Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курс л_кцийЭЭО 2104.doc
Скачиваний:
193
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
3.46 Mб
Скачать

Электр құрылғыларының эксплуатациондық белгілері

Электр құрылғыларының эксплуатациондық белгілері – бұл қандай да бір шамада бір бұйымның эксплуатациялық талаптарға сәйкестігін сипаттайтын нақты ерекшеліктері немесе сапа белгілері. Техникалық қызмет көрсетуге және тиімді пайдалануға құрылғы көп бейімделсе, соншалықты оның эксплуатациондық белгілері жоғары деп есептелінеді. Электр құрылғыларын жасау және әзірлеу уақытында бұл мүмкіндіктердің негізін салады, тек эксплуатация барысында жүзеге асырады.

Электр құрылғыларының эксплуатациондық белгілер жиынтығын жалпы және арнайы деп бөлуге болады. Жалпы – бұл барлық электр құрылғылар түріне тән, ал арнайы – электр құрылғыларының нақты бір топтарына ғана тән. Жалпы белгілерге сенімділік және технико-экономикалық қасиеттер жатады, ал арнайыға – технологиялық, энергетикалық, эргономикалық және басқа да белгілер жатады. 1.1. суретте электр құрылғыларының эксплуатациондық белгілерінің классификациясының үлгісі көрсетілген.

Эксплутациондық белгілердің сандақ бағалауын бірлік немесе жинақтық көрсеткіштер көмегімен жүзеге асырады (параметрлер, сипаттамалар). Бірлік көрсеткіш тек бір ғана белгіге сәйкес келсе, ал жинақтық бірнеше белгілерге сәйкес келеді. Әрбір көрсеткіш уақыт факторын әртүрлі есептей алады. Осы белгісіне байланысты оларды номиналды, жұмысшы және нәтижелі көрсеткіштер деп бөледі.

Номиналды көрсеткіштер – дайындаушы ұсынған электр құрылғы, негізгі параметрлерінің мәндері құрылғы қасиеттерін реттейтін және осы мәндер сынау және эксплуатация кезінде ауытқуларды есептеудің бастапқы мәні ретінде қызмет етеді. Оларды техникалық құжаттарында немесе электр құрылғының зауыттық қалқандарында көрсетеді.

Жұмыстық көрсеткіштер– бұл қолданыстағы факторлардың нақты сәйкестігі кезіндегі эксплуатацияның сол бір сәтінде қадағаланатын нақты мәндер. Олар қарапайым нүктелік баға қасиеттерін береді.

Нәтижелі көрсеткіштер– бұл эксплутацияның біршама кезеніндегі орта немесе орта өлшемді мәндер (мерзім, жыл немесе қызмет көрсету мерзімі). Олар электр құрылғығы қызмет көрсету нәтижелігін және пайдалану тиімділігі туралы толық мағлұмат береді. Эксплуатация кезінде нәтижелік көрсеткіштер номиналды көрсеткіштерден кем болмауы керек.

Қазіргі кездегі өндіріс құрылғы сенімділігіне ерекше талаптар қояды.

Эксплуатациялық қасиеттері

Жалпы

Арнайы

Сенімділік

Технико-экономикалық қасиеттер

Агрозоотех-никалық

Электрлік

Эргономикалық

Тоқтаусыз жұмыс істеу

Типөлше-мді қатар

Функционалды

Пайдалы әсер коэфициен-ті

Гигиеналық көрсеткіштер

Ұзақ мерзімділік

Құны

Қауіпсіздік

Антропологиялық көрсеткіштер

Жөндеуге жарамды

Қуат коэфициен-ті

Профилактикалық шығындарр

Зиянсыз

Сақтандылымдығы

Қосу қасиеттері

Басқа көрсеткіштер

Күрделі жөндеу шығындары

1.1Сурет - Электр құрылғыларының эксплутациондық қасиеттерінің тіктелуі

Қазіргі таңда электр құрылғыларының жұмыстан бас тартуы қауіпті емес, олардың жұмыс қабілеттілігінің тоқтауы, яғни бос тұруы қауіпті. Егер бос тұру біршама жарамдылық уақытынан асып кетсе, онда технологиялық процестің бұзылуы өнімнің шығарылмауына немесе бұзылуына және басқа да қажет емес зардаптарға әкеп соғады. Құрылғының ұзақ мерзімділігі номенклатураның дұрыс таңдауына, резервтегі элементтердің орналасуы мен санына, энергетикалық шаруашылық өндірісінің оперативті-кезекші ұйымының жақсы қызмет көрсетуіне тәуелді.

Технико-экономикалық көрсеткіштер типтік өлшемдік қатарды, сатып алу құнын, монтажды, электр құрылғыны жөндеуді және қызмет көрсетуді сипаттайды. Нақты электр құрылғының типтік өлшемді қатары қуат, кернеу және басқа параметрлері бойынша номенклатурасын анықтайды. Бұл өлшемнің шкаласы үлкен болған сайын, электр құрылғыны эксплуатация шарты бойынша нақты таңдап алуға болады. Электр құрылғы сапасына тұтынушы жағынан өсіп келе жатқан талаптарды қанағаттандыру үшін, электротехникалық өндіріс шығарылатын бұйымның номенклатурасын үздіксіз өсіруде. Электр қозғалтқыштарының бірінші сериясы -9, екіншісі-17, ал төртіншісі- 25-тен аса арнайы орындаулар мен модификацияларға ие.

Бірақ көп номенклатуралық эксплуатацияны ұтымды ұйымдастыруды сатып алу күрделігіне байланысты, артық бөлшектерді, материалдарды, құралдарды сақтау күрделігіне байланысты қиындатады. Эксплуатациондық қызметшілер жіктелініне талаптар жоғарылауда. Сондықтан электр құрылғыларын олардың типтік өлшемді қатарын оптималды құрылым бойынша шығаруға ұмтылуда.

Құндық көрсеткіштер құрылғының жалпы және салыстырмалы бағасын көрсетеді. Олар қызмет көрсету кезенділігінде, құрылғы жүктемесінде, резервтегі қорды санау кезінде және басқа да эксплуатациондық міндеттерді шешу кезінде қажет.

Эксплутациондық қасиеттердің нәтижелі көрсеткіштерінің оптималды мәндерін құрылғыны жасауға және пайдалануға кеткен шығындар қосындысы бойынша анықтайды. ПӘК немесе сенімділікті арттыру техникалық эксплутацияны немесе шығындарды арттырумен байланысты және бұл кезде құрылғының жұмыстан бас тартқан кездегі технологиялық нұқсандарды, энергия жоғалуын, күрделі жөндеу шығындарын төмендетуге болады. Құндылық көрсеткіштер аталған бәсеке көрсеткіштерді салыстыруға және жақсы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Технологиялық көрсеткіштер электр құрылғының техникалық немесе басқа да арнайы талаптарға сәйкес келуін сипаттайды. Жалпы тағайындалған құрылғылар адамдар қатынасы бойынша қауіпсіз және зиянсыз болуы қажет (двигательдер, трансформаторлар және т.б.).

Құрылғыларды техникалық қасиеттері бойынша дұрыс таңдау және осы қасиеттерді сақтау эксплуатация кезінде жоғары сапалы технологиялық процесті ғана емес сонымен қатар энергоресурстарды үнемдеуді қамтамасыз етеді.

Энергетикалық белгілер құрылғының ПӘК-ке, қуат коэфициентіне, басқа да энергетикалық көрсеткіштерге байланысты энергияны жоғары үнемділікпен пайдалануды көрсетеді және ауыспалы және басқа да жұмыс режимдерге бейімделуін көрсетеді. Жақсы энергетикалық қасиеттер барлық құрылғы түрлерінде болуы қажет. Мысалы, электр құрылғыны қорек көзіне көп еселі трансформация энергиялы электр желі арқылы қосады. Электр жабдықтау жүйесі төмен ПӘК ие (70%), сондықтан желі электр қабылдағыштары төмен энергетикалық қасиеттерге ие және электр энергияның көп шығынын тудырады.

Энергетикалық қасиеттерді бағалау кезінде тек номиналды көрсеткіштерді ғана емес, сонымен қатар нәтижелі көрсеткіштерді де ескеру қажет. 1.2. суретте көрсетілген қозғалтқыштардың ПӘК жұмыстық сипаттамаларын қарастырайық. Бірінші қозғалтқыштың номиналды ПӘК екіншіден біршама жоғары. Бірақ бұл бірінші қозғалтқышты дұрыс таңдауға негіз бола алмайды, себебі ПӘК жоғары мәндері жүктеменің тар аралығында ғана байқалады, ал осы аралық сыртында энергетикалық қасиеттер бірден төмендейді. Бұл қозғалтқыштарды пайдалану кезінде олардың әрқайсысына оптималды жүктемені қамтамасыз ету қиынға соғады. Сондықтан қозғалтқыш тобының орташа ПӘК-і номиналдыдан төмен болады. Екінші қозғалтқышта ПӘК-нің жоғары мәндері жүктеменің кең диапазонында байқалады. Бұл қозғалтқыштарды қолдану кезінде ПӘК нәтижелік қосынды мәндері номиналды мәнге жақын болады.