- •Мазмұны
- •1 Бас жоспар
- •2 Ұн тарту зауытының технологиясы және техникалық жабдықтануы
- •5 Экономикалық бөлім.......................................................................................
- •1 Бас жоспар Ұн зауытының құрылысының техникалық-экономикалық сипаттамасы
- •2 Ұн зауытының технологиясы және техникалық жарақталуы
- •2.1 Технологиялық бөлім
- •2.1.1 Жобалауға арналған бастапқы мәліметтер
- •2.1.2 Шикізаттың қысқаша сипаттамасы
- •Жобаланатын технологиялық схеманың сипаттамасы және оның ерекшеліктері
- •Бункерлердің саны мен сиымдылықтарын есептеу
- •Дайындау бөліміндегі технологилық жабдықтарды таңдау және есептеу
- •2.1.5 Дайындау бөліміндегі астықтың қозғалысының коммуникациясы
- •2.1.6 Технологиялық жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен спецификациясы
- •2.2 Технологиялық процессті бақылау және басқару
- •2.2.1 Технологиялық процессті бақылау
- •2.2.2 Технологиялық процессті басқару
- •2.3 Кәсіпорындағы желдету және пневмотасымалдау қондырғылары
- •2.3.1.Желдету және пневмотасымалдау желілерін орналастыру
- •2.3.2. Желдету желісін есептеу
- •2.4 Кәсіпорынның энергиямен қамтамасыз етілуі
- •2.4.1 Электроқозғалтқыштардың қажетті және қабылданған
- •Кесте 4-Электроқозғалтқыштардың қойылған қуаттылығы.
- •2.5. Ғимараттың құрылыстық элементтерінің сипаттамасы
- •3 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі
- •4. Қоршаған ортаны қорғау
- •5 Экономикалық бөлім
- •Өндіріске қажет смета шығынын есептеу
- •Жобаланган кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері.
- •Мұндағы: к тиімд. – капитал жұмсалымының тиімділік коэффициенті. Ол мыны формула бойынша анықталады:
5 Экономикалық бөлім.......................................................................................
5.1 Жобаланатын ұн зауытының экономикалық тиімділігі және кемшіліктері...........................................................................................................75
5.2 Жобаланатын кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері ......................83
Қорытынды .........................................................................................................86
Қолданылған әдебиет тізімі ..............................................................................87
Қосымша
Кіріспе
Агроөндірістік кешен қоғам үшін өмірлік маңызды өнім өндірілетін және ірі экономикалық әлеует шоғырланған ұлттық экономиканың неғұрлым мәнді құрамдас бөлігі болып табылады. Оның дамуы шешімді мөлшерде экономиканың барлық салаларының жай-күйін, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі мен қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды анықтайды.[1]
Біздің республикамызда дән өңдеу агроөндірістік кешеннің жетекші саласының бірі болып табылады. Сонымен бірге жоғары технологиялық әрекеттегі диірмендерді алдыңғы қатарлы әлемдік машина жасаушылар шығарған. Нәтижесінде ұнның жоғары сапасымен ерекшеленуі оның бәсекелестікке қабілетті басымдығы болып табылады. Сонымен бірге ұн тартушылар жылына 5 млн. тоннаға дейін бағаланатын қазақстандық дән өндірушілер үшін кепілді сатып алушыларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ аграрилерден дән сатып алушылар болып табылады. Осы дәннің жартысы өңделеді және экспортқа жоғары баға қосылған өнім ретінде сатылады. Бұл ретте ұн ауыл шаруашылығының өңделген барлық өнімінен республиканың экспорттан алынған валютасының 80% береді.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей алдағы БСҚ өту отандық ауыл шаруашылығы өнімінің бәсекелестік қабілетіне ерекше талап қояды. Бұдан әрі ауыл шаруашылығының шикізаттарын өндіру және өңдеу саласындағы кластерлік бастамалар арқылы аграрлық өндірісті индустризациялауға ерекше назар аудару қажет деп санаймын.[1]
Бүгінде ұн тарту өндірісі соңғы бірнеше жыл қатарынан өсу деңгейі ұдайы артып келе жатқан Қазақстандағы жалғыз сала.
Саланың соңғы жылдарда қол жеткізілген жетістігі көзге көрінеді – Қазақстан әлемде екінші жыл қатарынан ұнды экспорттаудан басшы позициясын ұстап келеді. Бұл сөзсіз сыртқы рынокты игерген кәсіпорынның өз жетістігі. Бірақ 2005 жылы ел экономикасының салаларын дамытудың басымды бағыттарының арасында тамақ кластеріне дән өңдеудің қосылуы сияқты маңызды факторды есептен шығаруға болмайды. Одан бұрын 2003 жылы сала қаржыландырудың жеңілдікті ставкасымен несие бөлу бағдарламасы бойынша заем алушылардың тізбесіне қосылған болатын. Соңғы жылдарда кәсіпорынды халықаралық стандарттар бойынша сертификациялауға бағытталған қазақстандық ұн тартушылардың шығынын өтеу бағдарламасы қолданыста.
2006 жылдан бастап Ауылшаруашылық министрлігі 2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасын және оны іске асыру жөніндегі бірінші кезекті бағдарламаны іске асыруда. Өткен жылы ауыл шаруашылығының валдық өнімі 837,8 миллиард теңгені құрады.
Елдің агроөндірістік кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасына сәйкес өндірісті әртараптандыру үдерісі жүргізілуде. Ішкі рынокта жоғары сұранысқа ие болған және экспортқа бағытталған егіс дақылдары көбеюде. Оның қарқындалуына бағытталған алдыңғы қатарлы технологиялық өндірісті енгізу жөніндегі шаралар қабылдануда.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу саласы елеулі дамуға ие болды. 2008 жылы тамақ өнеркәсібінің көлемі 521,3 млрд. теңгеге қол жеткізді, ол өткен жылғыға қарағанда 5,2 артты. Соңғы төрт жылда тамақ өнімдерінің өндірісі 1,9 есеге артты, орта жылдық өсім 11% құрады.
Дән өндірісінің өсуімен отандық ауыл шаруашылығын экспорттау артты. Өткен жылы тәуелсіздік алған жылдардың ішінде алғаш рет экспортың көлемі 1,3 млрд. долларды құрады. Өңдеу салаларының дамуы инвестициялаудың 10-пайыздық өсуімен шарттасты, нәтижесінде 4 жылда негізгі капиталға жалпы инвестициялау көлемі 1 миллиард долларды құрады.
Шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс жүргізілуде. Дән өңдеу кәсіпорындарының қызметін жандандыру, салаларды мемлекеттік қолдау есебінен олардың өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстар жалғастырылуда.
Қазіргі рыноктық қатынастар жағдайында дән өңдеу кәсіпорындарының жұмысы сатылатын өнімнің көлемін және еңбектің өнімділігін арттыруды қамтамасыз ету қажеттілігін; еңбек тәртібін нығайтуды; еңбек қауіпсіздігінің шарттарын жақсартуды; оны ынталандыруды ұйымдастыру үлгілерін дамыту және жетілдіру, технологиялық тәртіп сақтауды анықтайды. Өндірістің техникалық қайта жабдықталуын тездетудің қажетті шарттары кәсіпорын тиімділігін арттыру болып табылады. Қазақстанда ұн тарту өнеркәсібін одан әрі дамыту болашағы өзінің өндірістік қуатын толық пайдаланатын және техникалық базасын ұдайы жетілдіретін кәсіпорындарда. Кәсіпорынның құрылысы, техникалық базасын жетілдіру ерекше маңызға ие.
Дән өңдеу кәсіпорындарын техникалық қайта жабдықтаудың негізгі бағыттары өндіріске жабдықтар мен прогрессивтік технологияның жаңа түрлерін әзірлеу мен енгізуден тұрады.
Сондықтан бұл дипломдық жұмыстың мақсаты тәулігіне 220 тонна 75% жоғарғы сортты ұн алатын ұн зауытының жоғарғы өнімділіктегі тазалау машиналарымен жабдықталған дайындау бөлімінің технологиясын жобалау болып табылады.
