Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс л_кцийЭЭО 2104.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.46 Mб
Скачать

Кернеу ауытқуы

Кернеу ауытқуы тұрақтанған ауытқу көрсеткішінің ағымдағы кернеу шамасының номиналды шамадан айырмашылығы бойынша сипатталады :

Кернеу ауытқуы жүктеме қуатының өзгерісі әсерінен болатын кернеу шығыны өзгерісі бойынша ескеріледі.Кернеу ауытқуы электр энергиясы қабылдағыштарының шықпасында нормаланады.

Тұрақтанған кернеу ауытқуының нормальды мүмкін және шекті мүмкін мәндері номиналды кернеу мәнінен сәйкесінше±5және±10%болу керек.

Кернеу өзгеруінің шегі

Кернеу өзгеруінің шегі – кез келген формадағы кернеу мәндерінің бірінің артынан бірі арасындағы айырмашылық, яғни максималды және минималды кернеу мәндерінің арасындағы айырмашылық.

Тұрақтанған кернеу ауытқуының қосындысының шекті мүмкін мәні және кернеу өзгерісінің шегі , кернеуі 0,38 кВ тең электр желісімен қосылған нүктелерде номиналды кернеуден ±10%ерекшеленеді.

Фликер мөлшері. Фликер (жылпылықтау) –электр желідегі кернеу тербелісінің әсерінен болған жасанды жарық көздерінің жарық ағынын адамның субъективті қабылдауы.

Фликер мөлшері –белгілі бір уақыт аралығында фликер мен адам ықпалын түсінушілік шамасы, яғни белгілі уақыт аралығында жарық ағынынын жыпылықтауынан адамда тітіркену қасиетін тудыратын кернеу тербелісінің интегралды сипаттамасы.

Кернеу тербеліс кезіндегі қысқа уақытты фликер мөлшері үшін шекті мүмкін шама 1,38 тең, сол кернеу тербелісі кезінде ұзақ фликер мөлшері үшін 1,0 тең.

Қысқа уақытты фликер мөлшерін 10 минутқа тең бақылау уақыты аралығында анықтайды, ұзақ уақытты фликер мөлшерін 2 сағатқа тең бақылау уақытында анықтайды.

Көру кернеуін қажет ететін қыздыру шамдары бар бөлмелерде, электр энергиясын тұтынушылар жалпы нүктеде байланысқан қысқа уақытты фликер мөлшерінің шектік мүмкін шамасы 1,0 тең, ал осындай нүктелердегі ұзақ уақытты фликер мөлшері 0,74 тең.

Синусоидалы емес кернеу

Кернеудің синусоидалығы еместігі кернеу қисығында негізгі жиілік гармоникаларынан басқа негізгі жиілікке еселі жоғарғы жиілік гармоникалары бар болғандықтан пайда болады ( = 2, 3,4 …).

Синусоидалы емес кернеудің пайда болу себебі сызықсыз вольтамперлік сипаттамалы электр энергиясын тұтынушылардың болуынан.Синусоидалы емес кернеуге негізгі үлес қосатын – электр энергиясының тиристорлы түрлендіргіштері.

Кернеудің синусоидалы еместігі келесі көрсеткіштермен сипатталады:

  • Синусоидалы кернеу қисығының бұрмалау коэффициентімен;

  • Кернеу құраушысының -ші гармоникалық коэффициентімен.

Синусоидалы кернеу қисығының бұрмалау коэффициенті , %, барлық жоғарғы гармоникалардың суммарлы мәнінің негізгі гармоника кернеуінің мәніне қатынасы, және де :

2.1 кесте - Синусоидалы кернеу қисығының бұрмалау коэффициентінің % мәндері

Нормалы мүмкін мәндер, кВ

Шекті мүмкін мәндер , кВ

0,38

6...20

35

110...330

0,38

6...20

35

110...330

8,0

5,0

4,0

2,0

12,0

8,0

6,0

3,0

Синусоидалы кернеу қисығының бұрмалау коэффициентін анықтау үшін тәжірибе кезінде 13 және одан жоғары гармоникаларды есепке алмайды.

-ші гармоника құраушысының коэффициенті , %-ші гармоника кернеуінің мәнінің бірінші гармоника кернеуінің мәніне қатынасы: