Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс л_кцийЭЭО 2104.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.46 Mб
Скачать

7.2 Кестесі – Оқшаулама кедергілерінің коэффициенттерін бір температураға келтіру

Температуралардың айырмашылықтары

5

10

15

20

25

30

35

40

Келтіру коэффициенті

1,23

1,50

1,80

2,25

2,75

3,40

4,15

5,10

7.2 кестесін пайдалану әдістемесі келесіден құралған. Температуралардың айырмашылықтарын табады Δt = 75 – 20 = 550C. 3.2 кестесінен келтіру коэффициенттерінің мәнін анықтайды. Егер температуралардың айырмашылықтары 400С асса, екі не одан да көп келтіру коэффициенттерін қабылдауға болады. Біздің жағдайымызда интервал 550, екі құраушыға бөлуге болады 250 және 300, бірінші жағдайда келтіру коэффициенті - 2,75, екіншісінде – 3,40. Жалпы келтіру коэффициенті 2,75 · 3,40 = 9,35 тең. Оқшаулама кедергісі 200С кезінде 0,5 · 9,35 = 4,7МОм болуы тиіс.

Жұмыс температурасы кезінде оқшаулама кедергісінің мәнін келесі ережені қолданып бағалауға болады: жұмыс температурасынан төмен оқшаулама кедергісін өлшегенде, өлшеу орындалған температура және жұмыс температурасы арасындағы толық немесе толық емес 200С-қа еселеп отыру керек. Мысалы, 200С температура кезінде оқшаулама кедергісі 4,8МОм тен, орамның жұмыс температурасы 750С тең, температуралардың айырмашылығы Δt = 75 – 20 = 550C. Ережеге сәйкес, бұл айырмашылықта 200С бойынша үш интервал отыр (20+20+15=55). Онда келтірілген өлшеудің нәтижесі келесідей болады:

Rприв = R200C/2 · 2 · 2 = 48/2 · 2 · 2 = 0,6 MOм

Оқшауламаның жағдайы туралы толық қорытындыны өлшеулердің нәтиже қорытындысы бойынша жасайды. Кейде жеке анықталынатын параметрлерді ерекшелейді.

Контактілерден ақау іздеу

Кез келген электр қондырғының электр тізбегі арасында электр контактілері арқылы байланысқан әр түрлі элементтерден тұрады. Мысалы, төмен вольтты торапта үшфазалы электр қабылдағышқа орта есеппен алғанда алпыстай электр контактілері орналасқан. Оның әрқайсысынан барлық электр қондырғының жағдайы байланысты. Сондықтан электр контактілердің реттеуші бақылауы электр қондырғының жоғары сенімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстың құраушы бөлігі болады.

Электр контактісі дегеніміз токтың бір токөткізгіш бөліктен басқа бөлікке өту орны. Белгіленуі бойынша контактілерді қосатын және коммутациялық деп бөледі. Біріншілері электр тізбегінің әр түрлі элементтерін қосу үшін ғана арналған, екіншілері электр тізбегін ауыстырып қосу, сөндіру, қосу үшін арналған.

Контактілердің конструктивті орындалуының үлкен саны белгілі. Қосатын контактілерді жиналатын (болттық, винттық, клиндық) және жиналмайтын (пісіру, дәнекерленген, тойтарылған) деп бөледі. Коммутациялық контактілерді жылжу белгісі бойынша (жылжымалы, жылжымайтын), жылжу дәрежесі бойынша (өз орнатылатын, өз орнатылмайтын), салқындату түрі бойынша (табиғи, жасанды), белгіленуі бойынша (басты, доға сөндіргіш, қосымша) және басқа белгілер бойынша.

Контактілердің жағдайын анықтайтын немесе қосымша параметрлер бойынша анықтайды. Біріншілерге өтпелі кедергіні, кернеудің түсуі, контакт қызуының температурасын, екіншісіне жанасу ауданы, ерітінді, контактілердің сығылу күші.

Контактінің өтпелі кедергісі деп токтың бір контактілі беттен екіншісіне өту орнын атаймыз. Олар, біріншіден, беттің кедір-бұдырында контакт қимасы ауданының тарылуы, екіншіден, контакттің бетімен адсорбцияланған шаңның, газ және май бетінің кедергісімен шартталған. Өтпелі кедергінің мәні көп факторларға тәуелді, бастысы – микрорельеф, контактілі беттің материалы және сығылуының күшеюі.

Контактінің өтпелі кедергісінде кернеудің жіберілетін түсуі контакт материалы тікелей байланысты және оны номинал режимде жұмыс істейтін контакт металының жұмсаруының болмау шарты кезінде таңдайды.

Төмен вольтты аппаратура үшін контактіде кернеудің жіберілетін міндері орнатылған: күміс – 0,01...0,02В, мыс – 0,01...0,03В, алюминий – 0,01...0,04В, темір – 0,02...0,05В.

Контактілердің кедергісі пайдалану процесінде тұрақты болып қала бермейді. Қышқыл әсерінен металл бетінде үлпілдек қабықша пайда болады, оның қалыңдығы уақыт өткен сайын артады, ақырында ол қосымша қызу мен өтпелі кедергінің өсуіне әкеледі. Контактілердің сенімді жұмысы үшін қызу температурасы үшін орнатылған нормаларды қатаң сақтау керек: беті жабылмаған сынапты коммутациялық контактілер -850С, күміс жабылған - 2400С, аппараттар ішіндегі қосатын мысты контактілер – 950С, қарапайым металмен жабылған – 1050С, күміспен жабылған – 1350С (қоршаған ортаның есептік температурасы 450С кезінде).

Контактілердің жанасуының ауданы олардың жөндеуінің немесе тозу дәрежесін сипаттайды. Дұрыс жағдайда жанасудың фактілі беті контактінің 70% кем емес ауданын құрайды.

Контактілердің ерітіндісі деп контактілердің ажыратылған жағдайы кезіндегі жанасу беттері арасындағы ең үлкен мәнді айтады. Аппараттың типіне байланысты бұл шама 3-тен 50мм-ге дейін болуы мүмкін.

Контактілердің өтпелі кедергісін тұрақты немесе айнымалы ток кезінде өлшейді. Ол үшін микроомметр, екі ретті көпір немесе миливольтметрі бар сұлбаны қолданады. Жаңа контактіде өтпелі процесс толық эквивалентті бөлімнің кедергісінен 1,2 есе аспауы керек. Пайдалану процесінде бастапқы мәнмен салыстырғандағы 1,8 еседен аспайтын арту жіберіледі.

Өтпелі кедергідегі кернеудің түсуін номиналды тұрақты токтың контактісі арқылы өткізіп, миливольтметрмен немесе гальванометрмен өлшейді. Ол үшін әр түрлі жүктемелік қондырғылар қолданылады.

Оқшауламаның кедергісін өлшеу нәтижелері бойынша