Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом 2014...doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
935.42 Кб
Скачать

2.3 Ғимараттың барлық толық қуатын есептеу.

Барлық секцияның есептік жүктеелері анықталған,яғни тек реактивті қуатты келесідегідей формуламен есептеу керек[1]:

Qр = Pр · tgφ;

Pр - ғимараттың барлық активті есептік жүктемесі;

tgφ – осы категория тұтынушысына сәйкес 0,47 алынады [3].

Qр = 391,06 ·0,47 = 183,79 кВар

Ғимараттың толық қуатын анықтаймыз[1]

ВА

Трансформатордағы активті шығынды есептейміз[1]

ΔР = 0,02 · Sр

ΔР =0,02 · 432,09 = 8,64 кВт

Трансформатордағы реактивті шығынды есептейміз [1]

ΔQ = 0,1 · Sр

ΔQ = 0,1 · 432,09 =43,2 кВар

Трансформатордағы толық шығынды анықтаймыз[1]

кВА

Жоғары кернеудегі шинаның активті қуатын есептейміз1]

Рвн = Рр +ΔР

Рвн = 391,06 +8,64 =399,7 кВт

Жоғары кернеудегі шинаның реактивті қуатын есептейміз

Qвн = Qр + ΔQ

Qвн = 183,79 +43,2 = 226,99 кВар

Жоғары кернеудегі шинаның толық қуатын есептейміз

кВА

Қоғамдық ғимараттармен тұрғын үйлердің тұтынушыларының реактивті жүктемесін қарымталау осыған сәйкес қарастырылмайды [4]

3 Тп 10/0,4 кВ трансформаторының қуаты мен санын таңдау

Трансформатордың қуаты мен санын дұрыс анықтау технико‑экономикалық есептеулер негізінде келесі факторларды ескере отырып жүзеге асырылады: тұтынушылардың электрмен жабдықтау сенімділігі категориялары, 1кВ дейінгі реактивті жүктемелерді қарымталау; трансформатордың қалыпты және авариялық режимдері кезіндегі асқын жүктеме қабілеттілігі; стандартты қуаттар адымы; жүктеме графигіне байланысты трансформаторлардың экономикалық жұмыс режимдері.

Қосалқы станция саны азайған уақытта, тарату құрылғысының ұяшық сандары, желінің қосынды ұзындығы және 6-10 кВ торабындағы кернеу мен электрэнергия шығындары да азаяды, бірақ кернеуі 0,4кВ тораптарының құны және олардағы шығындары өседі. Қосалқы станция саны көбейген уақытта, керісінше, кернеулері 0,4кВ және 6-10кВ тораптарға шығындар азаяды. Бір ҚС екі трансформатор бар болғанда және номинал қуаттары Sном.т бар кезде, берілген электрмен жабдықтау сенімділігі деңгейін қамтамасыз ету арқасында келтірілген шығындардың азаяюын қарасытруға болады.

Тұрғын үй кешенінде бірінші және екінші категориялы тұтынушылары бар болғандықтан, орнтауға екітрансформаторлы қосалқы станциясын аламыз. Әр трансформатордың қуатын, егер бір трансформатор істен шығып қалатын болса, екінші трансформатор бірінші және екінші категориялардың тұтынушыларын қоректендіре алатындай етіп есептеп таңдалуы керек; бұл уақытта ұшінші категория тұтынушылары уақытша сөндірілуі мүмкін. Жұмыста қалған трансформатор аварияны жою уақытында 140% дейін жүктелуі мүмкін, бұл авариялық жағдай кезінде жіберіледі.

Қосалқы станцияға орнатуға трансформаторлар санын таңдаймыз. Берілген жағдай үшін тұтынушылар бірінші категорияға жатады – жеделсатылар, сорғыны басқылау станциялары, орнатылған қуаттың 17-18% құрайды, сондықтан қосалқы станцияға екі трансформатор таңдаймыз. Жылдық жүктеме графикке сәйкес шамамен трансформатордың жіберілетін жүйелік жүктемесін Кз = 0,49 кезінде келесі формула арқылы таңдаймыз [8],

S'доп =1,11∙Sном.тп

Жылдық жүктеме графигінің біркелкі еместігі арқасында, трансформатордың қосымша асқын жүктемесі келесі көлемде жіберіледі [8],

S"доп = 0,15 ∙ Sном.тп

Максимал жүктемесі кезіндегі қалыпты режимде трансформатордың ортақ қосымша асқын жүктемесін анықтаймыз [8]:

Sдоп = S' доп + S"доп = 1,1 ∙ Sном.тп + 0,15 ∙ Sном.тп = 1,26 · S ном.тп

Қуаты 630 кВА екі трансформатор таңдаймыз. Қалыпты режим кезінде трансформаторлар толық емес жүктемесімен жұмыс істеп тұрады. Максимум уақыттары кезінде жүктелі коэффициенттері тең [8]:

630кВА бір трансформатор сөнгенде, жұмыста қалған трансформатор келесі қуатты жібере алады [ 8]:

1,4∙Sном.тп = 1,4∙630=882 кВА,

Яғни, тұрғын үйдің барлық тұтынатын қуаттың 84,4%. 1,4 коэффициенті авариялық режимнен кейінгі трансформатордың жіберілетін асқын жүктемесін ескереді. Асқын жүктеме ортақ ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспайтын максимум күндерінің бес тәулік бойына жіберілуі рұқсат етіледі. [9].