Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс л_кцийЭЭО 2104.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.46 Mб
Скачать

1.2 Сурет - Қозғалтқыштардың пәк сипаттамалары

Сонымен, электр құрылғылар жүктеменің кең өзгеріс интервалында жоғары энергетикалық көрсеткіштерге ие болуы қажет. Бұл кезде барлық факторлардың абайсызда өзгеретін сипаттамаларын ескеру қажет.

Эргономикалық белгілер құрылғылардың қызмет көрсету персоналдың психофизиологиялық мүмкіндіктерімен сәйкестігін анықтайды. Олар МЕСТ 21033-75 және МЕСТ 16456-70 бойынша белгіленген гигиеналық, антропометриялық, физиологиялық және психологиялық көрсеткіштер бойынша бағаланады. Гигиеналық көрсеткіштер тобына жарықтылық, шаңдылық, шу, діріл және магнит өріс кернеулігінің деңгейлері кіреді. Негізінде жаңа электр құрылғылар қанағаттанарлық гигиеналық көрсеткіштерге ие болады, бірақ эксплуатация кезінде олар төмендейді. Әсіресе, тұрақсыз механикалық және магнитті діріл шу әсерлер. Уақытылы және сапалы техникалық қызмет көрсетулер гигиеналық көрсеткіштерді талап етілетін деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді. Антропометриялыққа құрылым және қызмет көрсету персоналының реттілігі бойынша құрылғыны орналастыру сәйкестігін сипаттайтын көрсеткіштер жатады. Электр құрылғыны дұрыс орналастыру оған қызмет көрсетуді жеңілдетеді. Таратқыш қалқандар және пунктер бұл талаптарды толық қанағаттандырмайды, себебі олар тар жерлерде және биікте орналасқан. Құрылғының эргономиялық белгілері адамның көру, есту, күш және рефлекторлы мүмкіндіктеріне және оның еңбек кәсіби дағдыларына сәйкес келуі қажет.

2 Дәріс. Техникалық қызмет көрсету жүйесі және өнеркәсіпті кәсіпорынның энергошаруашылық құрылғыларын жөндеу

Электр құрылғыларын эксплуатациялау ұйымының регламенттеуші негізгі нормативті құжат болып өнеркәсіпті кәсіпорынның энергошаруашылығына техникалық қызмет көрсету жүйесі табылады (ЭҚ ТҚЖ жүйесі). Бұл жүйе ескерілетін жөндеу сала жүйелерінің нормативтері мен нормалар сабақтастығын сақтап қалған (ЕЕЖ).

Барлық негізгі шаруашылық саласында өзіндік ЕЕЖ жүйелерінің салалары бар (Минводхоз, металлургиялық өнеркәсіп, авиация, орман шаруашылығы, ауыл шаруашылығы және т.б.).

ЭҚ ТҚЖ жүйесінің нормалары мен нормативтері кейбір өзгерістерге ұшырап, бірақ сала нормалары мен нормативтерінің негізгі номенклатуралары сақталып қалды.

Бұл нормативті құжатта жобалау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету ұйымы туралы, кезенділік деректері, жұмыстың типтік құрамы, материалдар шығыны және еңбек сыйымдылығы туралы ұсыныстар бар және электр құрылғыларының негізгі түрлерінің ТҚ және ТЖ кезендерінің ұзақтығы және құрылымы келтіріледі.

Профилактикалық жұмыстарды орындау ТҚ және ТЖ графиктерін құруды қарастырады (жылдық, айлық, апталық).

Электр құрылғыларын эксплуатациялау және жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау негізінде техникалық қызмет көрсету және жөндеу эксплуатациондық персоналмен байланысқан оперативті жөндеу және жөндеу қажеттілігін анықтау методикасы қарастырылады.

Объектке, құрылғыға, желіге оперативті қызмет көрсету, монтаж жұмыстарын орындау, стандартты емес құрылғыларды жасау жөндеу мен ТҚ көрсетуге тікелей қатынасы жоқ. Оперативті персонал үшін сандық құрамы туралы сұрақ электр құрылғыларының түрлеріне сәйкес техникалық эксплуатация ережелері бойынша, объект өзгешелігін бейнелейтін техникалық қауіпсіздік талаптары және жергілікті нұсқаулар бойынша регламенттелінеді. ЕЕЖ жүйелерін тұрақты және өзгермейтін деп есептеуге болмайды. Оларды тұрақты жетілдіріп отыру қажет, себебі уақыт өткен сайын құрылғының жаңа түрлері, диагностикалық аспаптар шығып жатыр, технология жетілдіру үстінде, электр құрылғыларын эксплуатациялау тәжірибесі және білімі жинақталуда.