Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом 2014...doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
935.42 Кб
Скачать

10.2 Жерлендіру және найзағайдың асқын кернеуінен қорғау

Тарату бекетінің жерлендіргіш құрылғысы 10 және 0,4кВ үшін ортақ етіп алынған. Жерлендіргіш құрылғылардың кедергісі 1000 В жоғары Rз ≤ 250/Iз ≤ 10Ом болуы керек және 1000 В дейінгі Rз ≤ 4Ом жылдың барлық мезгілі үшін. Жерлендіргіш құрылығысы ретінде жасанды жерлендіргіш құрылғылары жасалынады. Жерлендіргіш құрылғы тарату бекеті панажайының фундамент периметрі бойынша қазаншұңқырдың түбіне жайғастырылған жолақты болаттан жасалған тереңдетілген жерлендіргіштер түрңнде жасалынады. Тереңдетілген жерлендіргіштер жобадағы ғимараттың ішіндегі екі жерден жасалынған магистральді жерлендіргішпен байланыстырылады. Жерлендіргіштің магистралі ретінде барлық металдықұрылымдардың тіректері қолданылады.Бұл үшін барлық тіректі металдықұрылымдардың жапсарлары жерінде және бүйірлерінде өзара қимасы 4х25 мм болатын жолақты болатпен металды пісірумен қосылған. КСО шкафтарының, ЩО панельдерімен жерлендірілетін металдықұрылымдармен қосылуы пісіру арқылы жүзеге асырылады. Ғимараттың тарату бекетін найзағайдан қорғау үшін тарату бекетінің шатырында ғимараттың шатырының периметрі бойынша әрбір 20 метр сайын екі түсіруі бар найзағайқабылдағыш тор орнатылған. Элементтердің өзара және контурмен қосылуы диметрі 6 мм домалақ болат түрінде жасалынған электрпісіру арқылы болады.

Найзағайдан қорғау үшін тұрғын үй кешені шатырында диаметрі 6 мм болатты шыбықтан жасалған найзағай қабылдағыш тор қарастырылған.

10.3 Нөлдеуді есептеу

Нөлденген жабдықтықта бір фазалы ҚТ болған кездегі автоматты қорғаудың сөндіру қабілеттілігін тексеру мақсатында нөлдеу есебі жүргізіледі.

Есептің мәні бір фазалы қ.т тоғын, оның автомат ағытқышының әсерлік іске тоғына қатынасының еселігін Iмр анықтауда, және Кдоп [2] жіберілетін мәні бар Красч алынған мәнінің салыстыруында болып табылады

Iкз / Iмр = Красч ≥ Кдоп

Егер келтірілген шарт орындалса, онда нөлдеу тиімді болып саналады. Ең алыс орналасқан пәтер қалқаны үшін нөлдеу есебін жүргіземіз (6 және 8 суреттер). Фаза‑ноль тұзағының нольдік және фазалық сымдарының активті кедергілері мына формула бойынша анықталады [13] :

R = ρ∙ L / S

мұндағы ρ – сымның меншікті кедергісі, алюминий үшін 0,028 Ом · мм²; мыс үшін 0,018 Ом · мм² [13];

L – сым ұзындығы, м;

S –сым қимасы, мм².

Телімдегі тізбектің фаза-нөл тұзағындағы фазалық және нөлдік өткізгіштің активті кедергілерін келесідегідей анықтаймыз [13],

Rф1 = Rн1 = 0,028 · 536/150 = 0,063 Ом

Rф2 = 0,018 · 70/70 = 0,018 Ом

Rн3 = 0,018 · 70/50 = 0,025 Ом

Rф4 = Rн4 = 0,018 · 20/10 = 0,036 Ом

Телімдегі тізбектің фаза-нөл тұзағындағы фазалық және нөлдік өткізгіштің эквивалентті активті кедергілерін келесідегідей анықтаймыз

Rэ = Rф1 + Rф2 + Rф3 + Rн1 + Rн2 + Rн4

Rэ = 0,063 + 0,063 + 0,018 + 0,025 + 0,036 + 0,036 = 0,241 Ом

Телімдегі тізбектің фаза-нөл тұзағындағы фазалық және нөлдік өткізгіштің индуктивті кедергілерін келесідегідей анықтаймыз [13],

Хф1 = Хн1 = Хо · L = 0,0596 · 0,336 = 0,02 Ом

Хф2 = 0,0612 · 0,066 = 0,004 Ом

Хн2 = 0,0637 · 0,066 = 0,0042 Ом

Хф3 = Хн3 = 0,073 · 0,02 = 0,00146 Ом

Телімдегі тізбектің фаза-нөл тұзағындағы фазалық және нөлдік өткізгіштің эквивалентті индуктивті кедергілерін келесідегідей анықтаймыз

Хэ = Хф1 + Хф2 + Хф3 + Хн1 + Хн2 + Хн3

Хэ = 0,02 + 0,02 + 0,004 + 0,0042 + 0,00146 + 0,00146 = 0,0511Ом

Телімдегі тізбектің фаза-нөл тұзағындағы сыртқы индуктивті кедергілерін келесідегідей анықтаймыз [13]:

Хп = Хв · L = 0,6 · 0,422 =0,253 Ом

мұндағы Хв – меншікті сытрқы индуктивті кедергі, Ом/км [13];

L – телімнің ұзындығы 0,38 кВ, км.

Фаза-нөл тұзағындағы толық кедергіні есептейміз [13],

К-4 нүктесіндегі бірфазалы қысқа тұйықталу тогын анықтаймыз [13],

мұндағы Uф – фазалық кернеу, В

Алынған мәндерді ВА 57Ф35 автоматының Iном.а = 120 А, Iном.р = 50 А, Iм.р = 150 А

көрсетілген шартқа сәйкес тексереміз

507 / 150 = 3,38 ≥ 3

Нөлдендіру әсерлі саналады яғни шарт орындалды.