Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип Ермека.doc
Скачиваний:
247
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
986.11 Кб
Скачать

2.1.5 Дайындау бөліміндегі астықтың қозғалысының коммуникациясы

Комуникацияның жобасы диірмен жобасы мәнді элементтерінің бірі болып табылады. Комуникация деп технологиялық үрдіс схемасында көзделген тәртіппен өнім өткізілетін машиналардың, көліктік механизмдердің өздігінен ағатын байланысқан құбырлар жүйесі деп түсіну қажет.Дайындау бөліміндегі астық қозғалысының комуникациясын қабаттарда жабдықтардың орналасуымен бірге жобаланады. Комуникацияны мұқият жасау ұн зауыттарында үлкен мән береді, тік матерялдардың санын қысқарту, олардың биіктігін азайту және учаскелер ұзындығын қысқарту пневматикалық көлікпен ұн тарту зауыттары үшін ерекше маңызды.

Минималды және керекті негізгі көлбеу транспорттық механизмдерге , азықты төмен қабаттағы көлікпен жоғарғы қабаттағы көлікке тасымалдауды айтады. Тік және көлбеу қосымша транспорттық механизмдерді қолдану жоғарыдан төменге немесе керсінше азықты тасымалдау, азық өздігінен ақпаған жағдайда ғана қолданылады. Астықтың қозғалысын кесте түрінде жазамыз.Кесте 5 (тіркеу Б)

2.1.6 Технологиялық жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен спецификациясы

Ұн зауытының дайындау бөлімінде келесідей технологиялық жабдықтар мен бункерлер орналастырамыз, есепке байланысты және астықты ұн тартуға дайындау және тазалау технологиялық схемасы бойынша – тазаланбаған дән бункері (қара қамба); астық мөлшерлегіші - А1-УРЗ; автоматты мөлшерлегіш таразы – АВ-50-3Э; сепаратор - А1-БИС-12; тас ажыратқыш– Р3-БКТ; триерлер – А9-УТК-6 және А9-УТО-6; магнитті аппараттар - У1-БМЗ-01 және А1-БМП-01; обойкалық машиналар – А1-БМО-6; ылғалды қауыздағыш машинасы- А1-БМШ; ылғалдау аппараттары –А1-БУЗ; бөктіру бункерлері (ақ қамба); астық мөлшерлегіші - А1-УРЗ; обойкалық машина – А1-БМО-12; астық энтолейторі– Р3-БЭЗ; аспиратор – Р3-БАБ; ылғалдау аппараты –А1-БАЗ; бірінші жармалау жүйесінің алдындағы қамба; автоматты мөлшерлеу таразысы –АВ-50-3Э, кейін дайын астықты ұн тарту бөліміне бағыттайды.

Бункерлердің орналасу орнын, технологиялық процессті және жабдықтардың жұмыс істеу тиімділігін қарастырамыз.

-Тазаланбаған дән бункері (қара қамба)-ұн зауытының қалыпты жұмыс болу мақсатында астық қорын құру, және де ұн тарту қоспасын құру сиымдылығы. Қара қамба сиымдылығы диірменнің бір тәуліктік жұмысын қамтамасыз етеді және элеватордан бір-ақ рет берсе;

- Астық мөлшерлегіші А1-УРЗ – ұн зауытының қара және жатып қалған қамбадағы астық ағынының өнімділігін реттеуші құрылғы.

-Автоматты мөлшерлегіш таразы АВ-50-3Э –дайындау бөліміне тазалау және өңдеуге келетін және де тазалаудан кейінгі ұн тарту бөліміне бағыттау алдындағы астықтың мөлшерін анықтаушы;

- Сепаратор А1-БИС-12- машина, астықтан қалдықтарды ажырататын, өлшемдері бойынша ерекшелінетін (ені,толықтығы) және аэродинамикалық қасиеттері бойынша. Жұмыс тиімділігі – қалдықтардың ірілігі бойынша– 100%; ұсақ қалдықтар бойынша – 65…75%; жеңіл қалдықтар бойынша – 70…85%; тиімділік қосындысы – 65…75%;

-Тас ажыратқыш Р3-БКТ – минералды қалдықтарды ажырататын машина (галька), дәнге өлшемдері бойынша ұқсас және меншікті салмағы бойынша ерекшелігі бар, жұмыс тиімділігі - 98…99 %;

- Триерлер А9-УТК-6 және А9-УТО-6 – қалдықтардан ажырату машинасы, дәннен ұзындығы бойынша ерекшелінеді (қуыршақ және қара сұлы), жұмыс тиімділігі – 65..75 %;

- Магнитті аппарат У1-БМЗ-01 және А1-БМП-01- сепараторлар (құрылғы) металомагнитті қоспалардан бөлу үшін. Оларды қара қамбадан кейін орналастырады (тазалаудың басында), обойкалық және жуу машиналарының алдында, энтолейтор алдында және тазалаудың соңында (тазаланған астықты ұн тарту бөліміне жіберу алдында). заманауи магнитті сепараторлар, қоспалардың жоғарғы тиімділікте ажырауын қамтамасыз етеді, сондықтан дайындау бөлімінен шыққан астықта болмайды;

-Обойкалық машиналар А1-БМО-6 және А1-БМО-12 -астықтың бетін шаңнан, микрофлорадан, қауыздан және өскіннен тазартуға арналған, шөп-шалам дәнінің тез бөлінуіне көп әсер етеді,яғни астықтан тез бөлінеді, жұмыс тиімділігі - 0,03…0,05 %;

- Ылғалды қауыздау машинасы А1-БМШ – астықтың бетін ылғалды тазалау және ылғалдау машинасы;

- Ылғалдау аппараттары А1-БУЗ және А1-БАЗ –Астықты берілген кондицияға дейін ылғалдау;

- Бөктіру қамбасы – Астықты гидротермиялық өңдеуден және ылғалдаудан кейінгі бөктіру бункері. Бөктіру қамбалары келесідей жіктеледі,бірінші қамба («жартылай ақ»), екінші («ақ») және үшінші («1-ші жармалау жүйесінің алдындағы»). Бөктіру қамбасының оптималды сиымдылығының қосындысы астықты сортты ұн тарту кезінде 24 сағаттан кем болмауы керек, сондай-ақ жеке ылғалдау және жұмсақ, қатты бидай дәнін бөктіру мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек;

-Астық мөлшерлегіштері А1-УРЗ – ұн тарту қоспасын құру және де ұн зауытының қара және жатып қалған қамбадағы астық ағынының өнімділігін реттеуші құрылғысы;

- Астық энтолейторі Р3-БЭЗ –ұру принципіндегі машина, ол қойма зианкестерінен және олардың қуыршағынан, жұмыртқасынан астықты залалсыздандырады. Энтолейтордың залалсыздандыру тиімділігі келесідей: тірі ұзынтұмсықтыларды жою –95%; желінген дәндерді жою– 73%; ұрылған дәндердің саны - 1% көп емес;

- Аспиратор Р3-БАБ – Астықтан аэродинамикалық қасиетімен ерекшелінетін қалдықтардан ажырату маши­насы;

- Ылғалдау аппараты А1-БАЗ – бірінші жармалау жүйесінің алдында берілген кондицияға дейін астықты ылғалдау, (үшінші бөктіру қамбасының алдында орналасады), жұмыс істеу тиімділігі – астықты ылғалдау 0,3…0,5%;

- Бөктіру бункері (ақ қамба) –бірінші жармалау жүйесінің алдында, қысқа уақыт сақталу болады ( 20-40 минут бойы). Бөктіруге байланысты дән қауызының ылғалдығы 20…30% дейін көтеріледі, беріктігі өседі және ұнтақтау кезінде ірі бөлшектерге бөлінеді яғни кебекке тез бөлінеді;

-Мөлшерлегіш автоматты таразысы АВ-50-3Э – астық көлемін анықтау үшін, тазалаудан кейінгі, ұн тарту бөліміне бағыттау алдында (астық көлемін білу үшін);

Сондай-ақ:

- Көтеру тасымалдау жабдығы - тасымалдағыштар, шнектер, аэрозоль және пневмо тасымалдау құрылғылары;

- Аспирациалы (вентиляциалық) жабдықтар - желдеткіштер, циклондар және сүзгілер, ауа құбырлары.

Дән тазалау бөліміндегі технологиялық жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен спецификациясы келесі 3 кестеде көрсетілган.

Кесте 3 -Жабдықтардың техникалық сипаттамасы мен спецификациясы

Жабдықтардың атауы

Маркасы

Өнімділігі, т/сағ

Саны,шт

Электродвигқуаты,

кВт

Өлшемдері (ұзындық, ені, биіктігі),мм

1

2

3

4

5

6

Сепаратор

А1-БИС-12

6

1

1,38

2085х1360х2075

Аспиратор

РЗ-БАБ

11

2

0,16

1130х950х1450

Тас ажыратқыш машина

РЗ-БКТ

9

2

0,3

1700х1410х1960

Триер

А9-УТК-6

6

2

2,2

2425х960х1500

Триер

А9-УТО-6

6

2

3,0

2000х960х1065

Обойкалық машина

РЗ-БМО-6

6

1

11,0

1430х878х1943

Ылғалды қауыздау машинасы

А1-БМШ

6

2

11,0

1900х1300х2350

Ылғалдау аппараты

А1-БУЗ

6

2

0,55

250х265х300

Ылғалдау аппараты

А1-БАЗ

12

1

0,55

300х290х350

Обойкалық машинасы

РЗ-БМО-12

12

1

15,0

1530х1075х2105

Энтолейтор

РЗ-БЭЗ

12

2

5,5

1000х668х1239