Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ оформление3.doc
Скачиваний:
133
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.43 Mб
Скачать

1.1 Сурет. Электрлік картограмма жүктемесі

3 Сыртқы электр жабдықтау жүйесін жобалау

Электрмен жабдықтаудың рационалды жүйесін таңдау үшін кәсіпорынға тапсырманы шешудің бірнеше нұсқаларын қарау, әрбір нұсқаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтау қажет. Алынған есептерді талдау негізінде олардың ішіндегі аса орындысына техникалық-экономикалық негіздеме беру [3].

Нұсқалардың техникалық-экономикалық есептері негізінде қоректендіруші желілердің экономикалық орынды қимасы және сыртқы электрмен жабдықтау жүйесінің қоректендіруші желілерінің рационалды кернеуі таңдалады. Цех ішіндегі электрмен жабдықтау жүйесі үшін техникалық шарттар бойынша есептелген бір нұсқаның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтау жеткілікті.

Әрбір белгіленген нұсқалар бойынша:

- экономикалық көрсеткіштер: К – күрделі шығындар, С - жыл сайынғы пайдалану шығыстары, З – жылдық есептік шығындар;

- техникалық көрсеткіштер: ΔЭг – электр энергияның шығындары; G – түсті метал шығыны анықталады.

3.1 Басты төмендеткіш станциясы (бұдан әрі - БТС) трансформаторлары санын және қуатын таңдау

Жобаланудағы кәсіпорында I және II санатты тұтынушылар болған жағдайда қоректендіргіштің іркіліссіздік деңгейі бойынша сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі үшін екі желіні салу көзделеді.

Егер кәсіпорында БТС салу болжамдалса, онда оған энергия жүйесі бар екі байланыс тансформаторы орнатылады.

Басты төмендеткіш станциясы үшін трансформаторлардың дұрыс, техникалық және экономикалық негізделген саны мен қуатын таңдау электрмен жабдықтау схемасын ұтымды құру үшін аса маңызды.

Трансформаторлар қуатын олардың артық жүк қабілетін ескере отырып анықтаған дұрыс. Трансформатордың артық жүк қабілеті жүктемелердің тәуліктік кестесіне байланысты.

Егер бастапқы деректерде графиктерді жобалауға жүктеме берілмесе, онда трансформатордың қалыпты және авариядан кейінгі режимдердегі жүктеме коэффициентін ескере отырып, трансформаторлар қуатын таңдауды зауыттың есепті қуаты бойынша жүргізуге рұқсат етіледі.

Мысалы, есепті жүктемелерді анықтау нәтижелері бойынша (1-бөлім) құрама шиналарға 10 кВ Sр арналған кәсіпорынның есепті қуаты 6330 кВ∙А мынаған тең.

1-нұсқа

Қондырғыға әрбір номиналды қуаты Sт.ном =4000 кВ∙А екі трансформатор белгілейміз. Қалыпты жағдайдағы трансформатордың жүктеме коэффициенті мынаған тең

. (2.1)

Авариядан кейінгі жағдайдағы (бір трансформатор сөндірулі) трансформатордың жүктеме коэффициенті мынаған тең

. (2.2)

Авариядан кейінгі жағдайда Кз.ав 1,4 мәндерден асуы тиіс, яғни таңдалған тансформатор

Кз.ав = 1,58 > 1,4.

2-нұсқа

Номиналды қуаты Sт.ном =5600 кВ∙А. Қалыпты жағдайдағы жұмыста трансформатордың жүктеме коэффициенті тең

Авариядан кейінгі жағдайдағы (бір трансформатор сөндірулі) трансформатордың жүктеме коэффициенті тең

.

яғни таңдалған тансформатор

Кз.ав = 1,125 < 1,4.

Осылайша, басты төмендеткіш станцияда әрқайсысының қуаты 4000 кВ∙А ТДН типті екі трансформатор орнатамыз