Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh (1).docx
Скачиваний:
714
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
361.22 Кб
Скачать

77.Қр Президенті н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. « Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»(27 қаңтар 2012ж.)

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Мемлекет басшысы өз сөзінде қазақстандық жолдың жаңа кезеңі – ол экономиканы нығайтудағы, халықтың әл-ауқатын арттырудағы жаңа міндеттер екенін атап өтті. Қазіргі әлемде бұл әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың негізгі мәселесі. Бұл Қазақстанның таяу онжылдықтағы дамуының басты бағыты.- Қазақстан халқы біртұтас, бірлігі мызғымас кемел елге айналды. Дегенмен, біз күрмеуі қиын, қайшылығы мол алмағайып заманда өмір сүрудеміз. Біздің міндетіміз – экономиканы осы сынаққа дайындау, оны диверсификациялауды жалғастыру, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.Президент Қазақстан он бағыт бойынша кешенді міндеттерді жүзеге асыруы қажеттігіне тоқталды.Бірінші. Қазақстандықтарды жұмыспен қамту. Бұл оқытудың тиімді жүйесін құру және жұмысқа орналастыруға көмектесу, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсету, еңбек ресурстарының жинақылығын арттыру, Қазақстанның экономикалық белсенді орталықтарында жұмысқа орналастыру басымдықтары.Екінші. Қолжетімді баспана. Қазақстанда жыл сайын 6 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілуде. Ең алдымен, жарты миллионнан астам жас отбасыны жеке баспанамен қамтамасыз ету туралы мәселені шешу маңызды. Бұл үшін жалға берілетін тұрғын үй алаңын 1 миллион шаршы метрге жеткізу қажет.Үшінші. Өңірлерді даму. Қуатты Қазақстан дегеніміз – бұл ең әуелі өңірлердің қуаттылығы. Елдің болашағы экономикадағы келешегі зор салалардың дамуымен байланысты. Бұл үшін алдымен жаңа зауыттар көп салынып, жаңа жұмыс орындары ашылып, әлеуметтік инфрақұрылым қарқынды дамуы қажет. Шағын қалалардың дамуы – өз алдына бөлек мәселе.- Жаңаөзендегі жағдай бір салалы шағын қалалардың әлеуметтік қатерге жақын екенін көрсетті. Мемлекет Жаңаөзенде төтенше жағдай жариялап, қаладағы ахуалды қалпына келтіру бойынша кешенді шаралар жасауға мәжбүр болды. Қазіргі уақытта ондағы ахуал қалыпты арнасына түсті.Мәжіліс сайлауында Жаңаөзен тұрғындарының басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясына дауыс берді. Бұл олардың мемлекет саясатын толық қолдайтынын көрсетеді. Сондықтан мен Жаңаөзендегі төтенше жағдай режімін бұдан әрі созбау жөнінде шешім қабылдадым, - деді Президент.Төртінші. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру. Электронды үкіметті дамытып, әкімшілік кедергілерді қысқартып, халықтың компьютерлік сауатын арттыру қажет.Бесінші. Кадрлар әлеуетін жақсарту. XXI ғасырда Қазақстанды лайықты алып шығатын жаңа басқарушы таңдаулы топтың негізін құрайтын білікті басқарушылардың саяси класын әзірлеу - маңызды міндет. Үкіметке, Президент Әкімшілігіне президенттік кадрлар корпусына кандидатуралар жөнінде ұсыныстар әзірлеу тапсырылды.Алтыншы. Сот және құқық қорғау жүйесін жаңғырту. Сот корпусын қалыптастыру тәртібін түбегейлі қарастыру қажет. Ағымдағы жылы жаңа Қылмыстық-процессуальдық кодексті, жекеменшік детектив қызметі туралы заң жобасын әзірлеуді аяқтау қажет. Құқық қорғау және арнайы органдарды сапалы кадрлық жаңарту – маңызды мәселе.Жетінші. Қазақстанда адам капиталының сапалы өсуі. Бұл, ең алдымен, білім және денсаулық сақтау. Оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен технологияны енгізу, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, біліктілікті растайтын тәуелсіз жүйені құру, жастар үшін білімге қолжетімділік аясын кеңейту қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі керек. Адам әлеуеті деңгейін арттырудың өзге маңызды бағыты қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету, саламатты өмір салтын алға жылжыту болып табылады.Сегізінші. Зейнетақы жүйесін жетілдіру. Үкімет Ұлттық Банкпен бірлесіп зейнетақы жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуі қажет.Тоғызыншы. Индустриялық-инновациялық жобалар. Индустриялық-инновациялық даму аясындағы жобалардың әлеуметтік мәні абсолютті. Бұл бағдарлама экономиканы жаңғытудың басты бағдары болып қала береді. Жезқазған-Бейнеу және Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілері, Атырау мұнай өндіру зауытында мұнайды тереңнен өңдеу кешені, Қарашығанақ кен орнындағы газ өңдеуші зауыт, елорданы қосқанда, елдің орталық өңірлерін газдандыруды қамтамасыз ететін құбыр желісі жүйесі және өзге де индустрияландыру және инфрақұрылымдарды дамытудың бірқатар жаңа жобалары анықталды.Оныншы. Ауыл шаруашылығын дамыту. Делдалдарсыз бөлшек сауданы мемлекеттік қолдаудың тетіктері енгізілетін болады, бірыңғай астық холдингі құрылды, аграрлық өндірісте жеке инвестицияның тәуекелін төмендету үшін мемлекеттік кепілдендіру жүйесі мен сақтандыру займдары құрылды.Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет қазақстандық инновациялық жүйені нығайту қажеттігін атап өтті. Ағымдағы дамудың маңызды мәселелерінің бірі Қазақстан экономикасына тіке шетел инвестициясы ағынын диверсификациялау болып табылады. Оларды перспективалы салаларға, мысалы, туризм саласына бағыттау қажет.- Бүгінде күллі әлем және әрбір мемлекет қуатты жаһандық және ішкі қатерлерге жауап табулары маңызды. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудың он бағыты бойынша міндетті орындай отырып, біз экономиканы нығайтамыз, қоғамды тұрақты етеміз, халықтың әл-ауқатын арттырамыз, - деді Президент.Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан әлемдік саясатқа лайықты қатысушы ретінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті, еуразиялық интеграция үдерісін нығайту жолын анықтауға белсене қатысуды жалғастыратынын атап өтті.- Әлеуметтік жаңғырту – бұл жаңа Парламент пен Үкіметтің, Қазақстанның барлық жауапты күштерінің – партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, шығармашылық және кәсіптік одақтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, Қазақстанның барлық патриоттарының қызметіндегі ортақ мәселе. Біз барлық күшімізді Отанымыздың игілігі үшін біріктіруге тиіспіз. Біздің алдымызда үлкен істер күтіп тұр. Барша қазақстандықтарды белгіленген барлық міндетте жетістікке жету ісіне барынша белсене қатысуға шақырамын! – деді Мемлекет басшысы.

«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты (1918–1921 жж.)

Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азақ-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азақ-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лығы енгізілді. Ол бойын­ша ел­дегі бай­лар мен ку­лак­тардың қолын­дағы та­уар­лы ас­тықтың көп бөлігі ешқан­дай қай­та­рым­сыз алын­ды, бұқара ха­лықты азық-түлікпен бір ор­та­лықтан қам­та­масыз ету көзделді, ауыл ша­ру­ашы­лық өнімдерін өз еркімен са­туға ти­ым са­лын­ды.«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды. 1920 жылдың басында кеңестер Қазақстанда азық-түлік салғыртын (продразверстка) жаппай енгізді. Салғыртты жинау күшпен жүргізілді, сондықтан азық-түлік отрядтары (про-дотряд) қарулы күштерге сүйенді және олар Ресей қалаларыңца жасақталды. Бұл арада да қисын бар: сырттан келген қалалықтар өзі үшін қандай қаталдықтан да бас тартпауы керек. Астық олардың қалаларына, отбасыларына жіберілетіні анық еді.

1920 жылдың соңыңда РК(б)П-ның шақыруымен Ресейден Казақстанға 11500 азық-түлік жинаушы жіберілді. Әрине, қарулы күш есебінде бұл аз емес, кейін оның саны еселеп артпаса кеміген жоқ. Олардың күшімен тек Семей облы-сынан 15 миллион пүт астық жиналуы тиіс болды. Үйез көлеміне шақсақ, Павлодар үйөзінің өзі орталық үшін ғана (ішкі қажеттілікті есептемегенде) 3 миллион пүт астық және 37 мың бас мал жинап беруі керек екен. Сонша астық, мал, басқа азық түрлері сөзсіз әрі күштеп жиналатыны ашық ескертілді. Үйездік азық-түлік комиссары Калинин дегеннің сөзінде: "Азық-түлік диктатурасына сәйкес, ешбір ұйымның, тіпті ревкомға дейін декретті жою немесе оны не олай, не бұлай іске асыруға байланысты азық-түлікке қатысты араласу құқы жоқ екендігі анықталып отыр",— деп мәлімдеді 1920 жылы 6-мамырда Семей губерниясы азық-түлік комиссарлары мәжілісінде2; Бұған қарағанда жергілікті басшылар азық дайындау "диктаторлық" жолмен, "декрет" арқылы жүру керектігін дәл үққан тәрізді. Олардың ісі де со ііне сәйкестендірілгенін көреміз. Азық-түлік саясатын іске асырудағы басты қиындық — оған шаруалардыңқарсылығы. Бұл күштеу саясатына халықтың наразылығы, күшке күшпен жауап беруі кеңес тарихнамасында "бандитизм", "саяси бандитизм", большевик-терге жау партиялардың ұсақ буржуазияның ұйымдасуы деп теріс көрсетіліп келді.

Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды толық қамтамасыз ету мақсатында бірқатар төтенше шаралар жасалды. Соғыс жылдары “ Әскери коммунизм саясаты”енгізілді.Оның негізгі белгілеріАзық-түлік салғырты. Жеке саудаға тыйым салу. Азық-түлікті теңгерме ұстанымы бойынша бөлу.Ірі,орта және ұсақ өнеркәсіпті мемлекет меншігіне көшіру.Еңбек міндеткерлігі. Басқаруды орталықтандыру.Жергілікті бюджетті жойып,бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосу. Бұл саясаттың басты шарасы-азық-түлік салғырты.Оның мәні: ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі. Салғырт 1919 жылғы қаңтарда енгізілді. Өлкенің адам және материал байлықтарын игеру күштеу әдістерімен жүргізілді. Ұсақ өндірушілер майдагерлік артельдерге біріктірілді. Жұмыс күшін есепке алу мен бөлу жүйесі енгізілді. Егістіктерді суландыру, жол салу,отын дайындау,жүк тасу жұмыстарына еңбек салығы енгізілді. Өлкеге азық-түлік дайындауға орталықтан 11500-ге жуық жұмысшы келді.Қостанай уезінен 6млн. Пұт астық жиналды.Қарғалы шұға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1919 жылдың басында “майдан апталығы”өткізіліп, мыңдаған пұт астық,киім-кешек жиналды.1920 жылы Атыраудан Орталық Ресейге 600 мың пұт мұнай әкетілді. Майдан қажетіне әр сенбі сайын жұмыс уақытына тыс тегін еңбек ету шешіміне сәйкес 1919 жылы сәуірде Ресейде алғашқы сенбіліктер өткізілді. Семейде 500 жұмысшы сенбіліктер ұйымдастырып , паровоздарды тегін жөндеуден өткізді. Қазақ өлкесіндегі еңбекшілер күйзеліске, ашаршылыққа қарамастан жанқиярлықпен еңбек етті: 1920-21 жж еңбек армиясында 6000-ға жуық адам болды. 1919ж желтоқсан – Александров – Гай –Ембі теміржол желісі салынды. Маңызы: Орал – Ембі мұнайлы ауданын орталық Ресеймен жалғастырды. Жетісу теміржолының Петропавл – Көкшетау теміржол желісі салынды. Маңызы: Елдің ашыққан облыстарының халқын астықпен қамтамасыз етті. Соғыс жылдары болшевиктердің социалистік тәжірибелерге әзір еместігін көрсеткен жағдайлар қалыптасты: Шаруашылықты әскерилендіру. Еңбекті ұйымдастырудың әскери түрі. Бөлу ұстанымы. Бұқараны кедейлендіру. Экономиканы орталықтан басқару жүйесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]