Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом 2014...doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
935.42 Кб
Скачать

1 Сейфуллин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй кешенінің сипаттамасы

Астана қаласы, Сейфуллин көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үй 9, 12 және 16 қабаттардан, 196 пәтер санын құрайды. Пәтерлерден басқа, бірінші қабатында автотұрақ орналасқан.

Сейфуллин көшесінде орналасқан тұрғын‑үй кешенінің электрмен жабдықтау жобасы ЖАҚ «Қалалық электр тораптары» 12.02.2004 жылғы № 5-5-267 берілген техникалық шарттарға сәйкес орындалған.

Қосылу нүктесі РП-55 РУ- 10кВ.

Жоба бойынша қарастырылғын:

- жобаланатын қосалқы станцияға (ҚС) дейінгі кернеуі 10кВ АСБ маркалы екі кабельді төсеу

- жобаланатын ҚС‑ның тарату құрылғысынан (ТҚ) ТҚ- 0,4кВ тұрғын үйлердің тарату құрылғысына (ТҚ) дейінгі ААБл -1кВ кабельді төсеу.

ТҚ ғимараты бір қабатты, ішінде жеке бөлмелерінде: ТҚ- 10кВ, қуаты 630кВА күштік трансформаторлар және 0,4кВ қалқан орналасқан. ТҚ- 10кВ ТҚ- 10кВ және 0,4кВ қалқанмен трансформатордын қосылуы жалпақ шиналары арқылы жасалынған. 10кВ тарату құрылғысы КСО- 292 сериялы бір жақтан қызмет көрсететін камераларымен жабдықталған және ТҚ- 10кВ ішінде камералар екі қатарда орнатылады.

ҚС кернеуі 380/220 В жұмысшы жарықтандыруы және 220/36 В төмендеткіш трансформатор арқылы жұмыс істейтін кернеуі 36В жөндеу жұмыстарына арналған жарықтандыруы қарастырылған. КСО- 292 үшін тарату құрылғысында ТҚ- 10кВ электрпештері көмегімен технологиялық жылыту қарастырылған.

Электрмен жабдықтау сенімділігі деңгейі бойынша тұрғын үйдің электрқабылдағыштары ПУЭ классификациясына сәйкес екінші категорияға жатады.

Электрмен жабдықтау сенімділігі бойынша өртке қарсы құрылғыларының электрқабылдағыштары бірінші категорияға жатады. Үйдің электрмен жабдықталуы ВРУ-1 типті кірісті‑тарату құрылғысынан жүзеге асырылады. Ол әрбір кіре берістің жертөлелерінде орналасқан. Олар жобаланатын трансформаторлы қосалқы станциядан кернеуі 380/220В екі өзарарезервтелетін кабельді желілері арқылы қоректенеді.

Үйдің кірісіне келетін есептік жүктеме, сонымен қатар топтық және қоректенетін негізгі түйіндері арқылы берілетін жүктемелер РДС РК- 11-2001 сәйкес алынған.

Пәтерлерде топтық автоматтар санымен бірге, яғни 3данасы бар пәтерлік қалқандар қарастырылған. Қалқандар Алматы қаласындағы НВА заводында («Siemens» фирмасымен бірге) комплект түрінде шығарылады.

Қалқан ішінде электр энергиясының санағыштары мен автоматты ажыратқыштар орналастырылған.

Дифференциалдық қорғанысы бар автоматты сөндіргіштер ашалы розетканы қосу үшін қарастырылған. Орнатуға балаларға қауіпсіз қорғаныс шторкасы бар 2К+3с розеткасы алынған.

Орнату биіктігі: розеткалар еденнен - 0,3м, ас бөлмеде- 0,9м ;

сөндіргіштер еденнен- 0,8м.

Тұрғын үй пәтерлерінде бір фазалы топтық желілері қарастырылған:

-1тобы 16А тоғына ортақ жарықтандыруды қоректендіру үшін; (1,5мм 2)

-2 тобы 16А тоғына розеткаларды қоректендіру үшін; (2,5мм 2)

-3 тобы 25А тоғына ас үйдегі пештің розеткасын қоректендіру үшін; (4мм 2)

Пәтер ішідегі топтық тораптар ВВГ маркалы үшсымды кабелімен жасалынады (фазалық, нөлдік жұмысшы және нқлдік қорғаныс өткізгіштігі). Ол қабырға астында көзге көрінбейтіндей етіп салынады және монолитті қабатарасындағы жабындарында полиэтилен құбырларда орнатылады.

Әр пәтерде кнопкасы бар электрлік қоңырау орнатылады.

Ортақ үйдің тұтынушыларының қоректендіретін және топтық желілері ВВГ маркалы кабелімен орындалады және сыртқы ТҚ қалқандарынан поливинилхлоридті құбырларда төселеді.

Басқыш алаңына, ғимараттың кіре берісіне, тамбурға, жертөлеге және шатырға жұмсалатын электр энергияны есептеу, сыртқы ТҚ‑ның кірісті‑тарату құрылғысында орнатылған СЭТЗа- 02 санағышы көмегімен жүзеге асырылады.

Барлық кіріктірме алаңдары (магазин) үшін жекеленген есептеулер қарасытырылған.

Басқыш алаңдарын жарықтандыру үшін люминесцентті шамдары және қыздыру шамдары бар шамшырақтары қолданылады. Есік алдыңғы кіре берісінің жарықтандыруы қыздыру шамдары бар шамшырақтары қарастырылған. Жарықтандыруды басқару сөндіргіш арқылы жүзеге асырылады. Ол белгіленген жерде және еденнен 0,8м биіктікте орналастырылады.

Электржабдықтардың металды бөліктері қалыпты кернеу астында болмаған жағдайда (қалқан каркастары, электрөткізгіштерінің болатты құбырлары және т.б.), тораптың нөлдік қорғаныс сымы көмегімен металды жалғануы арқылы нөлдеу жасалуы тиіс. Ваннаның металды корпустары нөлденуі керек. Нөлдеу үшін қимасы 4мм ПВ1 өткізгіштігі қолданылады. Ол пәтерлік қалқанының РЕ шинасынан диаметрі 20мм полиэтилен құбырында төселген.

Ғимараттың кірісінде қосымша сымның нөлдік жерлендіруі қарастырылған. Ол жайылу кедергісі 4 Ом үлкен емес болуы шарт.

Электрмонтажды жұмыстары ПУЭ, РД34.21.122-87 и СНиП РК 4.04.06-2002 сәйкес орындалған.