Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс л_кцийЭЭО 2104.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.46 Mб
Скачать

6.7 Сурет – 1000 в дейінгі басқару тізбектерінің және электр қондырғыны жоғары айнымалы кернеумен оқшауламаны зерттеу сұлбасы:

SP – автоматты ажыратқыш; TV1 – реттеу трансформаторы; TV2 – кернеу трансформаторы; SB – өлшеу кезінде микроамперметрді қосу кнопкасы; R – 1000 Ом резистор; PA – микроамперметр.

7 Дәріс. Профилактикалық сынау

Электр қондырғы әр түрлі ұзақтықты беріктілігі әр түрлі элементтерден тұрады. Элементтің біреуінің сынуы барлық электр қондырғының істен шығуына әкеледі және өндіріске залал келтіреді. Әсіресе, кенеттен болатын істен шығулар қауіпті. Мүндай істен шығуды бірден тауып алу және қасиеттері бұзылған элементтерді ауыстыру мақсатында энергетикада профилактикалық сынау немесе бақылау өлшемі деп аталатын профилактикалық ақау іздеуді өткізеді. Техникалық пайдалану ережелерімен сәйкес жөндеу мен техникалық қызметтің құрамына кіретін, зерттеуге қосымша жеке жұмыстың түрі сияқты профилактикалық сынауды өткізеді.

Профилактикалық сынау кезінде оқшауламаға көп көңіл бөледі, өйткені ол электр қондырғының ең әлсіз элементі және істен шығудың ең көп мәнін тудырады. Электр қондырғының негізгі түрлерін зерттеу кезінде 3.1 кестесінде келтірілген нұсқаулармен сәйкес оқшауламаның кедергісін өлшейді. Электр қондырғылардың кейбір түрлері үшін профилактикалық сынау құрамына оқшауламаның кедергісін өлшеуден басқа сол мерзімге басқа да операциялар кіреді.

Күштік трансформаторлар үшін мәні нормаланбайтын R60/R15 абсорбция коэффициентін анықтайды, бірақ ол алдындағы мәнімен немесе зауыттың мәнімен салыстырғанда мәнінен салыстырғанда 30% төмен түспеуі керек. Ауа құрғататын фильтрдің индикаторлы силикагельдің құрамын тексереді.

Термосифонды фильтрмен жұмыс істейтін 630 кВ А қуаттан асатын трансформатор үшін бес жылда бір реттен кем тексермейді (фильтрсіз екі жылда бір рет). Осы кезде тесіп өту кернеуін, механикалық қоспалардың құрамын, қышқылдық санын, алдындағы талдаумен салыстырғандағы май жарқылдауының температура төмендеуін анықтайды. Кейбір жағдайда көлем мен зерттеу мерзімін жергілікті ережелер орнатады.

Электродты су қыздырғыштарда судың меншікті кедергісін өлшеп, ол 200С кезінде 10…50 Ом шегінде болуы керек. Қазанның қорғаныс аппаратурасының әсерін тексереді.

Әуе желілері үшін габаритті өлшемдерді, изоляторды, сымдардың қосылу орнын, ағаш тіректер бөлшектерінің шіру дәрежесін және желілер қорғанысының іске қосылуын тексереді.

Зерттеудің көлемі мен мерзімін жергілікті ережелер бойынша орнатады.

Жерлендіру құрылғы кедергісінің профилактикалық сынауын ППР жүйесімен орнатылған мерзімде өткізеді, бірақ үш жылда бір реттен кем емес. Өлшеудің сенімді нәтижелерін алу үшін топырақтың меншікті кедергісінің ең үлкен мәні кезінде өткізген тиімді. Нөлдік сымның қайталанатын жерлендіргіштердің кедергісі топырақтың меншікті кедергісі ρ<100 Ом·м кезінде 30Ом-нан аспауы керек, ал генератор мен трансформатор нейтралінің - ρ<100 Ом·м кезінде 4 Ом-нан аспауы тиіс (ρ>100 Ом·м кезінде 0,04-тен көп емес). Электрлі қазандықтардың жерлендіргіштерінің кедергісі 4 Омнан аспауы тиіс.