Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
диплом 2014...doc
Скачиваний:
114
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
935.42 Кб
Скачать

8.10 Ток трансформаторларын таңдау

Ток трансформаторын таңдау жоғары кернеу жағында жүргізіледі. Ол есептеу аспаптарын қоректендіреді, сонымен қатар қызмет көрсету персоналын және торап потенциалынан, яғни өлшеу жүргізілгенде, аспаптармен жұмыс істегенде қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді.

Таңдау шарттары төмендегідей [12]:

1. Uном, ≥ Uс , 10В ≥ 10кВ

2. Iном ≥ Iраб.мак, 100 ≥ 61А

3. iуд ≤ iдин, 23,423 ≤ 52кА

4. I²тер· tтер ≤ Вк 10 ≤ 94,1кА²· с

5.

ТОП-0,66 типті ток трансформаторын таңдаймыз.

Төменгі кернеу жағындағы ток трансформаторын таңдау есебін жүргіземіз және оған жалғанған аспаптар тізімі кесте 10 келтірілген.

Ток трансформаторы жіберілген екінші ретті жүктемесі бойынша таңдалынады

,

мұндағы Z2 – ток трансформаторының екінші ретті жүктемесі, Z2ном – таңдалған класс дәлдігіндегі ток трансформаторының жіберілген номинал жүктемесі. Токты тізбектің индуктивті кедергісі шамалы, сондықтан Z2 r2.

Кесте 10 –ТТ жалғанған аспаптар

Приборлар

Түрі

Фаза жүктемесі, В∙А

А

С

Амперметр

Э-335

0,5

0,5

Ваттметр

Д-335

0,5

0,5

Варметр

Д-335

0,5

0,5

Активті энергия есептеуіш

И-680

2,5

2,5

Индуктивті энергия есептеуіш

И-673

2,5

2,5

Барлығы

6,5

6,5

Екінші ретті жүктемесі аспаптардың кедергілерінен, жалғанатын сымдардан және контактілердің өтпелі кедергісінен тұрады [12],

R2 = rпр + rприб + rк

Орнатуға Т-0,66 У3 типті ток трансформаторын таңдаймыз. Кернеуі 380 В, екінші ретті номинал қуаты 25 ВА

Аспаптардың кедергілері келесі формуламен анықталады [12],

,

мұндағы I2- аспаптың екінші ретті номинал тоғы.

Таңдалған класс дәлдігіндегі ток трансформаторының жіберілген номинал жүктемесі мына формуламен анықталады [12],

Аспаптар саны 5‑ке тең болғандықтан, сәйкесінше rк = 0,1 Ом.Яғни бұл шарт үштен жоғары аспап қосылған кезде алынады.

Сымдардың жіберілетін кедергісі мына формуламен анықталады [12],

Ток трансформаторынан аспаптарға дейінгі жалғанатын сымдардың ұзындығы ‑ 4 м.

Есептік ұзындығы, ток трансформаторының жалғану сұлбасына байланысты, бұл кезде толық емес жұлдызша жалғанған, мына формуламен анықталады [12],

Жіберілетін сымның қимасы мына формуламен анықталады [12],

Беріктілік шарты бойынша алюминий талшықтары үшін қима 4 мм2 кем болмауы керек. Сондықтан қимасы 4 мм2 бақылау кабелін таңдаймыз. Сымның кедергісін анықтаймыз [12],

Есептік екінші ретті жүктемесі мына формуламен анықталады [12],

Екінші ретті жүктеме шарты бойынша орындалады

Қимасы 4 мм2 болатын алюминий талшықтары бар бақылау кабелін таңдаймыз.

8.11 Кернеуі 0,4 кВ тарату құрылғыларын таңдау

ЩО-1 ДКС-56212 типті максмал токтары бойынша тарату қалқандарының панелдері таңдалды. Олар тікелей жерлендірілген бейтараптамасы бар, жиілігі 50 Гц кернеуі 380/220 В үш фазалы айнымалы токтың тарату құрылғыларын жинақтау үшін, сонымен қатар электр энергияны қабылдап таратуға, шығыс желілерін қорғау үшін арналған. Бұлар – кіріс, сызықты, секциялы, АВР аппаратурасы бар, көшені қадағалайтын диспетчерлік бақылауы бар панелдер болып табылады.

Я5111-18 УХЛ4 типті шкафы таңдалды: номинал тоғы – 400А; 8 шығыс желісі бар, әрбір желі 100А тоғына есептелген және үшінші категорияла тұтынушыларды әіске қосады.

ЩО-70 және ШРС-05-22У3 панелдері жобаланатын қосалқы станцияның РУ-0,4 кВ орнатылады, жоспар‑разрезі графикалық бөлімінің бесінші парағында көрсетілген.

Блок‑секцияда кіріс‑тарату құрылғысы ретінде ВРУ1-11-10УХЛ4 және ВРУ1-42-01УХЛ4 тарату панелдері бар ВРУ1-13-20 маркалы кірме құрылғысы таңдалды.