Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс л_кцийЭЭО 2104.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.46 Mб
Скачать

Электр энергиясы сапасының нормативтері мен көрсеткіштері

Тұтынушыларды сапалы электр энергиясымен жабдықтау жағдайында ғана электрификациядан жақсы нәтиже алуға болады. Ол төмендеген жағдайда электр энергиясын қолданатын энергетикалық қондырғылар мен электр құрылғыларының жұмыс істеу көрсеткіштері ғана төмендемейді, сонымен қатар электрификацияланған өндіріске үлкен нұқсан келеді.

Біздің мемлекетіміздегі электр энергиясына қойылатын талаптар МЕСТ 13109-99 «Электрлік энергиясы, жалпы тағайындалған электрлік желі электр энергиясы сапасына қойылатын талаптар» бойынша реттелген. Қабылдағыштар немесе электр энергиясын тұтынушылар байланысқан нүктелерде, жиілігі 50 Гц жалпы тағайындалатын бірфазалы және үш фазалы айнымалы тоқ электр желілеріне стандарт бойынша электр энергиясы сапасына талаптар қойылады, тек жалпы тағайындалған электр желілеріне (түйіспелі байланыстар), электр жабдықтау автономды жүйесінің жылжымалы қондырғы желілеріне (поезд, самолет); уақытша тағайындалған желіге, жылжымалы қорек көзіне қосылған желілерге бұл талаптар қойылмайды.

МЕСТ бойынша электр энергия сапасының көрсеткіштері (ЭСК) екі топқа бөлінген:

  • ЭСК негізгі

  • ЭСК қосымша.

Негізіг ЭСК электр энергия сапасын сипаттайтын қасиеттерді анықтайды. Кернеумен байланысты көрсеткіштер желі бойлылығына және трансформация санына тәуелді болады. Кернеу класы жоғары болған сайын, электр энергиясы сапасының нормаларына қойылатын талаптар қатаң болады. Желі жиілігі сапаның жалпы жүйелі параметрі болып табылады және барлық кернеу кластары үшін бірдей болады.

МЕСТ 11 негізгі ЭСК тағайындады:

  • Жиілік ауытқу;

  • Тұрақтанған кернеу ауытқулары;

  • Кернеу шегінің өзгеруі ;

  • Фликер мөлшері(жыбырлағыш немесе тербеліс);

  • Синусоидалы кернеу қисығының бұрмалау коэффициенті ;

  • Кернеудің гармоникалық құрастырушысының -ші коэффициенті ;

  • Кері тізбектілік бойынша симметриясыз кернеу коэффициенті ;

  • Нөлдік тізбектілік бойынша симметриясыз кернеу коэффициенті ;

  • Кернеу құлауының ұзақтығы мен тереңдігі ;

  • Импульсті кернеу ;

  • Кернеу көбеюінің уақытша коэффициенті

Энергиясы сапасы көрсеткіштерінің кейбір мәндерін анықтау барысында электр энергиясының келесі көмекші параметрлерін қолданады:

  • Кернеу өзгерісінің қайталама жиілігін ;

  • Кернеу өзгерісінің арасындағы қашықтық ;

  • Кернеу құлауының тереңдігі ;

  • Кернеу құлауының пайда болу жиілігі ;

  • 0,5 деңгейі бойынша импульс ұзақтығы және оның амплитудасы ;

  • Кернеу көбеюінің уақытша ұзақтығы

ЭСК нормасының екі түрі бар: нормальды мүмкін (норм.)және шекті мүмкін(шекті).

Электр энергия сапасының көп қолданатын негізгі көрсеткіштерін қарастырайық.

Жиілік ауытқуы

Электр жүйесіндегі жиілік ауытқуы,Гц,электр жабдықтау жүйесіндегі айнымалы тоқ номиналды жиілік мәндерімен нақты жиілік мәндері арасындағы айырмашылық бойынша сипатталады және мына теңдікпен анықталады:

Жиілік ауытқуы бойынша шекті нормалар құрайды:

= ±0,2 Гц; = ±0,4 Гц.

Жиілік ауытқуы электр станция генераторының активті қуатымен электр желіге жіберіс кезіндегі қуат шығынын есепке ала отырып жүктеме қолданатын қуат арасындағы дисбаласпен ескертілген.