Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ оформление3.doc
Скачиваний:
133
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.43 Mб
Скачать

6 Релелік қорғаныс және автоматика

6.1 Трансформатордың релелік қорғанысы

Электрмен жабдықтау жүйелерін пайдалану процесінде олардың жеке элеменнтерінің зақымдалуы пайда болады. Зақымдалулардың ең қауіпті және жиі түрі – электр қондырғыларының фазалары арасындағы қысқа тұйықталулар және жерге тұйықталу токтары үлкен тораптардағы бірфазалы жерге қысқа тұйықталу. Электр машиналарында және трансформаторларда фазааралық және жерге қысқа тұйықталумен бірге орамдық тұйықталулар да орын алады. Қысқа тұйықталудың пайда болу салдарынан электрмен жабдықтау жүйесінің қалыпты жұмысы бұзылады, ал бұл өндіріске өте үлкен шығын әкеледі.

Қысқа тұйықталу токтары аққанда электрмен жабдықтау жүйесінің элементтері термикалық және динамикалық әсерлерге ұшырайды. Осы әсерлерді төмендету және олардың алдын алу үшін релелік қорғаныс деп аталатын автоматты құрылғылар жиынтығын орнатады.

Релелік қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:

- зақымдалудың барлық түрін сенімді өшіру;

-қорғаныстың сезімталдығы;

-тек зақымдалған учәскелерді ажырату;

-тез әсер ету қабылеті;

- зақымдалулар туралы белгі беретін сигнализация.

Күштік трансформаторлар үшін релелік қорғаныс құрылғылары зақымдалулардың және жұмыстың қалыпты емес режимдерінің келесі түрлерінен қорғайды:

- нейтралі жерге тікелей қосылған тораптарда орамалар мен кірмелерде болатын көпфазалы тұйықталулар;

- орамдық тұйықталулар;

-аса жүктелген кезде пайда болатын орамалардағы токтар;

- май деңгейінің төмендеуі.

6.2 Дифференциалдық қорғаныс

Қорғаныстың бұл түрі РНТ-565 типті релесінде орындалады және трансформаторды оның орамаларында пайда болатын бір фазалы қысқа тұйықталудан қорғайды. Дифференциялдық қорғаныстың барлық иықтары үшін (трансформатордың қуатты орамасының номиналды қуаты арқылы) бірінші ретті және екінші ретті номиналды токтың орта мәні анықталады.

Басты төмендеткіш подстанциясында орнатылған ТДН-4000/35 - 35/10 трансформаторының дифференциалды токты қорғанысын есептейміз.

Трансформатордың паспорттық сипаттамалары:

Түрі

Uном кВ

шығындар, кВт

iх,%

uк,%

ВН

НН

Рх

Ркт

ТДН - 4000/35

35

10

5,7

33,5

1

7,5

Күштік трансформатор жақтарындағы бірінші реттік номинал токтарын анқтаймыз:

Қосалқы станциясының трансформаторының жұмыс токтары:

Iжум1 = = = 104 А

Iжум2 = = = 365,4 А

Ток трансформаторының трансформация коэффициенттері:

kтр1 = = = 36 А

kтр1 = = = 126,5 А

Трансформация коэффициенттерінің стандартты мәнін қабылдаймыз:

kт=200/5=40;

kт=600/5=120;

kт=1500/5=300;

Дифференциалды қорғаныстың екінші реттік токтарын анықтаймыз:

i2.1 = = = 4,5 А

i2.2 = = = 5,27 А

Сыртқы қысқа тұйықталулар кезіндегі қорғаныстың бейбаланс токтарын анықтаймыз.

Жалпы жағдайда бейбаланс тогы келесі формула арқылы табылады:

Iббал.тр = Iббал'+ Iббал'',

мұндағы Iббал' - ток трансформаторының қателігінен туатын бейбаланс тогы,

Iббал'' - қорғалатын трансформатордың кернеуін жүктеме астында реттеуінен туатын бейбаланс тогы.

Бейбаланс тогын анықтаймыз:

трансформатордың төменгі жағында:

Iббал3=(ɛ+Δu)*Iқт3(3) = 0,1*2760 = 276 А

мұндағы ɛ - ток трансформаторының 10%-қ қателігін ескеретін коэффициент;

Iқт3(3) - трансформатордың төменгі жағындағы қысқа тұйықталу тогы.

Iббал3мах=276 А

Қорғаныстың іске қосылу тогын анықтаймыз:

1. Магниттелу тогының секіруінен тұрғызылу шарты бойынша:

Iіксен* I1=1,3*104=135 А

мұндағы Ксен = 1,3-1,4 - сенімділік коэффициенті;

I1 - трансформатордың жоғарғы жағындағы ток.

2. Бейбаланс максималды тогынан тұрғызылу шарты бойынша:

Iіксен* Iббал3мах=1,3*276=360,1 А

Қорғаныстың іске қосылу тогының есептік шамасы ретінде осы екі шаманың ортасындағы ең үлкенін аламыз:

Iік= 360,1 А

Реленің іске қосылу тогын анықтаймыз:

Iік= *kcx= * = 15,59 А

мұнда kT, kcx - жоғарғы жағы үшін алынған.

Қорғаныстың сезімталдығын алдын-ала тексереміз:

Ксез= ≥ 2

Iрмин = = = 57,2 А

Ксез = 57,2/15,59 = 2,9˃2

мұндағы Iрмин - дифференциалды қорғаныс релесіндегі екі фазалы қысқа тұйықталу кезіндегі есептік минималды ток;

Iқт3(3) - К2 және К3 нүктелеріндегі ҚТ тогының минималды мәні.

Iіқ = Ксен* I1 = 1,5*104 = 156 А

Реленің іске қосылу тогын анықтаймыз:

Iік= *kcx= * = 2,85 А

Жұмысшы ораманың орам сандарын анықтаймыз:

Wжум = = = 35 орам

Алынған санды жақын үлкен орам санына дейін дөңгелектейміз, яғни W = 35 орам.

Теңестіру ораманың орам санын анықтаймыз:

Wтен.1 = * Wжум = *35 = 28 орам

Wтен.1 = 28 орам

Тежеуіш ораманың орам санын анықтаймыз:

Wтеж.1 = = = 11,7 орам

Wтеж.1 = 12 орам

Қорғаныстың іске қосылуының токтарын есептейміз:

I 'іқ = Ксен* Iббал2 = 1,3*276 = 352,8 А

I 'іқ тогын алдында есептелінген қорғаныстың іске қосылу тогының мәнімен салыстырамыз:

360,1 А ˃ 352,8 А

Iіқ ˃ I 'іқ

Сондықтан релені 10 кВ жағына қосамыз.

6.3 Максималды токты қорғаныс (МТҚ)

МТҚ сыртқы қысқа тұйықталулардан қорғау үшін қолданылады және дифференциялды қорғанысқа қосымша резервті болып табылады.

Максималды токты қорғаныс екі фазалы айнымалы оперативті токта РТ-40 релесінде орындалады. Қорғаныс МТҚ-ң ек9.3 Максималды токты қорғаныс (МТҚ)

МТҚ сыртқы қысқа тұйықталулардан қорғау үшін қолданылады және дифференциялды қорғанысқа қосымша резервті болып табылады.

Максималды токты қорғаныс екі фазалы айнымалы оперативті токта РТ-40 релесінде орындалады. Қорғаныс МТҚ-ң екі комплекті түрінде орындалады.

6.4 Газдық қорғаныс

Біздің елдің энергетикасы жоғары қарқынмен өсіп келеді. Техникалық прогресті анықтаушы ретінде ол болашақта алдыңғы қатарда дамитындығы қаралуда. Өз алдына электр желілері арқылы байланысқан көптеген электр стансалары мен қосалқы стансалардан құралған энергетикалық жүйелері дамып, оның параллельді жұмысына бірігеді; таяу уақытта еліміздің оқшауланған энергетикалық жүйелері жұмыс істемейтін болады.

Энергетикалық жүйенің негізгі мақсаты − тұтынушыларды электр энергиясымен үзіліссіз қамтамасыз ету, ол энергетикалық жүйелердің барлық элементтерін, әсіресе негізгі элементтерінің тек қана сенімді жұмысын қамтамасыз етеді. Энергожүйенің негізгі элементтеріне күштік трансформаторлар мен автотрансформаторлар жатады, сондықтан да олардың сенімді жұмыс істеуі өте маңызды.

Трансформаторлар мен автортансформаторлардың түрлі релелік қорғаныстары бүліну немесе қалыпсыз режим кезінде өшіруге не сигнал беруге әрекет ету керек.

Іс жүзінде қолданылатын ережелер бойынша жоғарғы орамды 35 кВ кернеу, қуаты 4000 кВА және одан жоғары сыртқа орналастырылатын май толтырылған трансформаторлар газдық қорғаныспен жабдықталады. Егер кіші қуатты трансформаторлар панажайдың ішінде орналастырылған болса, газдық қорғаныспен жабдықтауға да болады. Егер 1000-4000 кВА қуатты трансформаторларда тез әрекет етуші қорғаныстар (дифференциалды, тоқкесер немесе 1с аспай әсер ететін максималды тоқ қорғанысы) болмаса, онда газдық қорғаныспен жабдықтау қарастырылады.

Қазіргі уақытта энергожүйелерде 10 мыңнан астам түрлері пайдаланылуда. РГЧЗ-66, газдық релесі және олардың саны тез қарқынмен өсуде. Газдық қорғаныс осы релемен орта есеппен алғанда 82-85% жағдайында ғана дұрыс жұмыс істейді. Олардың дұрыс атқарылмаған жұмысының жартысынан көбі қорғаныстың өзінің кемшіліктерінен емес, монтаждау мен пайдалану кезінде болған кемшіліктерінен болып отыр, сондықтан қорғаныстың монтаждауы мен пайдаланылуына аса көңіл бөлу қажет. Газ қорғанысын монтаждау мен пайдалану талаптары орындалған энергетикалық жүйелерде дұрыс жұмыс атқарылу пайызы (95-97%) өсуде.

Трансформаторлардың, автортансформаторлардың және реакторлардың май жүйесі ұқсас орындалған және электр аппараттарында ішкі зақымдану ағыны тез өтеді. Сондықтан да төменде трансформаторлардың май жүйесінің құрылғысын қарастырамыз.

6.5 Автоматика және сигнализация

Басты төмендеткіш станциясында келесі автоматика түрлері қарастырылған:

1) Резервті қайта қосу (РҚҚ). Трансформатордың біріншісі істен шыққан кезде РҚҚ сөнеді де, автоматты түрде екінші трансформатор жағындағы ажыратқыш қосылады. Осының нәтижесінде тұтынушыларды тоқтаусыз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

2) трансформаторлардың автоматты қайта қосылуы (АҚҚ) – трансформатордың ішкі зақымдануларына байланысты емес, апаттан кейін қалыпты жұмысын автоматты орнықтыру үшін қарастырылған. АҚҚ – бір жақты қорек көзі бар бір трансформаторлы қосалқы станциялар үшін өте қажет болып табылады. Бір жақты қорек көзі бар екі трансформаторлы қосалқы станцияларында оны қолданған жөн, егер бір трансформатордың сөнуі екіншісінің асқын жүктелуін тудырса және осыған байланысты тұтынушылардың белгілі бір бөлігі қорек көзінен ажыратылуы қажет болса. АҚҚ қызмет көрсетуші персоналдың көмегінсіз қысқа уақытты қысқа тұйықталудан кейін желінің қоректенуін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

7 Еңбекті қорғау

7.1 Электр қондырғыларында қауіпсіз жұмыс жүргізу шаралары

Электр қондырғыларындағы жұмыстар электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарына байланысты 4 категорияға бөлінеді:

- кернеусіз;

- кернеу астында электрқорғаныс құралдарын пайдалану арқылы;

-кернеу астында ток өткізгіш потенциалдарының астында;

- кернеу астындағы ток өткізгіш бөліктерінен қашық жерде.

Жұмысты кауіпсіз орындау үшін келесі ұйымдастыру шаралары орындалады:

жұмыс жасауға рұқсат беру;

жұмысқа жіберу;

жұмыс орындау барысында бақылау жүргізу;

басқа жұмыс орнына ауыстыру;

жұмыста үзілісті рәсімдеу, жұмыстың аяқталуы.

Қауіпсіз жұмыс жүргізу үшін тағайындалатын жауапты адамдар:

наряд, тапсырма беруші;

жұмыс жетекшісі;

рұқсат беруші адам;

жіберуші;

жұмысты орындауға жауапты адам;

бақылаушы;

бригада мүшелері.

Жоғарыда аталып өткен адамдар, бригада мүшелерін санамағанда, кәсіпорынның арнайы бұйрығы бойынша тағайындалады.

7.2 Өрт қауіпсіздігі

Жабық тарату құрылғыларының (ЖТҚ) ғимараты таза болуы керек. Жыл сайын кем дегенде бір рет шаңнан тазарту жұмыстары жүргізілуі қажет. ЖТҚ-ң электр техникалық қондырғыларын бекітілген график бойынша еңбек қаіпсіздігі шараларын қолдана отырып тазартып отыруы керек.

ЖТҚ-ң ғимараттарын және коридорларын қойма ретінде қолдануға тиым салынады (электр техникалық қондырғыларын және қосымша бөліктерді сақтауға, жанғыш заттар бар сыйымдылықтарды, әр түрлі газды баллондарды сақтауға).

Электр техникалық қондырғысын ластанудан тазарту үшін, әдетте, өрт қауіптілігі жоқ жуғыш құрамдармен және препараттармен қолдану қажет. Кейбір жағдайларда, яғни техникалық себептер кесірінен арнайы жуғыш заттарын қолдана алмайтын жағдайда жанатын сұйықтарды (ерітінділер, жанар май және т.б.) қолдануға рұқсат етіледі. Оның өлшемі 1 л-ден аспауы керек.

Жанатын сұйықтарды қолдану кезінде тек қана сынбайтын материалдан жасалған жабылатын ыдыстарды қолдану керек.

ЖТҚ-ғы дәнекерлеу және басқа өрт қауіптілігі жоғары жұмыстар - өртке қарсы шараларды қолданғаннан кейін шығарылмайтын қондырғыларда жасалуы керек.

ЖТҚ-ң кабель каналдары және ашық тарату құрылғыларының (АТҚ) жер асты кабель каналдары барлық уақытта жанбайтын плиталармен жабылып тұруы керек. ЖТҚ-ң ұяшықтарына және басқа да ғимараттарға кіретін кабель орындарының өртке деген тұрақтылығы 0,75 сағаттан кем емес жанбайтын тығыздағыштары болуы керек.

Жанбайтын тығыздағыштар кабель каналдарында олардың бір ғимараттан екінші ғимаратқа өту орындарында, сондай-ақ каналдардың тармақталған жерлерінде және әрбір 50 м сайын орындалуы қажет. Тығыздағыштар орны плиталардағы қызыл жолақтар арқылы белгіленуі керек. Қажет жағдайда түсіндірме жазбалар жазылады.

ЖТҚ ғимараттарындағы өртті сөндіру құралдары ғимаратқа кіретін жерлерде орналасуы керек. Ал, АТҚ территорияларында өрт сөндіру құралдары персоналға ыңғайлы арнайы посттарда орналасады. Өрт сөндіру құралдарының орналасу жерін көрсететін түсіндірме белгілер мен жазулар АТҚ территориясында ілінеді. АТҚ –да қозғалмалы өрт сөндіру техникасын орнату орындары (өрт сөндірудің оперативті жоспарына сәйкес) белгіленуі керек және жерге қосу орындары жабдықталу керек.

Ғимараттың ішінде майлайтын майлардың тәуліктік қорын сынбайтын ыдыстарында сақтауға болады.

Трансформатордың түтін шығаратын құбырының қылтасы 30 м жақындықта орналасқан қондырғыларға, ғимараттарға, сондай-ақ персоналдың өту жолдарына бағытталмауы керек. Қажет жағдайларда қорғаныс щиттары орнатылады.

Трансформаторда өрт пайда болған жағдайда егер ол релелік қорғаныс әсерінен өшпесе, онда оны барлық кернеу класының тораптарынан ажыратып жерге қосу керек. Персонал өрт сөндірудің стационарлы қондырғысының қосылуын (бар болған жағдайда) бақылау керек, өрт сөндіру бригадасын шақырып, оперативті жоспарға сәйкес шаралар қолдану керек.

Трансформаторда өрт пайда болғанда оның корпусынан майды ағызып алуға тиым салынады. Себебі, бұл өрттің оның орамаларына қарай өршуіне әкелуі мүмкін. Ол өртті сөндіру жұмысын қиындатады.

7.3 Өндірістік санитария

Өндірістің санитарлы қорғаныс нормаларына сәйкес олардың жеке ғимараттарын, технологиялық процестерін тұрғын үйлерден санитарлы қорғаныс зоналарымен бөлу қажет. Себебі, технологиялық процестер қоршаған ортаға зиянды заттарды шығарады, сондай-ақ дірілдеу, күлгін дыбысты шуларды, электр магнитті толқындарды тудырады.

Санитарлы-қорғаныс аймағы – бұл тұрғын ғимараттары мен өндірістік аудан шектерінің, материалдарды ашық және жабық сақтау қоймалары арасындағы территория. Ол:

- талап етілетін гигиеналық нормаларды қамтамасыз ету (атмосферадағы зиянды заттар, өнеркәсіптің, тасымалдау коммуникациясының, электр беріліс желілерінің тұрғындарға тигізетін кері әсерлерін төмендету) үшін арналған;

- физикалық әсер факторларын (шу, дірілдеудің, электр магнитті толқындардың, күлгін дыбыстың деңгейін) төмендету үшін;

- өнеркәсіп пен тұрғын аудандарының арасына құрылысты-эстетикалық тосқауыл жасау үшін;

- атмосфералық ауаның ластануын фильтрлеу және ассимиляциялау жолдарын күшейту мақсатында ауданды көкалдандыру жұмыстарын ұйымдастыру үшін арналған.

Санитарлы-қорғаныс аймағын ұйымдастыру, көкалдандыру өнеркәсіпті өңдеудің және жоба құжаттарының барлық этаптарында ескерілуі керек.

Өнеркәсіптердің бөлетін зиянды физикалық факторларына байланысты санитарлы қорғаныс аймақтарының келесі минимал өлшемдері бекітіледі: 1 класс өнеркәсібі - 2000м, 2 клас - 1000м, 3 клас - 500м, 4 клас — 300м, 5 клас - 100м.

7.4 Жерге қосу

7.4.1 Жерге қосу құрылғыларының қолдану аймағы және құрылымы

Электр қондырғының барлық метал бөліктері жермен қосылуы керек. Мұндай жерге қосуды сақтандырғыш деп атайды, себебі, оның мақсаты – қызмет көрсетуші персоналды кернеу астына түсуден сақтайды.

Электр қондырғыларында электрлік машиналардың, трансформаторлардың, электр аппараттарының жетектерінің, таратушы щиттердің, пульттердің, шкафтардың корпустары, сондай-ақ тарату құрылғыларының металл конструкциялары, кабель муфталарының металл корпустары, ғимараттардың металл конструкциялары жерге қосылуы керек.

Аппараттың немесе электр қондырғының қалыпты жұмыс жағдайын туғызу үшін арналатын жерге қосуды жұмыстық жерге қосу деп атайды. Жұмыстық жерге қосуға трансформаторлардың, генераторлардың, доға сөндіргіш катушкалардың нейтралінің жерге қосылуы жатады. Жұмыстық жерге қосусыз аппарат өз қызметтерін орындай алмайды немесе электр қондырғысының жұмыс режимі бұзылады.

Қондырғыны найзағайдың тікелей соғуынан сақтау үшін жерлендіргіштерге қосылатын разрядтауыштар, ұшқындық аралықтар, стерженді және тросты найзағай тосқауылдатқыштар қолданылады. Мұндай жерге қосу найзағайдан қорғағыш деп аталады.

Әдетте, жерге қосудың барлық үш типінің орындалуы үшін бір жерге қосқыш құрылғыны қолданады.

Жерге қосуды орындау үшін табиғи және жасанды жерге қосқыштарды қолданады.

Табиғи жерге қосқыштар ретінде төмендегілерді пайдалануға болады:

- су өткізу құбырлары;

скажина құбырлары, темір-болат құбырлар;

ғимараттардың метал және темірбетонды құрылыстары;

гидротехникалық ғимараттардың метал шпунттары;

кабелдің қорғасын қабыршағы;

ӘЖ бағаналарының жерлендіргіштері;

- темір жол тораптары.

Табиғи жерге қосқыштар жерге қосу магистралдарымен әр нүктеде кем дегенде екі өткізгішпен байланысуы керек.

Жерлендіргіштер саны қажет есептеулер арқылы анықталады. Жасанды жерлендіргіштерді электр қондырғылары орналасқан ауданда электрлік потенциалдарды біркелкі таралатындай етіп орналастырады. Осы мақсатпен АТҚ территориясында электр қондырғыларын бойлай және олар көлденең бағытта 0,5-0,7 м тереңдікте жерлендіргіш жолақтарын жүргізеді. Жолақтардың арасы 30 м-ден артық болмауы керек. Нәтижесінде жерлендіргіш сетка пайда болады және оған жерлендірілетін қондырғылар қосылады.

7.4.2 Қосалқыстанцияны жерлендірудің есебі

Жерлендіргіштің алын ала сұлбасын жерлендіргіштің контурлық түрін қабылдаймыз, яғни электродтардың тік стержіндері (lb=5 м)және көлденең сызықтар арқылы тор тәріздес құрамыз. Тік электродтар жерлендіргіштің периметрі арқылы орналасқан.

35/10 кВ ҚС ауданы 3800 м2.

Грунт екі қабатты, меншікті кедергі ρ1изм=100 Ом∙м (суглинок) және ρ2изм=50 Ом∙м (супесок).

Тік жерлендіргіштің диаметрі d=0,012 м, болат сызықтың қосылуы 40х4 мм. Жоғарғы қабаттың қалыңдығы h1=2,8 м. Электродтың жерге кіру тереңдігі t0=0,8 м.

Берілген сұлбадан көлденең сомалық ұзындығын және тік сымның санын анықтаймыз:

L1=1190 м

n =16

S (м2) болатын квадраттық тор болатын ретінде жерлендіргіштің есептік моделін құрастырамыз. Бір жағындағы ұзындығы

≈ 46 м.

Модельдің бір жағындағы ұяшықтар саны:

m=12 деп қабылдаймыз.

Көлденең электродтардың соммалық ұзындығын анықтаймыз:

LT=2(m+1)=2(12+1)∙46=1196 м

Ұяшық жағының ұзындығы:

Тік электродтар арасындағы қашықтық:

Тік электродтардың соммалық ұзындығы:

Lb=n∙lb=16∙5=80 м

Тік электродтың жерге кірудің салыстырмалы тереңдігі:

Салыстырмалы ұзындық:

Lот=(һ1-t)/lb=(2,8-0,12)/5=0,53 м

Грунтың есептік эквиваленті кедергісі:

Мұнда, ρ1 расч.=ρ2 изм∙φ=50∙0,7=35 Ом∙м; φ-грунт кедергісінің климаттық коэффициенті.

Енді анықтаймыз:

Қаралып отырған жасанды жерлендіргіштің есептік кедергісін анықтаймыз:

Мұнда, А- мына формуламен анықталатын коэффициент

А=0,385-0,25∙tот=0,34; 0,1≤tот≤0,5

Жерлендіргіш қондырғы қорғаныстың талаптарын қанағаттандырады.

Қосалқыстанцияның жасанды жерлендіргіші қимасы 40х4 мм, жалпы ұзындығы 1250 м кем емес және тік стержінді диаметрі 0,012 м, 16 данадан кем емес әрқайсысының ұзындығы 5 м,жерлендіргіштің периметрі бойынша мүмкіншілігінше тегіс орналасқан, яғни бір-бірінен бірдей қашықтықта; жерге кіру тереңдігі 0,12 м көлденең қиылысқан сызықтық электродтардан орындалған болуы керек.

8 Қоршаған ортаны қорғау шаралары

 35/10 кВ Басты төмендеткіш станцияда келесі қорғау шаралары қарастырылған:

Трансформаторлардың авариялық жағдайында майдың лықсымаларының салтақтануынан жерді қоғау үшін сыйымдылығы 85,0 м3 жабықмайжинағышпен майбұрмалағыш қарастырылған.

Жобада 10 кВ комплексті таратқыш қондырғыда құрамында май болмайтын вакуумдық ажыратқыш қарастырылған.

Қосалқыстанция жабық болғандықтан, қосалқыстанцияның айналасында электр өрісі болмайды. СанПиН РК №3.01.036-97 “Өндірістік жиілік айнымалы токтағы электржетектің әуе желісінен пайда болатын электр өрісінің әсерінен тұрғындарды қорғау” келіскендей санитарлық қорғау зонасы қарастырылмаған.

Қосалқыстанцияның аумағында әртүрлі шөптерден құралған көгалмен қамтамасыз етілген, және де периметрі бойынша декоративтің ағаш орнатылған.

Қызметтік мекемелерде эксплуатациялық персонал үшін электрлік, механикалық, химиялық және т.б факторлардан персоналды индивуалды қорғау үшін оқшаулағыш, шектегіш, экрандаушы және сақтандырғыштық құрылғыларды сақтау үшін орын қарастырылған.