Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_Asty_1179_ty_keptiru_Kizatova-2014.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
925.18 Кб
Скачать

Фотоэлектронды сепараттау

Біздің елде және басқа елдерде фотоэлектронды сепараттау басталған, ол дән араласпаларын түр-түсі бойынша бөледі. Осындай сепараторлау тұқымның физика –механикалық қасиеті біркелкілігін бөлуге болады, ол түсімен ғана ажыратылады. Мысалы, жүгері тұқымы, чечевица және фасоль дәні т.б.

Бункердағы тұқымдар үздіксіз лентаға түседі, ол арнайы жилоблокта орналасады және бірсызықтық ағын түрінде оптикалық камераға түседі. Тұқымның бос түсу үрдісі фотоэлементтегі сәуле ағынымен тигізіледі, олар біруақытта цветі эталонда жіберіледі, ол негізгі өнімнің түсімен бірдей болуы керек. Егер эталоннан дән түсі өзгеше болса, онда фотоэлемент автоматты түрде орындаушы механизмге белгі береді, ол жіңішке сығылған ауа сызығын қосады. Ауа соққысының әсерімен түсімен өзгешелентін тұқымдар өзінің ұшу траекториясын өзгертеді.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Қисық кептіруге сипатама беріңіз?

  2. Кептірудің қисық жылдамдығына түсініктеме беріңіз?

  3. Сыртқы жылу-, ылғалалмасудың жүру жағдайы қандай?

  4. Фурье теңдеуін көрсетіңіз?

  5. Ішкі жылуалмасу механизмін түсіндіріңіз?

  6. Материалдың ылғалаккумулирлеу қабілеттігін қандай параметр анықтайды?

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Резчиков В.А., Налеев О.Н., Савченко С.В., Технология зерносушения. Учебник. Алматы, Изд. АтУ, 2000.

2. Гинзбург А.С., Основы теории и техники сушки пищевых продуктов, – М.: Пищевая промышленность, 1973.

3. Гинзбург А.С., Технология сушки пищевых продуктов, – М.: Пищевая промышленность, 1976.

4. Жидко В.И., Резчиков В.А., Зерносушение и зерносушилки, – М.: Колос, 1982г, -139с.

11-тақырып: Астықты кептіргіштерде кептіру

Жоспар:

  1. Кептіруді тиімді ұйымдастырудың негізгі қағидалары

  2. Шахталы кептіргшітер

  3. Барабаңды кептіргіштер

  4. Рециркуляциялық астық кептіргіштер

  5. "Целинная — 20" астық кептіргішінің қүрылысы және жұмыс істеу қағидасы

Астық пен тұқымды астық кептіргіштерде жылу арқылы кептіру негізгі және барынша жоғары өнімді тәсіл. Астық пен тұқымды кептіруді тиімді ұйымдастыру үшін төмендегідей негізгі қағидаларды білген және ескерген жөн;

- қыздыру температурасының рұқсат етілген шекті мөлшері қарастырылып отырған астық немесе тұқым тобын қандай температураға дейін қыздыру қажет. Бұл көрсеткіш дақылға, оның пайдалану бағытына, бастапқы ылғалдылыққа (кептіруге дейінгі) байланысты өзгереді;

- астық кептіргіш камерасына енгізілетін кептіру агентінің онтайлы температурасы. Негізгі кептіру агенті-жағылатын газ бен ауаның қоспасы;

- астық пен тұқымды әр түрлі құралымды астық кешіргіштерде

кептірудің ерекшелікгері.

- кептіргіш шахталарының құралымдық ерекшеліктері бойынша шахтылы, пәрменді қыздыру құрылымы бар рециркулциялық (пневмотрубалар, тежегіш элементтері бар камералар), барабанды, камералы т,б. кептіргіштерді ажыратады.

Шахталы кептіргшітер

олар шахталы деп аталатын, төбесіне дейін кептірілетін астықпен толтырылатын бір және екі тік бұрышты камералардан тұрады. Шахтының жоғарғы жағы бір немесе бірнеше кептіру аймағы бар кептіру камерасы болып табылады; төменгі жағында салқындатқыш камера (салқындату аймағы) орналасқан. Бүкіл шахта бойымен жаңа кептіру агентін әкелетін және жұмыс істеп біткен агентті әкелетін және әкететін каналдар қалыптастыратын қорап деп аталатын құрылымды орналастырады.

Астық жеткізетін және әкететін қораптарды, көптеген астық кептіргіштерде әр қатар сайын кезектестіріп орналастырады. Астықты жақсы алмастыру үшін қораптарды шахмат тәртібімен орналастырады.

Ауыл шаруашылығында шахтылы түрдегі СЗС-8, СЭІН-8, ЗСПЖ-8, СЗШ-16 және СЗШ-16р тұрақты (стационарлы) және көшпелі кептіргіштер кең тараған. Азық-түліктік бидай астығының дымқылдыға оларда кептіргеннен кейін 6 %-ға дейін (20-дан 14 % дейін) төмендейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]