Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип Ермека.doc
Скачиваний:
247
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
986.11 Кб
Скачать

2.2.2 Технологиялық процессті басқару

Технологиялық процестті басқару өнімнің сапасының жоғары болуын және шығымының қалыпты болуын қамтамасыз етеді. Технологиялық процессті ұйымдастыру және енгізу екі міндеттің шешімін қарастырады:

  • Біріншісі –дайын өнім өндірісіндегі технологиялық процесстің негізгі жүйелерінің жұмыс режимін және өңделетін шикізаттың оптималды режимін таңдау,

  • Екіншісі – берілген партияның ағымдағы барлық периодында өңдеу, режимнің таңдалынған параметрлерінің өзгермейтін мәнндерін ұстап тұру.

Бірінші міндетті рекомендацианы қолдану арқылы «ұн зауытындағы технологиялық процессті енгізу және ұйымдастыру ережелері» көрсетілген немесе зертханалық қондырғылада шикізатты өңдеу жолымен.

Екінші міндет өндірісте бақылау жүйесінің параметр режимдерінің айқын болуын және берілген деңгейде тұрақты болуын талап етеді. Осы жүйені ұйымдастыру ерекше қиындықтармен байланысқан, яғни ұн алу технологиясы күрделі болып келеді.

Астық өңдеу өндірістеріндегі технологиялық процессінің жеке этаптарының қиын байланысқан, тармақталған ағын принципі бойынша ұйымдасқан. Барлық технологиялық операциялардың толық механизацияланғанына қарамастан, операцияны басқару автоматтандырылған жүйесін жасау өте қиын, себебі технологиялық процесс көп сатылы болып келеді, азық ағынындағы технологиялық жүйедегі варияция режимі және өңдеуге түсетін шикізаттың бастапқы сипаттамасына байланысты меншікті шығым және сапа көрсеткіші түрленеді. Жоғары өнімділіктегі жабдықтармен жабдықталған бұл өндірісте, дистанционды пультпен басқарылады. Дайындау және дайын өнім бөлімдерінде барлық электродвигательдер технологиялық жүйе бойынша астық қозғалысына байланысты блокталған, керекті жерлері-бункердегі астық деңгейін анықтайтын сигнализаторлармен, пневмоқұбырдағы ауа қысымын бақылайтын құрал жабдықтарда, пневмотранспорт жүйесінде, су беру жерінде және т.б. Заманауи ұн зауытындағы барлық технологиялық және транспорттық жабдықтар бір ағымдық жүйені құрайды. Әр келесі машинаның жұмыс істеу тиімділігі және эксплуатациялық режимі алдыңғы қатардағы машина жұмысымен анықталады. Осындай күрделі комплексті басқару әр түрлі тұрақтандыратын құрылғылармен, жеке және топпен қосылатын және машинаны блоктайтын дистанционды басқару жүйесімен,автоматты реттеу элементтерімен және технологиялық циклдің жеке этаптарын бақылау, және де ақпараттық құралдың жүру процессінің сандық және сапалық қортындысымен іске асырылады.

Технологиялық процесстің тұрақтануы элеватордан басталады, ондағы силостардың сиымдылығы зауыттың үздіксіз 3...4 ай жұмыс жасауына есептелген. Бұл тұрақты сапа көрсеткіші бар ірі астық партиясын құрастыруға мүмкіндік береді.

Бункердегі астық қоспасы бір орталық саңылаумен болса онда өздігінен сұрыпталу жүреді, ауыр қоспалар бірінші қосқанда шығып кетеді, ал жеңілдері соңынан. Мұндай қалдықтардың біркелкі жайылмауы тиісті дән тазалау машинасының тиімділігін төмендетеді. Мұндай өздігінен сұрыпталуды болдыртпау үшін бункер түбінде 16 саңылау болады және астық қозғалысын бақылап отыратын көру айнасы болады. Құбыр арқылы астық конус тарізді воронкаға түседі У2-БВВ-16. Мұндай конструктивті шешім дән тазалау машиналарына бір қалыпты шөп-шалам және дән қалдықтарының түсуіне септігін тигізеді, яғни машиналардың технологиялық тиімділігі бір қалыпты болады.

Ұн тартылатын партияны электропневматикалық УРЗ-1 ағын ретттегішімен құрастырады. Әр түрлі сападағы астықты үздіксіз таразымен мөлшерлеу,берілген өнімділікте ±1 дәлдікте технологиялық жабдықтарға және пневмотранспорттық қондырғылардың жұмысына жөнді әсер етеді.Астықты ұн тартуға дайындау процессі кезінде астық біркелкі жайылуы үшін керекті ылғалдылықты таңдау керек. Осы мақсатта барлық ылғалдағыш машиналарда бақылау-өлшегіш құралдарымен және автоматты басқару және блоктау жиынтығымен жұмыс жасайды.