Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип Ермека.doc
Скачиваний:
247
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
986.11 Кб
Скачать

2.2 Технологиялық процессті бақылау және басқару

2.2.1 Технологиялық процессті бақылау

Шикізаттың сапасы мен дайын өнімнің технологиялық процессін бақылаудың рационалды орналасуы аса маңызды болып келеді.

Барлық сандық және сапалық жұмыс көрсеткіштерін жетілдіру және қамтамасыздандыру, ұн зауытындағы технологиялық тәртіпті орындауды зертхана мен технологиялық процесстің жылдам бақылау ұйымдастырады. Зертханалық бақылауды өндірістік технологиялық зертхана іске асырады, ол ӨТЗ басшысымен құрастырылған технологиялық бақылау сұлбасы бойынша жасалынады. Бақылау орындарынан астықтан ауысымда екі рет сынама алып отырады және оны анализден өткізеді. Алынған анализ нәтижелерін арнайы зертхана журналына енгізеді.

Оперетивті бақылауды өндірістегі мекеме қызметкері орындайды. Диірменнің бас технологы өндірістік технологиялық зертханамен бірге барлық өнім шығатын технологиялық машиналардың жұмыс істеу режимдерін реттейді немесе анықтайды.

Астық сапасын ұнтақтау алдында орташа ауысым немесе бақылау сынамасынан өткізеді, ол сынаманы бірінші жармалау жүйесінің алдында алады.Астық сапасының көрсеткіштерін, қалдықтан тазарған астық сапасын қортындылау үшін және де астықтың үстінгі қабаты мен ұн зауытындағы дайындау бөлімінің гидроөңдеуден өту сатысын бақылау үшін қолданады. Ұн зауытында астық анализінің көрсеткіштерін тазартудан бұрын және дайындау бөлімінен шыққанда, зертхана дайындау бөлімінің барлық жеке машиналардың жұмысын салыстырады.

Зертхана әр машинаның жұмысын периодты түрде тексеріп отырады. Сондықтан өндірістік технологиялық зертхана басшысы ағымдағы айдың графигін құрады, онда осы жұмысты атқаратын тексерушінің және әр машинаның бақылау күні жазылады.

Осы дипломдық жұмыстағы ұн зауытының дайындау бөлімінің технологиялық схемасындағы жабдықтар келесі түрде тізбектеледі: магнитті сепаратор- таразы- қыздырғыш- ауалы-електі сепаратор- тас бөлгіш машина- триер-магнитті сеператор- обойкалық машина-гидроөңдеу-магнитті сепаратор-обойкалық машина-энтолейтор-ауалы сепаратор-ылғалдағыш машина-бөктіру-таразы-магнитті сепаратор- дирменнің ұнтақтау бөлімінің бірінші жармалау жүйесі.

Тазалаудың басында орналасқан ауалы електі сепаратордағы, ірі қалдықтардан тазартатын жоғарғы сорттайтын елек 4,5х25 мм қолданады, ал майда қалдықтар үшін астыңғы елек домалақ саңылауымен 2 мм.

Ауалы електі сепаратордың жұмыс істеу тиімділігінің қортындысы:

  • Ірі қалдық бойынша-100%;

  • Майда қалдық бойынша-65...75%;

  • Жеңіл қалдық бойынша-70...85%;

  • Тиімділіктің қосындысы-65...75%.

Әр топтағы қалдықтарды тазалау тиімділігін бақылауды жүргізу үшін келесі өрнекпен есептейміз:

, (18)

Мұндағы Х1 және Х2-астық құрамындағы бастапқы және соңғы қалдықтар, және де машинадан кіретін, шығатын жерде.

m – қалдықтағы жарамды астық саны, %

Тазалаудың келесі этапында-астықтан минералды қалдықты тазарту болып табылады, яғни тас ажыратқыш машиналар. Бұл заманауи машиналары астықтан минерелды қалдықтарды түгелдей тазартады. Тиімділік деңгейі 98...99% арасында.

Астықты қалдықтардан тазартудан концентратор тиімділігі жоғары болып келеді, онда астықтың ауыр фракциясы болады. (електен өтімі 9 мм) шөп шалам қалдығынан 85…95% ажырайды, дән қоспасынан 70...75% тазарады. Осының арқасында астықтың ауыр фракциясын триерда тазарту қажет етпейді, ал майда фракция қысқа қалдықтардан ажырату машинасында тазарады. Қысқа қалдықтардан тазарту триерының тиімділігі 65…75%.

Заманауи магнитті сепараторлар жоғарғы дәрежеде метал қалдықтарынан тазартады, сондықтан дайындау бөлімінен шыққан астық құрамынан метал қоспасы табылмайды.

Астық бетін тазалаудың тиімділігін келесідей бағалайды онда күлділік 0,03...0,05% болу керек. Және де қосымша астықтың сыну дарежесіне қарайды ол 2 % аспауы керек. Ал астықты гидроөңдеуден өткізгенде астықта микробиологиялық тұқымдануы 4...5 рет төмендейді.

Астықты энтолейторде зарарсыздандыру тиімділігі келесідей болады: тірі ұзын тұмсықты жою-95%; желінген дәнді құрту-73%; соғылған және қалыптағы дәндердің саны 1% аспауы керек.

Астықты тазарту мен технологиялық процесстің қортындысы келесідей болуы керек: шөп-шалам қалдығы 80% кем болмау керек, қалған шөп-шалам қалдықтары 0,4 % көп болмауы керек, дән қоспасының шығуы 30% кем емес, тазартудан кейінгі қалған дән қоспасы астық массасынан 3 % дейін болуы керек.