Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Lektsia_Asty_1179_ty_keptiru_Kizatova-2014.doc
Скачиваний:
83
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
925.18 Кб
Скачать

Қарабидай.

Жаңа жиналған қарабидай дәнінің партиясы, әдетте, жоғары ылғалдылықпен және дәндер өскіндерімен ерекшеленеді, сондықтан кептіру процесін жүргізуін ұйымдастыру қажет.

Қарабидай дәнінің қабат қалыңдылығы және атызша сусымалдығы , ылғал булану жылдамдығы бидайға қарағанда төмен. Сонымен қоса қарабидайдың химиялық құрамы бидаймен салыстырғанда дәннің қызуы жоғары болады. Жоғары ылғалды бидайды кептіру, кептіру агентінің жоғары температурасы қабат «шынығуы» болуы мүмкін. Бұл құбылысты болдырмау үшін баспалы кептіру режимін , кептіру агентінің температурасын процесс бойы жоғарлауын қолдану ұсынылады. Сонымен, шығару зонасында әлсіз байланысқан суды, дәннің қызу температурасын төмендеуімен сүйеніп, шығару зонасымен байланысқан су дәннің қызу температурасынан жоғары.

Шахтылы тураматік кептіргіште дәннің бастапқы ылғалдылығы екібаспалы режимде кептіру, кептіру агентінің температурасы 130/160 ºС құрап, дән қызуның максималды температурасы 60 ºС ден аспауы керек.

Дәннің кептіргіштен бір рет өткізуде ылғалдылықтың төмендеуі 6% аспауы керек.

Рециркуляциялы кептіргіште дәнді құлау қабатта қыздырумен кептіру агентінің температурасы 350 ºС, ал дәнді қыздыру 60 ºС дейін болуы қажет.

Арпа.

Арпа дәнінің кептіру объекті ретінде ерекшелігі қарабидай дәнінің ерекшеліктерімен ұқсас болып келеді. Арпаны шахтылы тураматік және рециркуляциялы кептіргіште кептіреді.

Бұл дәнді дақылдарды азық-түліктік және жемдік мақсатта арналады, кептіруде 60 ºС дейін сапаның нашарлауы тәуелсіз қыздыруға болады.

Шахтылы тураматік кептіргіште дәннің бастапқы ылғалдылығың тәуелсіз кептіру агентінің температурасы 160 ºС жоғары болмауы тиісті, ал бір баспалы және екібаспалы режимдерде 130/160 ºС болады.

Дәннің кептіргіштен бір рет өткенде ылғалдылығының төмендеуі 3,5-4% аспауы керек.

Рециркуляциялы кептіргіште бидайды құлау қабатта қыздыру режимі азық-түліктік және жемдік арпа дәнінің бастапқы ылғалдылығы тәуелді дифференцирленген.

Арпа 20 % дейінгі ылғалдылығы кептіру агентінің шекті температурасы 350 ºС құрап, ал дән қызу температурасы 60 ºС; арпа ылғалдылығы 20% жоғары болғанда 330 және 55 ºС сәйкес.

Сыра қайнатуға арналған арпа дәнін кептіру аса маңызды назар аударған жөн. Оның басты сапа көрсеткішінің бірі өсіп кету тәсілі болып келеді. Сондықтан кептіру кезінде арпа сапасын толықтай сақтау қажет.

Сұлы.

Сұлының дәндік массасы елеулі ылғалдылығымен, яғни 45-50 % жетуімен ерекшеленеді. Сұлы қабаты, ядросы басқа масақ дақылдарға қарағанда құрылысы дымқыл болады. Сондықтан сұлы елеулі тезірек кебеді. Сұлының гүлді қабаты тез кебіп, ядродан жеңіл бөлінеді.

Кептіргіш шахтасында жиналып дән, жанудың себепкері болуы мүмкін. Сондықтан ұйымдастыру кезінде және сұлыны кептіру процесін енгізуде, шығарылатын дәннің біркелкілігін және сол уақытта кептіргішті тазалауды мұқият қадағалау қажет.

Шахтылы тураматік кептіргіште сұлыны кептіруде дәннің бастапқы ылғалдылығына тәуелсіз, кептіргіш агентінің 140 ºС жоғары емес температурада кептіру, максималды қызған дәннің температурасы 50 ºС болуы тиісті.

Кептіргіштен бір рет өту кезіндегі дән ылғалдылығының төмендеуі 6% аспауы керек.

Рециркуляцияланған кептіргіште сұлыны кептіру, қызған дәннің құлау қабатында кептіру агентінің шекті температурасы 330 ºС құрап, ал қызған дән температурасы 55 ºС құрайды.

Күріш.

Жаңа жиналған күріш әдетте жоғары ылғалдылығы болады, бұл оның спефикалық шарттармен өсірілуі және кеш мерзімді жинаумен түсіндіріледі. Күріш суарылатын жерлерде өсіріліп қыркүйекте-қазанда жиналады. Күріш өскен болып 95-98 % барлық дәннің піскен және сонымен қоса дән ылғалдылығы 20-23% құрайды. Алайда жинауды ертерек бастайды, себебі күріш ылғалдылығы 25% жоғары болады.

Күріштің сапасын сақтау шарты бойынша оның ылғалдылығының төмендеуі кептіргіштен бір рет өткенде 2,0-2,5% аспауы қажет.

Бұл талаптарды орындамау және интенсификация әрекеті дән сапасын лезде нашарлауына әкеледі.

Сапа бойынша қанағаттандырлық қорытынды аралық бидайды жатқызудан кейін циклдік кептіруде жетеді. Сонымен қоса шахтыда ылғалды дәннің болу ұзақтығы 15-30 минут шектелуі жәнеоның әрбір өткізуде 2-3% төмендеуі керек. Дән кептіргіштен шыққаннан келесі өткізуге дейін жатқызу үшін, бункерде 12-24 сағат аралығында жатуға тиісті. Жатқызу кезінде дәннің қосымша ылғалдылығын төмендету үшін, оны желдететін бункерде 1 тонна дән үшін салыстырмалы атмосфералық ауа беру ұсынылады.

Күрішті жатқызу кезінде активті желдетуді қолдану, дәннің кептіргіштен өткізу санын төмендетеді және сонымен оның өнімділігін жоғарлатады.

Кептіргіште кептіргіш ретінде суытқыш камерасын қолдану және активті қондырғыларда кептірілген күрішті суыту дәнкептіргіштің өнімділігін 15% жоғарлатуға болады. Бұндай жағдайда кептіргіште күрішті кептіру 16-17% ылғалдылықта аяқтауға болады.

Алайда айта кететін бір жағдай құрама кептіру тәсілін активті желдетумен қолдану елеулі электроэнергия шығынын талап етеді.

Күріш дәнін циклді кептіру толық қанағаттандырлық сапаны қамтамасыз етеді. Бірақ жұмысты ұйымдастыру мен техникалық құралдар үлкен және қымбат болып келеді. Дәннің жатуы үшін силостар сыйымдылығы шамамен күндізгі кептіргіш өнімділігінен 8-10 есе үлкен үшін болып, транспортты коммуникацилар қиын, олар қосымша желдеткіш жабдықтарын талап етеді. Елеулі қиындықтар жоғары ылғалды күріштің келіп түскеннен кейін туындайды.

Тураматік кептіргіштер дән партиясын кептіру алдында ылғалдылық 2% жоғарыны араластыруға жібермейді. Осыған байланысты бұндай дәнді өндіру бойынша бірнеше технологиялық сызықтар жасау міндетті. Соңында шахтылы кептіргішке тән әркелкі қыздыру және дәнді кептіру оның сапасының төмендеуіне әкеледі.

Рециркуляционды кептіру технологиясы эффектірек. Ол дәннің қыздыру, суыту циклінің кезектесуіне негізделген, бірақ тураматік кептіргіште кептіру алдында бірнеше қатар артықшылығы бар.

Рециркуляционды кептіргіште дәннің құрғауы құрама конвективті-контакты тәсілімен жүріп ылғалдың көп бөлігі оның сууы кезінде дәнмен бірге буланады.

Конвективті жылуалмасу зонасында дәннің болуы минимумға және бір циклда кептіру 1,0-1,5% ылғалдың төмендеуі аспауы керек.

Тары.

Тары дәннің кептіру объект ретінде басты ерекшеліктерінің бірі қызуға жоғары сезімталдығы, қабаттың бөлінуі мен ядроның зақымдауына бейім.

Бұл жағымсыз құбылыстар тарыны 40 ºС дейін қыздыру кезінде байқалады және кептіру кезінде төмен температуралық режимдерді қолдануды қажет етеді.

Тарыны дәндік массасының төмен сусымалдығы елеулі рөл атқарып, кептіру агентінің қозғалысын тежеп және ылғалдың булануын ақырындайды. Тарыны дәннің құрылым ерекшелігі кептіруде елеулі маңыздылығы бар. Қабат пен ядро арасында азғана ауалық қабат бар. Тары ядро құрымына борпылдығына қарамастан ол кептіру процесін ақырындатады.

Бұл дақылдар бидайға қарағанда аса сусымалы витания жылдамдығы тары кептіру үшін арнайы кептіргіштің дайындығын талап етеді.

Азғана тары партиясын кептіру К4-УСА және К4-УС2А қозғалмалы дәнкептіргіште қолданған жөн.

Тарыны кептіру кептіргіш агентінің температурасының 80/100 ºС жоғарлауымен екібаспалы режимді қолдану ұсынылып және дәннің максималды қызуы 40 ºС дейін тарының кептіргіште бір рет өткенде ылғалдылықтың төмендеуі 2-3% аспауы тиісті.

Үлкен тары партиясын рециркуляционды кептіргіште кептіру алдын-ала дәнді қыздырудың кептіру режимдерінің бастапқы ылғалдылығына тәуелді дифференцирленген. Тары ылғалдылығының 20% дейін 300 ºС жоғары емес температурада кептіру агентінде кептіріледі, дәннің максималды қызу температурасы 50 ºС.

Қарақұмық.

Жаңа жиналған қарақұмық жиі жоғары тұрақсыздығымен ерекшеленіп сақтауда тез арада кептіруді қажет етеді. Бұндай дәннің ылғалдылығы жиі 20% асады. Сонымен қоса жаңа жиналған массада зақымдалған қабатшалар мен тұтастай өсіп кеткен дәндер кездеседі.

Қарақұмық объект ретінде кептіруде ең басты ерекшеліктерінің бірі ядро және қабатша сезімталдығының жоғарлығы жоғары температура әсерінен қабатшаның тез кебуі және дәннің құлауы жүреді. Ұсынылған температуралық режимдерді бұзылуы дәннің сулылығын төмендетеді.

Қарақұмықты кептіру процесін ұйымдастыруда басқа дәнді дақылдармен салыстыпғанда дәннің қалыңдығы мен төмен натурасынқатыстылығын ескерген жөн. Сондықтан кептіргіштен әкететін қораптан дәнді әкету үшін бірнеше рет кептіру агентінің беруін азайтады. Қарақұмықты шахтылы тураматік және рециркуляционды кептіргіште кептреді. Бірбаспалы кептіру режимдерін тураматік кептіргіште кептіру агентін 90 ºС температурада ұстайды, ал екібаспалыда 90/100 ºС яғни дәннің максималды қызуы аспауы қажет.

Рециркуляционды кептіргіште дәнді алдын-ала қыздырумен кептіру дәннің бастапқы ылғалдылығына тәуелді дифференциалданған.

Жүгері.

Әдетте жаңа жиналған жүгерінің ылғалдығына жоғары. Тіпті толық піскен дән ылғалдығы 25-30 % жетеді. Азық түліктік -жемшөптік жүгерінің келіп түскен кезде собықта оны шикі түрінде ұсақтап содан кейін дәнді кептіреді немесе собықты кептіріп, содан кейін ұсақтайды. Соңғы кезде тұқымға жүгеріні жинау өсіп келеді. Ол үлкен экономикалық эффект береді: жүгері собығын орауыш қосымша тазарту қажеттілігі жоғалып, шаруашылықтан нан пісіру өнеркәсіпке жүгеріні жеткізу үшін транспорт құралының қажеттілігі төмендейді. Нан өнеркәсіпте собықты ұсақтау жұмысы және технологиялық қабылдау сызықтарының өнімділігін жоғарлату мүмкіндігі туады.

Жүгері дәнін шахтылы тураматік дәнкептіргіште және кептіргіште ауысқан рециркуляционды кептіру тәсілінде кептіреді.

Әдетте тураматік кептіргіш арқылы 2-3 рет дәнді өткізу қолданады. Рециркуляционды кептіргіште дымқыл жүгері дәнді бір өткізуде кептіруде аламыз.

Жүгері дәнінің сапа бойынша талаптарды оның арналуына байланысты. Әртүрлі мысалы: тісті крахмалды жүгері сұрпын крахмал өңдеуге қолданады, ол өнгіштік бойынша жоғары талаптарға келуі міндетті. Бұндай дәннің өнгіштігі 55% төмен болмуы керек. Сондықтан дәнді 45 ºС жоғары емес қызуда кептіру жүргізеді.

Асконцентрат өнеркәсіпке арналған жүгері дәнін одан да мұқият кептіреді. Дәннің ылғалдылығына 19% днйін кептіру 35 ºС, ал 1% тен жоғары ылғалдылығы дәнді тек 30 ºС дейін кептіреді.

Сорго.

Дәнді сорго ірі крахмалды дәндері бар. Оның химиялық құрамы жүгері дәніне жақын болып келеді.

Әдетте соргоны жинау дән 20-22 % ылғалдылығы бойынша тура комбайнер арқылы жүреді. Оргоны кептіру шахтылы дәнкептіргіште және активті желдеткіш қондырғылары қолданады. Соргоның ылғалдылығы 12-13% дейін кептіреді.

Бункерде кептіру атмосфералық ауамен немесе ауамен қызған жылугенератор және калориферлер қолданады.

Бункерге әкелетін қатысты ылғалдылықты 60-70% құрайды. Дәндердің бункерге тиеу алдында қоспалардан тазалану керек.

20% жоғары ылғалды соргоны кептіру бастапқы мерзімде жатуынан құтылу үшін дәнді тұйық циклда ауыстыру қажет. Бункерге 22% жоғары ылғалды дәндерде тиеуге болмайды. Басқа кептіру тәсілі болмаған жағдайда, бункерді жартылай және ⅔ тиеуге тиісті.

Кептіру процесін тездеу үшін бункерде ауаны 30-42 ºС дейін қыздыру ұсынылады.

Шахтылы кептіргіште соргоны кептіру агентінің температурасы 65-70ºС кептіреді. Дәнді шекті қыздыру 45 ºС ден аспауы керек.

19 % жоғары соргоның бастапқы ылғалдылығын келесідей кептіргіштен 2-3 рет өткізу керек, яғни дән ылғалдылығы бір өткізуде 3-4% төмендейді.

Күнбағыс.

Дәнді дақылдарына қарағанда күнбағыс тұқымдарының ылғалдылығы критикалық төмен ылғалдылығы 6-7% болғанда сенімді сақтаға болады. Сол уақытта күнбағыс тұқымдарын жинау мерзімі тіпті оңтүстік аудандарда ылғалдылығының 20% және одан жоғары болады.

Комбайннан келетін жаңа жиналған күнбағыс массасында шөп-шалаңдар майлы қоспалар зақымдалған және құлаған дәндер құрамы көп кездеседі. Тіпті, бұндай дәндерді азуақытта сақтау олардың лезде температуралық өсуі, зеңдердің елеулі май қышқылдың саны өседі. Ылғалдылығы 12% жоғары күнбағысты тез арада кептіруге жіберу керек. Тек ылғалдығы 12% төмен дәнді уақытша активті желдету қондырғылармен жабдықталған қоймаларда сақтайды.

Дәннің технологиялық құндылығы майлығымен анықталады. Сондықтан кептіру кезінде майдың саны мен сапасын сақтап қалуымыз міндетті. Кептіру процесінде синтез немесе май компонентерінің жұмсалуы жүреді. Бұндай жиналулардың бағыты дән ылғалдығына, температурасына және олардың қызуының ұзақтығына тәуелді.

Күнбағыс барлық шахтылы типті кептіргіште сонымен қоса барабанды кептіргіште кептіруге болады.

Бірақ шахтылы және барабанды кептіргішке тән жетіспеушілік әдетте жүгері кептіруде төмен сусымалдығы, майлы қоспа саны, шаңдар, тез кебетін және жеңіл жаңатын ерекшеліктерін ұмытпауымыз қажет.

Шахтылы, барабанды кептіргіште елеулі қыздыру әркелкігі және дәнді кептіру орын алады.

Күнбағыс дәндерінің төмен сусымалдығы, төмен өздігінен өткізу кептіргіштің өнімділігін көрсетеді. Шахтылы кептіргішке өткізу алдында оны ірі қоспаларды сепараторда тазалайды.

Шахтылы кептіргіште қатты шашылған дәнді кептіру, оның жануын болдырмау үшін температуралық режимдерді төмендету керек. Тұқымда майлы қоспалар мен шөп-шалаңдардың 5% жоғары болғанда,әр зонада кептіру агентінің температураны 10 ºС-қа төмендетіп отырады.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

  1. Астық түйірін кептіруде қазіргі техникасына қандай талаптар қойылады?

  2. кептіргіштерге қандай талаптар қояды?

  3. Кептіргіштерге қойылатын технологиялық талаптарды атаңыз?

  4. Кептіргіштерге қойылатын экономикалық талаптарды атаңыз?

  5. Кептіргіштерге қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік және тағы басқа мақсатта қойылатын талаптар?

  6. Жылуөткізгіштік әдісі бойынша қандай кептіргіштер болады?

  7. Жұмыс істеу режимі бойынша қандай кептіргіштер болады?

  8. Кептірудің технологиялық схемасы бойынша қандай кептіргіштер болады?

  9. Астық түйір қабаты бойынша қандай кептіргіштер болады?

  10. Кептіру камерасының конструкциясы бойынша қандай кептіргіштер болады?

Қолданылатын әдебиеттер:

1. Резчиков В.А., Налеев О.Н., Савченко С.В., Технология зерносушения. Учебник. Алматы, Изд. АтУ, 2000.

2. Гинзбург А.С., Основы теории и техники сушки пищевых продуктов, – М.: Пищевая промышленность, 1973.

3. Гинзбург А.С., Технология сушки пищевых продуктов, – М.: Пищевая промышленность, 1976.

4. Жидко В.И., Резчиков В.А., Зерносушение и зерносушилки, – М.: Колос, 1982г, -139с.

15-тақырып:Астық түйірін кептіру үрдісін бақылау

Дәріс жоспары:

  1. Кептіру үрдісін бақылау

  2. Бақылау-өлшеу қондырғылары

Дәріс мақсаты: Кептіруді жүргізу сапасы, сонымен қатар бақылау-өлшеу қондырғыларын бақылау қарастырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]