Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип Ермека.doc
Скачиваний:
247
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
986.11 Кб
Скачать

4. Қоршаған ортаны қорғау

Қазіргі заманғы өндірістік кәсіпорындар қоршаған ортаны ластаудың басты көзі болып отыр. Олардың қоршаған ортаға жағымсыз әсері экологиялық жағдайды тығырыққа тіреуде. Агроөндірістік кешен кәсіпорындарының бүгінгі технологиядағы қалыпты жұмыс жасауы өндірістің қоршаған ортаға теріс әсер етуімен қатар бірыңғай, табиғи кешенге белгілі дәрежеде қолайсыз жағдай тудыруы оның ішінде қоршаған ортаны ластаудың көзі ретінде дәнді дақылдарды өндейтін кәсіпорындар жоғары деңгейдегі зиянды қалдықтар тастайды. Сондықтан да қазіргі мәселелердің бірі ол дән өңдеуші кәсіпорындардағы қоршаған ортаны экологиялық тұрғыдан қарағанда сауықтыру.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экологиялық проблемаларды табысты шешу мен экологиялық апаттардың алдын алудың негізі кез келген мемлекеттің әлеуметтік –экономикалық жүйесін экологияландару болып табылатынын көрсетеді.

Ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік тұрақты дамудың міндетті шарты болып табылады және табиғи жүйелерді сақтаудың және қоршаған ортаның тиісті сапасын қолдаудың негізі болады.

Осы Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы «Қазақстан-2030» Стратегиясының басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарына сәйкес және ХХІ ғасырдағы күн тәртібінің негізгі ережелері мен қоршаған орта және даму жөніндегі 1992 жылғы Рио- де Жанейро декларациясының қағидаттарын, сондай-ақ Йоханнесбургте өткен (2002 жыл) тұрақты даму жөніндегі дүниежүзілік саммиттің шешімдерін ескере отырып әзірленді.

Қоршаған ортаның жай-күйінің нормативтік көрсеткіштеріне қол жеткізе отырып, экологиялық қауіпсіздіктің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету осы тұжырымдаманың ережелерін үш кезеңімен іске асыруды көздейді.

2007ж 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінде көрсетілгендей бидай өңдеу өндірістерін жобалағанда төмендегілер ескерілуі қажет:

-қоршаған ортаның қалыпты сапасын сақтау;

-қалдықтарды залалсыздандыру және пайдаға асыру

-қалдықты аз шығаратын технологияларды пайдалану

-қоршаған ортаны ластанудан қорғайтын нәтижелі шараларды қолдану

-табиғи ресурстарды ұдайы өндіру және оңтайлы пайдалану.

Өндірісті іске қосу қоршаған ортаны қорғау органы өкілінің қатысуымен қабылдау комиссиясының актісі арқылы жоспарда көрсетілген экологиялық талаптар толық орындағанда жүзеге асырылады.

Бидай өңдеу үрдісінде қалдықтарды тазалау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау керек, экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындау және оларды сақтықпен жоюды қарастыру қажет. Зарарсыздандыру орнын және әдісін таңдағанда, қайта өңдеу кезіндегі қалдықтарды жинағанда оларды үйілген жерінен басқа жерге ауыстырудың ең төменгі деңгейін қарастырған дұрыс.

Бидай өңдеу өндірісінің жағымсыз әсері зиянды заттардың атмосфераға таралуы, қалдықтарды және зиянды заттарды суға тастау, қатты заттарды маңайға төккен кезде байқалады. Бұл бағыттардың әрқайсысына өндірісте жобалар жасалады, онда қалдықтардың шығу тегі көрсетіледі және зиянды заттарды мүмкіндігінше аз шығаруды ұйымдастырудың технологиялық шаралары қарастырылады.

Диірменді бидай тартылғанда бидай және ұн шаңы бөлінеді. Сол шаңды ұстап қалу үшін диірменге циклон орнатылған. Бидай мен ұнды сақтайтын қоймалардың тыныс алу каналдарына мата фильтрлермен жабдықталған, желдеткіш орнатылған. Ұнды елеп, өлшегеннен кейін пневмотранспорт арқылы өндіріске жеткізеді. Өнім шығаратын әрбір өндіріс қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі шарт. Бидай өңдеу үрдісінде шаңды газ бен жағымсыз иісті уытты газ бөлінеді. Бұл газдардың тарау аймағы 2-3го/м3-ке дейін жетеді. Атмосфераның ластануын төмендету үшін қалдықтардағы шаң-тозаңнан құтылу керек.

Атмосфераға қалдықтардан тарайтын шаң-тозаңға азайту үшін іске асырылатын негізгі шаралары:

-ауаның шығуын азайту – бұл технологиялық жабдықтардан сарылатын ауаның мөлшерін азайту, ауа жабық түрде айналатын жабдықтар қолдану, үздіксіз жұмыс жасайтын жабдықтарға ауа алмастыратын қондырғы орнату, ауа айналымын азайтса жүзеге асырылады;

-шығарылатын ауадағы шаң-тозаңды азайту – бұл шара жабдықтан алынатын ауадағы шаң-тозаңды азайту, ауаны шаң—тозаңнан тазартатын оңтайлы әдіс қолдану, шаң-тозаңды ұстап қалатын жабдықтардың сапасын және қызметін жақсартуда іске асырылады. [22]

Заводтағы дүрілді төмендету үшін машиналардың және жабдықтардың фундаменттін есептеп, жобалап алу керек. Шуды азайту үшін әрі сыртқа шығарылатын газдағы зиянды қоспалардың құрамын төмендететін тұншықтырғыш сүзгілер (фильтр) енгізілуде.

Бұл механизмді енгізу шуды азайтуға мүмкіндік береді, қоршаған ортаның ластануын азайтады әрі жұмыскерлердің аурушаңдығын тежейді[26]

Осы алдына қойған міндеттерді орындағанда ұн тартатын завод қоршаған ортаға қалдық шығару деңгейін төмендетеді және өндірістік қоқыстың бөлінуін азайтады.

Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінде көрсетілген талаптар талқыланды, атмосфераға шығарылған қоқыстар, ұн тарту заводындағы ағын судың құрамы, олардың адам организмыне әсері, жабдықтан сорылып алынған лас ауаны тазарту әдістері ағын суларды тазалау әдістері қарастырылды.

Көптеген отандық және шетелдік ғылымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары ауаны шаң-тозаңнан тазарту, жабдықтарды құрау, шаң-тозаңнан тазарту және ағын суларды залалсыздандыру жүйесін құруға арналған болатын. Сонда да бидай өңдеу өндірістеріндегі лас ауаның және қалдықтар жатқан ортаның зиянды ауа райы әлі де болса экологиялық актуалды мәселеге айналуда.

Өндірістен шығарылатын жағымсыз иістердің ауаға таралуы адамдарға әсер етіп, олардың наразылығын тудырады.

Біздің өндірістердегі ауаны ластайтын заттардың шығу көзі мыналар:

-оттегіні жұтып, көмір қышқыл газын шығаратын двигательдер, зиянды уытты заттар, ауаға жайылатын шаң-тозаң.

Ұн тартатын заводтан шығатын зиянды заттар құрамына мыналар кіреді: күкірттегі (5 мг/м3), күкірт диоскиді, азот қышқылы, аммиак, күрделі эфирлер (125 ...325 мг/м3)

-өндіріс жұмыскерлерінің тез шаршауына олардың жұмыс қабылетінің төмендеуіне жұмыс кезіндегі шуыл, діріл әсер етеді.

-канализацияға құятын ағын сулардың құрамында тұрмыстық-шаруашылық және өндірістік қалдықтар болады.

Өнеркәсіп орындарынан шыққан қоқыстар өсімдіктерге, әсіресе ормандардың бүлінуіне әкеп соғады. Өсімдіктерге зиян келтіретіндер: күкірт пен азот диоксидтері, азон,сутегі пероксиді, ауыр металлдар, этилен, анилин, аммоний қосылыстары, фторидтердің фотохимиялық қышқылдануы және т.б. осылардың әсерінен фотосинтез әлсірейді, су айналымы бұзылады, транспирация төмендейді, өсімдіктердің өсуі мен дамуы тежеледі, олардың өнімділігі баяулайды.

Айналаның ластануы жануарлар мен құстардың өсуіне де кері әкеп соғады. Адам денсаулығы үшін қорғасын оксиді, мотьяк, кадмий,барелмий қосылыстары, шаң, көміртегі оксидтері аса зиянды. Өйткені шаң-тозаң рак аурулары, аллергия, дерматоз, силикоз ауруларын тудырады, көміртек оксиді қан гемоглобинінің құрамын бұзады, көміртек диоксиді көз жанары мен тыныс мүшелерін зақымдайды, күкірт диоксиді созылмалы гастрит, атерослероз, жүйке және жүрек қан-тамырлары жүйесінің бұзылуы, бронхит, ларингит, өкпе рагының пайда блуын тудырады;

Өндірісте немесе тұрмыстық қажетке пайдаланылып ластанған, өзінің ең алғашқы химиялық және физикалық құрамы өзгерген суды ағын су дейді. Ағын суларға жауын-шашын, кешені, машиналарды, транспорт жуған сулар да жатады. Ағын сулар 3 категорияға бөлінеді: шаруашылық- тұрмыстық, өндірістік және жауын-шашын сулары. Индустриясы жоғары дамыған қалаларда тұрмыстық ағын судан гөрі өндірістік ағын су басым болады. Бірақ та өндірісте пайдаланылған ағын судың барлығы да қала кәрізіне (канализация) құйылмайды. Адамдардың шаруашылық іс-әрекеті біркелкі болғандықтан тұрмыстық ағын сулардың құрамы да біртекті және тұрақты. Ал өндірістік ағын сулар құрамы әртүрлі және де оның құрамы тек қана өндіріс түріне емес, қабылданған технологиялық үрдісіне де байланысты. Жауын-шашын суларына келсек, олар өздерінің пайда болуымен және жұмсалуы мен сапасы арасындағы ерекше айырмашылығымен сипатталады. Жауын-шашын кәрізіне машина және автотранспорт жуған судың көп мөлшері құйылады. Бұл сулар өте лас, құрамындағы жанар-жағар май қоспаларында биохимиялық қышқылдану әрекеті өте баяу жүреді. Алдын ала тазаламаса бұндай сулар су қоймаларын күрт бұзады. Тұрмыстық, өндірістік, жауын-шашын суларының қоспалары қаланың ағын сулары деп аталады (26).

Ағын сулар еріген,коллоидты және ерімеген түрдегі заттармен ластанған күрделі гетерогенді жүйені құрайды. Коллоидты және ерімеген заттар өрескел және нәзік дисперсті түрде жүйеленеді: суспензиялар, эмульсиялар, көбіктер.

Ағын сулар құрамына үнемі органикалық және органикалық емес заттар түседі. Тұрмыстық ағын сулардағы органикалық заттар ақуыз, көмірсу, май және қайта өңделген өнімдер түрінде болады. Оның үстінде тұрмыстық суға қағаз, шүберек, өсімдік түріндегі қалдықтар қосылады. Ағын судың бұл түрінде органикалық емес қоспалардан кадмий, натрий, кальций, магний хлор пондары міндетті түрде, түзіледі. Биологиялық бактериялармен әбден ластанған тұрмыстық ағын сулар адам өміріне айтарлықтай эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Өндірістік ағын сулардың құрамы әртүрлі: мұнай өнімдері, қышқылдар, темір, хром, мыс, мырыш қосындылары, майлар, бояулар.

Рұқсат етілген концентрацияларды белгілеуде келесі критерийлер қарастырылған:

-биологиялық тазарту үрдісінде зиянды заттардың болмауы;

-биологиялық тазартылған судағы зиянды компоненттердің қалдығы.

Су құрамындағы концентрация нақты шарттарды есепке алып отырып, белгілі мөлшерден асып кетпеуі керек.

Су көздерінің бактериялық ластануы, залалдануы көптеген аймақтарда эпидемиялық аурулардың таралуына себеп болды. Бұның тікелей себебі судың дезинфекцияланбауы. Бактериялық, химиялық түрде ластанған суды залалсыздандырудың ең тиімді әрі қол жетер түрі-суды хлорлау.

Хлор ең күшті тотықтандырғыш ретінде судағы бактерияларды өлтіреді, органикалық қосындыларды бұзады, гидролиздейді әрі молекула құрылысын өзгертіп, оларды зарасыз қосындыға айналдырады. Хлор – сары – жасыл түсті газ, ауадан ауырлау, суда жақсы ериді. Хлор белсенді элемент, металлдармен және түгелдей дерлік катиондармен қосылады. Хлормен ең бірінші кезекте газдар жедел қосылыс түзеді, одан кейін сұйықтар және оларда еріген заттар, ең артынан ерітілмеген заттармен қосылады. Ағын сулардың ішіндегі ерімеген лас заттарға хлор әсер етпейтіндіктен, көбінесе ашық түсті суларды хлорлайды. Бұлай істеудің нәтижесі жақсы әрі хлор аз жұмсалады. Су қоймасына жіберер алдындағы судың құрамында 0,5-1,0 г/м3 (12) мөлшерде хлор болуы керек.

Ағын сулардағы бактерияларға хлор дұрыс әсер етуі үшін оны 15 минуттан 30 минутқа дейін жақсылап араластыру керек. Ағын су мен хлордың өзара әрекеті арнайы резервуарларда іске асырылады. Хлор 00С температура болатын баллондарда сақталады. Алдымен баллондағы хлор хлораторға түседі, одан кейін суға жіберіледі де хлорлы суға айналады.

Қоршаған ортаны қорғауға арналған шаралар:

- ұн шығаратын өндірісінде пайда болатын қалдықтарды тазалайтын жабдықтарды орнатуды қарастыру керек;

- ағаш өңдеу аумағындағы циклонды тұрғылықты жерден басқа орынға ауыстыру;

- диірмендегі тозған циклонды айырбастау;

- автотранспорттың бір бөлігін газға көшіру;

- майлы ескі-құсқы, сүзгі,керексіз электродтар мен абразивті – металл жаңқаларын конейнер жасап, орнату;

- металл шаң-тозаңын ұстап қалатын аулағыш орнату;

- комбинат зертханасының күшімен қолданылған қышқылдарды оқшауландыруды ұйымдастыру;

- май құйылатын орынды құм аралас қоспамен жабдықтау, содан кейін оны тұрақты түрде регенерациялап отыру.

- суды биологиялық тазарту;

- ағын суларды санитарлы- эпидемиологиялық нормадағы көрсеткіштерге дейін хлорлау керек;

- діріл мен шуды аз шығаратын заманауи техника мен технологияны пайдалану керек.