандай?
5. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
6. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлеседі?
7. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?
8. Қазақстан - көп ұлтты мемлекет дегенді қалай түсінесің?
2-тапсырма Сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз
Суверенный – Общий – Луч – Свобода – Летящий тулпар – Все народы – ООН – Единство народов
Воля –
3– тапсырма Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен жалғастырыңыз
Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет.Жалпы 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады. Атап айтсақ қазақ, ұйғыр,өзбек және өзге де ұлт өкілдері өмір сүруде. Біздің елімізде әрбір ұлт өкілдерінің өз тілін, дінін,салт дәстүрін, мәдениетін сақтауға жағдай жасалған. Әр ұлт өкілдері бір үйдің баласындай бірлігі мен ынтымағы, туыстығы мен достығы жарасқан бақытты да жарқын болашақта өмір сүруді мақсат етуде...
4– тапсырма Мәтінге қатысты сұхбат құрастырыңыз
5-тапсырма Төменде берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрастырыңыз Қазақ тілі, іссапар, хатшы, мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу, iс қағаздар жүргiзу, мемлекеттiк орган, елбасы, мемлекеттік тіл мәселесі, мемлекеттік басқару, заң шығару, мемлекеттік қызметшілер, тілді меңгеру, ұлттық мүдде, қазақ диаспорасына, азаматтық парыз.
6-тапсырма Мақал - мәтелдердің жалғасын табу а) Отан ... да ыстық. б) Отансыз адам - ... бұлбұл.
в) Өзге елде сұлтан болғанша, Өз еліңде... бол.
г) Туған жердей жер болмас, Туған... ел болмас.
3-сабақ Қазақ елі – бай ел
1 – тапсырма Берілген сөздерді аударып, сөйлем құрастырыңыз
Көп ұлтты егеменді мемлекет, ұлттардың өкілдері, жер көлемі,мәдениетті және білімді елге айналу,пайдалы қазбалар, көмір, мұнай, газ, темір, алтын, мыс, тұз, әктас, саз, алюминий
2 – тапсырма Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен жалғастырыңыз
Қазақ елі – бай ел
Қазақстан кен байлықтары жағынан жер шарындағы ең бай аймақтардың бірі саналады. Кең байтақ Қазақстанның барлық аймақтарында Д.И.Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы табылған. Мысалы: сынап, қорғасын, алтын, көмір, мұнай, болат, мыс, күміс, темір т.б.
Қазба байлықтары мен түсті металдары күнделікті тұрмыста қолдануға қажетті түрлі тұрмыстық заттар мен сәндік әшекей бұйымдар жасауға кеңінен пайдаланылады.
Еліміздің әр аймағынан алынатын пайдалы қазбалар мысалы, батыста мұнай, газ өндірсе, шығыста фосфор, орталықта көмір, мыс, түсті металл өндіреді.
Қазақстанда 200-дей мұнай және газ орындары анықталған. Оның негізгі бөлігі (80%-ы) Каспий маңында шоғырланған. Республикада 200-ге жуық көмір кен орындары бар. Ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан. Қазақстанда қара металл кен тастарының бір мыңнан аса орны табылған. Олар республиканың барлық жерінде дерлік кездеседі. Елімізде түсті металдардың ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын, мыс кендері алады. Олар, негізінен, Шығыс Қазақстанмен Орталық Қазақстанда шоғырланған. Қазақстан сирек кездесетін металдарға бай өлке. Елімізде алтын мен күміс өндіруде жедел жолға қойылған. Нақтыланған алтын қоры жағынан Қазақстан әлемдегі жетекші ондыққа кіреді және күміс өндіру көлемі бойынша Азияда 1-орын алады. Елімізде 100-ден астам барланған уран кендері бар.
Қаныш Сәтбаев бүкіл өмірін Қазақстанның жер қойнауындағы табиғи қазба байлықтарын минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арнаған. Алатаудың бір шыңы мен мұздағы, Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал (сатбаевит) оның атымен аталады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның қара алтыны болып саналатын басты байлығы көмір мен мұнайды шет елдік компаниялардың бірлесуімен жаңа технологияларды өндірісте қолдану арқылы қазба жұмыстарын жүргізу жүзеге асырыла бастады. Соңғы жылдары "Қазақстанда жасалған" деген маркамен Қазақстанда өндірілген пайдалы қазбалар мен шикізат өнімдерін әлемнің 70-ке жуық елдері сатып алуға өтініш білдірген.
3-тапсырма Мәтін бойынша сұрақ құрастырыңыз
4-тапсырма Пайдалы қазбалардың халық шаруашылығында маңызы қандай? Кестені толтырыңыз
Облыстар |
Қалалар
|
Өзендер
|
Көлдер
|
Таулар
|
Жер байлығы |
|
|
|
|
|
|
5-тапсырма «СИҚЫРЛЫ САТЫ » ойыны
Ойынның шарты: Әр сатыға Қазақстан жер қойнауынан шығатын қазба байлықтарының атауын жазу арқылы баспалдақтан жылдам мініп түсіңіз.
№ 6 СӨЖ тапсырмасы
1-тапсырма «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбын мазмұндаңыз
2-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұндау