Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс л_кцийЭЭО 2104.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.46 Mб
Скачать

Пән және курсты үйрену әдістері

«Электрқұрылғыларын эксплуатациялау» курсын үйрену негізі – бұл негізгі заңдылықтар, таңдау әдістері мен ережелері, пайдалану, электр құрылғысын жөндеу және техникалық қызмет көрсету, сонымен қатар эксплуатациялық мәселелерді шешу әдістері. Теориялық сұрақтар жалпы үлгі ретінде оқылады, онда келесі түсініктер қолданылады: объект, бұйым, құрылғы. Олар кез келген энергетикалық құрылғы түрлерін ауыстыра алады.

Курсты үйрену уақытында танымның түрлі әдістерін қолданады: тәжірибе, анало­гия, салыстыру, анализ, синтез, жүйелік көзқарас және т.б. Тәжірибе ғылыми таным әдісі ретінде ең көне және ең көп тараған болып табылады. Ол өзінің көрнекілігінің және сенімділігінің арқасында үлкен танымдық мәнге ие. Тәжірибе әдістері жақсы даму үстінде. Соңғы жылдары тәжірибенің активті жобалау әдісі кең қолданылуда. Электр құрылғыларын эксплуатациялау кезінде көптеген байланыстар тек тәжірибелік мәліметтер кезінде ғана көрінеді (сенімділік көрсеткішінің эксплуатация шарттарымен байланыстылығы, электр құрылғы ПӘК электр энергия сапасының әсері және т.б.).

Электр құрылғыны эксплуатациялаудың ұтымды шарттары және міндеттері

Электр құрылғыларын эксплутациялаудың негізгі мақсаты, эксплуатация теориясының соңғы ережелерінде көрсетілгендей, осы құрылғылармен жабдықталған технологиялық объектілердің тиімді жұмысын қамтамасыз ететін сенімділік және пайдалану деңгейлерін қолдау болып табылады.

Негізгі мақсаттың мазмұнын талдай келе, ондағы үш аралық мақсатты бөліп көрсетуге болады: электр құрылғыларының талап етілетін сенімділігін қамтамасыз ету, электр құрылғыларын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, эксплутациялық шығындарды азайту.

Әр көрсетілген мақсат эксплуатацияның алдына техникалық, технологиялық, қоғамдық және экономикалық міндеттерді қояды, олардың байланысы 1.1 кестеде көрсетілген.

1.1 кесте - Эксплуатация міндеттері мен мақсаттарының классификациясы

Талап етілетін сенімділікті қолдау

Техникалық міндеттер

Ұжымдық міндеттер

Жетілдіру және ескірген электр құрылғы-ларын ауыстыру

Көздердің және технология-лық объектілер-дің апаттық режимдерін ескерту

Жөндеу-қызмет көрсету базасын жетілдіру

Қызметкерлерді ынталанды-ру жүйесін жетілдіру және біліктілікті жоғарылату

Бос тұру және істен шығу есебін жетілді-ру

Техникалық эксплуатация ұйымын жетілдіру

Электр құрылғыларын ұтымды пайдалану

Технико-технологиялық міндеттер

Ұйымдық міндеттер

Тәуліктік және жылдық жұмыс-пен қамтылу-ды жоғарылату

Қолайлы жүктемені қолдау

Мәжбүрлі жұмыс режимдерін қолдану

Қолайлы пайдалану нормативтерін әзірлеу

Пайдалану нәтижелігінің ынталандыру жүйесін және есебін жетілдіру

Эксплуатацияға жұмсалатын шығынның қолайлы деңгейін қолдау

Қоғамдық міндеттер

Ұйымдық міндеттер

Еңбек ұжымдарын қалыптастыру

Ғылыми ұжымдық еңбекті енгізу

Тұрғын үйлік және тұрмыстық жағдайларды жақсарту

Еңбек өнімділігін арттыру

Қор қорғанысын арттыру

Жұмыс нәтижелігін бағалау жүйесін арттыру

Техникалық міндеттерді шешу ескірген бұйымдарды уақытында ауыстыру және жетілдіру есебінен құрылғы сапасын жоғарылатумен, қызмет көрсетуді жақсартумен, автоматизацияны енгізу және пайдалану режимдерін онтайландырумен тығыз байланысты. Технологиялық міндеттер құрылғы мүмкіндігінше технологиялық процестердің мұқият келісіміне, процестердің энерго сыйымдылығын төмендетуге және шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылатуға бағытталған.

Үлкен мәні бар, бірақ жиі бағаланбайтын қоғамдық міндеттер энергетикалық қызмет мамандарының моральдік, еңбектік және тұрмыстық жағдайларын жоғарылатудан құралады. Ұжымдық міндеттер энергетикалық қызметті басқару принциптерін, құрылымын, формасын жетілдіруге; ағымдық және күрделі жөндеу, техникалық қызмет көрсету әдістерін жақсартуға; қызмет мамандарымен бөлімшелерінің нақты жетістіктеріне бағытталған.