Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_Asty_1179_ty_keptiru_Kizatova-2014.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
925.18 Кб
Скачать

Тәжірибелік сабақ №8 Ылғалдылықты кептіру тәсілімен анықтау

Сабақтың мақсаты: Ылғалдылықты кептіру тәсілімен анықтауды үйрену

Астық қабылдау кәсіпорындары астық сатушылармен есеп айырысқанда ылғалдылықты негізгі тәсілмен-ұнтақталған астық шөкімін кептіргіш шкафта тұрақты| салмағына жеткізіп кептіру анықтайды.

Орташа үлгінің әр түрлі нүктесінен 100 г астық шөкімін сұрыптайды да, тығыз тығыны бар бәнкеге (шыны сауыт) салып қояды. Осы шөкімнің 30 грамын зертханалық диірменде ұнтақтайды.

Ұнтақталған астықты тығыны бар бәнкеге салады, жақсылап араластырады да одан қалақтың көмегімен әр жерінен 5 грамнан екі шағын шөкім сұрыптап, алдын ала кептірілген және өлшенген алюминий бюкстерге салып, 0,01 грамға дейінгі дәлдікпен техникалық таразыларда өлшенеді. 140 С температураға дейін қыздыратын СЭШ-3, СЭШ-ЗМ (2-1 сурет) кептіргіш шкафтарға ашық бюкстерді (қакпақтары бюкс түбінде): орналастырады.

Бюкстерді кептіргіш шкафқа орналастырып және түсіру үшін шкаф қақпағының қозғалмалы жоғарғы бөлігін (үстелін) жылжытады. Содан кейін түйісу (контактілік) термометрін 130°С-қа қояды. Кептіру процесінде лампы бірде жанып, бірде сөніп отырады, соның нәтижесінде қыздырғыш спиралдер токқа бірде қосылып, бірде алшақтанады, бірақ кептіргіш шкафтың температурасы қажетті мөлшерден +2°С ғана ауытқиды. 40 минуттен кейін бюкстерді (қаңылтыр стақандар) тигелді кысқыштармен алып салқындату үшін 15-20 минутке эксикаторға салады. Салқындатылғаннан кейін бюкстер астық шөкімімен өлшенеді, кептіргенге дейінгі және кептіргеннен кейінгі салмақ айырмасы бойынша ылғал іөтіперін анықтайды. Астық ылғалдылығы пайызбен көрсетіледі де, мына анықтама бойынша есептеледі:

ЬІ=а • 100/б,

мүнда Ы-ылғалдъшық, %, а - шөкімдерді кептіру нәтижесінде жоғалған (буланған) ылғал мөлшері, г; б - үнтақталған шөкім массасы, г.

Шөкім 5 г болғанда ылғалдылық жоғалтан ылғалды 20-ға көбейткенге тең. Қатар анықталған қос үлгінің орташа арифметикалық мағынасы алынады да 0,1 % дәлділікпен көрсетшеді. Параллель анықталған екі шөкімнің айырмашылығы 0,25 % асып кетсе анықтауды қайталайды.

Астық дақылдары мен бұршақ тұқымдастар дәндерінің ылғалдылығы 18 % жоғары болғанда дән нашар ұнтақталады және зертханалық диірменде тарту процесіне айтарлықтай шамада ылғалды жоғалтады.

Емтихан сұрақтары:

  1. Астық түйірінің физикалық және физика-химиялық қасиеттерін атаңыз?

  2. Қандай материалмен ылғал байланыс пішіндерін білесіңіздер?

  3. Гигроскопиялық дегеніміз не?

  4. Астық түйірі ылғалдығының төрт жағдайын атаңыз?

  5. Динамикалық тепе-теңдік дегеніміз не?

  6. Қандай ылғалдықты тепе-те деп атайды?

  7. Жылуөткізгіш дегеніміз не?

  8. Жылусыйымдылығын есептеу формуласы қандай?

  9. Скваживость анықтама бер?

  10. Сыпучесть анықтама бер?

  11. Құрғақ астық түйір үшін бұрылу бұрышы қандай болуы керек?

  12. Аэродинамикалық қарсыласу мәніне сипаттама беріңіз?

  13. Астық түйірін ылғалсыздандыру үшін қолданылатын негізгі тәсілдерді атаңыз?

  14. Әртүрлі температура мен ылғалдықтағы астық түйірін араластыру тәсілінің мақсаты?

  15. Астық түйір қоспасының температурасы мен ылғалдығын есептеу формуласын жазыңыз?

  16. Қажетті циркуляция коэффициентінің деңгейін (қоспа ылғалдығының есебі негізінде) қалай есептейді?

  17. Астық түйірді аз уақытта (жылдам) қыздыруды тағайындауын сипаттаңыз?

  18. Астық түйірі қоспасын ұстаудың тәсілдің негізгі тағайындайлары: ылғалдығы және температурасы бойынша көпкомпонентітілігі; ылғалдығы және температурасы бойынша біртекті.

  19. Астық түйірі қоспасының ылғалдығы және температурасы бойынша көпкомпонентілікте ылғал алмасудың әсерлігі неге байланысты?

  20. Рециркуляцияланатын астық түйірін аралық суытудың тағайындалуына қысқаша сипаттама беріңіз. Қандай бидай кептіргіште осы тәсілді қолданады?

  21. Кептірілген астық түйірін соңғы суыту тәсілінің мәнін сипаттаңыз?

  22. Астық түйірін кептіруде сатылы шығыс және төменгі режимді пайдалану жинақтығын түсіндіріңіз?

  23. Астық түйірін кептіруде сатылы шығыс және төменгі режимді қолдану жағдайы қандай?

  24. Астық түйірін кептіруде қолданылатын дифференцирленген режимдерді қажеттілігін меңгеріңіз?

  25. Қисық кептіруге сипатама беріңіз?

  26. Кептірудің қисық жылдамдығына түсініктеме беріңіз?

  27. Сыртқы жылу-, ылғалалмасудың жүру жағдайы қандай?

  28. Фурье теңдеуін көрсетіңіз?

  29. Ішкі жылуалмасу механизмін түсіндіріңіз?

  30. Материалдың ылғалаккумулирлеу қабілеттігін қандай параметр анықтайды?

  31. Элементарлы қабатқа анықтама беріңіз?

  32. Астық түйір бидайының қыздыру интенсивтілігі неге байланысты?

  33. Күріш астық түйірін кептіру жылдамдығының төмендетілуі немен түсіндіріледі?

  34. Тығыз қозғалыссыз қабатты астық түйірін кептіру үрдісінің маңызы?

  35. Тығыз қозғалыссыз қабатты астық түйірін кептіру барасында кептіргіш агентінің температурасы неге қатаң түрде шектелуі керек?

  36. Гравитациялы-қозғалыссыз тығыз қабатта кептіру қасиеті неде?

  37. Гравитациялы-қозғалыссыз тығыз қабатпен тығыз қозғалыссыз қабатты кептіру айырмашылығы неде?

  38. Гравитациялы-қозғалыссыз тығыз қабатта кептіруді қолданудың қажеттілігін меңгеріңіз?

  39. Ылғалды буландыру мен астық түйірін қыздыру интенсивтігі арасында өзара қандай байланыс бар?

  40. Құрылымның бұзылуымен астық түйірінің арасындағы байланыстың әлсіреуі қандай жағдайда жүреді?

  41. Егер астық түйір қабаты борпылдақтанған жағдайды қалай атайды?

  42. Псевдо қабатта кептіру барысында астық түйірінің температурасының өзгеруіне сипатама бер. Немен түсіндіруге болады?

  43. Псевдо қабатта кептіру барысында суыту циклін кезектеп қолданылатын біріңғайлықты циклді кептіруді меңгеріңіз?

  44. Төгілетін қабатта кептіруден гравитациялы-қозғалыссыз қабатта кептірудің айырмашылықтарын атаңыздар?

  45. Кептіруде төгілу қабатында өз бетімен емес, аралас көпкамералы кептіргіш құрамды элемент ретінде қолданудың себебі неде?

  46. Төгілу қабатында кептіру кезінде астық түйірін қыздыруда әсер ететін факторларды атаңыздар?

  47. Астық түйірі ілінген қабатты кептіру әсерінің принциптері.

  48. Астық түйірін кептіру жылдамдығы мен қыздыру жылдамдығының қатынасы немен анықталады?

  49. Астық түйірі ылғалының диффузия коэффициентін ненің есебінен өсіруге болады?

  50. Астық түйірінің рециркуляциясымен кептірудің негізгі тағайындаулары неде?

  51. Кептірілген астық түйірінің табиғилығының өсуі немен түсіндіріледі?

  52. Астық түйірінің физикалық қасиетіне әсер ететін факторларды атаңыз?

  53. Ақуыз кешенінің өзгеруі немен сипатталады?

  54. Кептіру барысында астық түйірінің өсуі мен ұқсастығы жоғарлауы немен түсіндіріледі?

  55. Егер астық түйірінің бастапқы ұқсастығы төмен болса, кептіру барысында астық түйірін қыздыру жоғары болуы немен түсіндіріледі?

  56. Астық түйірінің жылубелсенділігі дегеніміз не және қандай кезеңдермен сипатталады?

  57. Астық түйірін денатурация терең емес кезінде қандай өзгерістер болады?

  58. Липаза ферментінің әсерінен липидтік құрамның өзгеру сипаты түсіндіріңіз?

  59. Қандай жағдайда липаза инактивациясы жүреді?

  60. Липидтің тотығуы мен астық түйірінің сапасының арасындағы байланысты түсіндіріңіз?

  61. Интенсивті кептіру барысында күнбағыс тұқымында майдың өсуі немен түсіндіріледі?

  62. Кнбағыс тұқымын қыздыру температурасына қышқыл санының өсу байланысына сипаттама беріңіз?

  63. Тұқымдағы майдың қышқыл санының өзгеруі неге байланысты?

  64. Астық түйірін жинаудан кейінгі жетілдіру үрдісі кезінде кептіру қандай өзгерістерге әкеп соғады?

  65. Жылумен кептіру кезінде астық түйірін жинаудан кейінгі жетілдіру үрдісінде болатын өзгерістерге сипаттама беріңіз?

  66. Кептіру үрдісінде ылғалдың, тіпті қоректі заттардың таралуын түсіндіріңіз?

  67. Астық түйірінің тіндерінің микроқұрылымының қайта құрылуы неге жүреді?

  68. Микроқұрылымның өзгеруінен кейін қандай орындары юолады?

  69. Әртүрлі затар мен газдар булары бар қоршаған ортада астық түйірінің сорбирлеу қабілеті қаншалықты?

  70. Хемосорбция дегеніміз не?

  71. Кептіру кезінде астық түйірінің микрофлорасы қандай өзгерістерге ұшырайды?

  72. Астық түйірін кептіруде қазіргі техникасына қандай талаптар қойылады?

  73. Кептіргіштерге қандай талаптар қояды?

  74. Кептіргіштерге қойылатын технологиялық талаптарды атаңыз?

  75. Кептіргіштерге қойылатын экономикалық талаптарды атаңыз?

  76. Кептіргіштерге қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік және тағы басқа мақсатта қойылатын талаптар?

  77. Жылуөткізгіштік әдісі бойынша қандай кептіргіштер болады?

  78. Жұмыс істеу режимі бойынша қандай кептіргіштер болады?

  79. Кептірудің технологиялық схемасы бойынша қандай кептіргіштер болады?

  80. Астық түйір қабаты бойынша қандай кептіргіштер болады?

  81. Кептіру камерасының конструкциясы бойынша қандай кептіргіштер болады?

  82. Кептіруді бақылаудың қандай түрлері іске асырылады?

  83. Жұмыс орнындағы кептіруді бақылау дегеніміз не?

  84. кептіруді зертханалық бақылау немен аяқталады?

  85. Реттегішке қандай құралдар жатады?

  86. Бақылаушы қондырғыларды атаңыз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]