Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ оформление3.doc
Скачиваний:
133
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.43 Mб
Скачать

ОӘЖ:629.064.5:334.716.697.32(574.24)(083.9)

Түйін

Дипломдық жобада Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кентіндегі “қазандық” өнеркәсіптік аймақты электрмен жабдықтау сауалы қарастырылды.

Жобада қазандықөнеркәсіптік аймағының электрлік жүктемелері есептелініп, күштік трансформаторлар саны мен қуаты, электрмен жабдықтау сұлбасы таңдалды. Токтың экономикалық тығыздығы бойынша қоректендіруші және корпустар ішіндегі кабельдердің маркалары қабылданды.

Сондай-ақ, қысқа тұйықталу токтары есептелініп, 10 кВ және 0,4 кВ кернеу жақтарындағы электрқондырғылары таңдалынып, төзімділікке тексерілді. Еңбекті қорғау бөлімінде қауіпсіздік техникасы қарастырылды, кернеуі 10/0,4 кВ ТҚС-ның жерлендіргіш құрылғыларына және нөлдендіру әсерінің тиімділігіне есептеулер жүргізілді.

Дипломдық жобаның экономикалық бөлімінде электрмен жабдықтаудың екі нұсқасы ұсынылып, технико-экономикалық көрсеткіштер негізінде нұсқалардың біреуі таңдалды.

Дипломдық жоба бет түсіндірме хаттан, оның ішінде 28 кестеден, 5 суреттен және А1 форматты 5 парақ сызбадан тұрады.

Аннотация

Настоящим проектом предусматривается вопрос электроснабжения“котельной”промышленной зоны в поселке Бурабай Бурабайского района Акмолинской облости.

В проекте были рассчитаны электрические нагрузки проиышленной зоны котельной, выбраны количество и мощность трансформаторов, схема электроснабжения котельной. По экономической плотности тока выбрали марку питающих и кабелей внутри корпуса. Также произведен расчет токов короткого замыкания, выбраны и проверены электрооборудования на стороне 10 кВ и 0,4 кВ. Кроме этого рассмотрены вопросы техники безопасности, приведены расчеты заземления ТП 10/0,4 кВ и эффективности действия зануления.

В экономической части дипломного проекта на основании технико-экономических сравнений из двух вариантов электроснабжения выбрали один.

Дипломный проект содержит 74 страниц пояснительной записки, в том числе 28 таблиц, 5 рисунка и 5 графических листов формата А1

Терминдер мен анықтамалар Осы дипломдық жобада сәйкесінше анықтамалармен төмендегі терминдер қолданылады:

Электрқондырғы - электрлік энергияны тарату, беру, трансформациялау, өндіру және энергияның басқа түріне түрлендіруге арналған қосымша құрылғылар мен электрберіліс желілерінің, аппараттардың, машиналардың жиынтығы.

Электрлікстанция - электрлік энергия өңделетін кәсіпорын.

Электрэнергияның қабылдағышы - электрэнергияны энергия көзінен алатын және оны механикалық, жылулық, химиялық, жарықты энергияға, электрстатикалық және электрмагнитті өрістің энергиясына түрлендіретін, өндірістік қондырғының электрлік бөлігі.

Электртұтынушы - электрмен тұтынудың жалпы пунктіне электрлі тораптардың көмегімен жалғанған кәсіпорынның, корпустың, цехтың өндірістік қондырғыларының электрқабылдағыштар жиынтығы.

Электрлі торап - белгілі территорияда жұмыс істейтін, электрберіліс желілерімен жалғанған, тарату құрылғыларынан және қосалқы станциялардан тұратын, электрэнергияны тарату мен беру үшін арналған электрқондырғылардың жиынтығы.

Қосалқы станция - электрэнергияны қабылдау, түрлендіру және тарату трансформаторларынан немесе басқа электрэнергия түрлендіргіштерінен, тарату құрылғыларынан, өлшеуіш, қорғаныс, басқару құрылғыларынан және қосымша құрылғылардан тұрады.

Қысқа тұйықталу - әртүрлі фазаға қатысты ток өткізгіш бөліктер арасындағы қалыпты режиммен қарастырылмаған тұйықталу.

Қалыпсыз режим - электр торабы параметрлерінің рұқсат етілген мәндерінен ауытқуы.

Қорғаныстың сезгіштігі - электрмен жабдықтау жүйесі жұмысының минималды режимдерінде мүмкін зақымдануларды қорғаныстың сезіну қабілеттілігі.

Резервті қорғаныс - негізгі жөндеуге шығарылғанда немесе істен шыққан жағдайда орнына жұмыс істейтін қорғаныс.

Қорғаныстың жалған іске қосылуы - электрмен жабдықтау жүйесінде зақымданулар болмағанда қорғаныстың іске қосылуы.

Жерге тұйықталу - қалыпты режиммен қарастырылмаған ток жүретін бөліктердің жерге тұйықталуы.

Токты қорғаныс - әсер етуші шамасы ток болып келетін қорғаныс.

Бағытталған қорғаныс - қысқа тұйықталу қуатының (белгісінің) белгілі бағытында әрекеттенетін қорғаныс.

Реленің тағайыншамасы - реледе орнатылатын, әсер етуші шаманың бекітілген мәні.

Белгілер және қысқартулар

Осы дипломдық жобада төмендегі қысқартулар қолданылады:

БТП – басты тарату пункт;

ЭҚҚЕ – электр қондырғыларын құру ережелері;

ЭҚ – электр қабылдағыш;

ҚС – қосалқы станция;

ТҚС – трансформаторлы қосалқы станция;

ТҚ – тарату құрылғысы;

ЖК – жоғары кернеу жағы;

ТК – төменгі кернеу жағы;

ТП – таратқыш пункт;

ӘЖ – әуе желісі;

ҚТ – қысқа тұйықталу;

ТҚК – техникалық қызмет көрсету;

АЖ – ағымдағы жөндеу;

КЖ – күрделi жөндеу;

ЭТҚ – электр техникалық қызмет;

КБ – конденсаторлық батареялар