Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом 2014...doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
935.42 Кб
Скачать

9 Трансформаторлы қосалқы станцияның қорғаныс есебі

Трансформатордың орамдарын, шығысында және ажыратқышқа дейінгі жалғануларында қысқа тұйықталудан трансформатордың қорғанысын уақыт ұстамдылығынсыз токты кесер түрінде немесе уақыт ұстамдылығының сатылы сипаттамасы бар токты қорғанысы түрінде орындайды. Қорғанысты қорек көзі жағынан орнатады, ажыратқыштың дәл жанынан. Қорғаныстың әсер ету зонасына трансформатор және ажыратқышпен байланыстырылған жері кіреді.

Сыртқы қысқа тұйықталулардан қорғанысы ретінде уақыт ұстамдылығы бар токты қорғанысының релесі фазаның толық токтарына қосылуымен және олардың симметриялы құраушыларына қосылуымен қолданылады.Есептеу жолы төменде кқрсетілген.

Қорғаныстың іске қосылу тоғы келесі формула бойынша анықталады. [8],

мұндағы Кн – сенімділік коэффициенті, 1,15 тең; Кз – қор коэффициенті, 1,3 тең; Кв – қайтым коэффициенті, 0,8 тең; I н.тр – трансформатордың номинал тоғы мына формула бойынша анықталады [8],

Реленің іске қосылу тоғы анықталады [8]:

мұндағы Ксх – сұлба коэффициенті, 1 тең; Кт- ток трансформаторының трансформация коэффициенті, 1000/5 = 200 тең.

Тағайыншама тоғы I уст = 8,5 А бойынша РТ-85 релесін таңдаймыз. Кесердің іске қосылу тоғын берілген орында орнатылған ВА 53-41 типті автоматты ажыратқышпен келістіріп төмендегі формула бойынша анықтаймыз [8],

мұндағы Кт – кесердің еселігі, 4 тең.

10 Еңбекті қорғау

10.1 Кабельдік желілерді және трансформаторлы қосалқы станцияны пайдалану кезіндегі техника қауіпсізідігі

Берілген дипломдық жобада, тұрғын үй кешенінде үйлерді қоректендіретін трансформаторлы қосалқы станцияға және кабельдік желілерге қызмет көрсету кезінде келесі техника қауіпсіздік шаралары сақталуы тиіс.

Электқондырғыларға жұмыс істеуге арнайы оқудан өткен, яғни теориялық және практикалық оқудан өтіп және квалификациялық тобы 4 ие болған, және медициналық тексерістен өткен жұмыскерлер ғана жіберіледі. Себебі берілген жобада электрқондырғыларының кернеуі 1000В дейін және одан жоғары. ТҚС жұмыс режимі кезекші жұмыскерлерпдің бар болуын талап етпейді. ТҚС қарап шығу электрқондырғыларын пайдалану ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Әрбір сөндірілуінен және ҚТ кейін міндетті түрде қарап шығу керек.

Трансформаторларды оперативті жұмыскерлер қарап шығу кезінде, өндіруші зауыттың пайдалану кезінде берілген ұсыныстарына көңіл аудару керек (жүктеме, температура, май деңгейі).

Кернеуі 10 кВ тарату құрылғысын (ТҚ) жөндеген кезде және қызмет көрсеткен кезде дұрыс емес операцияларды болдыртпау мақсатында келесі шаралара қарастырылады:

а) өндіруші зауыт жасайтын, әрбір КСО камераларынын аймағында болатын қате оперцияларын блоктау;

б) барлық жетектерді, жинақтаушы шинаның жерлендірілетін пышақтарының айырғыштарын салбырап тұратын құлыптармен жабу;

в) жетектерді құлыптайтын, жерлендірілетін пышақтардың және құлыптарыдң жетектерінің рукояткаларын қызыл түске, ал айырғыштың жерлендірілетін пышақтарын қара түске бояу.

[2] сәйкес өртке қарсы шаралары ретінде, тарату құрылғысының панажайында екі эвакуациялық шығатын есіктері қарастырылған, олар эвакуация болған жағдайда ашылады. Барлық қалған панажайларда есіктер эвакуация болған жағдайда ашылады.

Тұрғын үй кешенінде өртке қарсы шаралары ретінде түтінге қарсы қорғанысын автоматты басқару жүйесі құрастырылған, ол техника қауіпсіздігі бойынша арнайы сұрақта қарастырылған.

Қауіпсізідк шаралары қатынасы бойынша электрқондырғыларындағы атқарылатын жұмыс түрлері орындалады:

- ток өткізгіш бөліктеріндегі және олардың қасында кернеуді сөндіру;

- ток өткізгіш бөліктеріндегі және олардың қасында кернеуді сөндірмеу;

- кернеу астындағы ток өткізгіш бөліктерінен алыс, кернеуді сөндірмеу.

Жоғарыда аталған электрқондырғыларындағы жұмыстарды орындамас бұрын, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымдастырылғын шараларды міндетті түрде орындау керек:

а) ағымдағы пайдалану тәртібі бойынша орындалатын жұмысты жұмысқа жіберу нарядымен рәсімдеу;

б) жұмысқа жіберу;

в) жұмыс кезінде қадағалау;

г) жұмсы кезінде болған үзілісті, басқа жұмыс орынға көшірілгені тіралы және жұмысты ң аяқталуын рәсімдеу.

Жоғарыда көрсетілген жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, техникалық шараларды белгіленген қатаң тәртібі бойынша орындау қажет:

а) қажетті сөндірулерді жүргізу және коммутациялық аппараттардың өздігінен іске қосылуы немесе қате қосылуы салдарынан жұмыс орынға кернеудің берілуіне жол бермейтін шараларды орындау;

б) жұмысшы жетектеріне және коммутациялық аппараттың қашықтықтан басқару кілттеріне «Іске қоспа – жұмыс жүргізілуде» атты тыйым салынатын плакаттарды іліп қою;

в) ток өткізгіш бөліктерде кернеудің жоқ екенін тексеру, олар адамдарды электр тоғымен зақымданудан қорғау мақсатында жерлендірілуі керек;

г)жерлендіргішті орнату (жерлендіргіш пышақтарын қосу, жоқ жерлерде, тасымалданатын жерлендіргіштерді орнату);

д) ескертілетін және көрсетілетін плакаттарды іліп қою, мүмкіндігінше жұмыс орындарын және кернеу астында қалған ток өткізгіш бөліктерін қоршау.

Кабельдік желілер электрқондырғылардың бір бөлігі болып табылады. Олар ортақ электрмен жабдықтау жүйесіне кіреді, әсіресе ТҚС кернеуі 10кВ тарату құрылғысын байланыстыратын, сонымен қатар тұрғын үй кешенінің сыртқы тарату құрылғысын ТҚ-0,4кВ байланыстыратын кабельдік желілер. Электрмен жабдықталатын нысандағы пайдаланатын әрбір кабельдік желінің өз нөмері және атауы болуы керек. Егер де желі бірнеше кабельдерден тұратын борлса (параллель төселген), онда әр қайсысы «А», «Б», «В» әріптері қосылған сол нөмерге ие болуы керек.

Кабельдік трасса өтетін жерлерде, әрбір 100м және трассаның бұрылысы жерлерінде, темір жол жолдарымен қилысқан жерлеріне кабельдердің муфталары үстіне плакаттар қойылу ұсынылады.

[2] талаптарына сәйкес әр кабельдік желілге пайдалануға енгізген кезде максималды токты жүктемелері орнатылуы керек. Бұл жүктемелер учаске ұзындығы 10м жоғары, жылу жағдайлары өте нашар трассаның учаскелері бойынша анықталады.

Кабельді төсеу үшін траншея мен қазаншұңқырларды қазуға, қазу жұмыстары жүргізілетін орындарында орналасқан мекемелерден, кәсіпорындардан алдын ала рұқсат алу керек. Сонымен қатар ол рұқсат қағазда жер асты құрылымдардың, газдық, суқұбырлардың және басқа да коммутациялық барларын нақты қай жерде орналасқанын көрсету қажет. Кабельге 1м қашықтықта жертесетін машиналармен жер қазу жұмыстарын және 5м қашықтықта клин-бабы және сол сияқты соққы механизмдерін пайдалануға тыйым салынады.

Кабельдерге қазу жұмыстарын жүргізген кезде кабельге 0,4м қашықтық қалған уақытта жерді қопсытуға шойбалғаларды және оларды шығарып алуға жертесетін машиналарды пайдалануға болады. Ол кезде кабель трассасы шурфовталған болуы керек.

Қалған уақыта жерлі қазып алу күректермен жүргізілуі керек. Сүймендерді және осыған ұқсас саймандарды пайдалану тыйым салынады.

Шұңқыр,траншея және қазан шұңқыр қазған уақытта, құрылыс материалдары және олардан шығарылған жер жұмыс орыннан қоршалған жерге орналастыруы керек және ол көлік пен адамдардың жолдарына бөгет жасамауы керек.

Ашылған муфталар траншеяның қырлы бөренелері арқылы лақтырылған тростар немесе сымдар арқылы ілінген берік бөренеге бекітілуі тиіс. Ашылған кабельдерге алдын ала дайындалған қораптар кигізіледі. Қораптың бір қабырғасы ашылатын болуы керек және шегесіз бекітілуі тиіс. Кабельдерді іліп қоюға көрші кабельдерді, құбырларды пайдалануға рұқсат берілмейді.

Кабельдерді іліп қою шаралары олардың қозғалып кетуіне жол берілмейтіндей етіп жүзеге асырылуы тиіс.

Қазып алынған кабельдерге кигізілген қораптардың үстіне «Тоқта, жоғары кернеу!», немесе «Тоқта, өмірге қауіпті!» плакаттарын іліп қою керек. Муфтаны ашпас бұрын немесе кабельді кеспес бұрын,ен алдымен жұмыс сол кабельде орындалатындығын тексеру керек, ол кабель сөнгенін және барлық техникалық шаралар толығымен жасалғанын қарап шығу керек.

Жерге төселген кабельдерде кернеудің жок екендігін арнайы тесетін құрылғымен жүзеге асырылады. Ол кабельді болатты инемен сауытты тесіп талшыққа дейін және оның өзара тұйықталуын және жермен тұйықталуын тексереді.

Құрылғынын тұтқасы тесетін инеден оқшауланған материалдан тұратын ендірмесімен бөлінуі тиіс. Құрылғының металдық бөлігі тесуді жүргізу алдында жерлендіріледі.

Кабельдерді қозғалту және ығыстыру және муфталарды тасу кабельді сөндіргеннен кейін орындалады. Кернеу астындағы кабельдерді қозғалту және ығыстыру қажеттілігі кезінде келесі шаралар орындалғаннан кейін рұқсат етіледі:

а) қозғалтылатын кабель t+5ºС болуы керек;

б) кабельдің қозғалтылатын учаскесінде орналасқан муфталар, ен алдымен кабельдің қасындағы муфталар созылуын, майысуын және қозғалып кетуіне жол бермейтіндей етіп тақтайға хомуттармен бекітілуі керек;

в) жұмыс тексерістен өткен диэлектрлік қолғаптармен жүргізілуі тиіс, механикалық зақымданудан қорғау үшін брезентті қолғап кию керек, олар диэлектрлік қолғапқа қарағанда қысқа болады;

г) жұмыс тәртібі бойынша арнайы қысқыштардың көмегімен жүргізілуі керек;

д) жұмыс кабельді төсеу тәжірибесі бар, жұмыскерлерге берілген наряд бойынша, сонымен қатар квалификациялық 5 тобы бар адамның қадағалауымен жүргізілуі керек. Кернеуі 1000В дейінгі кабельдерді төсеу кезінде квалификациялық 4 тобы бар адамның қадағалауымен жүргізілуі керек.