Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип Ермека.doc
Скачиваний:
247
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
986.11 Кб
Скачать

Дайындау бөліміндегі технологилық жабдықтарды таңдау және есептеу

Ұн тарту зауытының дайындау бөліміндегі керекті жабдықтар санын жабдықтардың өнімділігіне қарап, жобаға қарап есептейді.

Ұн тарту бөліміне астықтың үздіксіз түсіп тұруына және де бөктіру бункерлерінің толып кетпеуі мақсатында дайындау бөлімінің өнімділігі берілген өнімділіктен 10….20% артық болуы қажет.

Есептік өнімділікті келесі өрнек бойынша анықтаймыз:

(11)

мұндағы Q –Ұн зауытының берілген өнімділігі, 220 т/сағ.;

к – қор коэффициенті, к=1,1…1,2.

Q р = 220 х 1,2 = 264 т/сутнемесе 11т/сағ

1 Таразы

Автоматты таразы санын келесі өрнекпен анықтаймыз:

, (12)

мұндаQр–есептік өнімділік, т/тәу;

Е – таразы ожауының сиымдылығы, 50 кг;

Сонда автоматты таразы саны келесідей болады:

n = 264х1000 / 24х50х120 =1,8

Екі АВ-25-ЗЭ автоматты таразысын қабылдаймыз(тазалаудың басы мен соңында, дайын астықты ұн тарту бөліміне бағыттар алдында).

2 Жабдықтар санын есебі

Технологиялық схема бойынша дайындау бөлімінің жабдықтар санын келесі формула бойынша табамыз:

(13)

мұндағыQр–есептік өнімділік, т/сағ;

qм–жабдықтың паспорттық өнімділігі, т/сағ,[21].

1.Астық қыздырғыштар

n =11/6=1,8

БПЗ типтегі астық қыздырғышынан қыс мезгілінде қолдану үшін екі дана қабылдаймыз.

2. Сепаратор

Сепаратор өнімділігі А1-БИС-12 - q=12т/сағ,

n =11/12 = 0,9

А1-БИС-12 маркалы бір сепаратор қабылдаймыз.

3. Аэродинамикалық сепарат

Ауалы сепаратор РЗ-БАБ, өнімділігі q=12 т/сағ, саны:

n =11/12 = 0,9

Обойкалық машинадан кейін бір сепаратор РЗ-БАБ қабылдаймыз.

4. Вибропневматикалық сепаратор

Тас ажыратқыш РЗ-БКТ өнімділігі q=9 т/сағ, саны:

n =11/9 = 1,2

РЗ-БКТ маркалы екі тас ажыратқыш машинасын қабылдаймыз.

5. Астықты ұзындығы бойынша ажырату жабдығы

Қысқа қоспалардан ажырату А9-УТК-6 және ұзын қоспалардан ажырату үшін А9-УТО-6 дискілі триерлерін есептейміз, олардың өнімділігі q=6 т/сағ, триерлердің саны:

n =11/6 = 1,8

Екі қысқа қоспалардан ажырату жабдығын А9-УТК-6 және екі ұзын қоспалардан ажырату жабдығын орнатамыз А9-УТО-6 .

6. Магнитті сепараторлар

а) магнитті сепаратор У1-БМЗ-01, оның өнімділігі - q=11 т/сағ, оның саны:

n =10/11 = 0,9

У1-БМЗ-01 магниттісепараторы тазаланбаған дәнбункерлерінен кейін қойылады.

б) Магнитті сепаратор У1-БМП-01 өнімділігі q=11 т/сағ, саны:

n =11/11 = 1

Магнитті сепараторлардың онатылатын орындары: әр обойкалық машинаның РЗ-БМО-6 алдына , ылғалды қауыздау машинасының алдында ,бөктіру бункерлерінен кейін, энтолейтордың РЗ-БЭЗ алдында және тазалаудың соңында , астықты ұн тарту бөліміне бағыттар алдында.

7. Астық бетін құрғақ өңдеу жабдықтары

а) Обойкалық машина РЗ-БМО-6,өнімділігі - q=6 т/сағ,саны:

n =11/6 = 1,8

Астықты тазалаудың бірінші этапында екі обойкалық машина РЗ-БМО-6 орнатамыз.

б) Обойкалық машина РЗ-БМО-12, өнімділігі- q=12т/сағ, аны:

n =11/12 = 0,9

Астықты соңғы тазалау этапында бір обойкалық жабдықты орнатамыз.

8 Астықты сумен өңдеу

а) Сулы қауыздау- ылғалдау жабдығы А1-БМШ, өнімділігі - q=6,0 т/сағ, саны:

n =11/6 = 1,8

Екі қауыздау-ылғалдау жабдығын таңдаймыз А1-БМШ бірінші бөктіру бункерлерінің алдында.

б) Ылғалдау аппараты А1-БУЗ өнімділігі q=12 т/сағ, сонда саны:

n =11/12 = 0,91

Бір ылғалдау аппаратын орнатамыз А1-БУЗ екінші бөктіруге бағыттау алдында астықты ылғалдау үшін.

в) ылғалдау аппараты А1-БАЗ өнімділігі q=12 т/сағ, саны:

n =11/12 = 0,91

Бір ылғалдау аппаратын орнатамыз А1-БАЗ ГТӨ-ның үшінші этапының алдында астықты ылғалдау үшін.

9 Астықты залалсыздандыру жабдықтары

Энтолейтор РЗ-БЭЗ өнімділігі q=12/сағ, сонда керекті жабдық саны:

n =11/12 = 0,91

Бір энтолейтор-стерилизатор РЗ-БЭЗ орнатамыз.

10 Жабдықтарды қолдану коэффицентін есептейміз

Дайындау бөлімінің технологиялық жабдықтарын таңдау дұрыстығын кедесі өрнекпен тексереміз:

, (14)

мұндағы q–жабдық өнімділігі, т/сағ;

Q-есептік өнімділік, т/сағ;

n–есеп бойынша қабылданған жабдықтар саны.

Дайындау бөлімінің жабдықтарын таңдау және есептеу қортындысын 2 кестеге енгіземіз.

Кесте 2- Жабдықтарды таңдау және есептеу қорытындысы

Жабдықтар атауы

Жабдық маркасы

Өнімділігі,q, т/сағ

Саны,n

1

2

3

4

Автоматты мөлшерлегіш таразы

АВ-50-ЗЭ

6

2

қыздырғыш

БПЗ

6

2

Сепаратор

А1-БИС 12

12

1

Аспиратор

РЗ-БАБ

11

2

Тас ажыратқышмашина

РЗ-БКТ

9

2

Триер

А9-УТК-6

6

2

Триер

А9-УТО-6

6

2

Магниттісепаратор

У1-БМЗ-01

11

11

Магниттісепаратор

У1-БМП-01

11

11

Обоечная машина

РЗ-БМО-6

6

2

Ылғалды қауыздау машинасы

А1-БМШ

6

2

Ылғалдауаппараты

А1-БУЗ

6

1

Ылғалдау аппараты

А1-БАЗ

12

1

обойкалықмашина

РЗ-БМО-12

12

1

Энтолейтор

РЗ-БЭЗ

12

2

Жабдықтарды қолдану коэффицентінің есептік мәндерін талдап, қортынды жасаймыз: жабдықтарды таңдау және есептеу дұрыс алынған, яғни коэффицентh£1,2

Жабдықтардың өзара үйлесімді орналасуы

Жабдықтарды үйлестіру

Ұн зауытының дайындау, ұн тарту және ұнды қаптау бөлімдеріндегі өндірістік процесстерінің этаптары бір ізді орналасқан. Дайындау және ұн тарту бөлімдерінің өз ара орналасуы келесідей таңдалынады, элеватордан берілетін астық, өте қысқа жолмен бір бөлімнен екінші бөлімге бір ізді түседі. Дайындау бөлімі мен ұнтарту бөлімінің арасында торлы баспалдақ орналасқан. Дайын өнім қоймасын тура ұнды қаптау қоймасынан кейін орналастырамыз. Ғимаратқа ұнды автомобильге және теміржолға жіберетін құрылғы кіргізіледі. Кебек пневмотранспорттың көмегімен жеке тұрған кебек сақтау қоймасына жібереміз.

Жабдықтарды орналастыру барысында «Технологиялық талаптар және шектелген нормаларға» сүйеніп орындайды. Ұн зауытының дайындау бөлімін жобалау барысында жабдықтарды орналастырудың бір ізділігі сақталынған, технологиялық схемаға сай өндіріс процессінің ағымын қамтамасыз етеді.

Техникалық талаптарға сай процесстің автоматтығына байланысты техникалық механизмдердің санын азайтты себебі жөндеу және жұмыс істеуді жеңілдетеді. Машиналарды жөндеу және эксплуатация кезінде техника қауіпсіздігін және де өндірістік санитарияны бұзу байқалған емес.

Керекті технологиялық жабдықтардың санын, есептеу бойынша шығарып алады,ол үшін әр машинаның прогрессивті нормативті меншікті жүктемесін есепте қолданады.Технологиялық жабдықтарды қабаттарды орналастыру үшін келесі талаптарды орындау қажет: бір типті жабдықтарды бір қабатта орналастырады; жұмыс орнындағы максималды табиғи жарықтың түсуін қамтамасыздандыру; жұмыс алаңын максималды түрде қолдану, техника қауіпсіздігі мен еңбек қорғау талаптарын орындау қажет; техника эстетикасының талаптарын орындау; коммуникациялар мен транспорттық механизмдердің санын минималды түрде қамтамасыздандыру.

Жабдықтарды қабаттарда орналастыру, цех ішіндегі астықты, аралық өнімдерді және дайын өнімдерді тасымалдайтын транспорттардың түріне байланысты анықталады.

Дән тазалау бөліміндегі цех ішіндегі транспорт кезінде дайындалған типті жобада механикалық түрде (нория), ал обойкалық және щеткелі машиналардан кейін астықты көтеру кезінде-пневматикалық. Жоғары өнімділіктегі комплектілі жабдықтармен жабдықталған, ұн зауыттарының жобаларында пневматикалық цех ішіндегі транспорт қолданылады.

Гидротермиялық өңдеу жабдықтарын (ылғалдау машинасы, жуу машинасы, желдеткіштер)жоғарғы қабаттарда орналастырады, келесі машиналарға өздігімен ағу транспортымен ауысуды қамтамасыз ету үшін, себебі нориямен ылғалданған және буланған астықты тасымалдауға болмайды. Эксплуатациялық көзқараспен санитарлық- гигиеналық талаптарға сай гидротермиялық өңдеу жабдықтарын жеке бөлмеге орналастырады.Жуу машиналарының астында яғни астыңғы қабаттарда дән ұстағыштар, қалдықтарды сығу нығыздағышы және қалдықтарды кептіргіштер орналасады.

Қалдықтарды бақылау жабдықтары жоғарғы қабатта орналасады себебі астыңғы қабаттарда аспиратор, таразы, уатқыш, әр қалдық категориялары үшін ұн зауытындағы 10-12 сағаттық жұмыстың жинау букерлерін орналастыру үшін.

3,5 м биіктікті қамтитын габаритті жабдықтарды (циклон, фильтр, шаң бөлгіштер) ғимараттың ортаңғы жағына орналастырады немесе шет жақ қабырғаға қарай, табиғи жарықтылыққа, жұмыс орнының және басқа да аз габаритті жабдықтарға әсер етпес үшін.

Технологиялық және транспорттық жабдықтарды, тік көтергіштердің санын минималды орналастырады. Дән тазалау бөлімінен ұн тарту бөліміне өтетін жолды қысқарту мақсатында тазаланбаған дәнге арналған бункердің жанына бірінші тазалау жабдықтарын қояды ал екінші тазалауға арналған жабдықтарды бөктіру бункерінің жанына орналастырады.

Құрылыс параметрлерін анықтау.

Жабдықтардың орналасу нұсқасы кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына, ұн тарту түріне, технологиялық процесстің схемасы мен жабдықтардың санына байланысты анықталады. Сортты ұн тарту зауыттарында қабаттардың саны технологиялық жобалау нормалары мен өрт сөндіру қауіпсіздігі ережелерінің сақталуымен жүзеге асады.

Негізгі технологиялық жабдықтардың орналасуының бірнеше нұсқаларын салыстырып, ғимараттың өлшемдерін анықтайды да, техника- экономикалық көрсеткіштерінің мәліметтеріне сәйкес ең тиімді нұсқасын таңдайды.

Кәсіпорынның өлшемдерін төмендегі әдістермен анықтайды:

  1. Дайындау бөліміне қажетті жабдықтардың санын есептейді;

  2. Дайындау бөлімінің енін ұнтақтау бөлімінің еніне сәйкес қабылдайды. Ал дайындау бөлімінің ұзындығын сыртқы өлшемдері үлкен жабдықтардың саны максималды болатын екі қабаттың жоспары бойынша анықтайды.

Жабдықтардың қабаттарда үйлесімді орналасуы дайындау және тазалау схемасына байланысты, бірдей жабдықтардың бір қабатта орналасуына байланысты, сонымен қатар техника қауіпсіздігі ережелері мен еңбек қорғау талаптарына байланысты болады. Жабдықтарды орналастырып болғаннан кейін, өлшемдері неғұрлым үлкен жабдықтар орналасқан қабаттың ұзындығын анықтаймыз. Тәулігіне 220 тонна астық өңдейтін ұн тарту зауытының 5 қабатының ұзындығын L5 келесі әдіспен анықтаймыз:

м; (15)

мұндағы Пр- басты өту жолының өлшемі (Пр= 1,0м);

Lо.м.- көлденең обойкалық машинаның ұзындығы, м

Үшінші қабаттың ұзындығы:

, (16)

мұндағы Пр- басты өту жолының өлшемі (Пр= 1,0м);

Lк.- сепаратордың ұзындығы, м

Осыдан кейін L5 пен L3 өлшемдерін салыстырып, үлкенін таңдаймыз. Оның нақты өлшемін алтыға бөлінетіндей етіп аламыз (құрылыс элементтерінің әмбебап ұзындығы).

Таңдалған ұзындыққа тазаланбаған астыққа арналған бункерлер мен бөктіру бункерлерінің ұзындығын қосамыз (Lб= 6 м), баспалдақ торының ұзындығын (Lл.к.= 6 м) және құрылыс ұзындығын (Lс= 1,5 м) қосуымыз керек. Осылай дайындау бөлімінің нақты ұзындығын табамыз:

Алтыншы қабаттың ені келесідей болады:

, (17)

мұндағыП1; П2; П3– бас көлденең өту жолының өлшемі;

Во.м–обойкалық машина ені, Во.м= 0,5 м;

Всеп–сеператор ені, Всеп= 1,8 м

Есеп бойынша тазаланбаған дәнге арналған бункерлер саны-6 және бірінші және екінші бөктіруге арналған бункерлердің саны -5, өндірістің ұзындығы бойынша екі қатар, ал ені бойынша 6 бункер орналасқан.Бункерлердің жобадағы өлшемдері3х3 м.Өндіріс ені бойынша 9х2=18 м екі аралық аламыз,ұзындығы бойынша 13,5м,биіктігі бойынша жеті қабатты, әр қабаттың биіктігін қосқанда- 4,8 м, өндіріс биіктігі -33,6м.