Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом 2014...doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
935.42 Кб
Скачать

7 Қысқа тұйықталу тогын есептеу

Кернеуі 1кВ дейінгі тораптар үлкен қзындықтарымен және коммутациялық қорғаныс аппараттары бар болуымен сипатталады. Кернеуі 1кВ дейінгі кезде шамалы кедергі қысқа тұйықталу токтарына әсер етеді. Сондықтан есептеулерде тұйықталған тораптың барлық кедергілерін, яғни индуктивті және активті кедергілерін ескереді. Бұдан басқа, берілген тізбектің барлық өтпелі контактілердің активті кедергілерін ескереді. Қуаты 1600кВА дейінгі трансформаторлары арқылы қоректенетін тораптарда ҚТ токтарын есептеген кезде ұсынылатын контактілердің және олардың өтпелі кедергілері жайында нақты мәндері берілмесе, онда олардың кедергілерін келесідей алуға болады: тарату құрылғылары үшін 0,015 Ом, тарату сатылары үшін ‑ 0,02 Ом, аппаратуралар қыспағында ‑ 0,025Ом[10]. Қысқа тұйықталу токтары атаулы бірлікте жүргізіледі.

    1. Үш фазалы ҚТ токтарын есептеу

ТҚ0,4 кВ бастап КТҚ дейінгі ҚТ токтары үшін есептік және орынбасу сұлбаларын құрастырамыз (суреттер 6 және 7). Қосалқы станцияның шинасынан бастап ең алыста орналасқан тұтынушымен, яғни петер қалқанының ВРУ блок-секциясымен 1-1 аяқталады. ҚТ токтары анықталады және есептеулер жүргізіледі.

Есептеу тәртібі төмендегідей:

Жүйенің индуктивті кедергісі анықталады және ТК жағына келтіріледі [8]

мұндағы Uб – базистік кернеу, В; - кернеуі 10кВ сол жағалаудағы «Новая» қосалқы станциясының релелік қорғанысы және автоматика берілгендері бойынша үшфазалы ҚТ тоғы; Uнн – ТК шиналарындағы номинал кернеу; Uс – жүйе кернеуі.

К1 нүктесіне дейінгі кабельдік желінің кедергісі мына формуламен анықталады [8]:

Хл = хо · L=0,06 · 2,858 = 0,17Ом

мұндағы хо=0,06 Ом/км, [10]кестеден алынған кабельдің меншікті кедергісі,

Rл = ro ∙ L = 0,083 · 2,858 = 0,23 Ом

мұндағы ro = 0,083 Ом/км кестеден алынған кабельдің меншікті кедергісі.

Сурет 6 – Қысқа тұйықталу токтарын есептеуге арналған есептік сұлба

Сурет 7 - Қысқа тұйықталу токтарын есептеуге арналған орынбасу сұлба

Кедергілер төменгі кернеу жағына келтіріледі

Ом

Трансформатор үшін кедергілер анықталады және ТК жағына келтіріледі [12],

Rт = 1,9 Ом, Хт =7,1 Ом (6–шы бөлімде анықталған), Zт = 0,246 Ом ТК келтірілген толық кедергі [12].

КЛ 2 кабельдік желі үшін активті және реактивті кедергілер мына формула арқылы анықталады [8],

Хкл2 = хо · L = 0,0596 · 0,536 = 0,0318 Ом

Rкл2 = 0,5ro ∙ L = 0,5 · 0,208 · 0,536 = 0,111 Ом

Кабельдің активті кедергісі 0,5 еселенеді, себебі сұлбада екі кабель. КЛ 3 кабельдік желі үшін активті және реактивті кедергілер мына формула арқылы анықталады [8],

Хкл3 = хо · L = 0,0612 · 0,070 = 0,004 Ом

Rкл3 = ro ∙ L = 0,256 · 0,070= 0,0168 Ом

КЛ 4 кабельдік желі үшін активті және реактивті кедергілер мына формула арқылы анықталады [8],

Хкл4 = хо · L = 0,073 · 0,02 = 0,00146 Ом

Rкл4 = ro ∙ L = 1,84 · 0,02 = 0,0368 Ом

ҚТ токтарына дейінгі эквивалентті кедергілері келесі формула арқылы анықталады [8],

ҚТ токтарына дейінгі толық кедергі мына формула арқылы анықталады [8],

Rэ1 = Rкл1 = 0,00022 мОм

Хэ1 = Хкл1 + Хс = 0,00015 + 0,00053 = 0,00068 Ом

Rэ2 = Rт + Rкл1 + Rс1 = 0,003 + 0,00022 + 0,015= 0,01822 Ом

Хэ2 = Хт + Хкл1 + Хс = 0,01 + 0,00015 + 0,00053 = 0,011 Ом

Rэ3 = Rкл2 + Rс2+ Rт + Rкл1 + Rс1 = 0,111 + 0,02 + 0,003 + 0,00022 +

0,015 = 0,149 Ом

Хэ3 = Хкл2 + Хт + Хкл1 + Хс = 0,03 + 0,01 + 0,00015 + 0,00053= 0,041Ом

Қ.Т нүктесіне дейінгі толық кедергіні келесі формула бойынша анықтаймыз[8],

Кернеуі 10 кВ келтірілген, 10/0,4 трансформатордың 10 кВ шығысындағы үш фазалы қ.т. тоғын келесі формула бойынша анықтаймыз [8],

ТК шинасындағы үш фазалы қ.т. тоғын келесі формула бойынша анықтаймыз [8],

Қ.т. соққы тоғын келесі формула бойынша анықтаймыз [8]

мұндағы Ку – қатынастар графигі [8] бойынша соққы коэффициенті

Екі фазалы қ.т.тоғы келесі формула бойынша анықталады [8],

Екі фазалы, үш фазалы қ.т.токтарының нәтижелері кесте 9 келтірілген және графикалық бөлімнің үшінші парағында көрсетілген.

Кесте 9 – Қ.т. үш фазалы токтары

ҚТ нүктесі

Rэ,

Хэ

Хэ/ Rэ

Ом

Ом

кА

кА

кА

кА

К1

0,00022

0,00068

3,1

1,32

12,583

23,423

10,947

К2

0,01822

0,011

0,61

1,1

11,01

17,1

9,58

К3

0,073

0,031

0,42

1,0

2,926

4,125

2,54

К5

0,073

0,031

0,42

1,0

2,926

4,125

2,54

К6

0,387

0,032

0,082

1,0

0,595

0,833

0,517

К7

0,387

0,032

0,082

1,0

0,595

0,833

0,517

К8

0,225

0,029

0,132

1,0

1,021

1,429

0,888