Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tarikh (1).docx
Скачиваний:
714
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
361.22 Кб
Скачать

63. 1946-1964Жж. Қазақ кср – ның қоғамдық – саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайы.

Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағы қоғамдық-саяси өмірі(1946-1965жж). Қоғамдық-саяси жүйеде 20-жылдардың ортасында орныққан қатаң әкімшілік-әміршілдік жүйе 40-50 жылдары шарықтай түсті.Бұл қоғамдық-саяси өмірдің барлық саласынан көрініс тапты.Адамның табиғи құқығынан шектеу,ұлттық мүддені ескермеу,мемлекеттік басқару жүйесіне ықпал жасау сияқты олқылықтардың шегі болмады.Қоғамдық-саяси және мәдени өмір орталықтан басқарып отырған Коммунистік партияның қатаң бақылауына алынды.Сталиннің жеке басына табыну қоғамдық өмірде берік орын алды.Үкімет басшылары түрлі желеулермен заңдылықтарды өрескел бұзып,мемлекеттік билікті теріс қолданып жатты.Оған өзгеше ойлайтын адамдарды қудалауға жаңа науқан ашқан БКПб Орталық Комитетінің 1946 жылдың 14 тамыздағы *Звезда*және *Ленинград* журналдары туралы қаулысы бұл құбылыстың нақты дәлелі бола алады.Қазақстан партия комитеттері өз жұмысын аталмыш қаулының аясында жүргізді. 1948ж *космополитизммен*,яғни шетел мемлекеттерінің мәдениетіне көңіл бөлушілермен күрес науқаны басталды.Космополитизм науқанында Қазан төңкерісіне дейінгі қазақ халқының мақтанышы болып келген Шортанбай, Шәңгерей, О.Қарашев феодалдық-реакцияшылдар деп танылып, ал кейінгі кеңес әдебиетшілері - Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Қоңыратбаев ұлтшылдар ретінде қудаланды.Ғылым Академиясының президенті Қ.Сәтбаев*Едіге батырға*алғысөз жазғаны үшін *ұлтшыл*атанса,М.Әуезов 1945ж жарық көрген *Абай өмірінің және творчествосының биографиялық очеркі*еңбегінде Абайды *феодалдық ақындар Шортанбай,Мәшһүр Жүсіп Көпеев ортасында суреттегіні үшін* қудаланды.Екі зиялыға да осындай орынсыз кінәлар тағылғаннан кейін,Мәскеуге қоныс аудару мәжбүр болды.Сонымен қатар 1946ж А.Мәметованың *Абай Құнанбаев*атты әдеби еңбегіне де космополиттік деген кінә тағылып,басылымнан алынды. Осылайша соғыстан кейінгі жылдарда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамда өзгеріс қажет деген ұғымды әкімшіл-әміршілдік жүйе тұншықтырып тастады.1953ж Сталин қайтыс болғаннан кейін қуғын-сүргін науқаны біраз баяулады.Сталиннің өз кезінде жоспарлаған Қазақ КСР Ғылым Академиясының тарих,археология,этнография институтын,Кеңестік жазушылар Одағын *ұлтшылдардан*тазалау саясаты тоқтатылды.1953ж мамыр айынан бастап социалистік қоғамдағы қайшылықтар ,жеке тұлға мен халықтың тарихтағы рөлі,Сталиннің жеке басына табыну мәселелері төңірегіндегі алғашқы пікірлер айтыла бастады.Кезінде ОГПУ,НКВД-ні басқарып,әкімшіл-әміршіл жүйенің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын заңдастырған Берия ату жазасына кесілді.*Үштіктер*,*Бестіктер*,*Ерекше кеңес* жойылып,ГУЛАГ МҚК-не берілді.Л.П.Берияның қылмыстық іс әрекетін үзілді-кесілді тоқтату қоғамдық өмірді демократияландыру жолындағы маңызды кезең болды.Бірақ бұл-әкімшіл-әміршіл жүйенің күйреуі емес болатын. 1956ж 14 ақпанда Мәскеуде КОКП-ның XX сьезі өтіп,онда Сталиннің жеке басына табыну айыпталды.КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.С.Хрущев бастаған коммунистер партиясы сталиндік диктат үстемдігін әшкерелеп,талдау жасауға тырысты.Н.С.Хрущевтың XX сьездегі *Сталиннің жеке басына табынушылығын әшкерлеу*туралы баяндамасының толық мәтіні 33 жыл өткен соң ғана 1989ж жарық көрді. Коммунистік идеологияны басшылыққа алған Н.С.Хрущев республиканың барлық өміріне тікелей араласты.Қазақстанның оңтүстік аудандары Өзбекстаға берілді.Тың өлкесінде 6 облыстың өлкелік партия комитеті біріктіріліп,тікелей Мәскеуге бағындырылды.Ақмола-Целиноградқа,Батыс Қазақстан-Орал облысына айналды. Ұлт саясатындағы бұрмалаушылықтар халық арасында,әсіресе,зиялылар мен жастар арсында түрлі наразылықтар туғызды.Кеңестік жүйе оларды барынша жасырып,бүркемеледі.Осылайша Теміртаудағы толқу-тәртіпсіздіктің салдары ретінде бағаланды.1963ж Мәскеуде оқитын қазақ жастарының бір тобы Б.Тайжанов,С.Ақатаев,М.Тәтімов,М.Әуезов бас болып *Жас тұлпар*атты ұйым құрды.Мақсаты-қазақ жастарының ұлттық санасын ояту. Н.С.Хрущев мемлекеттің *коммунизмге өтуіне байланысты* жаңа Конституцияның жобасын жасауды ұсынғаннан кейін,1961ж Конституциялық комиссия құрылды. Конституциялық заңдарда жазылған демократия талаптары іс жүзінде жүзеге аспады.ҚазКСР Жоғары Кеңесі КСРО Кеңесіне бағынды.Конституция тәуелсіз деп көрсетілгенімен,құқық қорғау,прокуратура органдары да орталыққа бағынды.Депутаттарды сайлау науқандары да демократиядан мүлдем алшақ еді.Дауыс берушілер іс жүзінде депутаттарды көрмеді.Дауыс беру тек іс жүзінде жүргізілді.Депутатарды халық таңдамады,жергілікті әкімшілік органдар*тағайындады*.Депутаттар орындауға тиісті мәселелерін атқару комитеттеріне өтініш ретінде беріп отырды. Саяси қателікке толы Хрущев қызметінің соңы 1964ж қазан айында аяқталды.КОКП-ның Орталық Комитетінің Пленумында 1-хатшы қызметіне Л.И.Брежнев сайланса,ал Министрлер Кеңесінің төрағасы болып А.Н.Косыгин тағайындалды.Олардың ізін ала Қазақстан КП ОК 1-хатшысы болып Д.А.Қонаев сайланды.

Ауыр соғыста жеңіске жету ел басқарудың әкімшілік әдістерінің дұрыстығына сенім туғызды.40-50 жылдары әміршіл әкімшіл жүйе нығая түсті.

Адамның бостандығын аяққа басу,адам құқығын елемеу.

Еңбекшілерді өндіріс құралдарынан ажырату.

Еңбекшілерді саясаттану мен мемлекеттік басқарудан шеттету.

Жеке басқа табыну үстемдігі.

Бұл жүйенің жетекші күші болған Коммунистік партия органдарының қоғам өмірінің барлық салаларына басшылық етуі партияның жетекшілік рөлі деп қабылданды.

40-50 жылдардың басы сталинизм идеологиясы шырқау шегіне жетті. Социализм құру ісінің аяқталуына байланысты коммунистік қоғам құруға көшу басталады деген қағида.

1946 жылғы наурыз Жоспарлау Комитетінің төрағасы Н.А. Вознесенский 4-бесжылдық жоспарды жасауда қағиданы жетекші партиялық бағыт деп жариялады.

Күнделікті ақпарат құралдары 20 жылдық мерзімде кеңес халқыт коммунизмнің көкжиегін көреді дегенді насихаттаумен болды.Коммунизмге өту проблемасы

-Ғылымға жат,тұрпайы пікірлермен алмастырылады.

-Өнеркәсіптің кейбір салаларында белгілі сандық көрсеткіштерге жету негізге алынды.

Социализм дамыған сайын тап күресі күшейе түседі,деген сталиндік қағида идеологиялық шиеліністерді асқындыруға негіз болды.20-30 жылдарда басталған саяси қуғын соғыстан кейін де жалғастырылып, халық жауларына,социализм жауларына қарсы күрес үздіксіз жүргізілді.

Соғыстан кейінгі жылдарда республика лагерьлер өлкесі болып қала берді.Күштеп көшірілгендер Қазақстанға, Орта Азия республикаларына,Батыс және Шығыс Сібіргет орналастырылды.КСРО Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиссариаты Басқармасының мәліметі бойынша,күштеп жер аударылғандар саны-2млн.463940.Қазақ халқы сталиндік зорлық зомбылықтың құрбаны болған халықтарға көмегін аяған жоқ.

40-жылдардың екінші жартысы-50жылдардың басы кеңес адамдарының басым көпшілігі үшін ауыр кезең. Осыған қарамастан аға ұрпақ өкілдері сол жылдарды алтын ғасыр деп атайды.

1947жылғы желтоқсан ткарточка жүйесі және еңбекшілерді азық түлік, өнеркәсіп өнімдерімен өлшеулі қамтамасыз ету жойылды.

1947 дыл ақша реформасы жүргізілді.

Негізгі өнімдердің,нан және наннан жасалған өнімдердің,еттің өнеркәсіп өнімінің бағасы арзандады.

Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базар бағасы төмендеді.

Баға 3рет арзандатылып,далақы қсірілді.

Карточка жүйесін жоюдың алдында азық түлік бағасы қымбаттатылды.Бағаның жалпы деңгейі 3есе жоғары болып, бағаның кейін төмендеуіне мүмкіндік берді.Жұмысшылар мен қызметкерлердің айлық жалақысы 1,5есе ғана өсіп,64сом болды.Колхозшылардың айлық жалақысы-16,4сом.Еңбекшілердің тауарларды сатып алу мүмкіндігі төмен болып қала берді.

Еңбекшілер ерікті түрде бір айлық жалақы көлемінде мемлекеттік заем алуға міндеттелді.

Арзандату саясатының ауыл есебінен жүргізілгендігін анықтайтын белгілер;

  • Колхозшы жалақысы жұмысшы мен қызметкер жалақысынан 4есе кем.

  • Колхозшыларға уақытша еңбекке жарамсыздығы үшін ақы және зейнет ақы төленбеді.

  • Ауылшаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды.

  • Нан,ет,сүт өнімдері жетіспеді,аштық зардаптары байқалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]