Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип Ермека.doc
Скачиваний:
247
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
986.11 Кб
Скачать

3 Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі

Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары - Қазақстанда да көкейкесті мәселелердің бірі. Республиканың ұйымдарындағы еңбекті корғаудың жай-күйі Үкіметтің және уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты қадағалау нысаны болып табылады. Еліміздің кәсіпорындарында еңбекті қорғау жұмыстары заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілер негізінде әзірленген еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарлар мен санитарлық-сауықтыру іс-шараларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс орындарындағы жазатайым оқиғалардың өсуіне жұмыстардың қауіпсіз жүргізілуіне деген тиісті бақылаудың болмауы, жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс тәсілдеріне жеткілікті үйретпеу, қауіпсіздік талаптарының, еңбек және өндірістік тәртіптің орындалмауы да теріс ыкпалын тигізіп келеді.

Халықаралық еңбек қауіпсіздігі стандарттарын сақтау үшін Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі конвенция және еңбекті қорғауды басқарудың халықаралық жүйесінің жаңа үлгісі бойынша ұсынылған стандарттарды (МОТ-СУОТ 2001) бейімдеп; әлеуметтік әріптестіктің мүмкіндіктерін барынша пайдалану көзделіп отыр. Еңбек қауіпсіздігінің стандарттары мен нормативтерін, ұсыныстарды, ережелерді, еңбек жағдайларының сараптамасын, т.б. еңбекті қорғау заңнамаларына сәйкес ғылыми тұрғыдан әзірлеуді қамтамасыз ету үшін Үкімет үстіміздегі жылы "Республикалық еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыс Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасы шеңберінде жүргізілуде. Осыған байланысты жақын арада біздің көптеген алдыңғы қатардағы кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігінің халықаралық сертификаттары болуы тиіс. Сонымен қатар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың міндетті мониторингі енгізілуде.

Кәсіпорындардағы еңбек жағдайын талдау

Кәсіпорындардағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметі туралы ережеге сәйкес құрамында 50-ден аса жұмыскері бар жұмыс беруші өндірістік кәсіпорында еңбекті қорғау және қауіпсіздікті сақтауды бақылау үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік сақтауды бақылау үшін еңбекті қорғау және қауіпсіздік қызметін құрады. Ереже ҚР 15.05.2007ж Еңбек кодексінің 339 бабының 2 тармағына сәйкес жасалған [23]. Ішкі бақылауға еңбек жағдайының жәйін қадағалау, өндірістік қадағалау деректеріне жедел зерделеу жүргізу, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін мәселелерге шара қолдану, баға беру жатады. Қызмет өз жұмысында мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясымен, басқа да мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен, жұмысшылар өкілдерімен және мекеменің еңбекті қорғау қоғамдық инспекторымен өзара байланыста болады [23].

Кіру нұсқаулығынан басқа жұмыс орнындағы нұсқау өткізіледі. Шебер барлық жұмысқа орналасушылары құрылғылардың техникалық жағдайы, технологиялық процестердің ерекшелігі, сигнализация жүйесін қауіпті жағдай туғанда пайдалагуды таныстырады. Барлық электр двигательдері жерге тартылған қозғалатын бөлшектердің қоршаулары электр двигателдерімен біріккен. Біріктіру қоршауды алғанда электр двигательінің ағытылуын қамтамасыз етеді. Диірменді механизмдер мен машиналардың әртүрлісі кеңінен қолданылады. Олардың жұмысы электрэнергиясымен, бумен сызылған ауамен байланыста болғандықтан, жоғары жылдамдықтағы айналатын бөліктері қауіп тудырады. Қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында қауіпті бөлімшелерде ескерту тақталары, авариялық төтенше жағдайлар туындағандағы қажетті дауыс құрылғылары орнатылады. Сонымен қатар зиянды шаңдар, ұшқындар, жоңқалар шығатын жұмыстарда шаңға қарсы респираторлар мен жұмыскердің көзін қорғайтын көзілдірік пайдаланылады. Ұн тарту өндірісі өрт, жарылыс қаупі бар технологиялық процесске жатады. Бұндай қауіпті жағдай барлық технологиялық процесстердегі қолданылатын материалдардың жануға қауіпті қоспалармен жұмыс жасау, өрттің туындауы мен таратылу жағдайынан да болады.

Қызметшінің басты бағыттарына төмендегілер жатады:

-Өндірістегі салауатты еңбек жағдайын қалыптастыру, санитарлық эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық шаралары әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру техникалық, құқықтық кешенді шаралар жасау; өндірістік жарақат алудың алдын алу, өндірістік бөлімшелерде еңбекті қорғау және қауіпсіздікті сақтаудың құқықтық құжаттарын жасау; қызметші еңбекті қорғау жөніндегі бас техникалық жетекші басқарады. Қызметтің құрылымы мен қызметкерлер санын жұмыс беруші мекемедегі қауіптілік дәрежесі және өндіріс зияндылығын қарай отырып жұмысшы санына сәйкес анықтайды [23]. Өндірістік орындарда техника қауіпсіздігін сақтаудың көптеген мәселелері қамтылады. Олардың қатарына ғимарат құрылысының сенімділігі, коммуналдық жүйенің үздіксіз жұмысы әсіресе энергетикалық, сонымен қатар адамның қандай да бір болмасын қоршаған ортадағы өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету. Техника қауіпсіздігін сақтаудың басты мәселелерін шешуге төмендегілер жатады [20].

  • -ғимараттың, құрылғылардың, өндірістік қозғалыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • -еңбек жағдайының санитарлық-гигиеналық қалпын сақтау.

  • -жұмыс уақыты мен демалысының қалыптылығын сақтау, жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, тиісті жеке бас қорғау құралдарымен жабдықтау;

  • -жекелеген мамандықтарға жұмыс қауіпсіздігін сақтау көзқарасымен кәсіби жұмыскерлерді таңдау;

  • -еңбек қауіпсіздігіне оқытудың тиімділігін арттыру;

  • Бұл мәселелердің шешілуі комбинаттарыда өте оның ішінде нан қабылдау комбинаттарында өте маңызды себебі оларда өндірістік қозғалыстардағы жарақат алу, өрт жарылыс қауіптілігі зор.

Кәсіпорындағы санитарлық-гигиеналық жағдайды талдау

  • Өндірістік ғимараттардың және имараттардың жобаларында 1 жұмысшыға келетін меншікті алаң 4,5 метр квадраттан (әрі қарай м2) кем болмауы керек.

  • Әрбір тұрақты және тұрақсыз жұмыс орнының алаңы 2,2 м2-тан кем болмауы керек (кабиналардан және объектілерден басқалары), олардың бос алаңының шамасы арнайы талаптармен  келісіледі. Жабдықтармен, қызмет көрсететін зоналармен, жүріп өтетін жолдармен, өтетін жерлермен, резервтегі алаңдар мен аралық қойманың орындары нормативке кірмейді.

  • Микроклимат бойынша 15 метр кубтан (әрі қарай м3) кем емес нормативтің талаптарын қамтамасыз ету қажеттілігіне сүйене отырып, бөлменің көлемі есептеу жолымен анықталады.

  • Егер де табиғи ауа алмасуы мен жарықты бұзбаса, өндірістік ғимараттардың сыртқы қабырғасына жапсыра құрылыс салуға рұқсат етіледі.

  • Бу, газ және шаң түріндегі зиянды заттарды бөлмейтін ыстық технологиялық процестермен сипатталатын объектіні орналастыру үшін, табиғи басқарылатын ауа алмасуын (аэрацияны) қамтамасыз ететін қабырғаның және шатырдың конструктивтік элементтерімен бір қабатты ғимараттар немесе көп қабатты ғимараттардың жоғары қабаттары қарастырылуы керек.

  • Зиянды заттар бөлінетін болса, тек қана табиғи ауа алмасуды жобалауға рұқсат етілмейді.

  • Қауіптілігі І-ші және ІІ-ші кластағы зиянды заттардың жабық бөлмелерге бөлінуі болжанған объектіні жобалау барысында, оқшауланған бөлмелерге немесе пультті немесе операторлық зоналардан осы жабдықтарды басқаратын зоналарда технологиялық құрал-саймандарды орналастыру қарастырылады.

  • Қауіптілігі І-ІІ-ші кластағы зиянды заттармен жұмыс жүргізіліп жатқан бірнеше өндірісті бір ғимаратқа орналастырғанда, улы заттардың көп компонентті қоспасының түзілуіне және көрші өндірістік бөлмелерге олардың таралуына кедергі жасайтын құрылыс шешімдерін қолданумен, жекелеу қамтамасыз етілуі керек.

  • Өндірісті жобалаудың технологиялық талаптарына сәйкес табиғи жарығы жеткіліксіз үй астында және цокольдық қабатта терезесіз және жарық күн тартарсыз ғимаратты салуға, тұрақты жұмыс орындарымен өндірістік бөлмелерді орналастыруға рұқсат етіледі. Бұл кезде мыналар қарастырылуы керек:

  • жасанды жарық;

  • эритемді сәулелену құрылғысы;

  • жасанды жарығы бар (жасанды жарық коэффициенті 0,5%-тен кем емес) жұмыс орнынан 100 м-ден алыс емес қашықтықта жұмысшылар қысқа уақытқа демалуға арналған бөлменің құрылғысы;

  • осы санитарлық ереженің талаптарына сәйкес тұрақты әрекеттегі ықтиярсыз вентиляциямен қамтамасыз ету.

  • Ашық алаңдарға технологиялық және энергетикалық, жабдықтарды орналастырғанда, олардың басқару пульттерін орналастыруға арналған және жұмысшылардың демалатын бөлмелері қарастырылуы керек.

  • Шаң бөлінуі мүмкін бөлмелерде, оның жинақталуын және жиыстырылуын қиындататын конструктивтік элементтер мен өңдейтін материалдар қолданылмауы керек.

  • Өндірістік бөлмелерге ауаны әкелетін вентиляциялық камераларға алаң қарастырылуы керек. Вентиляциялық қондырғыларды үйдің ішіне жасалған үстіңгі жарты қабатқа, консольды тірекке орналастыруға рұқсат етілмейді. Ауа келетін камералардың кіретін есігі бөлменің, коридордың, тамбурдың ішінен немесе ауасында зиянды заттары жоқ жердің сыртынан болуы керек.

  • Басқару пульттерінің бөлмелерінде, санитарлық-тұрмыстық қондырғыларда және жаяу жүретін туннельдерде зиянды сұйықтықтар мен газдарды, сонымен бірге транзиттік бу құбырларын салуға болмайды.

  • Жылытылатын өндірістік бөлмелердің сыртқы қоршауын жобалау, төбенің және қабырғаның ішкі бетіне конденсаттың түзілу мүмкіндігін болдырмауы керек. Бұл талаптардан шығу тәртібі ылғалды бөлмелерге ғана рұқсат етіледі.

  • Зиянды және агрессивті заттарды пайдаланатын учаскелер орналасқан бөлмелердің ішкі құрылыс конструкциясын қосқанда, қабырғаны, төбені және басқа беттерді өңдеу үшін, сорбцияны болдырмайтын және жүйелі тазартуды, ылғалды және вакуумды жиыстыруды, қажет болғанда - дезинфекцияны қажет ететін материалдар болуы керек.

  • Ашылатын терезелері және жарық күн тартарларымен жабдықталған ғимараттар мен имараттарда еденнен немесе жұмысшы алаңынан басқарылатын, ашық ойықтың шамасын реттейтін механизмдер, сонымен бірге осы тәріздес жұмыстарды ыңғайлы және қауіпсіз орындауды қамтамасыз ететін терезені, күн тартарларды және жарық арматурасын тазарту үшін механизмдер мен алаңдар қарастырылуы керек.

  • Бөлмелердің және жабдықтардың түспен безендірілуі бейнеленудің ең аз коэффициентін (0,4-тен артық емес) ескере отырып орындалуы керек.

  • Жаңа ғимараттар мен имараттарды салу және әрекеттегілерін қайта салу кезінде сыртқы қоршаулар арқылы, сонымен бірге технологиялық көздерінен жұмысшы зонасына жылу мен суықтың артығымен түсуін азайтуға бағытталған шаралар қарастырылуы керек.

  • Бір бөлмеге бірнеше қондырғылар орналастырылған болса, олардың орналасуы сәуле энергиясының қосындысы есебінен персоналдың жұмыс орнындағы сәулелену деңгейінің мүмкіндік шегінен аспауын шектеуі керек.

  • Шу көздері орналасқан әрекеттегі өндіріс орындарын салғанда және қайта салғанда бөлме ішіндегі жұмыс орындарындағы, сонымен қатар тұрғын үйлерді қоршаған территорияның ауласындағы шудың деңгейін төмендетуге бағытталған архитектуралық-құрылыс шаралар қарастырылуы қажет және т.б.

Техника қауіпсіздігі (шу, шаң, желдету) бойынша ұсыныстар

Техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың басты шараларына жұмыс істеушілерді өндірістік нұсқаулық өткізу және біліктілігін көтеру жатады. Әрбір жұмысқа орналасушы арнайы, жабдықталған бөлмеде техника қауіпсіздігі жөніндегі инструктордың өткізуімен міндетті түрде кіру нұсқаулығынан өтеді. Кіру нұсқаулығында жұмысқа орналасушыға техника қауіпсіздігінің жалпы талаптары, еңбек заңдылықтарының негізі, ішкі еңбек тәртібінің ережелері, комбинат аумағындағы жүріс-тұрыс, жұмыс орнын ұйымдастыру мен ұстау, өндірістік санитарияның басты ережелері және жеке басты қорғау құралдарын пайдалану тәртібі хабарланады [23]. Желдетпе қондырғылар жабдығының қозғалатын тораптары мен бөлшектері бар, олар дұрыс емес қызмет жасауда немесе қалыпсыз жұмыста жарақат көзі болуы мүмкін.

Желдету қондырғыларды жөндеу, пайдалану және реттеу кезінде ауа енгізу мен жабдықтың жерге қосуын тексереді.Желдету (аспирациялық) қондырғылардың жұмысына брілістің, муфт пен басқа айналатын бөлшектрді сенімді шектеулер болған кезде ғана жол беріледі. Аэроқарқынды өлшемдер үшін тесіктер мен штуцерлер оны пайдалану кезінде қауіпсіз етіп және пайдалану кезінде жабдықтың қызметіне бөгет жасамайтындай орналастырады. Аспирациялық қондырғылардың жұмысы кезінде сорып алатын сүзгіштердің люктарын ашуға тыйым салынады. Сорып алатын сүзгіштің қағылатын механизмін қызмет жасау мен жөндеуге механизм жұмыс істеп тұрғанында тыйым салынады. Биіктікте ауа енгізушіні құрастыру мен жөндеу үшін тек берік, жөндеулі, тұрақты баспалдақ пайдалануға болады. Сондай-ақ технологиялық жабдыққа және желдеткішке тұруға болмайды. Егер технологиялық, көліктік және аспирациялық жабдықта сырт тарсылдар, шу және дірілдеу басталсаонда тиісті машиналар дереу тоқтатылады.

Шаң бөгеушілерді, желдеткіштерді және басқа жабдықтарды жөндеу кезінде жабдықты кездейсоқ қосуға жол бермеу үшін электр қозғағыштың қоректендіру шынжырына көзге көрінетіндей етіп үзік жасалады, электр қозғағыштардың қорғағыштары суырып алынады. Аспирациялық жабдықтардың орналасқан жерлері ұдайы тексерілуі қажет. Қажет болған кезде қосымша жарықтандырғыш ретінде қуаты 36 в. аспайтын электр шамдарын пайдалануға болады. Өндірістік үй-жайларда технологиялық, аспирациялық жабдықтармен жұмыс кезінде ұшқын жасайтын ашық оттықтар мен механизмдерді пайдалануға тыйым салынады.

Желдеткіш жүйелеріне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар:

  • жалпы тарту үстіндегі ауа ағымының көлемін 10-15% арттыру;

  • шаң неғұрлым аз бөлінетін аймақтарға ауа жеткізу және шаң көп ластайтын орындардан оны жою;

  • жұмыс істеушілердің тоңазуын немес ыстықтауын болдырмау;

  • ласталған ауаны белгіленген норма бойынша тек желдету учаскелеріне жақын аумақтарға шығару;

  • жұмысы кезінде желдеткіштің шудың және дірілдің деңгейінің белгіленген нормаларға сәйкестігі;

  • құрылғылардың қарапайымдығы мен сенімділігі;

  • өрт және жарылыс қауіпсіздігі.

Кәсіпорындағы өрт қауіпсіздігі және жарылыс қаупі

Комбинаттағы шикізаттың басты түріне ұн мен дән жатады. Ұн өндірісі кезінде шикізатты өндірістік цехтарға тасымалдауда шаң пайда болады. Жылу өткізу нашарлығы себепті жарық беретін приборларға, ыстық турбаларға қойған шаң қыза келе бықсып жана бастайды. (Бидайдікі 2900с, қара бидайдікі -3500с, ұндікі -4300с). Оны сыпырғанда ол аэрозоль сияқты жарылуы мүмкін. Ауадағы құрамы 2000 м23 ұн тозақының жарылыс қаупі бар. Ұнағы жерге қосылмаған турбамен жылжытқан жағдайда онда статистикалық электр тоғы жиналып белгіленген мөлшерде ұшқан болса ұн тозаңының тұтануына әкеліп соғады.

Нан 1500с-та жанады. Өртке қауіпті щаңға ағаш шаңы жатады 2750с. Ұн тартатын зауыттарда өрт және жарылыс қауіпті аймақтар бар. Ең өрт қауіпті жерлерге ұн, дән сақталатын қоймалар, салмақ өлшейтін, бөлмелер жатады, себебі бұл жерлерде жарылыс қауіпті бу ауа қоспалары жинақталуы мүмкін. Жарылыс қаупі құрылғылар жеткілікті қымталмағанда, ұнды ауамен тасымалдағанда статистикалық электр тогының жоғары деңгейі пайда болып ұшқын жерінен жарылыс қаупін тудырады. Жоғары өрт қауіптілігі сондай-ақ бөлмелердің жоғары шаңдылығынан да болады. Өрттың алдын алу үшін ұн тозаңдары шаңсорғыш арқылы сорылып алынады. Сонымен қатар кәсіпорында көп көлемде жанғыш мата, қағаз мешоктар,пакеттер пайдаланылады. Сондай-ақ көптеген кептіретін жылу қондырғылары қолданылады. Бұнің бәрі комбинаттағы өрт қауіпсіздігін қиындатады. Жеңілтұтанатын және жанғыш сұйықтар, майлайтын материалдар арнайы бөлінген жерлерде өрт қауіпсіздігі және сақтау ережесі қолданыла отырып сақталады. Барлық өндірістік, қоймалық қамбалық ғимараттар сыртқы құрылғылар өртсөндірудің бірінші кезеңдегі құрылғыларымен жабдықталады. Барлық өрт сөндіру құралдары, заттары жылма жыл тексеріліп қортындысы арнайы журналға тіркеліп отырылады. Темекі тартатын орын әкімшіліктің арнайы бұйрығымен анықталады. Темекі тартуға тиым салатын белгілер өрт, жарылыс қауіптері бар жерлерге қойылған. Өрт қауіпсіздігіне комбинаттың бас инженері мен өндірістік бөлімшелердің жетекшілері жауап береді. Өрт пен жарылыстың алдын алу бойынша жұмыстар профилактикалық шаралар мен өрт сөндіруді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Санитарлық-гигиеналық талаптар қауіпсіз еңбек жағдайын туғызу және кәсіби аурулардың алдын алуға бағытталған. Олар өнідірістік ортаның нақты факторларының зиянды жерін шектеуге бағыт ұстайды. Жұмыс барысында жағымсыз жайлардың кешенінің жиынтығы екеуінің біреуіне дәл емес қимыл жасайды [20]. Қауіпсіз еңбек жағдайын тудыруда жоғары мәдени өндіріс, халықты зиянды газ, бұдан, шаңнан, дауыстан, ыстан,ақаба суларынан қорғауда маңызды шаралардың бірі – ол кәсіпорынды дұрыс орналастыру, ал оның аумағында өндірістік, қосалқы және тұрмыстық ғимараттар мен жәйларды дұрыс қою.

Машинамен жұмыс істеу кезіндегі техника қауіпсіздігі

Ұн тартатын зауытта өндіріс машиналары мен механизмдерін пайдалануда техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу салдарынан қызмет көрсетуші жұмыскердің жарақат алу қауіптігі туындайды. Технологиялық, транспорттық құрал жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалану үшін арнайы дәрігерлік сараптамадан өткен. Тиісті нұсқаулық алған құралдардың жұмысын білетін адам ғана жіберіледі [23]. Жұмыс орнын ұйымдастыру өндірістің барлық бөлімдеріндегі өндірістік, технологиялық және еңбек тәртіптерінің жоғары дәрежесін, қамтамасыз етеді. Құрылғы дұрыс жұмыс істейді, оның жұмыс істеу деңгейлері техникалық паспорттағы көрсеткіштермен сәйкес келеді. Машинаның айналатын жүйелері сәйкестендірілген. Жұмысшы органдары реттеліп жөнделген, бөтен дауысе діріл, шиқылдаған, сықырлаған дауыстары жоқ. Машинаға сынуға, қызып кетуге, сынуға алып келетін артық салмақ түсіруге болмайды. Қоршамасы алынған, ажыратқыш, сақтандырғыш дауыс беретін құрылғылары дұрыс жұмыс істемейтін машинаны қосуға және жұмыс істеуге болмайды. Құрылғының жұмыс істеп тұрған уақытында қосқыш ремендерді алуға немесе қосуға, жұмысшы органдарды тартуға, ұсақ жұмыстар жүргізуге, майлауға, болттарды тартуға болмайды. Бұл жұмыстар құрылғы толық тоқтап тұрғанда ғана жүзеге асырылады. Машинаның құрылымында электр тогынан қорғау қарастырылады. Сондай-ақ статистикалық электр қуатының қауіпті мөлшердегі зарядтарының болу мүмкіндігі де алынып тасталған. Осы мақсатта барлық машиналар, аппараттар трубалар жерге қосудың сенімі жүйесімен қамтамасыз етілген. Құрылғы құрылымында сонымен қатар сигнализация, техника бұзылғанда, ақау пайда болғанда автоматты қосу мен ағыту қаралған. Құрылғы құрылымы шуыл деңгейі мен тербеліс деңгейінің қалыпты сақталуын қамтамасыз етеді. Құрылғының қауіп тудыратын қозғалатын бөліктері қоршалады. Егер машинаның жұмыс істеуі қоршау мүмкіндігін алып тастайтын болса, онда машинаны қосу және ағыту жүйелерін және ток көзінен алып тастау қарастырылады. Ұзын тасымалдаушы машиналарға тоқтату қондырғыларын әр 10 м сайын орнатамыз.

Еңбекті қорғаудың тиімді жүйесін құру жөніндегі аса перспективалы және экономикалык жағынан негізделген тәсілдерін белгілеу жұмыс берушілерді қауіпсіз технологиялар әзірлеу және енгізу, еңбек қауіпсіздігіне қол жеткізу және өндірістік жарақаттануды барынша төмендету үшін материалдық және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануда экономикалық ынталандыруга сүйенеді. Бұрын қолданылган заңмен салыстырғанда жаңа заңда еңбек қатынастары тараптарының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын сақтау жөніндегі міндеттері нақтыланған. Бұл ретте жұмыс берушілердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасаудың жауапкершілігін арттыру жөнінде шаралар көзделген. Жұмыс беруші жұмыс істейтіндердің саны 50 адамнан асатын әр кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құратын болады.