Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_Asty_1179_ty_keptiru_Kizatova-2014.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
925.18 Кб
Скачать

Барабанды кептіргіштер

Еңбек өнімділігі 2-5 т/сағ. Бұл түрдегі астық кептіргіштерде кептіру агенті айналмалы барабанға астық құйылғанда (біреуінде немесе бірнешеуінде) өсер етеді. СЗСБ-8 кептіргішіндегі барабан қимасымен 6 секторға бөлінген. Олардың әрқайсысында барабан айналғанда астықты алып қалатын сөрелер бекітілген (барабанның айналу жылдамдығы 8 айналым/мин, ұзындығы 8 м). Астықтың барабанға біркелкі келуін тиегіш камера қамтамасыз етеді. Барабан бойымен тіреуіштің әсерінен және кептіру агентінің ағынымен жылжиды. Қотарғыш (түсіргіш) камерадан ол шлюзді ысырмаға бағытталады, одан салқындатқыш камераға жеткізіледі.

Астықтың кептіру агентімен түйісу уақыты барабанды кептіргіштерде шахталыға қарағанда аз. Сондықтан барабанды кептіргіштерде кептіру агентінің температурасы айтарлықтай жоғары (тұқым үшін 130°С дейін, азык-түліктік және жемазықтық астық үшін 180°С-дан жоғары) мұның өзі барабанда астықтың қызып кету қауіпін арттырады. Оның үстіне, астық барынша қызған кептіру агентімен түйіседі, ал оның температурасы барабаннан өткенде азаяды. Барабандағы астық қозғалысының түрі-сөрелерде бөгелу және құйылу-бұл кептіргіштерді бұршақ тұқымдастар, күріш және жүгері тұқымдарын кептіруге жарамсыз етеді, өйткені олар жарылып кетеді. Бұл кептіргіштер жоғары деңгейде шөп-шаламы көп астық массаларын кептіруге жарамды.

Рециркуляциялық астық кептіргіштер

Рециркуляциялық астық кептіру технологиясы, белгілі бір мөлшердегі сулы астықты құрғақ астықтың мол мөлшерімен араластыруға негізделген.

Кептіргіш агентінің өрлеу ағынында қоспасын қысқа мерзімде қыздыруы, қыздырған астықты 10-15 мин жатқызғаннан кейін салқындатуды алма-кезек алмастыру және кептірілген астықтың көп бөлігін рециркуляциялап кептіру іске асырылады.Қыздыру камерасындағы кептіру агентінің температурасы 250-380°С, астық қысқа мерзімде (2-3 мин) 50-60°С қыздырылады.

Рециркуляциялық кептірудің қалыптасқан процесі мынадан тұрады;

- қыздыру камерасында астық қыздыру және жартылай кептіру;

- дымқыл және құрғақ астық түйісудегі жылу және ылғал алмасуы;

- астықтың аралық және түпкілікті салқындауы;

- кептірілген астықтың басым бөлігін жартылай және бірнеше рет рециркуляциялау.

Қазақтың астық және оны өңдеу ғылыми-зерттеу институтында «Целинная» маркалы рециркуляциялы астық кептіргіштер жасалынды және олар Қазақстанның көптеген астық қабылдау көсіпорындарында ойдағыдай пайдаланылуда. Бұл түрдегі астық кептіргіштердің әр түрлі модификациялары жасалынды: Целинная-20, Целинная-30, Целинная-50 және Целиная-100.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығында астық кептіргіштердің негізінен үш типі-шахталық өнімділігі сағатына 8-16 т, барабанды сағатына 4-8 т және рециркуляциялық өнімділігі сағагына 30-100 т кептіру -қолданыс тапқан.

Кептіру агентінің температурасы мен тұқымның қызуы неғүрлым жоғары болса, соғүрлым астық және тұқым тез кебеді. Алайда, тұқым белгілі бір температуралық әсерде ғана сапасын төмендетпеуге бейімді. Тұқымның ыстыққа төзімділігі, оның ылғалдылына, пісу дәрежесі, кептіру уақыты мен дақыл түріне көп байланысты. Азық-түліктік астықты кептіргенде де қыздыру температурасы шектеледі. Кептіру жұмыстары дер кезінде және сапалы жүргізілгенде астықтың егін жинағаннан кейінгі жетілуі жеделдейді, қоректік заттардың шығыны азаяды, тұқымның өнгіштігі көтеріледі, нандық сапасы жақсарады, мекемелердің техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің тәуірлігі мен жоғары сортты ұнның шығымы артады, күрделі қаржы мен астықты егін жинағаннан кейінгі өндеуге кететін шығындарды азайтуға айтарлықтай әсер етеді.

Кептіру жұмыстарының ережелерін анықтағанда астықтың жоғары сапалылығы мен кептіру өнімділігі қамтамасыз етілетін шектеулі ең жоғары қыздыру температурасы таңдап алынады.

Астық кептіргіштерден 20-60 минөт аралығында өтеді. Бұл уақытта ол кептіру агентінің температурасына дейін қызып үлгермейді, өйткені ылғалдың булану процесі кезінде жылу шығындалады және барабанды кептіргіштерде қыздыру агентінің температурасы астықтың шектеулі қыздыру температурасынан әр уақытта жоғары болады. Мысалға, негізгі дәнді дақылдар үшін астықтың шектеулі қызуы +40, +45°С, ал кептіру агентінің температурасы шахталық кептіргіштерде +70, +130°С, барабанды және рециркуляциялық «Целинный» типтес кептіргіштерде +250°С, +300°С дейін өзгереді.

Солтүстік Қазақстан аймағындағы астық қабылдау мекемелерінде қазіргі уақытта «Целинный» типіндегі («Целинная-20», «Целинная-50», «Целинная-60» жене «Целинная-100») газды рециркуляциялық кептіргіштер кеңінен тараған. Аталған астық кептіргіште астықты тиімді кептірумен қатар, бір мезгілде оны шөпшар қоспасынан тазартады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]